Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 қыркүйекте № 12055 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Бекітілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес;
      2) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат анықтамарын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес;
      3) «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес;
      4) «Қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 4 қосымшасына сәйкес.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (әрі қарай - Комитет):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымындарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасы С.М. Айтпаеваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                 А. Дауылбаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі
      ____________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы «__»_________

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 7 тамыз

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының   
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 95 бұйрығына 1-қосымша

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тұлғаның қылмыстық
құқық бұзушылық жасағаны туралы есебі бойынша мәліметтердің
болуы не болмауы туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есебі бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен әзірленді.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармаларымен (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетіледі.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы;
      2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі:
      1) ХҚКО құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінсе – 10 (он) минут ішінде;
      қосымша тексеру жүргізілген жағдайда – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      шетелге шыққан жағдайда – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
      ХҚКО жүгінген кездегі құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзіміне кірмейді;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есебі бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін берудің нысаны: электрондық.
      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі қызмет берушінің уәкілетті адамның электрондық сандық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭСҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
      Анықтаманы қағаз түрінде алуға жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда рәсімделеді, басылып шығарылады және қызмет берушінің уәкілетті тұлғаның мөрмен, қолтаңбасымен бекітіледі.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден сенбіні қосқан аралықта, ХҚКО орнатылған жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі астың үзілісінсіз.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек күту тәртібімен көрсетіледі, «электрондық» кезекті портал арқылы брондауға болады;
      2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) ХҚКО-на:
      осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама беру туралы өтініш;
      жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      он алты жасқа толмаған адамдар үшін баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады);
      мемлекеттік қызмет алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде, нотариуспен расталған сенімхат;
      2) порталға:
      қызмет алушының электрондық сандық қолы қойылған электрондық сұрауы.
      Жеке басты куәландыратын, тууы туралы куәлік құжаттарының мәліметтерін қызмет көрсетуші және ХҚКО қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсеткенде ақпараттық жүйедегі заңмен қорғауды құрайтын құпия мәліметтерді пайдаланғанда, қызмет алушыдан жазбаша түрде келісім алады, егер бұл Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылмаса.
      ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдағанда қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      ХҚКО дайын құжаттар жеке куәлігін ұсыну арқылы қолхаттың негізінде беріледі (болмаса оның өкіліне нотариуспен бекітілген сенімхат бойынша).
      ХҚКО нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, одан кейін қызмет берушіге әрі қарай сақтауға береді. Қызмет алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, ХҚКО сұрауы бойынша қызмет беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты қызмет алушыға беру үшін ХҚКО жолдайды.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда қызмет алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ, күні, уақыты көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу туралы хабарлама жолданады.
      10. Қызмет алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 9-тармағымен қарастырылған тізілімге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша қызметті
берушінің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе)
олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сұрақтары бойынша қызмет берушінің және (болмаса) оның лауазымды тұлғаларының, ХҚКО және (болмаса) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша шағымданады.
      Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы болмаса қызмет берушінің кеңселеріне арқылы қолма-қол қабылданады.
      Қызмет берушінің кеңселеріне шағымның қабылдануының дәлелдемесі оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      ХҚКО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚКО басшысының атына беріледі.
      Қолма-қол, пошта арқылы түскен ХҚКО шағымды қабылдаудың дәлелдемесі оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      Портал арқылы жүгінгенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жібергенде қызмет алушыға «жеке кабинетінен» өңдеу барысында жаңартылған өтініш жөніндегі ақпаратқа қол жетімділік бар, яғни қызмет беруші өтінішті өңдеу кезінде ол жаңаланып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау болмаса қараудан бас тарту туралы жауап).
      Шағымда оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетіледі.
      Қызмет берушінің немесе ХҚКО мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызмет алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі болмаса қызмет берушінің, ХҚКО кеңселері арқылы қолма-қол беріледі.
      Электрондық түрде портал арқылы жүгінген жағдайда, қызмет алушыға «жеке кабинетінен» өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа қолжетімділік бар (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау болмаса қараудан бас тарту туралы жауап).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар, оның ішінде, электрондық түрде және халыққа қызмет
көрсету орталықтары арқылы

