Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қыркүйекте № 12066 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 235 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу  тізілімінде № 9604 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 212(28435) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім  және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нүсіпов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                     А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 тамыздағы  
№ 528 бұйрығына 1-қосымша 

«Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және
оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11260 болып тіркелген), «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және байланыс комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы;
      2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды және қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
      ХҚКО – «апостиль» мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды қағаз тасымалдағышта беру;
      порталда – өтініштің қабылданғаны туралы құжаттың апостильдену күні және уақыты көрсетілген хабарлама алу.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      Астана қаласының ХҚКО және портал үшін 5 (бес) жұмыс күні;
      Басқа аймақтардағы ХҚКО үшін – 30 (отыз) күнтізбелік күн.
      ХҚКО құжатты қабылдаған күн көрсетілетін мерзімге енбейді.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының қажетті тізбедегі құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар тізбесі) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Әрбір іс-әрекеттің өту рәсімін сипаттайтын уақыты көрсетілген іс-қимыл сипаттамасы:
      1) 1-рәсім – 2 (екі) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері көрсетілетін қызмет алушыдан келіп түскен құжаттарын қабылдап, оның түпнұсқалығын тексеріп, құжаттарды апостильдеп, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынады;
      2) 2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарға 1 (бір) жұмыс күні ішінде қол қойып құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысына жолдайды;
      3) 3-рәсім – құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде апостильденген құжаттарды тіркеу журналына тіркеп, ХҚКО өтініш иесіне беру үшін жолдайды;
      4) 4-рәсім – «апостиль» мөртаңбасы қойылған дайын құжатты қағаз тасымалдағышта ХҚКО 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді;
      Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы өтініш беру процесінің сипаттамасы:
      1) 1-рәсім – жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде «Келіп түскен» және «Орындауда» папкасындағы құжаттарды тексеріп, редакциялауды жүзеге асырады;
      2) 2-рәсім – жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде барлық толықтырылуға тиесілі жолдар дұрыс толтырылған жағдайда, оны мемлекеттік бажды төлеуге жібереді немесе қызмет көрсетуден бас тартуды жүзеге асырады;
      3) 3-рәсім – жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы мемлекеттік баж төленген соң 1 (бір) жұмыс күні ішінде қызметтің көрсетілетін уақыты, күні көрсетілген хабарламаны жолдайды;
      4) 4-рәсім - «Жеке кабинет»/ «Қызмет алу тарихы» бөлімінен 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарлама алу.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне мынадай құрылымдық бөлімшелер қатысады:
      1) кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы;
      4) жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады:
      1) 1-рәсім – жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдап, олардың түпнұсқалығын тексереді, апостильдеп, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін ұсынады;
      2) 2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарға қол қойып 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысына жолдайды;
      3) 3-рәсім – жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде апостильденген құжаттарды тіркеу журналына тіркейді және өтініш иесіне беру үшін ХҚКО жолдайды;
      4) 4-рәсім – «апостиль» мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды қағаз тасымалдағышта ХҚКО беру;
      8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы (іс-әрекеттер) рәсімдер ретінің толық сипаттамасы осы «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» Регламенттің (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету
орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға өтініш білдіреді;
      2) көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО операторына дайын құжаттар топтамасын 15 минут ішінде тапсырады;
      3) ХҚКО операторы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін анықтап, құжаттарды қабылдайды, қабылданғаны туралы қолхат береді, ал портал арқылы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қызметтің көрсетілетін күні көрсетіліп, хабарлама жіберіледі;
      4) Астана қаласы ХҚКО арқылы өтініш білдіргенде ХҚКО операторы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
      басқа аймақтардағы ХҚКО арқылы өтініш білдіргенде ХҚКО операторы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар топтамасын пошталық байланыс арқылы көрсетілетін қызмет берушіге жолдайды.
      5) «апостиль» мөртаңбасы қойылған дайын құжаттар қағаз тасымалдағышта Астана үшін 5 (бес) жұмыс күнінде, басқа аймақтар үшін 30 (отыз) күнтізбелік күнде беріледі.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен (қызметкерлерімен) өзара іс-қимылдарының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде басқада көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл жүргізу және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Қазақстан Республикасының білім,
ғылым органдарынан және оқу  
орындарынан шығатын ресми   
құжаттарға апостиль қою»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентінің 1-қосымшасы   

