Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 631 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 тамызда № 11975 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мынадай:

      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Айлық жалақының ең төмен мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Еңбекке ақы төлеудің ең төмен стандарты" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      5) Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      6) Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Ең төмен зейнетақы мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      7) Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      8) Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      9) Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің міндетін атқарушы
Б. Нұрымбетов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 1-қосымша

"Айлық жалақының ең төмен мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

      2) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

      3) Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы;

      4) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      "Айлық жалақының ең төмен мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарты біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек қызметкері қалыпты жағдайларда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған кезде оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төмен мөлшерін айқындайды.

      4. "Айлық жалақының ең төмен мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандартына қосымшада көрсетілген.

  "Айлық жалақының ең төмен
мөлшері" ең төмен әлеуметтік
стандартына қосымша

"Айлық жалақының ең төмен мөлшері" ең төмен әлеуметтік
стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаттары

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Айлық жалақының ең төмен мөлшері

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 122-бабы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

Жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болатын және жұмысты тікелей жеке еңбек шарты бойынша орындайтын жеке тұлғалар

1. Қызметкердің айлық жалақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді.
2. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен жыл сайын белгіленетін айлық жалақының ең төменгі мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен кем болмауға тиіс және ол қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, өтемақы төлемдері мен әлеуметтік төлемдерді, сыйлықақылар мен басқа да ынталандыратын төлемдерді қамтымайды және жұмыс істелген уақытқа барабар төленеді.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 2-қосымша

"Еңбекке ақы төлеудің ең төмен стандарты" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі:

      1) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

      2) Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы;

      3) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      "Еңбекке ақы төлеудің ең төмен стандарты" ең төмен әлеуметтік стандарты ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкердің айлық жалақысының ең төмен мөлшерін айқындайды.

      4. "Еңбекке ақы төлеудің ең төмен стандарты" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандартына қосымшада көрсетілген.

  "Еңбекке ақы төлеудің ең
төмен стандарты" ең төмен
әлеуметтік стандартына
қосымша

"Еңбекке ақы төлеудің ең төмен стандарты" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаттары

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Еңбекке ақы төлеудің ең төмен стандарты

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 122-бабы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

Жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болатын және жұмысты тікелей жеке еңбек шарты бойынша орындайтын жеке тұлғалар

Еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарты - ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкердің айлық жалақысының сақталуына кепілдік берілген ең төменгі мөлшері, бұған жұмыс процесінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын қызметкердің өмірлік күші мен қуатын қалпына келтіруге қажетті азық-түлік өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ең төменгі жиынтығы кіреді.
Республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық жалақының ең төмен мөлшерін және салалық келісімде айқындалатын салалық арттырушы коэффициенттерді есептеуден айқындалады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 3-қосымша

"Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

      2) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

      3) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      "Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы" ең төмен әлеуметтік стандарты күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты айқындайды.

      4. "Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандартына қосымшада көрсетілген.

  "Күнделікті жұмыстың (жұмыс
ауысымының) ұзақтығы" ең төмен әлеуметтік стандартына
қосымша

"Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы" ең төмен
әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаты

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 82-бабының 1-тармағы және 2-тармақтары

Жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болатын және жұмысты тікелей жеке еңбек шарты бойынша орындайтын жеке тұлғалар

1. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде:
1) апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағат;
2) апталық норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минут;
3) апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағат.
2. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде:
1) апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағат;
2) апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағат;
3) апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағат.

2.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 84-бабы

Жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болатын және ауысымдық кесте бойынша жұмысты тікелей жеке еңбек шарты бойынша орындайтын жеке тұлғалар

Қызметкерлердің өкілімен келісім бойынша жұмыс беруші бекіткен ауысым кестелеріне сәйкес

3.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 181-бабы

оқу жылы ішінде оқуды жұмыспен қатар алып жүретін, білім беру мекемелерінде оқитын қызметкерлер

1) он төрт жастан он алты жасқа дейін - күніне 2,5 сағат;
2) он алты жастан он сегіз жасқа дейін - күніне 3,5 сағат

4.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 224-бабы

Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлер

Күніне 7 сағаттан аспайды

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 4-қосымша

"Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

      2) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі);

      3) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      "Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы" ең төмен әлеуметтік стандарты жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысының ұзақтығын айқындайды.

      4. "Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандартына қосымшада көрсетілген.

  "Жыл сайынғы негізгі ақылы
еңбек демалысы" ең төмен
әлеуметтік стандартына
қосымша

"Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы" ең төмен
әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаттары

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабы, басқа да нормативтік құқықтық актілер

Жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болатын және жұмысты тікелей жеке еңбек шарты бойынша орындайтын жеке тұлғалар

Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 5-қосымша

"Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен элеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі:

      1) Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы;

      2) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      "Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы" ең төмен әлеуметтік стандарты жыл сайын инфляцияның болжамдық деңгейі ескеріле отырып айқындалатын және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің нормативін қамтиды және мыналарды:

      1) айлық жалақының ең төмен мөлшерін;

      2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін;

      3) мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды белгілеу үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.03.2017 № 55 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандартына қосымшада көрсетілген.

  "Ең төмен күнкөріс деңгейінің
шамасы" ең төмен әлеуметтік
стандартына қосымша

"Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы" ең төмен әлеуметтік стандартының нормалары және нормативтері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.03.2017 № 55 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаттары

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы (бұдан әрі - ЕТДШ)

"Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

Жеке тұлғалар

ЕТДШ жыл сайын инфляцияның болжамдық деңгейі ескеріле отырып айқындалатын және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің нормативін қамтиды және мыналарды:
1) айлық жалақының ең төмен мөлшерін;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін;
3) мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды белгілеу үшін негіз болып табылады.
ЕТДШ мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органымен азық-түлік себетінің құны (бұдан әрі - АСҚ) мен азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстарын (бұдан әрі – АЕТҚ) қосып мынадай формула бойынша есептейді:
ЕТКД = АСҚ + АЕТҚ.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 6-қосымша

"Ең төмен зейнетақының мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

      2) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң);

      3) Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы;

      4) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      "Ең төмен зейнетақының мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарты республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерін айқындайды.

      4. "Ең төмен зейнетақының мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандартына қосымшада көрсетілген.

  "Ең төмен зейнетақының
мөлшері" ең төмен әлеуметтік
стандартына қосымша

"Ең төмен зейнетақының мөлшері" ең төмен әлеуметтік
стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаттары

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Ең төмен зейнетақының мөлшері

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңы

Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар

Ең төмен зейнетақының мөлшері жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленеді

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 7-қосымша

"Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік
берілген көлемі" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі:

      1) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң);

      2) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі" ең төмен әлеуметтік стандарты өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемін айқындайды.

      4. "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандартына қосымшада көрсетілген.

  "Арнаулы әлеуметтік
көрсетілетін қызметтердің
кепілдік берілген көлемі" ең
төмен әлеуметтік стандартына
қосымша

"Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі"
ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаттары

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі

Заңның 5-бабы

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы)

1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі қызмет алушылардың мынадай:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға;
2) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға;
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектер;
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдар;
6) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар қатарынан дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты ағзасының функциялары тұрақты бұзылған адамдарға (отбасыларға) және (немесе) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, сондай-ақ жасының ұлғаюына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (отбасыларға) ұсынылады.
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысын айқындалған және
1) әлеуметтік-тұрмыстық;
2) әлеуметтік-медициналық;
3) әлеуметтік-психологиялық;
4) әлеуметтік-педагогикалық;
5) әлеуметтік-еңбек;
6) әлеуметтік-мәдени;
7) әлеуметтік-экономикалық;
8) әлеуметтік-құқықтық қызметтерді қамтиды.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 8-қосымша

"Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

      2) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс);

      3) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi" ең төмен әлеуметтік стандарты барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдеу медициналық қызметтерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын қызметтердің көлемін айқындайды.

      4. "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандартына қосымшада көрсетілген.

  "Тегiн медициналық көмектiң
кепiлдiк берілген көлемi" ең
төмен әлеуметтік стандартына
қосымша

"Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi" ең
төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Нормалар/норматив-тер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаттары

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi (бұдан әрі – ТМККБ)

Кодекстің 34-бабы

Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар

1. ТМККБ Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдеу медициналық қызметтерін қамтиды және "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы № 2136 қаулысымен айқындалады.
2. ТМККБ:
1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
2) мыналарды:
алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;
алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
3) уәкілетті орган айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланған саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасымен, ал шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың болу-болмауына қарамастан көрсетілетін стационарлық медициналық көмек;
4) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 96  бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10576 болып тіркелген) белгілеген халық санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі кіреді.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына 9-қосымша

"Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын
қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

      2) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс);

      3) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      "Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін айқындайды.

      4. "Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандартына қосымшада көрсетілген.

  "Денсаулық сақтаудың
көрсетілетін қызметтерінің
халыққа қолжетімді болуын
қамтамасыз ету" ең төмен
әлеуметтік стандартына қосымша

"Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын
қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаттары

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету

Кодекстің 31-бабы

Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар

Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етілуі денсаулық сақтау ұйымдары желісінің нормативі бекітілген (Аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгей) "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 284 бұйрыққа сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11231 болып тіркелген) айқындалады.