      13. Орнатылған заңнама тәртібінде толық/жартылай қабілетін болмаса өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлау мүмкіндігін жоғалтқан қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдау Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгіну көмегімен мекенжайына бару арқылы ХҚКО қызметкерлерімен жүргізіледі.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары ғаламтор-ресурстарда орналасқан:
      1) қызмет беруші: www.prokuror.kz;
      2) ХҚО: www.con.gov.kz;
      15. Қызмет алушының ЭСҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс орталығы көмегімен қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алуға қашықтықтан қол жеткізуге мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары қызмет берушінің ғаламтор-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Қазақстан Республикасы  
Бас прокуратурасының   
Құқықтық статистика және 
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің есептері бойынша
адамның қылмыстық құқық  
бұзушылық жасағаны туралы 
мәліметтердің болуы немесе
болмауы туралы ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы           
Бас прокуратурасының             
Құқықтық статистика және арнайы  
есепке алу жөніндегі комитетінің 
__________________________________
(Комитеттің аумақтық басқармасының
атауын көрсету керек)     
басқармасының бастығы            
__________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының 
тегі, аты, әкесінің аты (болған 
жағдайда), мекенжайы)      

Нысан

Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама беру бойынша ӨТІНІШ

      Сізден Комитеттің есебі бойынша менімен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаным туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама беруіңізді сұраймын.
_____________________________________________________________________
      (анықтаманың түрін көрсету керек, қағаз жүзінде болмаса электрондық түрде)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Қолы   
Күні   

«Қазақстан Республикасы  
Бас прокуратурасының   
Құқықтық статистика және 
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің есептері бойынша
адамның қылмыстық құқық  
бұзушылық жасағаны туралы 
мәліметтердің болуы немесе
болмауы туралы ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына 2-қосымша

_________________________________________
(тегі,аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
болмаса қызмет алушы мекеменің атауы) 
_________________________________________
(қызмет алушының мекенжайы)       

Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
Қолхат

      2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №___ бөлімі (мекенжайын көрсету керек), Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________________;
      2) _______________________________________;
      3) _______________________________________....

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада құрастырылған.

      ХҚО қызметкерінің
      аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда)              (қолы)

      Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты ____________________________
      Тел. _______________________
      Қабылдады: тегі, аты, әкесінің аты/көрсетілетін қызметті алушының қолы.
      20__жылғы «__»______________

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының   
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 95 бұйрығына 2-қосымша

