"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 тамызда № 11946 болып тіркелді

Жаңартылған

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _____________ Е. Досаев
      2015 жылғы 24 шілде

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі 
№ 4-1/379 бұйрығымен   
бекітілген        

«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.12.2015 № 4-6/1067 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
      3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 6 (алты) жұмыс күні.
      ХҚКО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
      2) көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты:
      көрсетілетін қызметті берушіге – 30 (отыз) минуттан артық емес;
      ХҚКО-ға – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты:
      көрсетілетін қызметті берушінің – 15 (он бес) минуттан артық емес;
      ХҚКО-да – 20 (жиырма) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мыналардың:
      1) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында тыңайтқыштарды жеткізушіден және (немесе) тiкелей шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушiден сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің;
      2) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандату үшін тыңайтқыш өндірушілердің банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеуге арналған төлем құжаттарын ұсыну.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      ХҚКО арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қағаз жеткізгіште көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған, субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарлама жолданады.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған, электрондық құжат нысанында субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарлама жолданады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) ХҚКО-ның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі – сенбі (қоса алғанда) аралығында түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      Мемлекеттік қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша «электрондық» кезек күту тәртібімен көрсетіледі, «электрондық» кезек күтуді портал арқылы брондауға болады;
      3) порталдың – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген жағдайда өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не: заңды тұлғаның – өкілеттігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлғаның – нотариалды расталған сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге және ХҚКО-ға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiмді, порталға – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiмді ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген қолхат береді.
      10. Құжаттар ХҚКО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде дайын құжаттарды беру жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші мен ХҚКО-ның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
      ХҚКО нәтижелерді бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан соң оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда, ХҚКО-ның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚКО-ға жолдайды.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметке арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, ХҚКО-ның және (немесе) оның
жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағым жұмыс күндері жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      ХҚКО жұмыскері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына беріледі.
      Қолма-қол да, почта арқылы да түскен шағымды шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе ХҚКО-да тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚКО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе ХҚКО-да қолма-қол беріледі.
      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚКО-ның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      13. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге талаптар

      14. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді жүзеге асыру, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін немесе мүмкіндігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚКО-ның жұмыскері 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне бара отырып жүргізеді.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің және ХҚКО-ның ғимараты физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қол жеткізуіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
      2) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде;
      3) ХҚКО-ның www.con.gov.kz. интернет-ресурсында;
      4) порталда орналастырылған.
      17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      18. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Тыңайтқыштар (органикалықтарды
қоспағанда) құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына     
1-қосымша           

Нысан             

Хабарлама

Құрметті ____________________________________________________________
                      (көрсетілетін қызметті алушы)
Сізді _______________________________________________________________
                         (субсидияланатын бағыт)
бағыты бойынша субсидия тағайындау жөнінде шешім қабылданғаны туралы
хабардар етеміз.
Сұрақтар туындаған жағдайда _________________________________________
_____________________________________________________________________
                    (көрсетілетін қызметті беруші)
жүгінуді өтінеміз.

Орындаушы: ____________________________________________ _____________
              (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын          (қолы)
                куәландыратын құжатта бар болса))

Байланыс телефондары: _______________________________________________

«Тыңайтқыштар (органикалықтарды
қоспағанда) құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына     
2-қосымша           

Нысан             

Хабарлама

Құрметті ____________________________________________________________
                        (көрсетілетін қызметті алушы)
Сізді _______________________________________________________________
                          (субсидияланатын бағыт)
бағыты бойынша субсидия тағайындамау жөнінде шешім қабылданғаны
туралы хабардар етеміз.
Бас тарту себебі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сұрақтар туындаған жағдайда _________________________________________
_____________________________________________________________________
                   (көрсетілетін қызметті беруші)
жүгінуді өтінеміз.

Орындаушы: ____________________________________________ _____________
              (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын          (қолы)
                 куәландыратын құжатта бар болса))

Байланыс телефондары: _______________________________________________

«Тыңайтқыштар (органикалықтарды
қоспағанда) құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына     
3-қосымша           

Нысан             

_____________________________________________________________________
   (ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар
     қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының толық атауы)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

Өтінім

_____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде ____________________________,
                                              (тыңайтқыш түрi)
_____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде ____________________________,
                                              (тыңайтқыш түрi)
_____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде _____________________________
                                              (тыңайтқыш түрi)
маған өткізілген тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) үшiн
тыңайтқыш өндiрушiлерге/жеткізушіден және (немесе) шетелдік
тыңайтқыштарды өндірушіден сатып алынған тыңайтқыштар
(органикалықтарды қоспағанда) үшiн маған субсидия төлеуді сұраймын
(қажеттінің астын сызу).

