"Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 132 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 411 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 шілдеде № 11802 болып тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Күшін жою көзделген - ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.12.2015 № 698 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 132 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7934 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 7 қарашада № 729-734 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидасында:
      3-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10513 болып тіркелген «Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығымен белгіленген тәртіпте аттестатталған маман;».
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрі                        В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі
      _________________ А. Сәрінжіпов
      25 маусым 2015 жыл

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      _________________ Т. Дүйсенова
      26 маусым 2015 жыл

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      _________________ Ә. Исекешев
      1 шілде 2015 жыл