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету).
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармалары (бұдан әрі қызмет беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) қызмет берушінің кеңсесі арқылы;
      2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) қызмет көрсетушіге немесе ХҚКО құжаттар топтамасын өткізу уақытынан бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      ХҚКО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық органдарының мұрағаттары шеңберінде мұрағаттық ақпаратты және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) қызмет берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет көрсету алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      2) ХҚКО-да - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, орталықтың орнатылған жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден сенбі күнін қоса алғанға дейін, үзіліссіз 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      Мемлекеттік қызмет қызмет берушінің орналасқан жері бойынша көрсетіледі, қабылдау жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде іске асады.
      9. Қызмет алушының болмаса сенімхат бойынша оның өкілінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінгенде қажетті құжаттардың тізбесі (басқа елдерден келіп түскен сұраулардан басқа):
      қызмет көрсетушіге:
      1) осы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартының 1 қосымшасына сәйкес нысаны бойынша мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық сақтық көшірме немесе үзінді көшірмесін беру туралы өтініш;
      2) жеке куәлік (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      3) туыстарына ақпарат алу кезінде туыстық деңгейін растайтын тиісті құжаттар (туу туралы куәлік, заңды деректі анықтау туралы заңды күшіне енген тиісті сот шешімі);
      4) мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға ұсынған кезде - нотариуспен расталған сенімхат;
      ХҚКО-на:
      1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық сақтық көшірме немесе үзінді көшірмесін беру туралы өтініш;
      2) жеке куәлік құжаты (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      3) туыстарына ақпарат алу кезінде туыстық деңгейін растайтын тиісті құжаттар (туу туралы куәлік, заңды деректі анықтау туралы заңды күшіне енген тиісті сот шешімі);
      4) мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға ұсынған кезде - нотариуспен расталған сенімхат.
      Жеке басты куәландыратын, тууы туралы куәлік құжаттарының мәліметтерін қызмет көрсетуші және ХҚКО қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсеткенде ақпараттық жүйедегі заңмен қорғауды құрайтын құпия мәліметтерді пайдаланғанда, қызмет алушыдан жазбаша түрде келісім алады, егер бұл Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылмаса.
      ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдағанда қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      ХҚКО дайын құжаттар жеке куәлігін ұсыну арқылы қолхаттың негізінде беріледі (болмаса оның өкіліне нотариуспен бекітілген сенімхат бойынша).
      ХҚКО нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, одан кейін қызмет берушіге әрі қарай сақтауға береді. Қызмет алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, ХҚКО сұрауы бойынша қызмет беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты қызмет алушыға беру үшін ХҚКО жолдайды.
      10. Қызмет алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 9-тармағымен қарастырылған тізілімге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет берушінің
ХҚКО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет берушінің ХҚКО-ның және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану, шағым қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жолданады.
      Шағымдар еркін нысанда беріледі және жазбаша түрде пошта арқылы не қызмет берушінің кеңсесі арқылы қабылданады.
      Қызмет берушінің кеңселеріне шағымның қабылдануының дәлелдемесі оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      ХҚКО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚКО басшысының атына беріледі.
      Қолма-қол, пошта арқылы түскен ХҚКО шағымды қабылдаудың дәлелдемесі оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаларға - оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаларға - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетiледi.
      Қызмет берушінің немесе ХҚКО мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызмет алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі болмаса қызмет берушінің, ХҚКО кеңселері арқылы қолма-қол беріледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Қызмет алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚКО жеке келу мүмкіндігі жоқ қызмет алушылар тұрғылықты жері бойынша ХҚКО қызметкерлерінің құжат қабылдауға шығу сұрағы бойынша Бірыңғай байланыс орталығына 1414 жүгінуіне болады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
      1) қызмет берушінікі: www.prokuror.kz; «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі.
      2) ХҚО: www.con.gov.kz;
      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс орталығы көмегімен қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алуға қашықтықтан қол жеткізуге мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары қызмет берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Қазақстан Республикасы   
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитетінің және
оның аумақтық басқармаларының
мұрағаты шегінде мұрағаттық 
анықтамаларды және/немесе  
мұрағаттық құжаттардың    
көшірмелерін беру» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына 
1-қосымша         

Нысан

Қазақстан Республикасы        
Бас прокуратурасы Құқықтық    
статистика және арнайы        
есепке алу жөніндегі комитеті 
Төрағасының орынбасарына      
________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,     
әкесінің аты (болған жағдайда))  
_____________________________
(ЖСН мен пошталық мекенжайы)     

мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірме немесе үзінді көшірмесін беру туралы
ӨТІНІШ

