"Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 132 бұйрығының және "Мұнай-газ саласындағы мамандардың с

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 698 бұйрығы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 132 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7934 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 7 қарашадағы № 729-734 (27806) газетінде жарияланған);
      2) «Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 132 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 411 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11802 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы ақпаратты орналастыруды және нормативтік құқықтық актілер тізбесінен алып тастауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика Министрінің
      міндетін атқарушы                                М. Мырзағалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      _________________ А. Сәрінжіпов
      2015 жылғы 08 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      _________________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 10 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      _________________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 10 желтоқсан