Суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 19-1/718 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 қыркүйекте № 12109 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің
37-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу қағидалары бекiтілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы                     С. Омаров

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ___________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 7 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Е. Досаев
      2015 жылғы 27 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      ___________ В. Школьник
      2015 жылғы 17 тамыз

Қазақстан Республикасы  
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушының   
      2015 жылғы 31 шілдедегі  
      № 19-1/718 бұйрығымен 
      бекітілген       

Суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды,
мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк
мониторингiн жүргiзу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
      2. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алу Қазақстан Республикасының аумағындағы су ресурстарының сандық және сапалық көрсеткiштерiн жүйелi түрде анықтау және тiркеу болып табылады.
      3. Мемлекеттiк су кадастры (бұдан әрі – MCK) су объектiлерiнiң жай-күйiмен пайдаланылуы туралы, олардың су ресурстары туралы, су пайдаланушылар туралы жүйелендiрiлген ресми деректер жиынтығы болып табылады.
      4. Су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингi қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингi жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
      5. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік органдардан алынған мемлекеттiк мониторингінің бастапқы материалдарын жинауды, қорытуды, талдау мен бағалауды қамтамасыз етедi.

2. Суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды,
су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбi

      6. Уәкiлеттi орган суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, жер үстi су объектiлерінің мемлекеттiк мониторингi бөлiгінде:
      1) мемлекеттiк органдардың суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, су объектiлерінің мемлекеттiк мониторингiн жүргiзумен байланысты жұмысын үйлестiредi;
      2) ведомстволық бағыныстағы су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарда су мониторингi мен оны есепке алуды жүзеге асырады;
      3) бастапқы су пайдаланушыларды тiркеудi жүзеге асырады;
      4) су пайдаланушылардың суды бастапқы есепке алуды дұрыс жүргiзуiн бақылайды, сондай-ақ су пайдаланушылардың есептiлiгi негiзiнде су пайдалануды есепке алуды жүзеге асырады;
      5) қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органдарға жер үстi суларын пайдалануды есепке алу жөнiндегi қорытылған деректердi тегін бередi;
      6) ұлттық гидрометереологиялық қызметіне осы Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес уәкілетті орган ведомствосының өңірлік органдарының ұлттық гидрометеорологиялық қызметіне ұсынатын жедел гидрологиялық ақпараттардың тізбесінде көрсетілген ақпаратты тегін береді;
      7) су объектілерiнiң жай-күйi мен су ресурстарының пайдаланылуы туралы деректердi жыл сайын қорытады, ақпаратты өңдеудi, жинақтауды, сақтауды, таратуды жүргізедi.
      7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, жер үстi су объектiлерінің мемлекеттiк мониторингi бөлiгiнде:
      1) жер үстi су объектiлерінде мемлекеттiк бақылау станциялары мен бекеттерi желiсiн құруды және дамытуды, сондай-ақ жер үсті су объектілерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу шеңберiнде физикалық, химиялық, гидробиологиялық көрсеткіштер бойынша жер үстi суларының режимiн, саны мен сапасын бақылауды ұйымдастыруды;
      2) шаруашылық қызмет пен гидрометеорологиялық жағдайлардың әсерiнен су объектiлерiнiң (жер асты суларынан басқа) ластануының деңгейi және оның өзгеруi туралы ақпаратты, жер үсті суларының ластану деңгейiнiң күрт өзгеруi туралы шұғыл ақпаратты, кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді жобалау, салу және пайдалану үшін қажеттi су объектілерi (жер асты суларынан басқа) мен олардың гидрологиялық режимi, сондай-ақ гидрологиялық болжамдар туралы деректердi «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің (бұдан әрі – Экологиялық кодекс) 145-2-бабынында белгіленген тәртіппен мемлекеттiк органдарға, су пайдаланушыларға берудi;
      3) гидрометеорологиялық орталықтардың, станциялар мен бекеттердің мемлекеттiк бақылау жасау желiсi материалдарының негiзiнде жер үстi суларының ресурстарын есепке алуды ұйымдастыруды;