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының әрбір іс-әрекеті (диаграмма 1)

«Қазақстан Республикасының білім,
ғылым органдарынан және оқу  
орындарынан шығатын ресми   
құжаттарға апостиль қою»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентінің 2-қосымшасы   

«Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің бизнес-процесінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 тамыздағы  
№ 528 бұйрығына 2 қосымша 

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген, «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) арқылы көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) Орталық;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз түрінде - қағаз жеткізгіште білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлік.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 4 (төрт) айдан аспайды (ХҚКО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мынадай жағдайда 1 (бір) айға ұзартылады:
      1) егер білім туралы құжат Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (бұдан әрі - ҚР МЖБС) сәйкес келмеген жағдайда, қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарына тестілеуден өтуі үшін 1 (бір) айға ұзартылады;
      2) егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын растау бойынша жолданған ресми өтінішіне жауап бермеген жағдайда, қарау мерзімі 1 (бір) айға ұзартылады.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылы) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес, құжаттар тізбесін (бұдан әрі-құжаттар) ұсынуы негіз болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
      1) құжаттар топтамасын Орталық қызметкерінің 20 (жиырма) минут ішінде қабылдауы, 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушының оқығанын растау мақсатында шетелдік білім беру ұйымына сұрау жолдауы және білім туралы құжаттарды сыртқы сарапшыларға жіберуі. Егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын растау бойынша жолданған ресми өтінішіне жауап бермеген жағдайда, қарау мерзімі 1 (бір) айға ұзартылады.
      2) сыртқы сарапшылардың 15 (он бес) жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты сараптаудан өткізуі. Егер білім туралы құжат ҚР МЖБС сәйкес келмеген жағдайда, қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарына тестілеуден өтуі үшін 1 (бір) айға ұзартылады;
      3) Орталықтың көрсетілетін мемлекетік қызметтің аяқталуына 29 (жиырма тоғыз) жұмыс күнінен кем емес мерзім қалған кезде сараптау комиссиясы отырысының хаттамасынан үзіндісін және оқуғаны туралы ақпаратты бар құжаттарды қарастыру үшін және бұйрық дайындау үшін көрсетілетін қызмет берушіге жолдауы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің сараптау комиссиясының қорытындысын ҚР МЖБС сәйкестігін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарауы және бұйрық дайындауы;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұйрықты Орталыққа жолдауы;
      6) Орталықтың 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұйрық негізінде куәлік толтыруы;
      7) Орталықтың 1 (бір) жұмыс күні ішінде куәлікті бекіту үшін көрсетілетін қызметі берушіге жіберуі;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің куәлікті бекітуі, базаға енгізуі және 2 (екі) жұмыс күні ішінде Орталыққа жіберуі;
      9) мемлекеттік қызметті алушыға куәлікті беру.
      7. Мынадай рәсімнің басталуына негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі:
      1) өтінішті тіркеу;
      2) сараптау қорытындысын енгізу;
      3) сараптау қорытындысын қарау;
      4) сараптау қорытындысы негізінде бұйрыққа қол қою;
      5) бұйрық негізінде куәлік толтыру;
      6) куәлікті бекіту;
      7) білім туралы құжаттың тану/нострификациялау туралы кәуілігін беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай құрылымдық бөлімшелер қатысады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасары;
      4) жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады:
      1) 1-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжатты тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      2) 2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжатты 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарына жолдайды;
      3) 3-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасары құжатты 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдайды;
      4) 4-рәсім – жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде бөлімше қызметкерлерінің қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды;
      5) 5-рәсім – 26 (жиырма алты) күн ішінде жауапты орындаушы құжаттардың ҚР МЖБС сәйкестігін тексереді және шешім (бұйрық) қалыптастырады және шешімді тексеру үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы жолдайды;
      6) 6-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы шешімді (бұйрықты) тексереді және қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарына жолдайды;
      7) 7-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасары шешімді тексереді және қол қояды;
      8) 8-рәсім – қол қойылған шешім 1 (бір) жұмыс күні ішінде куәлік толтыру үшін Орталыққа жолданады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету
орталығымен және (немесе) басқада көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу, сондай-ақ ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      10. ХКҚО жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут:
      1) 1-процесс - көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға өтініш білдіреді.
      2) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО операторына дайын құжаттар топтамасын тапсырады;
      3) 3-процесс - ХҚКО операторының мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін анықтауы;
      4) 4-процесс – ХҚКО операторының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды;
      5) 5-процесс – ХҚКО операторының құжаттарды қабылдағаны туралы қол-хат беруі;
      6) 6-процесс – ХҚКО операторының құжаттар топтамасын Орталыққа 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдауы;
      7) 7-процесс – Орталық 4 (төрт) ай ішінде білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы шешім шығарады және дайын куәлікті ХҚКО-ға жібереді;
      8) 8-процесс - ХҚКО операторы дайын куәлікті береді;
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен (қызметкерлерімен) өзара іс-қимылдарының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде басқада көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл жүргізу және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламентке сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Білім туралы құжаттарды тану және
нострификациялау» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша            

