Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10513 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 440-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды- ҚР Сауда және интеграция министрінің 01.07.2021 № 440-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасына, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 5-тармағына және 16-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.11.2016 № 822(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;

      2) Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау және "Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.11.2016 № 822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 197-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Мынадай бұйрықтардың күші жойылған деп танылсын:

      1) "Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасын, және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8323 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырдағы № 156-157 (27430-27431 "Егемен Қазақстанда" жарияланған).

      2) "Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасын, және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 263 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 25 қыркүйекте № 8737 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):

      1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарға және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 20 ақпан

  Қазақстан Республикасының
  Инвестициялар және даму
  министрінің міндетін атқарушының
  2015 жылғы 6 ақпандағы
  № 116 бұйрығына
  1-қосымша

Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.05.2020 № 122-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


р/с

Рұқсат беру талаптары:

Рұқсат беру талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:

1

Осы Қағидалармен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары сарапшы-аудиторларды аттестаттау Қағидаларына 6-қосымшада көзделген (бұдан әрі - Қағидалар) мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімнің болуы немесе мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығы (салалар бойынша) бойынша жоғары білімнің болуы немесе Қағидаларға 6-қосымшада көзделген мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмеген жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы.
Мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде он жыл жұмыс өтілі болған кезде орта білімнен кейінгі білімге рұқсат етіледі.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің қосымшасына және рұқсат беру талаптарына сәйкес (бұдан әрі - рұқсат беру талаптары) келуі тиіс.


2

Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды. Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді. Қазақстан Республикасында жаңа аттестаттау бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарын өту үшін жағдайлар болмайтын кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс курстар өтуге кемінде академиялық 40 сағат көлемінде жол беріледі.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.


3

Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды. Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді. Қазақстан Республикасында жаңа аттестаттау бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарын өту үшін жағдайлар болмайтын кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс курстар өтуге кемінде академиялық 40 сағат көлемінде жол беріледі.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.

Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі - бір жыл.

4

Қағидаларға 6-қосымшада қөзделген бағыт бойынша практикалық сабақтар (тағылымдамалар), Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде сертификатталған немесе халықаралық сарапшы-аудитор немесе Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттерінде аттестатталған және аталған бағытта кемінде үш жыл жұмыс істеген сарапшы-аудиторда практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өту. Бұрын мәлімделген сертификаттау саласында сертификатталған адамдар үшін тағылымдамадан өту талап етілмейді, сертификаттан айырылған немесе тоқтатылған немесе мерзімі өткен сертификатталған сарапшыларды қоспағанда.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы (әртүрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) - кемінде бес есеп немесе сәйкес мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.
Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.

2. Басқару жүйелерінің сәйкестігін растау үшін сарапшы аудиторларға өтініш білдірген тұлғаларға қойылатын талаптар:

1

Сарапшы-аудиторлыққа үміткер жеке тұлғада жоғары білімінің болуы.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздік менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғалар үшін-тамақ өнеркәсібіне немесе білімнің аралас салаларына қатысты өндірістік және өңдеуші салалар даярлау бағытындағы жоғары білімінің болуы.
Энергетикалық менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғалар үшін-энергетикаға немесе білімнің аралас салаларына қатысты инженерлік, өңдеуші және құрылыс салаларын даярлау бағытында жоғары білімінің болуы.
Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғалар үшін-ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, математика және статистиканы дайындау бағытында жоғары білімінің болуы.
Фармацияда Тиісті дәріханалық практика бойынша менеджмент жүйелерінің (GPP), фармацияда тиісті өндірістік практика бойынша менеджмент жүйелерінің (GMP), фармацияда тиісті дистрибьюторлық практика бойынша менеджмент жүйелерінің (GDP) сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғалар үшін - Фармацияға қатысты Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) дайындау бағытындағы жоғары білімнің болуы.
Егер білімі осы бұйрықтың 6-қосымшасында көзделген аттестаттаудың мәлімделген бағытына сәйкес келмеген жағдайда, аттестаттаудың мәлімделген бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.