      Сізден маған, мұрағаттық анықтама талап етілетін туысқандарыма қатысты мұрағаттық анықтама, мұрағаттық көшірме немесе мұрағаттық үзінді көшірмесін беруіңізді сұраймын: (қажетінің астын сызыңыз)
1.____________________,___________________________________,__________
   (туыстық дәрежесі)    (тегі, аты, әкесінің аты)          (ұлты)
19___ жылы ____________________________________________________ туған
(қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
(туған жері, қоныс аударғанға дейінгі тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
(қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы керсетіңіз)
және 19__ жылы ______________________________________________________
арнайы қонысына келді (ауылды, колхозды, совхозды, ауданды көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
(арнайы қоныста болған қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы және
_____________________________________________________ қоныс аударылды
             басқа да мәліметтерді көрсетіңіз)
2.__________________,______________________________________,_________
   (туыстық дәрежесі)  (тегі, аты, әкесінің аты)             (ұлты)
19_____жылы____________________________________________________ туған
(қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
            (туған жері, қоныс аударғанға дейінгі тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
(қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы көрсетіңіз)
және 19__ жылы ______________________________________________________
____________________________________ арнайы қонысына келді
_____________________________________________________________________
  (арнайы қоныста болған қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы және
____________________________________________________ қоныс аударылды
        басқа да мәліметтерді көрсетіңіз)
3.__________________,______________________________________,_________
    (туыстық дәрежесі)    (тегі, аты, әкесінің аты)          (ұлты)
19_____жылы_____________________________________________________туған
             (қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
            (туған жері, қоныс аударғанға дейінгі тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
(қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы көрсетіңіз)
және 19__ жылы ______________________________________________________
____________________________________ арнайы қонысына келді
_____________________________________________________________________
  (арнайы қоныста болған қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы және
____________________________________________________ қоныс аударылды
        басқа да мәліметтерді көрсетіңіз)

      Қосымша:_______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
               (құжаттардың саны мен тізбесін көрсетіңіз)

Өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты:
_____________________________________________________________________
        (қысқартпай көрсетіңіз, анықтама телефоны)

Қолы _________________
20__ жылғы «__» _______

Ескертпе:
тектері, аттары және әкесінің аттары, туған күндері мен жерлері баспа әріптерімен толтырылады, өтінішті толтыру кезінде бұрынғы және өзгертілген өмірбаян деректері міндетті түрде көрсетілуі тиіс

«Қазақстан Республикасы   
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитетінің және
оның аумақтық басқармаларының
мұрағаты шегінде мұрағаттық 
анықтамаларды және/немесе  
мұрағаттық құжаттардың    
көшірмелерін беру» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына 
2-қосымша         

_______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған     
жағдайда) қызмет алушы мекеменің атауы)
____________________________________
(қызмет алушының мекенжайы)       

Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №___ бөлімі (мекенжайын көрсету керек), Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік қызметті көрсету үшін (мемлекеттік қызметтің атауы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________________;
      2) _______________________________________;
      3) _______________________________________...

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

      ХҚО қызметкерінің
      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы

      Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
                __________________________________________
      Тел. _______________________
      Қабылдады: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / көрсетілетін қызметті алушының қолы
      20__жылғы «__»______________

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының   
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 95 бұйрығына 3-қосымша

«Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:
      көрсетілетін қызметті берушіге – 1 жұмыс күні;
      Астана қаласында орналасқан ХҚО – 3 (үш) жұмыс күні;
      өзге ХҚО – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      2) құжаттар топтамасын тапсыратын және құжаттарды алған кезде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Құжаттарды тапсырған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мен ХҚО-ы арасында өзара әрекеттесу курьер немесе пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тұлғаның қолының шынайылығын куәландыратын және оның өкілеттілігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның шынайылығын растайтын арнайы мөртаңба апостиль қойылған құжат.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабы 8) тармақшасына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 50 % мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен сағат 09.00-ден 17.30-ге дейін жүзеге асырылады.
      2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз.
      Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «брондауға» болады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес прокуратура, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабының күшін жоятын Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің аумағында заңдастырылуы талап етілетін прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының ресми құжаты;
      мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек;
      2) ХҚО-ға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес прокуратура, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабының күшін жоятын Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің аумағында заңдастырылуы талап етілетін прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының ресми құжаты;
      мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлғаның білдіруіне арналған нотариус растаған сенімхат және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариус растаған көшірмесі де ұсынылады.
      ХҚО қызметкерлері жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      ХҚО қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалған құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Құжаттар ХҚО арқылы қабылданған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      ХҚО-да дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, жеке басты куәландыратын құжатты (немесе оның өкілінің нотариус растаған сенімхаты бойынша) ұсынған кезде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу үшін келмеген жағдайында ХҚО нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, кейіннен оны көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Шағым көрсетілетін қызмет беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекен-жайлар бойынша жолданады.
      ХҚО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына жолданады. ХҚО басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген.
      Шағымдар жазбаша түрде пошта байланысы арқылы не кеңсе арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымға тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), поштасының мекен-жайын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылады.
      Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін басшыға жолданады.
      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адам шағымының қабылдағанын растау ретінде талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, шағымды қарау барысы туралы ақпаратты алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің не ХҚО кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде халыққа
қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Заңнамамен белгіленген тәртіпте қабілеттігінен немесе өзіне қызмет көрсету, өз еркімен қозғалу, бағыт алу мүмкіндігінен толық не ішінара айрылған көрсетілетін қызметті алушыларға Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қабылдау ХҚО қызметкерімен тұрақты мекенжайға бару арқылы жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
      1) көрсетілетін қызметті беруші: www.prokuror.gov.kz;
      2) ХҚО: www.con.gov.kz.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген: www.prokuror.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Прокуратура органдарынан, тергеу
және анықтау органдарынан шығатын
ресми құжаттарға апостиль қою» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
стандартына 1-қосымша     