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау мемлекеттік қызметі бизнес-процессінің анықтамасы

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 тамыздағы  
№ 528 бұйрығына 3-қосымша 

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11260 тіркелген) «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт), «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы аккредиттеу туралы куәлік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларының 12-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Қағида), ғылыми және шарттары мен талаптарына сәйкес еместігіне байланысты дәлелді бас тарту жауабы, сонымен қатар мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
      4. Көрсетілген қызметті алушының арызы түскен мезеттен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) заңды тұлғаларға – күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде;
      2) жеке тұлғаларға - күнтізбелік 5 (бес) күннің ішінде;
      3) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері өзгерген жағдайда аккредиттелген субъектілер көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет стандарттың 10-тармағына сәйкес мәліметтерді растайтын құжаттармен бірге аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді - күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде;
      4) аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші аккредиттелген субъектінің жазбаша өтініші бойынша аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді - күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесін (бұдан әрі – құжаттар тізбесі) ұсынуы негіз болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
      1) жеке тұлғалар үшін:
      1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы және кеңседе тіркеуі;
      2-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті алуға келіп түскен өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтауы, күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде сараптау актісін жасай отырып, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының;
      3-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы шешім қабылдауы.
      2) заңды тұлғалар үшін:
      1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы және кеңседе тіркеуі;
      2-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 28 (жиырма сегіз) күн ішінде мемлекеттік қызметті алуға келіп түскен өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтауы, сараптау актісін жасай отырып, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының Қағидалардың шарттары мен талаптарына сәйкестігін сараптауы;
      3-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы шешім қабылдауы.
      3) заңды және жеке тұлғалар үшін, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері өзгерген жағдайда:
      1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы және кеңседе тіркеуі;
      2-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 18 (он сегіз) күн ішінде мемлекеттік қызметті алуға келіп түскен өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтауы, сараптау актісін жасай отырып, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының Қағидалардың шарттары мен талаптарына сәйкестігін сараптауы;
      3-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы шешім қабылдауы.
      4) заңды және жеке тұлғалар үшін, аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда:
      1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы және кеңседе тіркеуі;
      2-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде мемлекеттік қызметті алуға келіп түскен өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтауы, сараптау актісін жасай отырып, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының Қағидалардың шарттары мен талаптарына сәйкестігін сараптауы;
      3-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы шешім қабылдауы.
      7. Келесі рәсімдерді бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің нәтижелері:
      1) көрсетілген қызмет берушінің кеңсесінде өтініш тіркеу;
      2) өтінішті қарау және көрсетілетін қызмет алушыны аккредиттеу туралы шешім қабылдау;
      3) аккредиттеу туралы куәлік ресімдеу немесе мемлекеттік қызмет көрсету туралы дәлелді жауап бас тарту жауабы ресімдеу.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай бөлімшелер қатысады:
      1) көрсетілген қызмет берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілген қызмет берушінің басшысы;
      3) көрсетілген қызмет беруші басшысының орынбасары;
      4) көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      5) көрсетілген қызмет берушінің жауапты орындаушысы.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады:
      1) жеке тұлғалар үшін:
      1-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 2 (екі) сағат ішінде құжатты (қызмет алушының сұранысы) қабылдайды және кіріс хат-хабарларын тіркеу журналында тіркейді және көрсетілген қызмет берушінің басшысына жолдайды;
