БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
12 қарашадағы Заңына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6) тармақшаның тотызыншы абзацын қоспағанда, оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бұл ретте 6) тармақшаның оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және от жетінші абзацтары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының | |
Энергетика министрі | В. Школьник |
Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 676 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 27.08.2018 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2) "Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 89 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10450 болып тiркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын бекіту туралы";
2) "Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 90 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10453 болып тiркелген, 2015 жылғы 2 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 5-бабының 33) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) жасырын жұмыстарды куәландыру актісі – техникалық жаңғыртылу жөніндегі барлық жұмыстар кешені аяқталғаннан кейін орындалғанын нақтылы тексеруге болмайтын жұмыстардың куәландырылғанын растайтын құжат;
2) жобалаушы – техникалық жаңғыртылу жөніндегі жобаны әзірлеген тұлға;
3) қабылдау комиссиясы – энергия объектісінің әзірлігін белгілейтін және құжаттамалық растайтын және энергия объектісін пайдалануға қабылдайтын уақытша алқалы орган;
4) мердігер – тапсырыс берушімен жасалған шарттық қатынастар негізінде техникалық жаңғыртылу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын тұлға;
5) тапсырыс беруші – электр станцияларын, электр және жылу желелерін пайдаланатын тұлға;
6) техникалық жаңғыртылу – физикалық жағынан тозған жабдықты өндірімділігі жаңамен ауыстыру, қолданыстағы электр станцияларды, электр немесе жылу желілерін жаңа қондырғымен жабдықтау, қолданыстағы өндірістік алаңдарда қосымша құралдар мен машиналарды орнату, қолданыстағы ғимараттар мен электр станцияларының, электр және жылу желілерінің құрылыстарын ішінара қайта салу және кеңейту, сондай-ақ басқарудың, қорғаудың және бақылаудың автоматтандырылған жүйесін ендіру;
7) энергетикалық объекті (энергия объектісі) – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың энергетикалық жабдығы, ғимараты, құрылысы, сондай-ақ басқару, қорғау және бақылау жүйелері;
8) энергетикалық жабдық – электр және жылу энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге және таратуға арналған машиналардың, қондырғылардың, аппараттардың, электр беру желілерінің, құбырлардың және қосымша жабдықтардың кешені.";
2-тарау атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу тәртібі";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Техникалық жаңғыртылудан кейін энергия объектісін пайдалануға қабылдап алуды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қабылдау комиссиясы жұмысының басталу күнін Мердігер техникалық жаңғыртылу жөніндегі жұмыстарды аяқтауға қажетті уақытты және қабылдау комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің энергия объектісін пайдалануға қабылдау орнына дейінгі жол жүруге қажетті уақытты ескере отырып айқындайды.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Мердігер техникалық жаңғыртылу бойынша барлық жұмыстар аяқталып, сынақтар кезінде анықталған барлық ақаулар жойылғаннан кейін және жойылуы тиіс ақаулардың жоқ екені көрсетілген сынақтардың нәтижелері туралы акт болған кезде қабылдау комиссиясына энергия объектісін қабылдап алу үшін ұсынады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Мердігер қабылдау комиссиясының жұмысы басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдау комиссиясының барлық мүшелеріне техникалық жаңғыртылу бойынша жұмыстар сипатына байланысты жасалуы талап етілмейтін құжаттарды қоспағанда, мына құжаттардың көшірмесін ұсынады:
1) техникалық жаңғыртылу бойынша жұмыстың жобасы;
2) техникалық жаңғыртылу бойынша жұмысты жүзеге асырған мердігерлер лицензиялары;
3) техникалық регламенттерде қойылған талаптарға сәйкестігін растауға жататын энергия объектілеріне және (немесе) оның бөліктеріне сәйкестігін растау саласындағы құжаттар;
4) жұмыстарды өндіру және авторлық қадағалау журналдары;
5) жасырын жұмыстарды куәландыру актілері;
6) жауапты конструкцияларды аралық қабылдап алу актілері;
7) жобада көзделмеген қосымша жұмыстар тізбесі;
8) энергия объектісін сынаудың нәтижелері туралы актілер.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Қабылдау комиссиясы мына шарттардың барлығы орындалған кезде энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу туралы актіні ресімдейді және оған қол қояды:
1) энергия объектісі қызмет көрсетуші персоналдың жұмыс жағдайын және объектінің ықпал ету аймағындағы экологиялық ахуалды нашарлатпайды;
2) техникалық регламенттерде қойылатын талаптарға сәйкестігін растауға жататын энергия объектілеріне және (немесе) олардың бөліктеріне сәйкестікті растайтын салада тиісті құжаттары бар;
3) энергия объектісін кешенді байқаудың нәтижелері қанағаттанарлық және энергия объектісі өзінің техникалық көрсеткіштері бойынша пайдалануға жарамды деп танылды;
4) техникалық қайта жаңғыртылу бойынша барлық жұмыстар жобаға және оған жобалаушының келісімімен енгізілген өзгерістерге сәйкес орындалды;".
