Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 тамызда № 11850 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 414 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.10.2023 № 376 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 414 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 414 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 № 676 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
В. Школьник

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 шілдедегі
№ 465 бұйрығына
1-қосымша

Электр энергиясына шекті тарифтер

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 414 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 шілдедегі
№ 465 бұйрығының
2-қосымшасына

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер

      Ескерту. Тарифтер жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.10.2023 № 376 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      мың теңге/мегаватт*айына

Атауы

Жыл

2019 2020 2021 2022 2023 2024 2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9

1

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер

590,0

590,0

590,0

590,0

590,0

1065,0

1215,0