      2-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының сұранысын 2 (екі) сағат ішінде көрсетілген қызмет беруші басшысының орынбасарына жолдайды;
      3-рәсім – көрсетілген қызмет беруші басшысының орынбасары 2 (екі) сағат ішінде сараптама жүргізу мерзімін белгілейді және көрсетілетін қызметті алушының сұранысын көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысына жолдайды;
      4-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілген қызмет берушінің көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы қызметкерлері қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды;
      5-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің жауапты орындаушысы күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толықтығын тексереді, Қағидалармен бекітілген талаптарға сәйкестігін анықтайды, көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарау қорытындысы туралы шешімнің (бұдан әрі – сараптау актісі) жобасын қалыптастырады, оған қол қойып, тексеру және қол қою үшін көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысына жолдайды;
      6-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы 4 (төрт) сағат ішінде сараптау актісін тексереді, оған қол қояды және тексеріп қол қою үшін көрсетілген қызмет беруші басшысының орынбасарына жолдайды, не келіспеген жағдайда пысықтау үшін кері қайтарады;
      7-рәсім – көрсетілген қызмет беруші басшысының орынбасары 4 (төрт) сағат ішінде сараптау актісін тексереді, оған қол қояды және бекіту үшін көрсетілген қызмет берушінің басшысына жолдайды, не келіспеген жағдайда пысықтау үшін кері қайтарады;
      8-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің басшысы күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде сараптау актісін тексереді және бекітеді;
      9-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің жауапты орындаушысы көрсетілген қызмет берушінің басшысы бекіткен сараптау актісін алған сәттен бастап күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде аккредиттеу туралы куәлікті қалыптастырады;
      10-рәсім – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік түрінде көрсетілетін қызметті алушыға не оның уәкілетті өкіліне қолма-қол кез келген жұмыс күні ішінде беріледі.
      2) заңды тұлғалар үшін:
      1-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 2 (екі) сағат ішінде құжатты (қызмет алушының сұранысы) қабылдайды және кіріс хат-хабарларын тіркеу журналында тіркейді және көрсетілген қызмет берушінің басшысына жолдайды;
      2-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының сұранысын 2 (екі) сағат ішінде көрсетілген қызмет беруші басшысының орынбасарына жолдайды;
      3-рәсім – көрсетілген қызмет беруші басшысының орынбасары 2 (екі) сағат ішінде сараптама жүргізу мерзімін белгілейді және көрсетілетін қызметті алушының сұранысын көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысына жолдайды;
      4-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы қызметкерлері қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды;
      5-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің жауапты орындаушысы күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толықтығын тексереді, Қағидалармен бекітілген талаптарға сәйкестігін анықтайды, көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарау қорытындысы туралы шешімнің (бұдан әрі – сараптау актісі) жобасын қалыптастырады, оған қол қойып, тексеру және қол қою үшін көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысына жолдайды;
      6-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде сараптау актісін тексереді, оған қол қояды және тексеріп қол қою үшін көрсетілген қызмет беруші басшысының орынбасарына жолдайды, не келіспеген жағдайда пысықтау үшін кері қайтарады;
      7-рәсім – көрсетілген қызмет беруші басшысының орынбасары 4 (төрт) сағат ішінде сараптау актісін тексереді, оған қол қояды және бекіту үшін көрсетілген қызмет берушінің басшысына жолдайды, не келіспеген жағдайда пысықтау үшін кері қайтарады;
      8-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің басшысы күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде сараптау актісін тексереді және бекітеді;
      9-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің жауапты орындаушы көрсетілген қызмет берушінің басшысы бекіткен сараптау актісін алған сәттен бастап күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде аккредиттеу туралы куәлікті қалыптастырады;
      10-рәсім – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік түрінде көрсетілетін қызметті алушыға не оның уәкілетті өкіліне қолма-қол кез келген жұмыс күні ішінде беріледі.
      3) заңды және жеке тұлғалар үшін:
      1-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 2 (екі) сағат ішінде құжатты (қызмет алушының сұранысы) қабылдайды және кіріс хат-хабарларын тіркеу журналында тіркейді және көрсетілген қызмет берушінің басшысына жолдайды;
      2-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының сұранысын 2 (екі) сағат ішінде көрсетілген қызмет беруші басшысының орынбасарына жолдайды;