Нысан 

Қазақстан Республикасы           
Бас прокуратурасының Халықаралық 
ынтымақтастық департаментінің    
бастығына                        
_________________________________________
мекенжайы бойынша тұратын        
__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
________________________________ берілген,
№ _______________________________________,
Жеке сәйкестендіру нөмірі _______________,
Байланыс телефоны _______________________

Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы
Өтініш

Сізді кейіннен ______________________________________________________
                                (ұсынылатын мемлекет)
ұсынылатын
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                              (құжат атауы)
апостиль қойып шығуыңызды сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

20__ жылғы «___» _________                      Қолы ______________

«Прокуратура органдарынан, тергеу
және анықтау органдарынан шығатын
ресми құжаттарға апостиль қою» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
стандартына 2-қосымша     

Нысан

____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) 
не көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)  

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2) тармағын басшылыққа ала отырып, «____________________ бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №___ бөлімі (мекенжайын көрсету керек), Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету үшін берілген құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________________;
      2) _______________________________________;
      3) _______________________________________.
      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

      ХҚО қызметкерінің
      аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда ) / (қолы)
      Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
      ________________________________________________________
      Телефон _______________________

      Қабылдады: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда ) / көрсетілетін қызметті алушының қолы/ 20__ жылғы «___»______________

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының   
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 95 бұйрығына 4-қосымша

«Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды және басқада ақпараттарды қабылдау, тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы талаптар