1, 2, 3 және 4-қосымшалардың жоғары оң жақ бұрышында мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларына 1-қосымша;
Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларына 2-қосымша;
Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларына 3-қосымша;
Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларына 4-қосымша".
3) "Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10532 болып тiркелген, 2015 жылғы 13 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын Қағидалардың 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
4) "Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10531 болып тiркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі – есепті кезеңде электр энергиясының теңгерімді нарығында орталықсыздандырылған және орталықтандырылған сауда нарықтарында өндірілген, жеткізілген және тұтынылған электр энергиясы көлемдерін атаулы бөлуді белгілейтін жүйелік оператор жасаған құжат. Нақты теңгерім Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері арасында өзара есеп айырысуды жүргізуге негіз болып табылады;
2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы – электр энергиясын қысқа мерзiмдi ("операциялық тәулік ішінде" спот-сауда-саттық және "бір күн бұрын" режимінде), орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) негiзде сатып алу-сату үшiн ұйымдастырылған сауда алаңы;
3) электр энергиясын сатып алу-сату шарты – белгiлi бiр кезеңде оларды нақты жеткiзе отырып, электр энергиясының шарттық көлемiн сатып алуға-сатуға арналған электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiлерi арасында жасалатын келiсiм;
4) электр энергиясының транзитi – электр энергиясын басқа елдің энергия жүйесiнен беру үшiн бiр немесе бiрнеше шектес елдердiң электр желiлерiн пайдалану жөнiндегi қызметтер;
5) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және олармен өзара байланысты жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін пайдалануға беру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінің меншік иесінің теңгеріміндегі құрылыстар мен инфрақұрылым;
Осы Қағидада пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.;";
5-бап мынадай редакциядағы жазылсын:
"5. Энергия өндіруші ұйымдар, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, мынадай талаптарды орындаған кезде электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысады:";
1) электр энергиясының көтерме сауда нарығына орташа тәуліктік (базалық) қуатты кемінде 1 мегаватт (бұдан әрі - МВт) көлемінде жеткізу (орташа жылдық қуатты жаңартылмалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер үшін) және автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйелерінің, олардың жүйелік операторда орнатылған жүйелермен бірыңғайлануын қамтамасыз ететін телекоммуникациялардың болуы;
2) ұлттық және қажет болған жағдайда аудандық электр желісіне рұқсаты болуы".
мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2 және 5-3 тармақшамен толықтырылсын:
"5-1. Жаңартылмалы энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясының көтерме сауда нарығына электр энергиясын тұтынушыларға екіжақты шарттар бойынша сату жолымен немесе электр энергиясын Есептік-қаржылық орталыққа сату жолымен қатысады.
5-2. Жаңартылмалы энергия көздерін пайдаланатын және электр энергиясын тұтынушыларға екіжақты шарттар бойынша сатуды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясының көтерме сауда нарығына мынадай талаптарды орындаған кезде қатысады:
1) электр энергиясының көтерме сауда нарығына электр энергиясын тұтынушылармен екіжақты шарттар бойынша орташа жылдық қуатты кемінде 1 мегаватт (бұдан әрі - МВт) көлемінде жеткізу және автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйелерінің, олардың жүйелік операторда орнатылған жүйелермен бірыңғайлануын қамтамасыз ететін телекоммуникациялардың болуы;
2) ұлттық және қажет кезінде өңірлік электр торабына рұқсаттың болуы.
5-3. Жаңартылмалы энергия көздерін пайдаланатын және электр энергиясын Есептік-қаржылық орталыққа сатуды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясының көтерме сауда нарығына мынадай талаптарды орындаған кезде қатысады:
1) автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйелерінің, олардың жүйелік операторда орнатылған жүйелермен бірыңғайлануын қамтамасыз ететін телекоммуникациялардың болуы;
2) ұлттық және қажет кезінде өңірлік электр торабына рұқсаттың болуы.";
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2 тармақшамен толықтырылсын:
"6-1. Жаңартылмалы энергия көздерін пайдаланатын және электр энергиясын тұтынушыларға екіжақты шарттар бойынша сатуды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдарының ұлттық және/немесе өңірлік электр торабына рұқсат мына шарттар болған кезде беріледі:
1) Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінде электр энергиясын өндіру/тұтыну режимдерін техникалық диспетчерлеу жөнінде қызметтер көрсетуге;
2) Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінде электр энергиясын өндіру/тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсетуге;
3) теңгермелі электр энергиясын сатып алуға/сатуға.
6-2. Жаңартылмалы энергия көздерін пайдаланатын және электр энергиясын Есептік-қаржылық орталыққа сатуды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдарға ұлттық және/немесе өңірлік электр торабына рұқсат Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінде электр энергиясын өндіру/тұтыну режимдерін техникалық диспетчерлеу жөнінде қызметтер көрсетуге шарт болған кезде беріледі.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Өңірлік электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілейтін тарифтер бойынша өңірлік электр желілері, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға қосылған электр энергия тұтынушыларына көрсетіледі.
Энергия беруші ұйымдарға тиесілі электр беру желілерін Ұлттық электр желілеріне "кіру-шығу" схемасы бойынша қосалқы станциясын қосқан жағдайда энергия беруші ұйым қосымша төлемсіз қосалқы станциялар құрылғылары мен электр беру желілерін бойынша электр энергиясын көшіреді.";
мынадай мазмұндағы 24-1, 24-2 және 24-3 тармақшамен толықтырылсын:
"24-1. Есептік-қаржылық орталық электр энергиясының көтерме сауда нарығына Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жаңартылмалы энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес қатысады.
24-2. Есептік-қаржылық орталық және шартты тұтынушылар электр энергиясын жаңартылмалы энергия көздерін пайдаланумен жүргізілген сатып алу кезінде энергия жеткізуші ұйымдармен жеткізу жөніндегі қызметтер көрсетуге шарттар жасаспайды.
24-3. Есептік-қаржылық орталық жаңартылмалы энергия көздерін пайдаланатын энергия жеткізуші ұйымдармен жасасқан электр энергиясын сатып алу шарттарына сәйкес, жүйелік оператормен Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінде электр энергиясын өндіру/тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсетуге шарт жасасады.".
РҚАО-ның ескертпесі!5) тармақшаның күшін жою көзделген – ҚР Энергетика министрінің 29.11.2018 № 463 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5) "Үлгілік инвестициялық шартты, үлгілік келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 107 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10650 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 сәуірде жарияланған):
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
6) "Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 105 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10752 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланған):
4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 қантарына дейін күшке ие.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидаларында:
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша шекті тарифтерді енгізу мерзімі жыл сайын 1 қаңтардан бастап белгіленеді.