      4) өзендер, теңiздер бассейндерi, олардың учаскелерi, облыстар аумақтары және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша жер үстi су объектілерiнiң мемлекеттiк мониторингi ақпаратын жинауды, өңдеудi, қорытуды, жинақтауды, сақтауды және таратуды ұйымдастыруды, деректер банкiн жүргiзудi;
      5) уәкілетті органның ведомствосына және оның өңірлік органдарына:
      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің уәкілетті органның ведомствосына және оның өңірлік органдарына ұсынатын болжамдық және гидрологиялық ақпараттардың тізбесінде көрсетілген болжамдық және гидрологиялық ақпараттарды;
      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің уәкілетті органның ведомствосына және оның өңірлік органдарына ұсынатын жедел гидрологиялық ақпараттардың тізбесінде көрсетілген жедел гидрологиялық ақпараттарды;
      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің уәкілетті органның ведомствосына және оның өңірлік органдарына ұсынатын режимді-анықтамалық ақпараттардың тізбесінде көрсетілген режимді-анықтамалық ақпараттарды тегін беруді.
      8. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган жер асты су суларын және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, жер асты су объектiлерiнің мемлекеттiк мониторингi бөлiгiнде:
      1) жер асты суларын алуды немесе сарқынды сулар мен басқа да суларды жер қойнауына ағызуды жүзеге асыратын барлық су пайдаланушыларды, сондай-ақ «Жер асты сулары» бөлiмi бойынша мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлген су объектілерiн тiркеу мен есепке алуды;
      2) жер қойнауының мемлекеттiк мониторингі шеңберiнде жер асты суларының мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыруды;
      3) ұйымдар мен су пайдаланушылар өзiнiң (жеке меншiктегi) бақылау пункттерi желiсiнде орындайтын жер асты суларының су режимi мен олардың сапасын зерделеу жұмыстарын жүргiзудi бақылауды;
      4) жер қойнауын гидрогеологиялық зерттеу материалдары негiзiнде, жер асты сулары қойнауынан шығарылатын (ілеспесiн қоса алғанда), жер қойнауына ағызылатын сулар мөлшерiн сулы жиектерiн қоса алғанда, жер асты суларының ресурстары мен пайдалану запастарын, сарқынды және басқа да сулардың, сондай-ақ су пайдаланушылар есептерi негiзiнде ластаушы заттардың мөлшерiн есепке алуды;
      5) су пайдаланушылар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен құрамда, нысандар мен мерзiмдерде жер асты сулары мониторингiнiң деректерiн ұсынуды;
      6) алынатын жер асты суларының, сондай-ақ жер қойнауына ағызылатын сулар мөлшерiнiң бастапқы есебiн дұрыс жүргiзуiн бақылауды;
      7) жер асты суларының мониторингiн жүргізудi, гидрогеологиялық өңiрлер мен бассейндер, облыстар аумақтары және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша жер асты су объектілерiнiң жай-күйi туралы деректердi өңдеудi, жинақтауды және оларды сақтауды жыл сайынғы қорытуды;
      8) уәкілеттi органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жер асты суларының мониторингi мен оларды есепке алу және пайдалану жөнiндегi қорытылған деректердi тегін берудi қамтамасыз етедi.
      9. Су пайдаланушылар:
      1) «Жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті ұсыну нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 254 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10833 болып тіркелген) және «Судың бастапқы есебінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19/1-274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11131 болып тіркелген) сәйкес тәртіпте бастапқы есеп жүргiзедi;
      2) су жинау және су ағызу құрылыстарын су шығысы мен деңгейiн өлшеу құралдарымен жабдықтайды, сондай-ақ өздiгінен ағып жатқан ұңғымаларда реттеушi құрылғылар орнатады және стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттiк органдарында оларды тексеруді және аттестаттауды қамтамасыз етедi;
      3) өз зертханаларында немесе мемлекеттiк аттестатталған басқа кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің зертханаларында ағызылатын сулардың химиялық құрамын анықтауды қамтамасыз етедi;
      4) ластаушы заттардың авариялық ағызылуы туралы, сондай-ақ су объектілерiнен су алу және оларға су ағызудың белгiленген режимiнiң бұзылуы туралы шұғыл ақпаратты уәкілетті органға, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі (жер асты сулары бойынша), қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган водомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне бередi.

3. Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу тәртiбi

      10. МСК-ны жүргiзудi уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау (жер үстi сулары бойынша) саласындағы уәкілетті органмен және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен (жep асты сулары бойынша) бiрлесiп жүзеге асырады.
      МСК деректерi өзендер, теңiздер, мұздақтар мен көлдep, су шаруашылығы бассейндерi мен учаскелерi бойынша, облыстар және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша, ал жер асты сулары бөлiмi бойынша қосымша – гидрогеологиялық өңiрлер мен бассейндер бойынша жүйелендіріледі және басып шығарылады.
      11. МСК жүргізу кезiнде:
      1) жер үстi суларының ресурстары, олардың сапасы мен табиғи жағдайларда және шаруашылық қызметтiң әсерінен өзгеруi туралы – мемлекеттiк және мемлекетаралық маңызы бар су объектілерi мен олардың учаскелерi, өзендер, теңiздер, мұздақтар мен көлдер бассейндерi, облыстар және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша;
      2) жер асты суларының ресурстары мен запастары, деңгейлерi мен суды алу, жер асты суларының гидродинамикалық көрсеткіштерi мен сапасы, олардың табиғи жағдайларда және шаруашылық қызметтің әсерiнен өзгеруi туралы – жер асты суларының учаскелерi мен кен орындары, сулы жиектерi, гидрогеологиялық өңiрлер мен бассейндер, су шаруашылығы учаскелерi мен өзендер бассейндерi, облыстар және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша;
      3) су пайдалану туралы – мемлекеттік маңызы бар iшкi теңiздер, өзендер бассейндерi, су шаруашылығы учаскелерi, экономикалық аудандардың аумақтары, облыстар және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша, сондай-ақ су пайдалану түрлерi мен экономика салалары бойынша деректер қорытылады.
      12. МСК жүргiзу жүйесiнің бiртұтастығын (тиiстi бөлiмдер бойынша) қамтамасыз ету және жалпы мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру үшiн уәкілеттi орган үйлестiру-сарапшылық кеңесiн құрады, оның құрамына тепе-тең бастамада уәкілеттi органның, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның өкiлдерi енеді.
      13. MCK жүргізу үшiн:
      1) ақпарат жинау, бақылау, өңдеу, сақтау, автоматтандырылған деректер банкiн қалыптастыру және ақпаратты iске асыру;
      2) МСК деректер банкiн қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi әдістерді, алгоритмдердi және машиналық бағдарламаларды әзiрлеу мен жетілдіру;
      3) мемлекеттiк су кадастрын жетiлдiру мен жүргiзу жөнiндегi жұмыстарға басшылық жасау, оларды жоспарлау мен бақылау;
      4) мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқамалар және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттар әзiрлеу;
      5) су ресурстарын (cу пайдалану) және олардың шаруашылық қызмет әсерiнен өзгеруiн ағымдағы және перспективалық бағалау;
      6) мемлекеттiк су кадастры басылымдарын баспасөзге шығаруға және жариялауға дайындау;
      7) мемлекеттік су кадастрын жүргізудiң ұйымдық құрылымы мен тәртiбiнiң және автоматтандырылған ақпараттық жүйенiң жалпы қағидаттарын және ғылыми-әдістемелік негiздерiн әзiрлеу;
      8) мемлекеттiк су кадастрын жетілдiру жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстары;
      9) ведомствоаралық ақпарат алмасу жүзеге асырылады.
      14. МСК басылымдарын баспасөзге шығаруға және жариялауға дайындауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады және Экологиялық кодекстің
151-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының бiрыңғай жүйесiне орналастыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға береді.

