Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 шілдеде № 11708 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      __________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы " "

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________ Е. Досаев

      2015 жылғы " "



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 4-3/268 бұйрығымен
бекітілген

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн
шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары
арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі – машиналар) кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) машиналарды кепілге қою тізілімі – машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу, кепіл туралы шартқа немесе кепіл талаптары бар шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу және оларды тоқтату туралы мәліметтерді қамтитын құжат;

      2) машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – машиналарды кепілге қоюдың мемлекеттік тіркелгенін растайтын ресми құжат;

      3) өтініш беруші – тіркеуші органға машинаны кепілге қоюды тіркеу туралы өтініш беретін жеке немесе заңды тұлға не өкілеттіктерін растайтын құжаттары бар олардың өкілдері;

      4) тіркеуші орган – жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.

      3. Тіркеуші орган машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ осы Қағидаларда қөзделген іс-кимылдарды жүзеге асырады.

2. Машиналарды кепілге қоюды тіркеу тәртібі

      4. Машиналардың кепілін тіркеу, кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу, өзгерістерді, толықтыруларды (оның ішінде меншік құқығының басқа адамға өтуі, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл) тіркеу және тіркелген кепілдің қүйін тоқтату үшін өтініш беруші тіркейтін органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы қағидаларда 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкілі – оның өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық көдексі) белгіленген тәртіппен бюджетке төленгенін растайтын құжат;

      4) кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу жағдайын қоспағанда, кепіл туралы шарттың немесе кепіл талаптары бар өзге шарттың түпнұсқасын (салыстырып тексеру үшін) және көшірмесін, не өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарт (оның ішінде меншік құқығының басқа адамға өтуі, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл);

      5) барлық меншік иелерінің (егер машина ортақ меншікте болған жағдайда) кепілге қоюға келісетіндігі туралы құжат;

      6) кепіл ұстаушының жазбаша өтініш немесе негізгі міндеттемені орындауды растайтын құжат (кепіл шартының күшін тоқтауды тіркеу жағдайында). Аталған мүліктің басқа кепіл ұстаушылары болған кезде жазбалардың күшін жою оларды хабардар ету туралы құжатты ұсыну бойынша жүргізіледі;

      5. Машиналарды кепілге қоюды тіркеуге ұсынылатын құжаттар тиісінше ресімделген түрде қабылданады. Өшірілген, қосып жазылған, сызылған сөздері және басқа да келісілмеген түзетулері бар құжаттар қабылданбайды.

      6. Машиналарды кепілге қоюды тіркеу Заңға сәйкес белгіленген тәртіппен тіркелген машиналарды мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.

      7. Машиналарды кепілге қоюды тіркеу өтініш келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      8. Қажетті құжаттарды алған сәттен бастап тіркеуші орган:

      1) өтініштің қабылданғанын оның көшірмесіне құжаттар топтамасын алғаны туралы белгімен растайды;

      2) өтініштегі деректерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды кепілге қою тізіліміне, оның ішінде "E-agriculture" (бұдан әрі – компьютерліқ база) агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірынғай автоматтандырылған жүйесіне енгізеді;

      3) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабына сәйкес, ұсынылған машиналарды кепілге қою туралы шарттың немесе кепіл талаптары бар өзге шарттың өтініште қамтылған мәліметтерге сәйкестігін тексереді, бұл шарт тексерілгеннен кейін тіркеу туралы белгі қоя отырып өтініш берушіге қайтарылады;

      4) өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не дәлелді бас тарту береді.

      9. Машиналарды кепілге қоюды тіркеуден бас тарту үшін:

      1) кепіл туралы шарттың немесе кепіл талаптары бар өзге шарттың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынбауы негіз болып табылады.

      10. Өтініш беруші машиналарды кепілге қоюды тіркеу бойынша жасалған іс-кимылды немесе одан дәлелді бас тартуды негізсіз деп санаған жағдайда, сондай-ақ белгіленген мерзімдер бұзылған кезде, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және/немесе сотқа жүгінуге құқылы.

      11. Машиналарды кепілге қоюды тіркеу туралы куәлік жойылған (жоғалған, бүлінген және тағы да басқа) жағдайда, орнына телнұсқасы беріледі.

      12. Телнұсқа беру, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын (оның ішінде меншік құқығының өзге адамға өтуін, талап ету құқығын өзгеге беруді) және қолданылуын тоқтатуды тіркеу кепіл беруші немесе кепіл ұстаушы өтініш берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      13. Тіркеуші орган телнұсқаны беру, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын (оның ішінде меншік құқығының өзге адамға өтуін, талап ету құқығын өзгеге беруді) және қолданылуын тоқтатуды тіркеу кезінде тиісті мәліметтерді машиналарды кепілге қою тізіліміне, оның ішінде компьютерлік базаға енгізуді жүргізеді.

      14. Өтініштегі мәліметтерді тексергеннен және тиісті мәліметтерді машиналарды кепілге қою тізіліміне, оның ішінде компьютерлік базаға енгізгеннен кейін тіркеуші орган телнұсқаны береді және/немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шартты тіркеу туралы белгі қоя отырып өтініш берушіге қайтарады.