22. Заңның 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес кейінгі жылдарға арналған шекті тарифтерді түзету үшін энергия өндіруші ұйымдар жыл сайын 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспарларында көзделген инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, растайтын құжаттар мен есептерді қоса, электр энергиясын өндіруге кеткен негізгі шығындардың болжамды ұлғаюы туралы ақпаратты береді.";
23, 24 және 25-тармақтары алынып тасталсын;
26 және 27-тармақтары алынып тасталсын;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес энергия өндіруші ұйым келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындамаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым келісімде инвестициялық міндеттемелерді орындау үшін көзделген және оларды іске асыруға пайдаланылмаған, алынған қаражатты электр энергиясының келесі күнтізбелік жылға арналған босату бағасын төмендету арқылы, осы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыра отырып, көтерме сауда нарығының субъектілеріне қайтарады.
Қаражатты қайтаруды энергия өндіруші ұйымдар мына формуланы қолдана отырып, өзінің тұтынушыларына тарифті төмендету арқылы жүзеге асыруы тиіс:
Tтөменд = Tкелісім — Sк/Wжылдың соңына дейін,
мұндағы
Ттөменд - алдыңғы күнтізбелік жыл үшін келісімде инвестициялық міндеттемелерді орындау үшін көзделген және оларды іске асыруға пайдаланылмаған қаражатты тұтынушыларға қайтаруға арналған төмендетілген тариф;
Ткелісім - энергия өндіруші ұйымның тиісті тобының ағымдағы күнтізбелік жылға арналған тарифі;
Wжылдың соңына дейін – ағымдағы жылдың соңына дейін электр энергиясын өткізудің болжамды, жиынтық көлемі, кВт.с."
7) "Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 160 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10595 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықық жүйесінде 2015 жылғы 31 наурызда жарияланған):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қантарына дейін күшке ие.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті осы қосымшаның 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
8) "Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрық Қағидалардың 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 3 және 5-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
9) "Электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10627 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 сәуірде жарияланған):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрық Қағидалардың 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 3, 9 және 12-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
10) "Электр энергиясына шекті тарифтерді және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11850 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 тамызда жарияланған):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.".
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген электр энергиясына шекті тарифтерді және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге шекті тарифтер осы қосымшаның 3 және 4-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 676 бұйрығының қосымшасына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 27.08.2018 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 676 бұйрығының қосымшасына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 160 бұйрығымен бекітілген |
Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына
шекті тарифтер
Тобы | Жылдар бойынша энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтер | ||
2016 | 2017 | 2018 | |
1-топ | 8,8 | 8,8 | 8,8 |
2-топ | 8,7 | 8,7 | 8,7 |
3-топ | 7,5 | 7,5 | 7,5 |
4-топ | 6,0 | 6,0 | 6,0 |
5-топ | 8,05 | 8,05 | 8,05 |
6-топ | 8,3 | 8,3 | 8,3 |
7-топ | 7,3 | 7,3 | 7,3 |
8-топ | 7,5 | 7,5 | 7,5 |
9-топ | 7,6 | 7,6 | 7,6 |
10-топ | 8,6 | 8,6 | 8,6 |
11-топ | 15,32 | 15,32 | 15,32 |
12-топ | 8,8 | 8,8 | 8,8 |
13-топ | 4,5 | 4,5 | 4,5 |
14-топ | 10,64 | 10,64 | 10,64 |
15-топ | 8,3 | 8,3 | 8,3 |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 676 бұйрығының қосымшасына 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығымен бекітілген |
Электр энергиясына шекті тарифтер Теңге/кВсағ
Энергия өндіруші ұйымдардың топтары | Жылдар бойынша электр энергиясына шекті тарифтер | ||||||
2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 | |
1 топ | 4,50 | 4,50 | 4,50 | 4,50 | 4,50 | 4,50 | 4,50 |
2 топ | 8,55 | 8,55 | 8,55 | 8,55 | 8,55 | 8,55 | 8,55 |
3 топ | 5,16 | 5,16 | 5,16 | 5,16 | 5,16 | 5,16 | 5,16 |
4 топ | 4,71 | 4,71 | 4,71 | 4,71 | 4,71 | 4,71 | 4,71 |
5 топ | 5,48 | 5,48 | 5,48 | 5,48 | 5,48 | 5,48 | 5,48 |
6 топ | 7,41 | 7,41 | 7,41 | 7,41 | 7,41 | 7,41 | 7,41 |
7 топ | 6,36 | 6,36 | 6,36 | 6,36 | 6,36 | 6,36 | 6,36 |
8 топ | 7,07 | 7,07 | 7,07 | 7,07 | 7,07 | 7,07 | 7,07 |
9 топ | 7,02 | 7,02 | 7,02 | 7,02 | 7,02 | 7,02 | 7,02 |
10 топ | 6,80 | 6,80 | 6,80 | 6,80 | 6,80 | 6,80 | 6,80 |
11 топ | 9,68 | 9,68 | 9,68 | 9,68 | 9,68 | 9,68 | 9,68 |
12 топ | 6,75 | 6,75 | 6,75 | 6,75 | 6,75 | 6,75 | 6,75 |
13 топ | 2,06 | 2,06 | 2,06 | 2,06 | 2,06 | 2,06 | 2,06 |
14 топ | 6,44 | 6,44 | 6,44 | 6,44 | 6,44 | 6,44 | 6,44 |
15 топ | 7,97 | 7,97 | 7,97 | 7,97 | 7,97 | 7,97 | 7,97 |
16 топ | 3,58 | 3,58 | 3,58 | 3,58 | 3,58 | 3,58 | 3,58 |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 676 бұйрығының қосымшасына 4-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығымен бекітілген |
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметтерге шекті тарифтер
млн.
теңге/(МВт*айына)
Энергия өндіруші ұйымдардың топтары | Жылдар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге шекті тарифтер | ||||||
2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 | |
1 топ | 1,3685 | 1,3685 | 1,3685 | 1,3685 | 1,3685 | 1,3685 | 1,3685 |
2 топ | 0,0381 | 0,0381 | 0,0381 | 0,0381 | 0,0381 | 0,0381 | 0,0381 |
3 топ | 2,2034 | 2,2034 | 2,2034 | 2,2034 | 2,2034 | 2,2034 | 2,2034 |
4 топ | 1,0912 | 1,0912 | 1,0912 | 1,0912 | 1,0912 | 1,0912 | 1,0912 |
5 топ | 1,8815 | 1,8815 | 1,8815 | 1,8815 | 1,8815 | 1,8815 | 1,8815 |
6 топ | 0,5454 | 0,5454 | 0,5454 | 0,5454 | 0,5454 | 0,5454 | 0,5454 |
7 топ | 1,8011 | 1,8011 | 1,8011 | 1,8011 | 1,8011 | 1,8011 | 1,8011 |
8 топ | 0,4421 | 0,4421 | 0,4421 | 0,4421 | 0,4421 | 0,4421 | 0,4421 |
9 топ | 1,2191 | 1,2191 | 1,2191 | 1,2191 | 1,2191 | 1,2191 | 1,2191 |
10 топ | 2,3537 | 2,3537 | 2,3537 | 2,3537 | 2,3537 | 2,3537 | 2,3537 |
11 топ | 0,2561 | 0,2561 | 0,2561 | 0,2561 | 0,2561 | 0,2561 | 0,2561 |
12 топ | 3,0605 | 3,0605 | 3,0605 | 3,0605 | 3,0605 | 3,0605 | 3,0605 |
13 топ | 1,1878 | 1,1878 | 1,1878 | 1,1878 | 1,1878 | 1,1878 | 1,1878 |
14 топ | 4,107 | 4,107 | 4,107 | 4,107 | 4,107 | 4,107 | 4,107 |
15 топ | 0,443 | 0,443 | 0,443 | 0,443 | 0,443 | 0,443 | 0,443 |
16 топ | 1,3598 | 1,3598 | 1,3598 | 1,3598 | 1,3598 | 1,3598 | 1,3598 |