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – заңды
тұлғаны мемлекеттiк тiркеу
(қайта тiркеу) туралы
куәлiк** немесе анықтама

тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


2.

Жеке тұлға үшiн – жеке
басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні


Жеке тұлға үшiн – дара
кәсiпкердi мемлекеттiк
тiркеу туралы куәлiк

орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


3.

Жер учаскесiне
сәйкестендiру және (немесе)
құқық белгiлейтiн құжат

актінің нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаңы, гектар


оның ішінде егістік жер


нысаналы мақсаты


сәйкестендiру құжатының нөмірі мен берілген күні, кім берді


жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы


4.

Ағымдағы шоттың бар-жоғы
туралы екінші деңгейдегі
банктiң не Ұлттық почта
операторының анықтамасы

ЖСН/БСН


Кбе


банктің не почта операторының деректемелері:

банктің не почта операторының атауы:


БСК


ЖСК


БСН


Кбе


5.

Ауыл шаруашылығы тауарын
өндіруші мен тыңайтқыштарды
сатушының арасындағы сатып
алу-сату шарты***

шарттың нөмірі


шартты жасау күні


тыңайтқыштарды сатушының атауы


тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


тыңайтқыштың атауы


тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр)


төлеу мерзімі


6.

Тыңайтқыштарды сатып алуға
жұмсалған шығындарды
растайтын (өтінім берген
кезде) төлем құжаттары
(шот-фактуралар,
кіріс-шығыс кассалық
ордерлері және (немесе)
төлем тапсырмалары)***

шот-фактура нөмірі


берілген күні


тыңайтқыштарды сатушының атауы


тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


тыңайтқыштарды сатушының ЖСК


тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі (шетелдік өндірістің тыңайтқыштары үшін)


қабылдап алу-беру актісінің нөмірі (отандық өндірістің тыңайтқыштары үшін)


тыңайтқыштың атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


өткізу бағасы, барлығы


7.

Жүктік кедендік декларация
(Еуразиялық экономикалық
одаққа кірмейтін елден
тыңайтқыш сатып алған ауыл
шаруашылығы тауарын
өндіруші үшін)***

нөмірі


берілген күні


тыңайтқыштарды сатушының атауы


тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


8.

Тауардың Еуразиялық
экономикалық одақ елдерінен
әкелінгенін растайтын,
салық органы берген
құжат***

нөмірі


берілген күні


тыңайтқыштарды сатушының атауы


тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


9.

Сатып алынған
тыңайтқыштарға арналған
сәйкестiк сертификаты***

сертификаттың нөмірі


сертификаттың қолданылу мерзімі


сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел)


өтінім беруші (атауы, мекенжайы)


кім берді


10.

Тауардың шығу тегінің
сертификаты ***

нөмірі мен берілген күні


тауардың атауы


экспорттаушы/жүк жөнелтуші


импорттаушы/жүк алушы


11.
 

Химиялық өнімді тіркеу
туралы куәлік***

куәлік нөмірі


химиялық өнімнің толық атауы

өндіруші фирма


куәліктің қолданыс мерзімі


тіркеу күні


кім берді


      Ескертпе:
      * өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.
      ** «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін қолданыста болады.
      *** көрсетілген құжаттардағы мәлімет әрбір тыңайтқыштың түрі үшін толтырылады.

Тыңайтқыштарға қажеттіліктің есебі

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Алаңы,
гектар

Тыңайтқыштарды 1 гектарға ғылыми жағынан ұсыным берілген қолдану нормалары

Тыңайтылатын
алаң,
гектар

Тыңайтқыш түрі, (килограмм, литр)

1

2

3

4

5

6

7








      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Басшы _______________ _______________________________________________
          (қолы)           (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
                             куәландыратын құжатта бар болса))
Бас бухгалтер (бар болса) ________ __________________________________
                           (қолы)   (тегі, аты, әкесінің аты (жеке
                            басын куәландыратын құжатта бар болса))

Мөр (бар болса) орны

20 __ жылғы «___» ______________

Өтінім 20__ жылғы «___» _____________ қарауға қабылданды

__________ __________________________________________________________
  (қолы)      (өтінімді қабылдап алған жауапты адамның тегі, аты,
           әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))