Суларды және олардың пайдаланылуын
мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк
су кадастрын және су объектiлерiнiң
мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу 
қағидаларына            
1-қосымша              

Уәкілетті орган ведомствосының өңірлік органдарының ұлттық
гидрометеорологиялық қызметіне ұсынатын жедел гидрологиялық
ақпараттардың тізбесі

Р/с № Су қоймасының атауы Ақпарат түрі Кезеңділігі
1 2 3

Ақмола облысы


1.

Астана

су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

жыл бойы немесе он күндікте 1 рет

су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер

күн сайын

2.

Селеті

су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

су тасуы кезеңінде

3.

Шағылы

су қойманың деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

су тасуы кезеңінде

Ақтөбе облысы


4.

Ақтөбе

су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

су тасуы кезеңінде күн сайын

5.

Қарғалы

су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

су тасуы кезеңінде күн сайын

Алматы облысы


6.

Бартоғай

су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

жыл бойы немесе он күндікте 1 рет

су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер

күн сайын

7.

Күрті

су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

жыл бойы немесе он күндікте 1 рет

су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер

күн сайын

Жамбыл облысы


8.

Тасөткел

су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

жыл бойы немесе он күндікте 1 рет

су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер

күн сайын

9.

Теріс-Ащыбұлақ

су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

жыл бойы немесе он күндікте 1 рет

су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер

күн сайын

Қарағанды облысы


10.

Жезді

су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

су тасуы кезеңінде күн сайын

11.

Кеңгір

су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

су тасуы кезеңінде күн сайын

12.

Самарқанд

су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

жыл бойы немесе он күндікте 1 рет

су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер

күн сайын

13.

Топар

су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

жыл бойы немесе он күндікте 1 рет

су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер

күн сайын

Қостанай облысы


14.

Желқуар

су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

су тасуы кезеңінде күн сайын

15.

Жоғарғы Тобыл

су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

су тасуы кезеңінде күн сайын

16.

Қаратомар

су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

су тасуы кезеңінде күн сайын

Оңтүстік Қазақстан облысы


17.

Бадам

су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

жыл бойы немесе он күндікте 1 рет

су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер

күн сайын

18.

Бөген

су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

жыл бойы немесе он күндікте 1 рет

су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер

күн сайын

Солтүстүк Қазақстан облысы


19.

Сергеев

су қоймасының деңгейі және көлемі туралы мәліметтер

жыл бойы немесе он күндікте 1 рет

су қоймасына ағып келген және ағызылған су туралы мәліметтер

күн сайын

      1. Сырдария өзеніндегі су алу туралы күн сайынғы мәліметтері – суару кезеңінде;
      2. Арыс каналына су алудың онкүндік шамасы – жыл бойы.

Суларды және олардың пайдаланылуын
мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк
су кадастрын және су объектiлерiнiң
мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу
қағидаларына         
2-қосымша          

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің уәкілетті органның
ведомствосына және оның өңірлік органдарына ұсынатын болжамдық
және гидрологиялық ақпараттардың тізбесі

Р/с № Ақпарат түрі Кезеңділігі Ақпаратты беретін ұйым Ақпаратты алатын ұйым
1 2 3 4 5

1

1 ақпандағы деректер бойынша Қазақстанның жазықтығындағы өзендердің су тасу кезіндегі және таулы аумақтардағы өзендердің суару кезеңіндегі сулылығының алдын ала болжамы