      1. Мемлекеттік қызмет «Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды және басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу туралы» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
      2. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен дайындалған.
      3. Мемлекеттік қызмет осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1-қосымшасына сәйкес тізімдегі қылмыстық қудалау органдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – қызмет көрсетуші).
      Мемлекеттік қызмет көрсету барысында арыздар мен хабарларды және басқа да ақпаратты (бұдан әрі - арыздар) қабылдау және нәтижесін беру қызмет көрсетушінің кезекші бөлімімен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің мерзімі:
      1) көрсетілген қызметті көрсетушіге құқық бұзушылық туралы арызды тапсырған уақыттан бастап - 30 (отыз) минут ішінде;
      2) өтінішті тапсыру барысында кезекте тұру уақыты барынша - 15 (он бес) минутты құрайды;
      3) барынша қызмет көрсету уақыты - 45 (қырық бес) минутты құрайды.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: қағаз жүзінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды және басқада ақпараттарды қабылдау, тіркеу және Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодекстің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 185–бабына сәйкес осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша хабарлама – талонын беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну: қағаз жүзінде.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетілу (бұдан әрі – қызмет алушы).
      8. Кезекші бөлімде қызмет көрсетушінің кезекшілігі – тәулік бойы.
      Мемлекеттік қызмет көрсету қызметі алдын-ала жазылусыз, кезектік тәртіппен жүзеге асырылады.
      9. Қызмет алушының қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызметіне жүгінудегі қажетті құжаттардың тізімі:
      1) осы мемлекеттік қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес жасалған немесе жоспарланған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз.
      2) арызданушының жеке басын куәландыратын құжат немесе оның заңды құқықты өкілін өкілеттігін растайтын (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
      Қызмет қабылдаушы басқа да құжаттарды және материалдарды тапсыруға құқылы.
      Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың және заңды тұлғалардың арыздары, құжаттарды және материалдарды нақтылайтын қосымшамен тапсырылады.
      ҚР ҚПК-нің 181-бабының талаптарына сәйкес ауызша арыз оны қабылдау туралы жеке хаттамаға еңгізіледі.
      Қызмет қабылдаушы мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларын қоспағанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабының талаптары бойынша көрінеу жалған сөз жеткізу үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығы туралы ескертіледі.
      10. ҚР ҚПК-нің 185-бабының талаптарына сәйкес арызды қабылдау мен тіркеуден бас тартуға жол берілмейді және ол заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша қызмет
көрсетушінің және олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық сұрақтары бойынша қызмет көрсетушінің, қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13 қосымшасындағы мекен – жай бойынша жүзеге асырылады.
      Шағымдар пошта байланысы, жазбаша түрде немесе қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы қолма – қол қабылданады.
      Шағымды қабылдануынын нақтылануы қызмет көрсетушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмері, және түскен күні шағымның екінші данасына немесе жолдама хатқа қойылады).
      Шағымда:
      1) жеке тұлға – оның тегі, аты – жөні, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекен – жайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлға – оның атауы, пошталық мекен – жайы, шығыс номері және күні көрсетіледі.
      Бар болған жағдайда – телефон және электрондық мекен – жайы.
      Арыздың қаралу нәтижесі бойынша негізделген жауап шағымданушыға пошта арқылы немесе қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы қолма – қол беріледі.
      12. Мемлекеттік қызметтің көрсетілген қызметімен келіспеген жағдайда шағым иесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіп бойынша прокуратураға немесе сотқа шағымдануға құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің кезекші бөлімдерінде мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдай көзделген.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған: www.prokuror.kz., mvd.gov.kz., www.anticorruption.gov.kz, www.knb.kz., www.kgd.gov.kz., mod@mod.gov.kz., info@sgork.gov.kz.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Қылмыстық құқық бұзушылық туралы
арыздар мен хабарларды және басқада
ақпараттарды қабылдау, тіркеу  
туралы» мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 1-қосымша       

Қылмыстық қудалау органдарының тізімі

      1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен оның аумақтық құрылымдары;
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен оның аумақтық құрылымдары;
      3. Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігі мен оның аумақтық құрылымдары;
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы мен Шекара қызметі, және олардың аумақтық құрылымдары;
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті мен оның аумақтық құрылымдары;
      6. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен оның аумақтық құрылымдары;
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.

«Қылмыстық құқық бұзушылық туралы
арыздар мен хабарларды және басқада
ақпараттарды қабылдау, тіркеу  
туралы» мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 2-қосымша       

ТАЛОН-ХАБАРЛАМА
(түбіртек)
ТАЛОН-УВЕДОМЛЕНИЕ
(корешок) /___/___/___/___/___/___/___/___/
(карточканың саны\номер

карточки)
Өтініш \заявление, хабарлама
\сообщение
__________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні
\фамилия, инициалы заявителя)
__________________________________
(мекеме атауы \ наименование
организации)
қабылданды\принято.
Өтініш, хабарламаның қысқаша
мазмұны\краткое содержание
заявлений, сообщений
__________________________________
__________________________________
__________________________________
__________________________________
Ақпаратты есепке алу
кітабындағы тіркеу жазбасының
нөмірі мен күні\номер и дата
регистрационной записи в Книге
учета информации/Едином реестре досудебных расследований ____«____»_________20_____ж.\г.
Өтінішті, хабарламаны қабылдаған
қызметкердің лауазымы,
аты-жөні, қолы\должность, Ф.И.О.,
подпись сотрудника, принявшего
заявление, сообщение
__________________________________
__________________________________
__________________________________
______________
(қолы\подпись)
Талон-хабарламаны қабылдаушының
қолы\подпись получившего
талон-уведомление
_________«___» cағ \час «___» мин.
«____»_________________20___ж.\г.
Интернет желісінің мекен жайы:
http:\\service.pravstat.kz
Адрес Интернет ресурса:
http:\\service.pravstat.kz
SMS бойынша хабарласу 1012 телефон
нөмірі арқылы
1012 номер телефона SMS сообщения
Телефон бойынша 8 800-080-7777
нөмірі арқылы
Со стационарного телефона по
номеру 8 800-080-7777
Ұялы телефон бойынша 1414 нөмірі
арқылы
С мобильного телефона по номеру
1414
Өтінішті қабылдаған қылмыстық ізге
түсу органының
телефон нөмірі ___________________
Номер телефона органа уголовного
преследования,
принявшего заявления: ____________

ТАЛОН-ХАБАРЛАМА
(жыртылмалы талон)
ТАЛОН-УВЕДОМЛЕНИЕ
(отрывной талон) /__/___/___/___/___/___/___/___/
(карточканың саны\номер
карточки)
Өтініш \ заявление, хабарлама
\сообщение
________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні \
фамилия, инициалы заявителя)
________________________________
(мекеме атауы \ наименование
организации)
қабылданды \принято.
Қабылдаған\принял_______________
(лауазымы, аты-жөні\ должность,
фамилия и инициалы)
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
(орган атауы, мекенжайы және
қызметтік телефоны \
наименование органа, адрес и
служебный телефон)
________________________________
ақпараттарды есепке алу
кітабындағы/ Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімдегі тіркеу жазбасының
нөмірі мен күні \номер и дата
регистрационной записи в Книге
учета информации/Едином реестре досудебных расследований
№___«___»____________20____ж.(г)
Ескерту \примечание:
Өтініш, хабарлама бойынша шешім
қылмыстық-іс жүргізу заңында
белгіленген мерзімде
қабылданатын болады \ решение по
заявлению, сообщению будет
принято в сроки, установленные
уголовно-процессуальным законом
«___»______________20____ж.\ г.
________________________
(қолы \ подпись)
Интернет желісінің мекен жайы:
http:\\service.pravstat.kz
Адрес Интернет ресурса:
http:\\service.pravstat.kz
SMS бойынша хабарласу 1012
телефон нөмірі арқылы
1012 номер телефона SMS
сообщения
Телефон бойынша 8 800-080-7777
нөмірі арқылы
Со стационарного телефона по
номеру 8 800-080-7777
Ұялы телефон бойынша 1414 нөмірі
арқылы
С мобильного телефона по номеру
1414
Өтінішті қабылдаған қылмыстық ізге түсу органының
телефон нөмірі _________________
Номер телефона органа уголовного
преследования,
принявшего заявления: _________

«Қылмыстық құқық бұзушылық туралы
арыздар мен хабарларды және басқада
ақпараттарды қабылдау, тіркеу  
туралы» мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 3-қосымша       

Нысан

Барлық жолдар толтырылуы қажет*

Бастыққа (органның атауы, тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) *

________________________________________
________________________________________

Т.А.Ә. тұлғасынан; туған күні, айы, жылы, туған жері. *

________________________________________
________________________________________

білімі, отбасы жағдайы, жұмыс орны, лауазымы *

________________________________________
________________________________________

тіркелу мекенжайы, іс жүзінде тұратын мекенжайы (заңды мекенжайы) *

________________________________________
________________________________________

байланыс телефондары (үй, жұмыс, ұялы) *

________________________________________
________________________________________

электрондық мекенжай

________________________________________

жеке куәлігі, төлқұжаты (нөмірі, сериясы, берілген күні) *

________________________________________
________________________________________
________________________________________

Бұрын осы қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызбен басқа құқық қорғау органына жүгінді ме (арыз беру күні, органның атауы)? *

________________________________________
________________________________________
________________________________________
________________________________________
________________________________________
________________________________________

Жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық
құқық бұзушылық туралы
АРЫЗ1

      1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізу үшін ең ауыр жаза 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді

_______(қолы)____________________(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

      Мен, ____________________________, келесі тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраймын, ол ________________________________
_____________________________________________________________________
                (азамат, лауазымды немесе өзге тұлға)

*1. Атауы келіп түскен себепке байланысты өзгереді (кінәсін мойындап келу, лауазымды тұлғаның хабарламасы және т.б.)
_____________________________________________________________________
         Қылмыстық құқық бұзушылық жасалуының уақыты, орны және тәсілі (жағдайларды
_____________________________________________________________________
 егжей-тегжейлі баяндаумен қылмыстық құқық бұзушылық орын алған дәл тәулік уақыты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

2. Қылмыскер (лер) туралы ақпарат (қылмыстық құқық бұзушылықты таныс адамдар жасаған жағдайда олардың
_____________________________________________________________________
     тұрғылықты мекенжайы, Т.А.Ә., қылмыскермен қатынастары, қылмыстық әрекеттердің
_____________________________________________________________________
   себептері, ортақ таныстар, қылмыстық құқық бұзушылықты бейтаныс адам(дар) жасаған
______________________________________________________________________________________
         жағдайда олардың жынысын, жасын, бойын, шашын, айрықша белгілерін
_____________________________________________________________________
(тыртық, мең, акцент және т.с.с.), нәсілін, ұлтын, дене бітімін және т.с.с.көрсету)
_____________________________________________________________________

3. Қылмыстық құқық бұзушылық тигізген залалдың сипаты (мүлікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша:
_____________________________________________________________________
егер белгілі болса, залалдың теңгедегі сомасы, қолсұғушылық заты болған мүлік, олардың
_____________________________________________________________________
     егжей-тегжейлі сипаттамасы; жеке адамға және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық
                               құқық бұзушылықтар бойынша:
_____________________________________________________________________
  тигізілген дене зақымының сипаты, олардың шоғырланған орны, зақымдар тигізілген зат,
_____________________________________________________________________
            қылмыстық қолсұғушылықты жасаған тұлғалардың әрқайсысының рөлі,
_____________________________________________________________________
         медициналық мекемеге жүгінді ме, тексеруді қашан, қайда, кім жасады)
_____________________________________________________________________

4. Заттай дәлелдемелер (қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар киім, заттар және басқа да
_____________________________________________________________________
             соның ішінде, қылмыскер қалдырып кетуі мүмкін нәрселер)
_____________________________________________________________________

5. Қосымша мәліметтер (қылмыстың куәгерлері мен өз көзімен көргендер, олардың тұрғылықты жері,
_____________________________________________________________________
         оқиғаның мүмкін аудио-бейне жазбасы және басқа да тіркелген мәліметтер)

Арыз менің сөзімнен дұрыс жазылды (басылды) және мен оқып шықтым (арызды өз қолыммен жаздым (бастым))
      (керегін сызу)___________ (қолы)

Жоғарыда баяндалғандардан басқа, осы қылмыстық құқық бұзушылыққа мәні бар басқа да мәліметтер арыз берушіге беймәлім.
      ______________
           (қолы)

«__»_________20__ ж.
«__» сағ. «___» мин.

Қосымша: __________________________________________________________
                 (қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз (жасалған хабарлама)
                  расталатын құжаттар мен өзге материалдардың тізімдемесі)

Арызды қабылдады:_________________________________________________
                    (қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды
                      қабылдау және тіркеуге уәкілетті лауазымды тұлға, лауазымы,
                            қолы, тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

№ _______________________ талон-хабарлама берілді

«__»_________20__ жылы
«__» сағат «___» минут