      3-рәсім – көрсетілген қызмет беруші басшысының орынбасары 2 (екі) сағат ішінде сараптама жүргізу мерзімін белгілейді және көрсетілетін қызметті алушының сұранысын көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысына жолдайды;
      4-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысының қызметкерлері қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды;
      5-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің жауапты орындаушысы күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толықтығын тексереді, Қағидалармен бекітілген талаптарға сәйкестігін анықтайды, көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарау қорытындысы туралы шешімнің (бұдан әрі – сараптау актісі) жобасын қалыптастырады, оған қол қойып, тексеру және қол қою үшін көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысына жолдайды;
      6-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде сараптау актісін тексереді, оған қол қояды және тексеріп қол қою үшін көрсетілген қызмет беруші басшысының орынбасарына жолдайды, не келіспеген жағдайда пысықтау үшін кері қайтарады;
      7-рәсім – көрсетілген қызмет беруші басшысының орынбасары күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде сараптау актісін тексереді, оған қол қояды және бекіту үшін көрсетілген қызмет берушінің басшысына жолдайды, не келіспеген жағдайда пысықтау үшін кері қайтарады;
      8-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің басшысы күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде сараптау актісін тексереді және бекітеді;
      9-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің жауапты орындаушы көрсетілген қызмет берушінің басшысы бекіткен сараптау актісін алған сәттен бастап күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде аккредиттеу туралы куәлікті қалыптастырады;
      10-рәсім – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік түрінде көрсетілетін қызметті алушыға не оның уәкілетті өкіліне қолма-қол кез келген жұмыс күні ішінде беріледі.
      4) заңды және жеке тұлғалар үшін:
      1-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 2 (екі) сағат ішінде құжатты (қызмет алушының сұранысы) қабылдайды және кіріс хат-хабарларын тіркеу журналында тіркейді және көрсетілген қызмет берушінің басшысына жолдайды;
      2-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының сұранысын 2 (екі) сағат ішінде көрсетілген қызмет беруші басшысының орынбасарына жолдайды;
      3-рәсім – көрсетілген қызмет беруші басшысының орынбасары 2 (екі) сағат ішінде сараптама жүргізу мерзімін белгілейді және көрсетілетін қызметті алушының сұранысын көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысына жолдайды;
      4-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөліміншесінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы қызметкерлері қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды;
      5-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің жауапты орындаушысы күнтізбелік 10 (он) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толықтығын тексереді, Қағидалармен бекітілген талаптарға сәйкестігін анықтайды, көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарау қорытындысы туралы шешімнің (бұдан әрі – сараптау актісі) жобасын қалыптастырады, оған қол қойып, тексеру және қол қою үшін көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысына жолдайды;
      6-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде сараптау актісін тексереді, оған қол қояды және тексеріп қол қою үшін көрсетілген қызмет берушің басшысы орынбасарына жолдайды, не келіспеген жағдайда пысықтау үшін кері қайтарады;
      7-рәсім – көрсетілген қызмет беруші басшысының орынбасары күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде сараптау актісін тексереді, оған қол қояды және бекіту үшін көрсетілген қызмет берушінің басшысына жолдайды, не келіспеген жағдайда пысықтау үшін кері қайтарады;
      8-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің басшысы күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде сараптау актісін тексереді және бекітеді;
      9-рәсім – көрсетілген қызмет берушінің жауапты орындаушы көрсетілген қызмет берушінің басшысы бекіткен сараптау актісін алған сәттен бастап күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде аккредиттеу туралы куәлікті қалыптастырады;
      10-рәсім – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік түрінде көрсетілетін қызметті алушыға не оның уәкілетті өкіліне қолма-қол кез келген жұмыс күні ішінде беріледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету
орталығымен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш білдіру мүмкіндігі қарастырылмаған.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламентке 123 және 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызмет субъектілерін аккредиттеу»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет   
регламентіне 1-қосымша        