2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған немесе халықаралық сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде осы бағытта жұмыс істейтін аттестаттаудың мәлімделген бағытында кемінде екі жыл практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өту.
Аттестаттан айырылған немесе аттестаттардың қолданылу мерзімі тоқтатылған немесе аяқталған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, мәлімделген аттестаттау саласында бұрын аттестатталған адамдарға тағылымдамадан өту талап етілмейді.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.


3

Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау (қайта даярлау) бойынша курстарды өткізу ұзақтығы кемінде 80 академиялық сағатты құрайды. Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде 40 академиялық сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді. Қазақстан Республикасында аттестаттаудың жаңа бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарынан өту үшін жағдай болмаған кезде кемінде 40 академиялық сағат көлемінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде курстардан өтуге жол беріледі.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.


4

Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілікті арттыру курстарынан өту. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстарды өткізу мерзімі кемінде 80 академиялық сағатты құрайды. Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде 40 академиялық сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді. Қазақстан Республикасында аттестаттаудың жаңа бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарынан өту үшін жағдай болмаған кезде кемінде 40 академиялық сағат көлемінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде курстардан өтуге жол беріледі.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.
Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.

3. Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:

1

Мәлімделген қызмет бағытындағы мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл немесе мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
Қазақстан Республикасында мәлімделген аттестаттау бағытында сәйкестікті растау жөніндегі органдар болмаған жағдайда қызметтің мәлімделген бағытындағы кемінде жеті жыл жұмыс өтіліне жол беріледі.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.


2

Мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде аттестаттаудың мәлімделген бағытында кемінде екі жыл немесе осы Қағидаларға 6-қосымшада көзделген аттестаттаудың мәлімделген бағытында кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
Қазақстан Республикасында мәлімделген аттестаттау бағытында сәйкестікті растау жөніндегі органдар болмаған жағдайда қызметтің мәлімделген бағытындағы кемінде жеті жыл жұмыс өтіліне жол беріледі.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.


3

Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.
Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды.
Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.
Қазақстан Республикасында жаңа қызмет бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарын өту үшін жағдайлар болмайтын кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс курстар өтуге кемінде академиялық 40 сағат көлемінде жол беріледі.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.

Көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі - екі жыл.

4

Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған немесе халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттерінде аттестатталған және аталған бағытта кемінде үш жыл жұмыс істеген сарапшы-аудиторда практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өту.
Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғалардың тағылымдамдан өтуі талап етілмейді.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы (әртүрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) - кемінде бес есеп немесе сәйкес мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.
Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.

4. Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:

1

Жоғары білімнің келесі мамандықтардың бірінде болуы*: техникалық ғылымдар мен технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (биология және сабақтас ғылымдар, физикалық ғылымдар), машина жасау, өндірістік және құрылыс салалары; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, егер білім мәлімделген сертификаттау саласында сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесіне сәйкес келмесе.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.


2

Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.
Қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстарды өткізу ұзақтығы кемінде 80 академиялық сағатты құрайды. Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде 40 академиялық сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.


3

Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстарды жүргiзуге өзінің қатысқанын (техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қағидаларға сәйкес нысанда тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткенi туралы бес есептiң көшiрмесi.
Тағылымдамалар туралы есептерге тағылымдамадан өту кезінде тағылымдамадан өтуші жүргізген практикалық қызметі туралы құжаттардың көшірмелері (сараптама актілерінің көшірмелері) қоса беріледі.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.

Сараптама актісімен танысу және сарапшы-аудитордың іс жүзінде тәжірибеде сараптаманы қалай жүргізетінін білу мақсатында.

5. Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:

1

Мәлімделген қызмет бағытындағы мамандығы бойынша кемінде бес жыл немесе мәлімделген қызмет бағытындағы кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.


2

Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау немесе біліктілігін арттыру жөніндегі курстарды өткізу ұзақтығы кемінде 80 академиялық сағатты құрайды.
Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде 40 академиялық сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.


6. Процестің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:

1

Процестің сәйкестігін растау үшін сарапшы-аудиторларға жүгінетін жеке тұлғаларға қойылатын талаптар:

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес келуі тиіс.


