Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 731 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 желтоқсанда № 12426 болып тіркелді.

Жаңартылған

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 160-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерін айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік–жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 121 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9989 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика


министрі

Е. Досаев


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      __________ Б. Сұлтанов

      26 қараша 2015 жыл

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министірінің
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 731 бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2018 № 248 бұйрығы (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) оларды есептеу тетігін айқындау мақсатында 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасын Бюджет кодексінің 160-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер – жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша мемлекеттік әріптес/концедент белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржылық мiндеттемелерінiң сомасы бойынша мемлекеттік әріптестің/концеденттің құқықтары мен мiндеттерiнiң жиынтығы;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердiң лимиттерi – өтелмеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық міндеттемелердің жыл сайынғы төлемдерін ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық міндеттемелерді қабылдау бойынша лимиттер белгіленетін, тиісті қаржы жылына арналған мән.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитiн айқындау

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2018 № 248 бұйрығы (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн қабылдауы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимитпен шектеледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиті республикалық бюджеттің кірісін ескере отырып мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады және жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның шеңберінде бекітуге енгізілетін шекті шектеу болып табылады.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің лимиті келесі есептеуге сәйкес белгіленеді:

                                          Scolgov <InRB * 0.20

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн тиісті қаржы жылына қабылдау лимиті келесі есептеуге сәйкес белгіленеді:

                                    Lmocolgov <Scolgov – CLLG

      мұнда:

      InRB – республикалық бюджеттің кірістері;

      Scolgov – Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің қабылдау лимитінен және қабылданған және өтелмеген сомасынан тұратын Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің тиісті қаржы жылына арналған лимиті;

      Lmocolgov – Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн тиісті қаржы жылына қабылдау лимиті;

      CLLG – тиісті қаржы жылының басына Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған және өтелмеген мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитін нақтылау тиісті қаржы жылының ішінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде жүргізіледі.

3-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитін айқындау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2018 № 248 бұйрығы (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Жергiлiктi атқарушы органдармен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн қабылдауы тиісті жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiмен белгіленген лимитімен шектеледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Тиісті үш жылдық жоспарлы кезеңге арналған жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиті облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің кірісін ескере отырып мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті үш жылдық жоспарлы кезеңге қалыптастырады және шекті шектеу болып табылады.

      Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның келісімімен үш жылдық жоспарлау кезеңіне сай тиісті арналған жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің лимиті облыс бюджетінің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің кірісі ескеріле отырып қалыптастырылады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердің лимитін айқындау кезінде ескерілетін тиісті жоспарланған үш жылдық кезенге бекітуге енгізілетін шекті шектеу болып табылады.

      9. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің лимиті салықтық және салықтық емес түсімдердің және жалпы сипаттағы трансферттерді есепке ала отырып негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің көлеміне сәйкес келетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бюджетінің кірістерін негізге ала отырып қалыптастырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2018 № 248 бұйрығы (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің лимиті мынадай есептеуге сәйкес белгіленеді:

      ScolLG < InLB * k,

      мұнда:

      ScolLG – жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн қабылдау лимитінің және қабылданған және өтелмеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің сомасынан тұратын, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің лимиті;

      InLB – жалпы сипаттағы трансферттерді ескере отырып, жергілікті атқарушы органның меншікті кірістерінің көлемі;

      k – облыстардың жергілікті атқарушы органдары, республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін түзету коэффициенті (облыстардың жергілікті атқарушы органдары үшін – k = 0,2; республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін k = 0,5).

      Тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық міндеттемелерді қабылдау лимиті мынадай есептеуге сәйкес жүргізіледі:

      LmocolLG < ScolLG– CLLG,

      мұнда:

      LmocolLG – тиісті қаржы жылына арналған жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн қабылдау лимиті;

      CLLG – тиісті қаржы жылының басындағы жергілікті атқарушы органның қабылданған және өтелмеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi.

      Бұл ретте жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдау лимитін төмендетуге алып келетін жергілікті атқарушы органдардың болжамды кірістері азайған жағдайда, осы лимит шеңберінде міндеттемелер барлық сомаға қабылданған жағдайда алдыңғы жылдың бекітілген қабылдау лимиті қолданылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2018 № 248 бұйрығы (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10-1. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің шығыстарын өтеу және қызмет көрсету көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірістерінің он пайызына тең мөлшерінен аспауы тиіс.

      Ескерту. 3-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Қажет болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитін нақтылау тиісті қаржы жылы ішінде облыстың бюджетін, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау кезінде жүргізіледі.