Жылына бір рет

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі және оның филиалдары

уәкілетті органның ведомствосы және оның өңірлік органдары

2

Қазақстанның бассейндеріндегі
1 наурыздағы деректер бойынша су қорының жиналуы және су тасуы және суару кезеңінде күтілетін өзен сулылығы туралы консультациялық анықтама

Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады)

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі және оның филиалдары

уәкілетті органның ведомствосы және оның өңірлік органдары

3

Ашу мерзімінің болжамы (Ертіс, Сырдария)

Жылына бір рет (қажеттілік бойынша болжам нақтыланады)

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі және оның филиалдары

уәкілетті органның ведомствосы және оның өңірлік органдары

4

Жүзбе мұздың пайда болуының және мұзқұрсаудың анықталуының болжамы (Ертіс, Сырдария, Іле)

Жылына бір рет (қажеттілік бойынша болжам нақтыланады)

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі және оның филиалдары

уәкілетті органның ведомствосы және оның өңірлік органдары

Ақтөбе облысы

5

Ақтөбе облысындағы өзендерде күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама

Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады)

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Ақтөбе филиалы

уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Ақтөбе бөлімшесі

6

Ақтөбе облысындағы өзендердің жоғарғы деңгейінің болжамы

Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады)

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Ақтөбе филиалы

уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Ақтөбе бөлімшесі

7

Ақтөбе облысындағы өзендердің деңгейлері туралы гидрологиялық деректер

Күн сайын

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Ақтөбе филиалы

уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Ақтөбе бөлімшесі

Алматы облысы

8

Өзендер мен су қоймаларындағы су балансы:


Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Алматы филиалы

уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы


Балқаш көлі бойынша

Жылына бір рет

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Алматы филиалы

уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы


Қапшағай су қоймасы бойынша

Айына бір рет

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі және оның Алматы филиалы

уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы

9

2 және 4-тоқсандардағы Қапшағай су қоймасына ағып келген судың болжамы

1 наурыздағы және 1 сәуірдегі деректер бойынша жылына бір рет

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Алматы филиалы

уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы

Атырау облысы

10

Атырау облысындағы өзендерде күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама

Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады)

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Атырау филиалы

уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы

11

Атырау облысындағы өзендердің жоғарғы деңгейінің болжамы

Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады)

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Атырау филиалы

уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы

12

Атырау облысындағы өзендердің деңгейлері туралы гидрологиялық деректер

Күн сайын

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Атырау филиалы

уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы

Батыс Қазақстан облысы

13

Батыс Қазақстан облысындағы өзендерде күтілетін сулылығы туралы консультациялық анықтама

Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады)

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Батыс Қазақстан филиалы

уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Батыс Қазақстан бөлімшесі

14

Батыс Қазақстан облысындағы өзендердің жоғарғы деңгейінің болжамы

Жылына бір рет (1 наурызға берілген деректер бойынша негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады)

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Батыс Қазақстан филиалы

уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Батыс Қазақстан бөлімшесі

15

Батыс Қазақстан облысындағы өзендердің деңгейлері туралы гидрологиялық деректер

Күн сайын

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Батыс Қазақстан филиалы

уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Батыс Қазақстан бөлімшесі

Маңғыстау облысы

16

Каспий теңізнің деңгейі туралы гидрологиялық деректер

Ай сайын

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Маңғыстау филиалы

уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Маңғыстау бөлімшесі

Шығыс Қазақстан облысы

17

Бұқтырма су қоймасына ағып келген судың айлардағы және тиісті тоқсандағы болжамы

Ай сайын, тоқсанда бір рет

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі және оның Шығыс Қазақстан филиалы

уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы

18

Шүлбі су қоймасына ағып келген судың айлардағы және тиісті тоқсандағы болжамы

Ай сайын, тоқсанына бір рет

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі және оның Шығыс Қазақстан филиалы

уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы

19

Оба және Үлбі өзендерінің жалпы ағынының болжамы

Жыл сайын арнайы су тастаулар жүргізу кезеңінде

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі және оның Шығыс Қазақстан филиалы

уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы

20

Арнайы су тастаулар жүргізу кезеңіндегі Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларына ағып келген судың нақты деректері

Арнайы су тастаулар жүргізу кезеңінде күн сайын

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің Шығыс Қазақстан филиалы

уәкілетті органның ведомствосы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы

Суларды және олардың пайдаланылуын
мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк
су кадастрын және су объектiлерiнiң
мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу
қағидаларына         
3-қосымша          

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің уәкілетті органның
ведомствосына және оның өңірлік органдарына ұсынатын жедел
гидрологиялық ақпараттардың тізбесі

Күнделікті гидрологиялық бюллетень

Р/с № Су бекеттерінің атауы Ақпарат түрі
1 2 3

1) су объектілерінің режимдері туралы мәліметтер

1

Арыс–Арыс

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

2

Әндіжан

су ағызу

3

Бозсу–Саға

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

4

Бұқтырма–Орманды айлағы

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

5

Ертіс–Боран

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

6

Ертіс–Өскемен СЭС

су ағызу

7

Ертіс–Семей

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

8

Ертіс–Семиярск

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

9

Ертіс–Павлодар

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

10

Есіл–Петропавловск

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

11

Жайық–Орал

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

12

Жайық–Күшім

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

13

Жайық–Махамбет

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

14

Жайық–Атырау

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

15

Келес–Саға

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

16

Күшім–канал

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

17

Кіші Алматы–Алматы

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

18

Қайраққұм

су шығысы

19

Қарадария–Үштепе

су шығысы

20

Нарын–Үшқорған

су шығысы

21

Оба–Шемонайха

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

22

Сырдария–Ақжар

су шығысы

23

Сырдария–Көкбұлақ, Келес өзенінің жоғарғы сағасы

су шығысы, деңгейі

24

Сырдария–Көктөбе

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

25

Сырдария–Қазалы

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

26

Сырдария–Қаратарең

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

27

Сырдария–Надежденский

су ағызу

28

Сырдария–Тасбөгет

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

29

Сырдария–Төмен–Арық

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

30

Сырдария–Шардара

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

31

Сырдария–Шыназ

су шығысы

32

Талас–Жасөркен

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

33

Тоқтағұл

су ағызу

34

Үлбі–Перевалочная

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

35

Шарбақ су қоймасы

су ағызу

36

Шу–Қайнар

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

37

Шу–Тасөткел

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

38

Шыршық–Шыназ

су шығысы

39

Іле–Добын

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

40

Іле–Қапшағай су электр станциясынан (бұдан әрі – СЭС) 164 километр жоғары

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

41

Іле–Қапшағай

су шығысы, деңгейі, су температурасы, мұз құбылысы

2) Су қоймаларын толтыру жағдайы

42

Әндіжан

көлемі

43

Бадам

көлемі

44

Бартоғай

көлемі

45

Бөген

көлемі

46

Бұқтырма

көлемі

47

Ирикла

көлемі

48

Киров

көлемі

49

Күрті

көлемі

50

Қайраққұм

көлемі

51

Қапшағай

көлемі

52

Ортатоқой

көлемі

53

Сергеев

көлемі

54

Тасөткел

көлемі

55

Тоқтағұл

көлемі

56

Шарбақ

көлемі

57

Шардара

көлемі

58

Шүлбі

көлемі

Суларды және олардың пайдаланылуын
мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк
су кадастрын және су объектiлерiнiң
мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу 
қағидаларына           
4-қосымша            

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің уәкілетті органның
ведомствосына және оның өңірлік органдарына ұсынатын
режимді-анықтамалық ақпараттардың тізбесі

Келесі гидрологиялық бекеттер бойынша өткен жылғы орташа айлық және орташа жылдық су жұмсау:

1

2

Ақмола облысы

1

Есіл өзені–Вологодоновка ауылы

2

Есіл өзені–Тургеновка ауылы

3

Жабай өзені–Атбасар қаласы

4

Жабай өзені–Балкашино ауылы

5

Қалқұтан өзені–Қалқұтан ауылы

6

Мойылды–Николаевка ауылы

7

Нұра өзені–Қошқарбаев ауылы

8

Сілеті өзені–Изобильное ауылы

9

Сілеті өзені–Приречное ауылы

10

Шағалалы өзені–Павловка ауылы

Ақтөбе облысы

11

Қарғалы өзені–Қарағалы ауылы

12

Қарахобда–Алпасай кенті

13

Қосістек өзені–Қосістек уылы

14

Ор өзені–Бөгетсай кенті

15

Темір өзені–Ленинский кенті

16

Темір өзені–Сағашилі ауылы

17

Уіл өзені–Уіл кенті

18

Үлкен Хобда өзені–Қобда ауылы

19

Ырғыз өзені–Шеңбертал кенті

20

Ілек өзені–Ақтөбе қаласы

Алматы облысы

21

Ақсу өзені–Матай темір жол станциясы

22

Басқан өзені–Екі аша ауылы

23

Бұтақ өзені–Бұтақ ауылы

24

Быжы өзені–Красногоровка ауылы

25

Есік өзені–Есік қаласы

26

Көксу өзені–Көксу ауылы

27

Көктал өзені–Аралтөбе ауылы

28

Күрті өзені–Ленин көпірі

29

Кіші Алматы–Алматы қаласы

30

Кіші Алматы–Мыңжылқы

31

Кіші Алматы–Сарысай өзені құйылмасынан төмен

32

Қараой өзені–Текелі қаласы

33

Қаратал өзені–Ақжар ауылы

34

Қарқара өзені–Таудан шыға бере

35

Қаскелең өзені–Қаскелең қаласы

36

Қорғас өзені–Басқұншы ауылынан 8 километр жоғары

37

Лепсі өзені–Лепсі қаласы

38

Лепсі өзені–Төлебаев ауылы

39

Проходная өзені–саға

40

Сарықан өзені–Сарқанд қаласы

41

Текелі өзені–Текелі қаласы

42

Текес өзені–Текес ауылы

43

Тентек өзені–Төңкеріс шатқалы

44

Теріс бұтақ бұлағы–саға

45

Түрген өзені–Таутүрген ауылы

46

Үлкен Алматы–Үлкен Алматы өзенінен 2 километр жоғары

47

Шарын өзені–Сарытоғай шатқалы

48

Шыжың өзені–Текелі қаласы

49

Шілік өзені–Малыбай ауылы

50

Іле өзені–Добын айлағы

51

Іле өзені–Қапшағай СЭС 164 километр жоғары

52

Іле өзені–Қапшағай шатқалы (СЭС 37 километр төмен)