2

Мәлімделген сертификаттау саласына сәйкес келетін немесе егер білім мәлімделген сертификаттау саласына сәйкес келмесе, мәлімделген қызмет саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жоғары білімінің болуы.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес келуі тиіс.


3

Өтініш пен рұқсат беру талаптарына сәйкес сарапшы-аудиторларға жүгінген тұлғаның ақпарат нысаны.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес келуі тиіс.

4

Мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде аттестаттаудың мәлімделген бағытында кемінде екі жыл немесе осы Қағидаларға 6-қосымшада көзделген аттестаттаудың мәлімделген бағытында кемінде үш жыл жұмыс өтілі.
Қазақстан Республикасында аттестаттаудың мәлімделген бағытында процестің сәйкестігін растау жөніндегі органдар болмаған жағдайда қызметтің мәлімделген бағытындағы кемінде жеті жыл жұмыс өтіліне жол беріледі.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы (әр түрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) - кемінде үш есеп немесе сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.

5

Өтініш пен рұқсат беру талаптарына сәйкес сарапшы-аудиторларға жүгінген тұлғаның ақпарат нысаны.

Рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны.

6

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес келуі тиіс.


7

Мамандырылған сертификаттау бағыты бойынша қайта даярлау немесе қайта даярлау курстарынан өту.
Жеке құрамның сәйкестігін растау үшін сарапшы-аудиторларға жүгінетін тұлғаларды оқыту немесе біліктілігін арттыру курстарының ұзақтығы кемінде 80 академиялық сағатты құрайды.
Бұрын сертификатталған тұлғалар кемінде 40 академиялық сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтті.


8

Өтініш пен рұқсат беру талаптарына сәйкес сарапшы-аудиторларға жүгінген тұлғаның ақпарат нысаны.


9

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудиторда мәлімделген аттестаттау бағытында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өту.
Қазақстан Республикасында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өту үшін жағдай болмаған кезде кемінде 40 академиялық сағат көлемінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуге жол беріледі.
Аттестаттан айырылған немесе аттестаттардың қолданылу мерзімі тоқтатылған немесе аяқталған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, мәлімделген аттестаттау саласында бұрын аттестатталған адамдарға тағылымдамадан өту талап етілмейді.


10

Қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның мәлімделетін аттестаттау бағытында тағылымдамадан өткені туралы кемінде үш есеп (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысуды және олар туралы есептер жасауды қоса алғанда) немесе сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп нысаны.


      * Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес.

  Сәйкестікті растау,
тауарды шығарған елді,
Еуразиялық экономикалық
одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-
аудиторларға қойылатын рұқсат
беру талаптары мен оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне қосымша
  нысан

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны

      ________________________________________________________________________________

      (мәлімделетін аттестаттау бағыты)

      Толтырылған күні________________________________________________________________

      1. Жеке деректері:

      Тегі____________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Аты ____________________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болған кезде)

      ________________________________________________________________________________

      Туған жылы _____________________________________________________________________

      Жеке тұлғаны куәландыратын құжат (нөмірі, кім және қашан берді)

      Жеке сәйкестендіру нөмірі_________________________________________________________

      Білімі___________________________________________________________________________

      Аяқтаған оқу орнының атауы

      ________________________________________________________________________________

      Аяқтаған жылы

      ________________________________________________________________________________

      Білімі туралы құжаттың (диплом) нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаты болған кезде, Қазақстан

      Республикасының аумағында заңнамамен белгіленген тәртіппен білім беру туралы құжатты

      нострификациялау туралы мәліметтерді көрсету) Диплом бойынша мамандығы

      ________________________________________________________________________________

      Диплом бойынша біліктілігі

      ________________________________________________________________________________

      Ғылыми дәрежесі (бар болған кезде)

      ________________________________________________________________________________

      Аттестаты (бар болған кезде)

      ________________________________________________________________________________

      (сарапшы-аудитордың)

      20 ____ жылы "___" ______________ № _______________________________берілген.

