"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен;3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
__________ Ә. Исекешев
2015 жылғы " "
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________ Е. Досаев
2015 жылғы " "
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 4-3/268 бұйрығымен бекітілген |
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2020 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.2. Осы Қағидалар тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды (бұдан – әрі машина) кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу және "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) кепілді цифрлық тіркеу – цифрлық нысандағы өтініш негізінде жүзеге асырылатын машиналар кепілін тіркеу;
3) тіркеуші орган – машиналардың кепілін тіркеуді, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген іс-қимылдарды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші)).
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.02.2024 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.04.2026 № 247 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз нысанында көрсетіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.12.2021 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), машиналар кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркеуші органға (көрсетілетін қызметті берушіге) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) не Мемлекеттік корпорация не тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркеуші органға (көрсетілетін қызметті берушіге) портал не Мемлекеттік корпорация арқылы не тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
"Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.02.2024 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен.6. Мемлекеттік қызметті көрсету тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) өтініш қабылданған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері ұсынылған құжаттар мен өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданғанда, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар қабылданғаны туралы қол хат беріледі.
Қабылданған құжаттар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларына сәйкес тіркеуші органға жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
8. Тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері жүгінгенде, жолданымдарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жақын арадағы жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде қағаз тасығыштағы өтініштің көшірмесінде күні, уақыты (сағаты, минуты), өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні, лауазымы көрсетіле отырып, тіркелгені туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрамның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетінқызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.12.2021 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) құжаттарды қабылдаған күні ұсынылған құжаттардың толықтығын және/немесе өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын тексереді және өтінім беруші толық емес құжаттарды, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, электрондық нысанда тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жолдайды.
10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысы құжаттарды қабылдаған күні тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысын (бұдан әрі – инженер-инспектор) анықтайды.
Инженер-инспектор өтініш қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын және өтініштің Заңның 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Инженер-инспектор өтініштегі мәліметтерді осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналар кепілінің тізіліміне енгізеді, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – машиналардың кепілін тіркеу туралы куәлікті немесе машиналардың кепілін тіркеу туралы куәліктің көшірмесін немесе кепілді тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістерді, толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу), тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу туралы хабарламаны немесе осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты ресімдейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанда жіберіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.12.2021 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Жүргізілген цифрлық тіркеу туралы ақпарат кепіл ұстаушының, тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) цифрлық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды қажет етпейді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.11-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.11-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар қарайтын не сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұрады.
Ескерту. 11-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.11-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы Қағидалардың 11-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қайтыс болған адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы Қағидалардың 11-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
Ескерту. 11-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.11-4. Мемлекеттік қызметті көрсетуші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі. Мемлекеттік қызметті көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;2) көрсетілетін қызметті алушының оның заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болуы.
Ескерту. 11-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.12. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштің Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) кепілді тіркеу туралы өтінішпен тиісті емес адамның жүгінуі;
4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжаттың болмауы.
13. Кепіл шартының қолданылуын тоқтатуды тіркеуді тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) машиналар кепілі тізілімінде кепіл туралы жазбаны жою жолымен жүргізеді.
14. Машиналар кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жойылған (жоғалған, бүлінген) жағдайда, машиналар кепілі тізілімінде тиісті мәліметтер енгізіле отырып, телнұсқа беріледі.
15. Машиналардың кепілін тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу туралы мәліметтердің қолжетімділігін және ақпараттың берілуін Заңның 18-бабына сәйкес тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) қамтамасыз етеді.
16. Тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) машиналар кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру, өзгерiстер мен толықтыруларды және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу кезінде машиналар кепілі тізіліміне, оның ішінде бірыңғай тізілімге тиісті мәліметті енгізеді.
17. Тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) және (немесе) оның лауазымды адамының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
18. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған тіркеуші органға (көрсетілетін қызметті берушіге) және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын, қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес:
жергілікті атқарушы орган тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің), мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.12.2021 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. _________________________________________________________________
(тіркеуші органның атауы) Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
Кепіл беруші___________________________________________________ ___________________________________________________________________ (жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса),тегі, тұрғылықты жерінің мекенжайы); заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), атауы, орналасқан жерінің мекенжайы) Кепіл ұстаушы ________________________________________________ _________________________________________________________________ (жеке тұлғаның ЖСН-сы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерінің мекенжайы; заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерінің мекенжайы) ____________________________________________________________сұраймын (кепілді мемлекеттік тіркеуді (тіркеуден алуды), машиналар кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын беруді жүзеге асыруды) ___________________________________________________________________ (шарттың нөмірі, кепіл туралы шарттың немесе кепіл туралы талаптарды қамтыған өзге де шарттың жасалған күні мен орны) ____________________________________________________________________ (кепіл заты болып табылатын жылжымалы мүліктің тізбесі (машиналар тізімі) және сипаттауы (машинаның маркасы, тіркеу құжатының нөмірі және сериясы, МТНБ) немесе кепіл туралы шарт тараптарының келісімінде көзделген кепілді қамтамасыз етудің нақты сипаттауы талап етілмей кепіл затының жалпы сипаттауы) ____________________________________________________________________ (кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы) ___________________________________________________________________ (міндеттеме кепілімен қамтамасыз етілген қолданылу мерзімі) __________________________________________________________________ (кепілге салынған мүліктің қай тарапта екенін көрсету, оны пайдалануға жол беру және қайта кепілге салу туралы мәліметтер). __________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының электрондық почтасының мекенжайы (бар болса)) Осы өтінішке қоса берілетін құжаттардың атауы: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің қолы/ электрондық цифрлық қолтаңбасы _______________________________________________ Өтініш беру күні: 20__жылғы ________________ Өтінішті қабылдау күні: 20__жылғы________________ Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын. Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы ___________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Уақыты: ___ сағат_____ минут Тіркеушінің қолы/ электрондық цифрлық қолтаңбасы ___________________ _____________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Өтінішке "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті тіркеуші органға және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына берген кезде жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі – оның өкілеттігін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
_________________________________________________________________
(тіркеуші органның атауы) Өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
Кепіл беруші___________________________________________________ ___________________________________________________________________ (жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса),тегі, тұрғылықты жерінің мекенжайы); заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), атауы, орналасқан жерінің мекенжайы) Кепіл ұстаушы ________________________________________________ _________________________________________________________________ (жеке тұлғаның ЖСН, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерінің мекенжайы; заңды тұлғаның БСН, атауы, орналасқан жерінің мекенжайы) ____________________________________________________________сұраймын ___________________________________________________________________ (өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде меншік құқығының басқаға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, одан кейінгі кепіл (кепілге қайта салу)) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату) _____________________________________________________________________ (бастапқы тіркелген кепілге нұсқау, кепіл туралы шартқа өзгерістер мен толықтыруларды сипаттау (меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру және кейіннен кепілге салу (кепілге қайта салу), тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату негіздері) ________________________________________________________________________________ (кепіл талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарттың не кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарттың (оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың) қол қойылған күні және нөмірі) _______________________________________________________________________________ (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда, тіркеуші орган берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі) ________________________________________________________________________________ (енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мәліметтері мен сипаттауы (машина маркасын, тіркеу құжатының нөмірі мен сериясын және МТНБ көрсете отырып)) ________________________________________________________________________________ (алдыңғы кепіл ұстаушылардың келісімі туралы мәліметтер (кейіннен машиналарды кепілге (қайта кепілге) салған жағдайда)) Кепіл берушінің немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы _____________________________________________________________________ Кепіл ұстаушының немесе оның өкілінің қолы/ электрондық цифрлық қолтаңбасы _____________________________________________________________________ * Кепіл шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде – жаңа кепіл ұстаушының қолы/ электрондық цифрлық қолтаңбасы ғана, сондай-ақ құқықты (талапты) басқаға берген кепіл ұстаушы қол қойған келісім. Өтініш беру күні: 20__ жылғы__________________ Өтінішті қабылдау күні: 20__ жылғы__________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы/ электрондық цифрлық қолтаңбасы _____________
Уақыты: ___ сағат_____ минут
Тіркеушінің қолы/ электрондық цифрлық қолтаңбасы ________________________
_____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Өтінішке "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
Тіркеуші органға (көрсетілетін қызметті берушіге) және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі – оның өкілеттігін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
"Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру немесе кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу, тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату туралы хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты беру. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар | Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизацияландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. gov. kz мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасындағы интернет-ресурста көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, тіркеуші орган _________ және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) ____________________ мекенжайы бойынша орналасқан №_______ филиалының бөлімі Сіздің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11708 болып тіркелген) бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
1) _________________________________________;
2) _________________________________________;
3) _________________________________________
ұсынбауыңызға байланысты "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістерді, толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бір данадан 2 данада жасалды.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің аты,
әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Орындаушы: _________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Телефоны ________________
Алдым: ___________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
20__ жылғы "___" _________"
№_________ парақ
№_________ тіркеу ісі
Машиналар кепілінің тізілімі
Жазба № | Тізілім № | Кепіл нысанасы |
Кепіл ұстаушы |
Кепіл беруші | Кепіл сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы:
Шарттың қолданылуы | Ауыртпалықтың пайда болуы | Ауыртпалықтың тоқтатылуы | Тіркеушінің ерекше белгілері | ||
Құжаттың атауы мен нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, және қолы | Күні және уақыты (сағаты мен минуты) | Құжаттың атауы мен нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы | Күні және уақыты (сағаты мен минуты) | ||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Тіркеу парағын жабу/жалғастыру туралы жазба _______________________________
Жазбаларды жалғастыруды (жалғастыру кезінде) тоқтату үшін негіз | Көшірілген (жабу кезінде) немесе соңғы жазбалар (жалғастыру кезінде) тізбесі | Парақ нөмірі | Күні, уақыты (сағаты, минуты) | Тіркеушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
_________________________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
Машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 20 ____ жылғы "___" _____________ №_________
_________________________________________________________________
(кепіл ұстаушының немесе кепіл ұстаушының уәкілетті өкілінің деректемелері)
___________________________________________________________ берілді
Жылжымалы мүлікке қатысты растау:
Мүлік түрі | Тізілімдік нөмірі | Кепіл нысанасының сипаты | Саны | Құны | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
_________________________________________________________________
____________________________________________________кепілі тіркелді
__________________________________________________ кепіл ұстаушының
_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса),тегі, тұрғылықты жерінің мекенжайы); заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі, атауы, орналасқан жерінің мекенжайы)
құқығы____________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________
(кепіл нысанасының сипаты)
_______________________________ тіркелген және мынадай негізгі
(тіркелген күні және нөмірі)
шарттарды қамтитын _________________________________________________
____________________________________________________________________
(негізгі міндеттеменің мөлшері, орындау мерзімі және кепілдің басқа да шарттары)
____________________________________________________________________
(шарттың жасалған күні)
кепіл туралы шарт негізінде туындады.
Кепіл берушінің ____________________________________
құқығы_________________________________________________________
құқық түрі_______________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерінің мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы, атауы және бизнес сәйкестендіру нөмірі расталды)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(атауы, қабылданған күні, тіркеу нөмірі мен күні)
___________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(кепіл нысанасына құқық белгілеу құжаты)
Тіркеуші _________________________________________________________
_________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
_________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы және мекенжайы)
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2026 № 247 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркеуші орган _________________________________________________________________ (атауы мен мекенжайы көрсетіледі) _________________________________________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетіледі) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. Бас тарту үшін негіздер: _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ (тіркеуші орган басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/ электрондық цифрлық қолтаңбасы) 20__ жылғы "___" _________