"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 тамызда № 11946 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _____________ Е. Досаев
      2015 жылғы 24 шілде

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі   
№ 4-4/679 бұйрығымен    
бекітілген        

«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы өтінімді тапсырған сәттен бастап – 6 (алты) жұмыс күні;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мыналардың:
      1) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында тыңайтқыштарды жеткізушіден және (немесе) тiкелей шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушiден сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің;
      2) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандату үшін отандық тыңайтқыш өндірушілердің банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеуге төлем құжаттарын ұсыну.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкілі: заңды тұлғаның – өкілеттігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлғаның - нотариалды расталған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiмді ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат уақыты мен күні, шағымды/өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны және шағымды қарастыру барысын білуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген қолхат болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Тыңайтқыштар (органикалықтарды
қоспағанда) құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына қосымша  

Нысан

_____________________________________________________________________
  (ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар
   қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
            (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

Өтінім

_____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде_____________________________,
                                             (тыңайтқыш түрi)
_____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде_____________________________,
                                             (тыңайтқыш түрi)
_____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде______________________________
                                             (тыңайтқыш түрi)

      сатылған тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) үшiн
тыңайтқыштарды отандық өндiрушiлерге/жеткізушіден және (немесе)
шетелдік тыңайтқыштарды өндірушіден сатып алынған тыңайтқыштар
(органикалықтарды қоспағанда) үшiн маған субсидия төлеуді сұраймын
(қажеттінің астын сызу).

Р/с

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама

тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


2.
 

Жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні


Жеке тұлға үшiн – дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк

орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


3.

Жер учаскесiне сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжат

актінің нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаң, гектар


оның ішінде егістік


нысаналы мақсаты


сәйкестендiру құжатының нөмірі мен берілген күні, кім берді


жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы


4.
 
 
 

Ағымдағы шоттың бары туралы екінші деңгейдегі банктiң не почтаның ұлттық операторының анықтамасы

ЖСН/БСН


Кбе


Банктің не почта операторының деректемелері:

Банктің не почта операторының атауы:


БСК


ЖСК


БСН


Кбе


5.
 
 
 
 
 
 
 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен тыңайтқыштарды сатушының арасындағы сатып алу-сату шарты**
 
 
 
 

шарттың нөмірі


шартты жасау күні


тыңайтқыштарды сатушының атауы


тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


тыңайтқыштың атауы


тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр)


төлеу мерзімі


6.

Тыңайтқыштарды сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген кезде) төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары)**

шот-фактура нөмірі


берілген күні


тыңайтқыштарды сатушының атауы


тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


тыңайтқышты сатушының ЖСК


тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі (шетелдік өндірістің тыңайтқыштары үшін)


қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі (отандық өндірістің тыңайтқыштары үшін)


тыңайтқыштың атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


өткізу бағасы, барлығы


7.

Жүктік кедендік декларация
(Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елден тыңайтқыш сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші үшін)**

нөмірі


берілген күні


тыңайтқыштарды сатушының атауы


тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


8.

Тауардың Еуразиялық экономикалық одақтан алып келінгендігін растайтын, салық органы берген құжат**

нөмірі


берілген күні


тыңайтқыштарды сатушының атауы


тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


9.

Сатып алынған тыңайтқыштарға арналған сәйкестiк сертификаты**

сертификаттың нөмірі


сертификаттың қолданылу мерзімі


сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел)


өтінім беруші (атауы, мекенжайы)


кім берді


10.

Тауардың шығу тегінің сертификаты **

нөмірі мен берілген күні


тауардың атауы


экспорттаушы/жүк жөнелтуші


импорттаушы/жүк алушы


11.
 
 

Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік**

куәлік нөмірі


химиялық өнімнің толық атауы

өндіруші фирма


куәліктің қолданыс мерзімі


тіркеу күні


кім берді


      Ескертпе:
      * Өтінім берушіден аталған құжаттардың түпнұсқаларын және көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.
      ** Көрсетілген құжаттардағы мәлімет әрбір тыңайтқыштың түрі үшін толтырылады.

Тыңайтқыштарға қажеттіліктің есебі

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Алаңы,
гектар

Тыңайтқыштарды 1 гектарға ғылыми жағынан ұсыным берілген қолдану нормалары

Тыңайтылатын
алаң,
гектар

Тыңайтқыш түрі, (килограмм, литр)

1

2

3

4

5

6

7








      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және жалған мәліметтер ұсынған үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.

Басшы ______   ______________________________________________________
      (қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                              құжатта бар болса))

Бас бухгалтер (бар болса) _____ _____________________________________
                         (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
                                   куәландыратын құжатта бар болса))

Мөр орны (заңды тұлға үшін)

20__жылғы «___»______________

Өтiнiм 20__жылғы «___»____________қарауға қабылданды.
__________  _________________________________________________________
  (қолы)    (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің
                аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))