      15. Кепілге қою шартының қолданылуын тоқтатуды тіркеуді кепіл ұстаушы жазбаша өтінішті және негізгі міндеттеменің орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынған соң, тіркеуші орган машиналарды кепілге қою тізіліміндегі, оның ішінде компьютерлік базадағы кепіл туралы жазбаның күшін жою жолымен жүргізіледі.

  Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған арнаулы
жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн
ауылшаруашылық, мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн,
жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды кепілге қоюды
мемлекеттік тіркеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      ___________________________________________________________________

      тіркеуші органның атауы

      № ____ өтініш

      Кепіл беруші ________________________________________________________

      Жеке тұлғаның ЖСН, (қолы, тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)), / заңды тұлғаның БСН, атауы, мекенжайы

      Кепіл ұстаушы _______________________________________________________

      Жеке тұлғаның ЖСН, (қолы, тегі, аты, әкесінің

      аты(бар болған жағдайда)), / заңды тұлғаның БСН, атауы,

      мекенжайы

      Мынаны: _____________________________________________________________

      (жылжымалы мүлікті кепілге қою шартын тіркеуді (тіркеуден

      алуды), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде меншік

      құқығының өзге адамға өтуі, талап ету құқығын өзгеге беру,

      кейінгі кепіл (қайта кепіл)) туралы тіркеуді, тіркелген

      кепілдің қүйін тоқтату, куәліктің телнұсқасын беруді)

      _____________________________________________________________________

      (шартың нөмірі, жасалған күні)

      ____________________________________________________________ өтінемін

      Кепіл заты туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің сипаты)

      Осы өтінішке қоса берілетін құжаттардың атауы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Мөр орны Өтініш берілген күн: 20 жылғы ________________________

      Өтініш қабылданған күн: 20 жылғы ____________________

      Ұсынылған ақпараттың шынайлығын растаймын және жалған

      мәліметтер ұсынған үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

      жауапкершілік туралы хабардармын.

      Заңмен қорғаланатын құпиядан туратын, ақпараттық жүйелерде

      қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш берушінің қолы_______________ уақыты______ сағат_______ минут

      Тіркеушінің қолы _________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

  Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған арнаулы
жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн
ауылшаруашылық, мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн,
жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды кепілге қоюды
мемлекеттік тіркеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      №_________ парақ

      №_________ тіркеу ісі

      Машиналарды кепілге қою тізілімі

Жазба №

Тізілім №

Кепіл нысанасы

Кепіл ұстаушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы мен күні, тұрғылықты жері, заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы

Кепіл беруші, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері, туған жылы мен күні, заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы

Кепіл сомасы

1

2

3

4

5

6


      кестенің жалғасы:

Шарттың қолданылуы

Ауыртпалықтың пайда болуы

Ауыртпалықтың тоқтатылуы

Тіркеушінің ерекше белгілері

Құжаттың атауы мен нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

Күні және уақыты (сағаты мен минуты)

Құжаттың атауы мен нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)және қолы

Күні және уақыты (сағаты мен минуты)

7

8

9

10

11

12


      Тіркеу парағын жалғастыру/жабу туралы жазба _________________________

Жазбаларды жалғастыруды тоқтату негіз (жалғастыру кезінде)

Көшірілген (жабу кезінде) немесе соңғы жазбалар (жалғастыру кезінде) тізбесі

Парақ нөмірі

Күні, уақыты (сағаты, минуты)

Тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

13

14

15

16

17

  Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған арнаулы
жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн
ауылшаруашылық, мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн,
жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды кепілге қоюды
мемлекеттік тіркеу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      тіркеуші органның атауы

      Машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу туралы

      20 ____ жылғы "___" _____________ №_________ куәлік

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________ берілді

      (Кепіл ұстаушының немесе оның уәкілетті өкілінің деректемелері)

      Жылжымалы мүлікке қатысты растау:

Мүлік түрі

Тізілімдік нөмірі

Кепіл нысананың сипаты

Саны

Құны

Ескертпе

1

2

3

4

5

6








      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________ кепіл тіркелген

      Кепіл ұстаушының құқығы _____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),

      тұрғылықты жері, туған жылы мен күні)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және тіркеу нөмірі)

      кепілге қойылатын нысанаға __________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (кепілге қойылатын нысананың сипаты)

      кепіл туралы шарт негізінде туындаған _______________________________

      _____________________________________________________________________

      (шарт жасалған күн)

      тіркелген _____________________ және мынадай негізгі шарттарды қосады

      тіркелген күні мен нөмірі ___________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (кепілдің мөлшері, негізгі міндеттерді атқару мерзімі,

      және өзге де шарттары)

      Кепіл беруші _________________________________________________ құқығы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құқық түрі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты(бар болған жағдайда),

      тұрғылықты жері, туған жылы мен күні)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және тіркеу нөмірі расталады)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (кепіл нысанына құқық белгілеу құжатының атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (қабылданған күні, тіркеу нөмірі мен күні)

      Тіркеуші ____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты(бар болған жағдайда), қолы)

      Бастық ______________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты(бар болған жағдайда), қолы)

      Мөр орны

      Ескертпе:

      1. Қолдан жасаудан қорғау үшін машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік

      тіркеу туралы куәлік бланкілерінде реттік нөмірі, тангирлік торы және су белгісі бар қағазы болуы тиіс.

      2. Осы куәлік кепіл өтелген кезде тіркеуші органға қайтаруға жатады.