Атырау облысы

53

Жайық өзені–Махамбет кенті

Батыс Қазақстан облысы

54

Жайық өзені–Күшім ауылы

55

Күперанқаты өзені–Алғабас ауылы

56

Күшім каналы–Күшім ауылы

57

Шаған өзені–Чувашинское кенті

58

Ілек өзені–Шілік ауылы

Жамбыл облысы

59

Аса өзені–Маймақ теміржол станциясы

60

Құрағаты өзені–Аспара теміржол станциясы

61

Мерке өзені (каналы)–Ұлбұтой қыстағы

62

Талас өзені–Жасөркен ауылы

63

Теріс өзені–Нұрлыкент ауылы

64

Шу өзені–Қайнар ауылы

65

Шу өзені–Тасөткел ауылы

66

Шу өзені (Кіші Арна)–Ұланбел ауылы

67

Шу өзені (Үлкен Арна)–Ұланбел ауылы

Қарағанды облысы

68

Мойынты өзені–Киік темір жол станциясы

69

Нұра өзені–Ақмешіт ауылы

70

Нұра өзені–Балықты темір жол станциясы

71

Нұра өзені–Бесоба ауылы

72

Нұра өзені–Шешенқара ауылы

73

Сарысу өзені–189 километр разездъі

74

Талды өзені–Новостройка ауылы

75

Тоқырауын өзені–Ақтоғай ауылы

76

Шерубайнұра өзені–Қарамұрын разездъі

Қостанай облысы

77

Аят өзені–Варвинка ауылы

78

Дәмді өзені–Дәмді ауылы

79

Желқуар өзені–Чайковское ауылы

80

Қамысты – Әйет өзені–Свердловка кенті

81

Қараторғай өзені–Үрпек кенті

82

Обаған өзені–Ақсуат

83

Сарыторғай өзені–Екідің кенті

84

Тобыл өзені–Аққарға ауылы

85

Тобыл өзені–Гришенко ауылы

86

Тобыл өзені–Қостанай қаласы

87

Тобыл өзені–Милютинка ауылы

88

Тоғызақ өзені–Тоғызақ санциясы

89

Торғай өзені–Түсім құмы

90

Үй өзені–Үй ауылы

Қызылорда облысы

91

Сырдария өзені–Қала типті Жосалы кентінің Қараөзек тармағы

92

Сырдария өзені–Керікелмес разездъі

93

Сырдария өзені–Қазалы қаласы

94

Сырдария өзені–Қаратерең ауылы

95

Сырдария өзені–Тасбөгет кенті

96

Сырдария өзені–Төмен арық темір жол станциясы

Оңтүстүк Қазақстан облысы

97

Ақсу өзені–Сарқырама ауылы

98

Арыстанды өзені–Алғабас ауылы

99

Ашылған өзені–Майдантал ауылы

100

Бадам өзені–Қараспан ауылы

101

Болдырбек өзені–Мемлекеттік қорық кордоны

102

Боролдай өзені–Боролдай ауылы

103

Бөген өзені–Екпінді ауылы

104

Жабағылысу өзені–Жабағылы ауылы

105

Келес өзені–саға

106

Қарашірік өзені–Хан тағы ауылы

107

Қаттабүтін өзені–Жарықбас ауылы

108

Көкбұлақ өзені–Пістелі ауылы

109

Сайрам өзені–Тасарық ауылы

110

Сырдария өзені–Келес өзені сағасынан жоғары

111

Сырдария өзені–Шардара су қоймасның төменгі бьефі

Павлодар облысы

112

Ертіс өзені–Прииртышское

Солтүстүк Қазақстан облысы

113

Аққанбұрлық өзені–Ковыльное ауылы

114

Аққанбұрлық өзені–Привольное ауылы

115

Есіл өзені–Долматова ауылы

116

Есіл өзені–Западное ауылы

117

Есіл өзені–Петропавловск қаласы

118

Иманбұрлық өзені–Соколовка ауылы

119

Шағалалы өзені–Северное ауылы

Шығыс Қазақстан облысы

120

Аякөз өзені–Аякөз кенті

121

Аякөз өзені–Тарбағатай ауылы (Қазанның 40 жылдығы атындағы колхоз)

122

Бестеректі өзені–Мойылды ауылы

123

Бұқтырма өзені–Орманды айлағы ауылы

124

Бұқтырма өзені–Печи ауылы

125

Еміл өзені–Қызылту кенті

126

Ертіс өзені–Семиярка ауылы

127

Күршім өзені–Вознесенка ауылы

128

Қалжыр өзені–Қалжыр ауылы

129

Қара Ертіс–Боран кенті

130

Левая Березовка өзені–Средигорное ауылы

131

Нарын өзені–Үлкен Нарын ауылы

132

Оба өзені–Шемонайха ауылы

133

Үлбі өзені–Үлбі Перевалочная ауылы

134

Үлкен Бөкен–Жұмба ауылы