Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына ай сайын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 790 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 қарашада № 12255 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 447 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 05.12.2024 № 447 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2015 ж. бастап қолданысқа енгізіледі!
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 12.01.2016 № 11 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына ай сайын ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 12.01.2016 № 11 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және әлеуметтік


даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 12 қазандағы
№ 790 бұйрығымен
бекітілген

Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру
төлемдері туралы ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясына ай сайын ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 12.01.2016 № 11 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына ай сайын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) сақтандыру төлемдері – заңнамаға сәйкес зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамдарға сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын төлемдер;

      3) сақтандыру ұйымы – уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде "өмiрдi сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарын жасау және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға.

      3. Сақтандыру ұйымдары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 1-күнiндегі жағдай бойынша жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.

      4. Жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты беру ай сайын сақтандыру ұйымдары мен Мемлекеттік корпорация арасындағы ақпарат алмасу туралы шартқа сәйкес электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.

      5. Мемлекеттік корпорация ақпараттар келіп түскен күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияға осы мәліметтердің түсу фактісін растайтын электрондық хабарламаны сақтандыру ұйымдарына жібереді.

  Сақтандыру ұйымдарының
жүргізілген сақтандыру төлемдері
туралы ақпаратты "Азаматтарға
арналған үкімет" мемлекеттік
корпорациясына ай сайын
ұсыну қағидаларына
қосымша

      нысан

Жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпарат
_____________________________
(сақтандыру ұйымының атауы)
20____ жылғы "___" __________ жағдай бойынша

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса )

Сақтандыру төлемдерін алушының жынысы

Туған күні (жылы, айы, күні)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге)

1

2

3

4

5

6

7


      кестенің жалғасы

Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы)

Төлемді жүзеге асыру күні

Зейнетақы аннуитеті шартының нөмірі

Зейнетақы аннуитеті шартының күні

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемдердің басталған күні (жылы, айы, күні)

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемдердің аяқталған күні (жылы, айы, күні)

Сақтандыру төлемдерін алушының мәртебесі

8

9

10

11

12

13

14