"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/578 бұйрығымен бекітілген |
Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің
қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1-тармағының 67) тармақшасына сәйкес әзірленді және қорықшылық қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі (бұдан әрі – қорықшылық қызмет) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғау функцияларын жүзеге асыратын аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
3. Қорықшылық қызметі аңшылық және балық шаруашылықтары субъектісі директорының бұйрығымен құрылады және оған (басшылыққа) бағынады.
4. Қорықшылық қызметке аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлері: аңшылық және балық шаруашылығы директорлары, аға қорықшылар (болған жағдайда), қорықшылар жатады.
5. Қорықшылық қызметті аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері өз қаражаты есебінен құрады.
6. Қорықшылық қызметі қызметкерлерінің жұмысы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына, осы Үлгілік ережеге негізделеді.
7. Қорықшылық қызметі қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын аңшылық және балық шаруашылықтары субъектiсі әзiрлейдi және бекiтедi.
8. Аңшылық және балық шаруашылығының қорықшылық қызметiне он сегiз жасқа толған, атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқығы бар қылмыстық жауапқа тартылмаған тұлғалар қабылданады.
9. Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің директорлары қорықшылық қызметті құрғаннан кейін және аға қорықшыларды (болған жағдайда), қорықшыларды жұмысқа қабылдағаннан кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесіне тиісті ақпаратты (тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), лауазымын, қызметтік куәлік пен төс белгісінің нөмірлерін көрсете отырып, қызметкерлердің тізімін) береді.
2. Қорықшылық қызметі қызметкерлерінің өкілеттігi және
оның қызметінде пайдаланылатын құжаттары
10. Қорықшының құқытары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес кейiннен оларды жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органға не сотқа мiндеттi түрде беру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырады;
2) қызметтік қаруды алып жүруге және айырым белгілері бар арнаулы киім киеді;
3) жеке және заңды тұлғалардың аң аулауға және балық аулауға құқық беретін құжаттарын тексереді;
4) аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін атыс қаруын кейіннен ішкі істер органдарына міндетті түрде беру үшін алады;
5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған аулау құралдарын, заңсыз аулап алынған аң аулау және балық аулау өнімдерін, тыйым салынған аулауға арналған қару түрлерін кейіннен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға беру үшін алады;
6) бекiтілiп берiлген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғауды қамтамасыз етеді;
7) аң аулау және балық аулау қағидаларын, аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, сондай-ақ тыныштық аймақтарында жануарлар дүниесін пайдалануға қойылған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтардың жолын кеседі;
8) жеке және заңды тұлғалардан жануарлардың қырылуына және олар мекендеу ортасының бұзылуына әкеп соқтыратын әрекеттерді тоқтатуды талап етеді;
9) жануарлар дүниесi объектiлерiнің мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын және шоғырлану орындарын сақтау жөнінде шаралар қолданады;
10) жануарлар дүниесiне ұқыпты және iзгiлiктi қарау насихатын жүргізеді;
11) жануарлар ауырған және дүлей зiлзала кезiнде қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарлар дүниесi объектiлерiне көмек көрсету жөнінде шаралар қолданады;
12) аншлагтардың сақталуын қамтамасыз етеді.
11. Қорықшылық қызметінің жұмысында мынадай құжаттар пайдаланылады:
1) директор:
облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқапты немесе балық шаруашылығының су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы шешімінің көшірмесі;
аңшылық және (немесе) балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарт;
шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастырудың материалдары (аңшылық шаруашылығының субъектілері үшін);
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 10 қазандағы № 114 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9869 болып тіркелген) нысан бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу журналы;
"Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 болып тіркелген) нысан бойынша аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерi берген жолдамаларды тiркеу журналы;
аңшылық алқабының карта-схемасы;
аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспары;
жануарларды есепке алу материалдары;
"Аншлагтарының үлгілерін және аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/96 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7573 болып тіркелген) нысан бойынша балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналы (кәсіпшілік журнал);
2) аға қорықшы (болған жағдайда), қорықшы:
аңшылық және (немесе) балық шаруашылықтары субъектілері, олардың бірлестіктері (аңшылар мен балықшылар бірлестіктерін қоса алғанда) берген қызметтік куәлік;
қорықшыға қорық учаскесін (айналымды) бекітіп беру туралы аңшылық және (немесе) балық шаруашылықтары субъектілері бұйрығының көшірмесі және оның карта-схемасы;
қызметтік қаруды алып жүруге және сақтауға рұқсат.