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
бизнес-процесінің анықтамасы
(жеке тұлғалар үшін)

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызмет субъектілерін аккредиттеу»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет   
регламентіне 2-қосымша        

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
бизнес-процесінің анықтамасы
(заңды тұлғалар үшін)

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызмет субъектілерін аккредиттеу»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет   
регламентіне 3-қосымша        

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
бизнес-процесінің анықтамасы
(заңды және жеке тұлғалар үшін)

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызмет субъектілерін аккредиттеу»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет   
регламентіне 4-қосымша        

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
бизнес-процесінің анықтамасы
(заңды және жеке тұлғалар үшін)

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 тамыздағы  
№ 528 бұйрығына 4 қосымша 

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) 2015 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 212 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11260 тіркелген) «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі мемлекеттік сертификат болып табылады, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-әрекеттің) басталуына негіз Стандарттың 9-тармағына сәйкес қызметті алушының қажетті құжаттар тізбесін (бұдан әрі – құжаттар тізбесі) ұсынуы болып табылады.
      5. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің мазмұны:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтінішті және қажетті құжаттарды немесе электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда ұсынады;
      2) қызметті берушінің кеңсесі қызметкері 10 (он) минут ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін күні мен уақытысы көрсетілген рұқсат қағазын береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің тестілеу процесін өткізуі. Орындалу ұзақтығы тестілеу бағдарламасына қарай 2 сағат 20 (екі сағат жиырма) минутты құрайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі қызметкерінің көрсетілетін қызмет алушыға 20 (жиырма) минут ішінде сертификат беруі.
      6. Мынадай рәсімнің (іс-әрекеттің) орындалуының басталуына негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі:
      1) тіркелген өтініш;
      2) сертификат беру.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне басқа құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-қимылынсыз тек көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкері мен қызмет берушінің кеңсесінің қызметкері қатысады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету
орталығымен және (немесе) өзге де қызмет берушілермен өзара
іс-қимыл жүргізу тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйені
қолдану тәртібінің сипаттамасы

      8. Көрсетілетін қызметті алушының өтінімін растау:
      қағаз тасымалдағышта көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде мемлекеттік қызметті алу үшін күні мен уақыты көрсетілген рұқсат қағаз беру, портал арқылы қызметті алушының «жеке кабинетінде» сұрауды қабылдаған туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті алу үшін күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрінеді.
      9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызмет беруші мен қызмет алушының өтініш беру тәртібі мен рәсімнің (іс-қимылдың) тәртібінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын электрондық сандық қолдың (бұдан әрі – ЭСҚ) көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады;
      2) 1-процесс - көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭСҚ тіркеу куәлігін, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға алушының паролін енгізу процесін бекіту;
      3) 1-шарт – порталда логин (ЖСН) және пароль арқылы тіркелген алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      4) 2-процесс - порталда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама жасау;
      5) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының порталда «Білім» бөлімінде қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсету үшін сауал нысанын шығару және көрсетілетін қызмет алушының сауал нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде бекітумен оның құрылымы мен форматтық талаптарын есепке алып, нысанды толтыру (деректерді енгізу);
      6) 4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының сауалды куәландыру (қол қою) үшін ЭСҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2-шарт – порталда ЭСҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және тізімде шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сауалда көрсетілген ЖСН және ЭСҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;
      8) 5-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама жасау;
      9) 6-процесс - қызмет көрсетуге арналған сауалнаманың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) алушының ЭСҚ арқылы куәландыру (қол қою);
      10) 7-процесс - «Жеке кабинет»/«Қызмет алу тарихы» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу.
      Портал арқылы қадамдық әрекеттер мен шешімдер осы Регламентке 1-қосымшада (12-диаграммалар) келтірілген.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де қызмет берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйені қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау
(ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша 

Көрсетілетін қызметті алушының қадамдық әрекеттері (1-диаграмма)


Көрсетілген қызмет берушінің қадамдық әрекеттері мен шешімдері (2-диаграмма)

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау
(ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша  

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)»
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы