Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-6/701 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 қыркүйекте № 11991 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдері айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы                          С. Омаров

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы
      _________А. Рау
      2015 жылғы 30 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрінің
      міндетін атқарушы
      _________ Р. Бекетаев
      2015 жылғы 29 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»                    «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы          Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі       Ұлттық экономика министрінің
      _________ Е. Досаев             міндетін атқарушы
      2015 жылғы «  »                 ____________ Т. Жақсылықов
                                      2015 жылғы 31 шілде

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы      
2015 жылғы 28 шілдедегі   
№ 4-6/701 бұйрығына қосымша 

Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдері

Атауы

жылдар бойынша

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Биоотын, миллион литр

3070

3062

3034

3009

2858

2736