      Жұмыс орны ____________________________________________________________________

      Лауазымы _______________________________________________________________________

      телефоны _______________________________________________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      2. Жұмыс өтілінің бар екендігі туралы деректер:

Күні

Ұйым атауы, лауазымы

Негізгі міндеттемелері

басталуы

аяқталуы





      3. Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу бойынша жұмыстарға қатысқандығы (практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі) туралы деректер:

Жұмыстар жүргізу кезеңі

Тексерілетін ұйымның атауы және мекенжайы

Орындалған жұмыстар тізбесі




      4. Даярлық (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы деректер:

Күні

Оқыту түрі, сағаттар саны

Мамандану (қызмет бағыты)

Куәліктің нөмірі және берілген күні

Оқытуды өткізген оқу орталығы






      ___________________________

      Қолы, күні

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 6 ақпандағы
№ 116 бұйрығына
2-қосымша

Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау және "Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 197-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау және "Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (12-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасына, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 5-тармағына және 16-1-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) сарапшы-аудиторларды аттестаттау (бұдан әрі – аттесттау) – сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғалар дайындығының теориялық және практикалық деңгейінің техникалық реттеу және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар саласындағы белгіленген Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;

      2) уәкілетті орган – техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

2-тарау. Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. "Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Уәкілетті орган аттестаттау үшін сәйкестікті растау жөніндегі, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі комиссия құрылады.

      5. Сәйкестікті растау жөніндегі аттестатты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мына құжаттарды жолдайды:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінім (бұдан әрі – өтінім) ;

      осы бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәлімет нысаны);

      мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өткені туралы есептердің (бұдан әрі – есеп) электрондық көшірмелер саны мынадай:

      өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша (әртүрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;

      кемінде жиырма жұмыс күн жалпы ұзақтығымен менеджмент жүйесі бойынша (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) – кемінде төрт есеп немесе аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;

      персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары немесе аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.

      6. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) кемінде бес адамнан тұрады. Комиссияның құрамына уәкілетті органның өкілдері кіреді.

      7. Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау аттестатын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

      жеке тұлғаның өтініші және мәліметтер нысаны;

      мынадай сандағы есеп:

      тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге оның қатысуын растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткені туралы бес есептердің (тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) электрондық көшірмелері немесе аттестаттаудың мәлімделген бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп белгіленген нысандағы бес сараптама актілерінің көшірмелерімен қоса.

      8. Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссиясының құрамы кемінде бес адамнан тұрады (бұдан әрі – Комиссия). Комиссияның құрамына уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және өзге де ұйымдардың өкiлдерi кіреді. Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссияның төрағасы оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен сайланады.

      9. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарды ескере отырып, "сәйкестікті растау, тауардың шыққан елін анықтау үшін сарапшы-аудитордың сертификаты," Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының немесе шетелдік тауарлардың мәртебесі туралы" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес баяндалған.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оны қабылдайды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, электрондық сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші тіркелген сәттен бастап ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын және әрекет ету мерзімін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 5 және 7-тармқтарына сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Заңның 19-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде порталда өтінімді қабылдаудан дәлелді бас тартуды рәсімдейді және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жолданады.

      14. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

      15. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын, Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын беру туралы шешім Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссиясының және Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі комиссиясының оң шешімдері негізінде қызмет берушінің бұйрығымен рәсімделеді.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сақталады.

      17. Заңның 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) Осы Бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі, сонымен бірге сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкессіздігі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

      18. Аттестаттарынан айырылған немесе аттестаттардың қолданылу мерзімдері тоқтатыла тұрған немесе өткен сарапшы-аудиторларды қоспағанда, сәйкестікті растау жөніндегі бұрын аттестатталған сарапшы-аудиторлар есептердің орнына мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша есеп ұсынады.

      Аттестаттарынан айырылған немесе аттестаттардың қолданылу мерзімдері тоқтата тұрған немесе өткен сарапшы-аудиторларды қоспағанда, сарапшы-аудитор атағы бар, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі бұрын аттестатталған сарапшы-аудиторлар есептердің орнына мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитордың қызметі туралы есепті ұсынады.

      Сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағыттары осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген.

      19. Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

      20. Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды қайта аттестаттау аттестаттан айырылған күнінен бастап екі жыл өткен соң жүргізіледі.

