Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты уәкілетті ұйымға ай сайын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 790 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 қарашада № 12255 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2015 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты уәкілетті ұйымға ай сайын ұсыну қағидалары бекітілсін.
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрі                              Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және  
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 12 қазандағы 
№ 790 бұйрығымен   
бекітілген      

Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты уәкілетті ұйымға ай сайын ұсыну қағидалары

      1. Осы Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты уәкілетті ұйымға ай сайын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) сақтандыру төлемдері – зейнетақы аннуитеті шартында көзделген төлемдер;
      2) сақтандыру ұйымы – уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасау және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      3) уәкілетті ұйым (бұдан әрi – Орталық) – «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын.
      3. Сақтандыру ұйымдары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 1-күнiндегі жағдай бойынша жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты Орталыққа ұсынады.
      4. Жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты беру ай сайын сақтандыру ұйымдары мен Орталық арасындағы ақпарат алмасу туралы шартқа сәйкес веб-сервис арқылы электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.
      5. Орталық ақпараттар келіп түскен күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей Орталыққа осы мәліметтердің түсу фактісін растайтын электрондық хабарламаны сақтандыру ұйымдарына жібереді.

Сақтандыру ұйымдарының    
жүргізілген сақтандыру төлемдері
туралы ақпаратты уәкілетті ұйымға
ай сайын ұсыну қағидаларына  
қосымша           

нысан

Жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпарат

                  ______________________________
                     (сақтандыру ұйымының атауы)
            20____ жылғы «___» __________ жағдай бойынша

Тегі

Аты

Әкесінің аты (ол болған кезде)

Сақтандыру төлемдерін алушының жынысы

Туған күні (жылы, айы, күні)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

кестенің жалғасы

Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы)

Төлемді жүзеге асыру күні

Зейнетақы аннуитеті шартының нөмірі

Зейнетақы аннуитеті шартының күні

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемдердің басталған күні (жылы, айы, күні)

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемдердің аяқталған күні (жылы, айы, күні)

Сақтандыру төлемдерін алушының мәртебесі

8

9

10

11

12

13

14