      21. Көрсетілетін қызметті беруші Заңының 5-бабының 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      22. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайында, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизациялау сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторын хабардар етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      23. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      24. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шешім нәтижелеріне сот тәртібімен шағымдана алады.

  Сәйкестікті растау, тауардың
шығарылған елін, Еуразиялық
экономикалық одағы тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау және "Сәйкестікті
растау, тауардың шығарылған
елін, Еуразиялық экономикалық
одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
  нысан

      _________________________________________________________________________

                              (аттестаттау органының толық атауы)

      _____________________________________________________________________

                                    (аттестаттау бағыты)

      бойынша сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғадан ____________________________

      _________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы,

      жұмыс орны, мекенжайы, телефоны)

      Өтінім

      __________________________________________________________________________

                              (аттестаттау бағыты)

      бойынша мені сарапшы-аудитор ретінде аттестаттауды өтінемін.

      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамамен белгіленген сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды толығымен орындауға міндеттенемін. _______________ақпараттық жүйелерде жазылған, заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісемін (қолы).

      20___жыл "___" ___________ (қолы)

      Қоса берілетін құжаттар:

      Қолы, күні

  Сәйкестікті растау, тауардың
шығарылған елін, Еуразиялық
экономикалық одағы тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау және "Сәйкестікті
растау, тауардың шығарылған
елін, Еуразиялық экономикалық
одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Тағылымдамадан өткені туралы есеп

      ___________________________________________________________________

                  (мәлімделетін аттестаттау бағыты)

      _____________________________________________________________________

      (сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      __________________________________________________________________________

                                    (есептің мәтіні)

      Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға (тағылымдамашы)

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

                        (тегі және аты-жөні) (қолы)

      Тағылымдама басшысының пікір-мінездемесі:

Бағалау саласы

Бағалау (қанағаттанарлық, қанағаттарлықсыз)

Білімі:


Қазақстан Республикасы заңнамаларының негізі


Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі негізін қалайтын нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік құжаттары


Жұмыстар мен тексерістер жүргізу әдістері мен рәсімдері, тексерілетін нысандар сипаттамалары, оларды бағалау, есептер, қажетті құжаттар және жұмыс нәтижелері бойынша қорытындылар дайындау


Білімді іс жүзінде қолдана білу


Жеке қасиеттерін іске асыру


Жалпы баға


      Тағылымдама жетекшісі

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (сарапшы-аудитор, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), аттестаттың тіркеу нөмірі

      және берілген күні)

      _________________________________________________________________________

      (сарапшы-аудитор ретіндегі лауазымы, жұмыс орны, жұмыс өтілі)

      _________________________________________________________________________

      (тағылымдама басшысының қолы) (тағылымдама басшысының тегі және аты-жөні)

      Ұйым басшысы

      __________________________________________________________________________

                  (ұйым басшысының қолы) (ұйым басшысының тегі және аты-жөні)

      Мөрдің орны

      Ескертпе:

      Есеп мәтінінде:

      1) тағылымдамадан өткен күнді, тағылымдамадан өткен ұйымның атуын және мекежайын (Қазақстан Республикасының Аккредиттеу субъектілері тізбесінде тіркелген ұйымның аккредиттеу аттестатының нөмірі және қолданылу кезеңі);

      2) жұмыстың қағидалары мен рәсімдерін айқындайтын қандай құжаттарға сәйкес жүргізілгенін;

      3) тексерілетін тексеру нысанының сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы шешімнің негізінде қабылданғаны туралы құжаттар көрсетілген жұмыстарды жүргізу тәртібі (сертификаттау/декларация рәсімдерінің қорытындысы, сынақ хаттамаларының және өзге құжаттардың нөмірлері);

      4) сәйкестік сертификатын беру/беруден бас тарту туралы қабылданған шешімді (тексерілетін ұйымның атауы және мекенжайы) көрсетеді.

  Сәйкестікті растау, тауардың
шығарылған елін, Еуразиялық
экономикалық одағы тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау және "Сәйкестікті
растау, тауардың шығарылған
елін, Еуразиялық экономикалық
одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп

      _________________________________________________________________________

                              (аттестаттау бағыты)

      Тегі _____________________________________________________________________

      Аты __________________ Әкесінің аты (бар болған кезде) ________________________

      Аттестаты _________________________________________________________________

                              (сарапшы-аудиторды аттестаттау бағыты)

      20___ ж. "____" ______________ берілген № ____________________________________

      20___ ж. "____" ________ бастап 20__ ж. "___" __________ дейінгі есептік кезең

Есептік кезең ішіндегі орындалған жұмыстар туралы мәліметтер

Есептік кезең ішіндегі орындалған жұмыстар нәтижесі



      __________________________________________________________________________

                              (негізгі жұмыс орны)

      __________________________________________________________________________

                  (аттестаттың қолданысын тоқтата тұру, жою туралы мәліметтер)

      ____________________________________ ______________________________________

                  (сарапшы-аудитордың тегі және аты-жөні) (қолы, күні)

      ______________________________________ ___________________________________

                  (ұйым басшысының тегі және аты-жөні) (қолы, күні)

  Сәйкестікті растау, тауардың
шығарылған елін, Еуразиялық
экономикалық одағы тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау және "Сәйкестікті
растау, тауардың шығарылған
елін, Еуразиялық экономикалық
одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
4-қосымша

"Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі– портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Өтінімді тіркеген сәттен бастап − 6 (алты) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толықтай автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері электрондық құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады), тәулік бойы жұмыс істейді.
2) Көрсетілетін қызметті беруші – Кодекске және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www. beta. egov. kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Сәйкестікті растау жөніндегі аттестатты алу үшін сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мына құжаттарды жолдайды:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш (бұдан әрі – өтінім);
осы бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген сарапшы-аудиторларға өтініш берген жеке тұлғаның мәліметтер нысаны (бұдан әрі – ақпарат нысаны);
мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өткені туралы есептердің (бұдан әрі – есеп) электрондық көшірмелер саны мынадай:
өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша (әртүрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) - кемінде бес есеп немесе аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;
кемінде жиырма жұмыс күн жалпы ұзақтығымен менеджмент жүйесі бойынша (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) – кемінде төрт есеп немесе аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;
персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары немесе аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.
Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау аттестатын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мыналарды ұсынады:
Өтініш;
жеке тұлғаның және мәліметтер нысаны;
саны мынадай есеп:
тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге оның қатысуын растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткені туралы бес есептердің (техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган анықтайтын Қағидаларға сәйкес әртүрлі нысандар бойынша тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) электрондық көшірмелері аттестаттаудың мәлімделген бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі, сонымен бірге сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкессіздігі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 75-05-25

  Сәйкестікті растау, тауардың
шығарылған елін, Еуразиялық
экономикалық одағы тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау және "Сәйкестікті
растау, тауардың шығарылған
елін, Еуразиялық экономикалық
одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
5-қосымша
  нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі Сәйкестіктікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестаты

      _____________________________________________ сарапшы-аудиторлар тізілімінде

      20__ жылғы "___" _____________ № ____ болып тіркелген

      20__ жылғы "___" ______________ дейін жарамды

      Осы аттестат _________________________________________ сарапшы-аудиторларға

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      қойылатын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнама

      талаптарына сәйкестігін және ________________________________________________

      бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталғанын куәландырады.

      Аттестат 20__ жылғы "___" _______________________________ жөніндегі сарапшы-

      аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде берілді.

      _____________________________ ______________________________________

      (электронды цифрлық қолтаңба)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

  Сәйкестікті растау, тауардың
шығарылған елін, Еуразиялық
экономикалық одағы тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау және "Сәйкестікті
растау, тауардың шығарылған
елін, Еуразиялық экономикалық
одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
6-қосымша
  нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестаты

      ___________________________________________ сарапшы-аудиторлар тізілімінде

      20__ жылғы "___" _____________ № ____ болып тіркелген

      20__ жылғы "___" ___________ дейін жарамды

      Осы аттестат _______________________________________ сарапшы-аудиторларға

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      қойылатын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнама

      талаптарына сәйкестігін және ________________________________________________

      бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталғанын куәландырады.

      Аттестат 20__ жылғы "___" ____________________________ жөніндегі сарапшы-

      аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде берілді.

      ______________________________ _____________________________________

      (электронды цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

  Сәйкестікті растау, тауардың
шығарылған елін, Еуразиялық
экономикалық одағы тауарының
немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау және "Сәйкестікті
растау, тауардың шығарылған
елін, Еуразиялық экономикалық
одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
7-қосымша

Сарапшы -аудиторларды аттестаттау бағыттары

      1. Өнімнің сәйкестігін растау:

      1) машина жасау;

      2) автокөлік құралдары;

      3) металлургия;

      4) радиотехника, электртехникалық және кабельдік өнімдер;

      5) электрондық және байланыс құралдары;

      6) бағдарламалық құралдар және деректер базасы;

      7) жеңіл өнеркәсіп;

      8) құрылыс материалдары, құрастырылымдар мен бұйымдар, ағаш өңдеу;

      9) жиһаз;

      10) тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы өндірісі;

      11) химия және тұрмыстық химия;

      12) парфюмериялық-косметикалық және санитариялық-гигиеналық мақсаттар;

      13) мұнай және оның тазартылған өнімдері;

      14) газ және оны қайта өңдеу өнімдері;

      15) қатты отын және оны қайта өңдеу өнімдері;

      16) қару-жарақ (қызметтік персонал, азаматтық) және оның патрондары;

      17) жарылғыш заттар мен олардан жасалған бұйымдар және олардың негізінде жасалған өзге де өнімдер;

      18) пиротехникалық;

      19) өрт қауіпсіздігі.

      2. Қызметтердің сәйкестігін растау:

      1) жанармай бекеттері мен мұнай өнімдері базалары;

      2) қонақ үй;

      3) тамақтану;

      4) шаштараздар;

      5) автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

      6) туристік және көрікті жерлер;

      7) теміржол көлігіндегі экспедиторлық қызметтер;

      8) құрғақ тазалау;

      9) жүк экспедициясы;

      3. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау.

      4. Қызметкерлердің сәйкестігін растау.

      5. Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының немесе шетелдік тауарлардың мәртебесін айқындау.

      6. Процестің сәйкестігін растау:

      1) органикалық өнімдер өндірісі;

      2) халал өнідіріс.

      Ескертпе:

      1. Біртекті өнімдер тобын аттестаттау саласында сарапшы-аудиторлыққа үміткерлерге тағылымдамадан кем дегенде бес есеп, ал бұдан бұрын сертификатталған сарапшы-аудиторлар үшін ұсынылған тағылымдаманы немесе қызмет туралы есепті ескере отырып, кейіннен бағытты сертификаттаумен бірге өнім тобының бір аймағында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынылады.

      2. Аттестаттаудың жаңа бағыттары енгізілген кезде аттестаттаудың жаңа бағыты енгізілгенге дейін осы өнімнің сәйкестігін растауды жүзеге асырған, бұрын аттестатталған сарапшы-аудитордың практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуге жол беріледі.

      3. Қолданыстағы стандарттардың орнына жаңа стандарттарды енгізу кезінде жаңадан аттестатталатын кандидаттар үшін жаңа стандарт енгізілгенге дейін қолданыстағы стандарттың талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асырған сарапшы-аудитордың практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі (егер сарапшы-аудитордың оқу (қайта даярлау) курстарынан өткендігі) немесе аттестаттау бағыты бойынша біліктілікті арттыру туралы құжаты болса).

      Қолданыстағы стандарттардың орнына жаңа стандарттарды енгізу кезінде бұрын ұсынылған бағытта аттестатталған сарапшы-аудиторлар үшін кемінде 40 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттырудан өту талап етіледі.

      Алғашқы қабылданған стандарттарды енгізген кезде (қолданысқа енгізу мерзімі 2 жылдан кем) енгізіліп жатқан стандарт бойынша оқудан өтуі және соңғы 5 жыл ішінде сарапшы-аудитор ретінде мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі талап етіледі. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне