"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 шілдеде № 11685 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қантардағы «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» № 36 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9114 тіркелді, 2014 жылғы 4 наурыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 19 маусымдағы «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 36 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 215 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9568 тіркелді, 2014 жылғы 16 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж.Әбдірайымға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                            Б. Имашев

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 367 бұйрығымен  
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге
мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын
ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11374 тіркелген) негізінде әзірленді.
      «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық);
      2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
      Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес «апостиль» мөртабаны бар құжатты қағаз жеткізгіште беру не мемлекеттік қызмет көрсетудің қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап.
      Порталда көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинетіне» қызметті көрсетушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижелері, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің берілу күні және жері көрсетіліп, хабарлама жолданады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағымен көрсетілген өтінішті және қажетті құжаттарды немесе электрондық сұрау салуды алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық түрде алу мүмкіндігі бар.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):
      1) Орталық қызметкерінің құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің маманының өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін рәсімдеуі;
      4) көрсетілетін қызметті беруші маманының Орталық қызметкеріне көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беруі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үрдісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізімі:
      1) Орталық;
      2) көрсетілетін қызметті беруші;
      3) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      5) Азаматтық хал актілерін тіркеу мен апостиль қоюды бақылау және қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (егер құжат облыстық, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттерімен апостильденсе) немесе көрсетілетін қызметті берушінің маманы (сарапшысы);
      6) портал.
      7. Құжат Орталық арқылы түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің арасында өзара әрекет (қимыл) тәртібінің сипаттамасы:
      1) құжаттарды қабылдауды және Орталықтың ақпараттық жүйесінде 15 (он бес) минут ішінде өтінішті тіркеуді және көрсетілетін қызметті берушіге орындауға тапсыруды жүзеге асырады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш және қажетті құжаттар түскен соң 20 (жиырма) минут ішінде Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады, Стандарттың 4-тармағымен бекітілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы қарарға сәйкес 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін азаматтық хал актілерін тіркеу мен апостиль қоюды бақылау және қамтамасыз ету бөлімінің басшысына немесе көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін береді;
      4) маман келесі дәйекті іс-қимылдарды жүзеге асырады:
      Ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне тексереді;
      1) апостиль қоюға арналған құжаттарды тіркеу кітабында құжаттарды тіркейді, ресми құжаттың дұрыстығын тексереді, 14 (он төрт) сағат 35 (отыз бес) минут ішінде ұсынылған құжатты апостильдеуге дайындайды немесе мемлекеттік қызметті қарау нәтижесі туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызмет берушінің басшысына зерделеуге ұсынады;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті, көрсетілетін қызмет берушінің қызметкері дайындаған құжаттарды тексереді, оған қол және мөр қояды, көрсетілетін қызмет берушінің қызметкеріне қайтарады;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің қызметкері құжатты алған кезде 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкеріне береді, ол дайын құжатты немесе мемлекеттік қызметті қарау нәтижесі туралы дәлелді жауапты Орталық қызметкеріне тізілімге сәйкес береді.
      Орталықтан түсетін өтініштер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде тіркелмейді.
      7-1. Құжат портал арқылы түскен кезде Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің арасында өзара әрекет (қимыл) рәсімдері дәйектілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш және қажетті құжаттар түскен соң 20 (жиырма) минут ішінде Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады, Стандарттың 4-тармағымен бекітілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы қарарға сәйкес 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін азаматтық хал актілерін тіркеу мен апостиль қоюды бақылау және қамтамасыз ету бөлімінің басшысына немесе көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін береді;
      3) маман келесі дәйекті іс-қимылдарды жүзеге асырады:
      Ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне тексереді;
      1) апостиль қоюға арналған құжаттарды тіркеу кітабында құжаттарды тіркейді, ресми құжаттың дұрыстығын тексереді, 14 (он төрт) сағат 35 (отыз бес) минут ішінде ұсынылған құжатты апостильдеуге дайындайды немесе мемлекеттік қызметті қарау нәтижесі туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызмет берушінің басшысына зерделеуге ұсынады;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті, көрсетілетін қызмет берушінің қызметкері дайындаған құжаттарды тексереді, оған қол және мөр қояды, көрсетілетін қызмет берушінің қызметкеріне қайтарады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжатты алған кезде 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсенің дайын құжатты беретін қызметкеріне мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді немесе мемлекеттік қызметті қарау нәтижесі туралы дәлелді жауапты Орталық қызметкеріне тізілімге сәйкес береді.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығы және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызмет берушілердің өзара іс-қимыл тәртібінің,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық
жүйелерді пацдалану тәртібінің сипаттамасы

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің) арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес кестеде келітірілген.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы, рәсімдері, (іс-қимылдары) дәйектілігінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйесін пайдалану тәртібі және Орталықпен және (немесе) басқа көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Қазақстан Республикасының әділет  
органдарынан және өзге мемлекеттік 
органдарынан, сондай-ақ нотариустардан
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
регламентіне 1-қосымша       

Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің)
дәйектілігінің сипаттамасы

1.

Іс-әрекет (жұмыс барысы, ағымы) №

2

3

4

5

6

2.

Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі


Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі


Көрсетілетін қызмет берушінің басшысы

Бөлім басшысы не бөлім маманы (бөлім басшысы бірлігі қарастырылмағанда)

Көрсетілетін қызмет берушінің басшысы

Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі


3.

Рәсімдер (іс-әрекеттер) дәйктілігінің сипаттамасы
 

Тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдау


Бөлім басшысына немесе бөлім маманына (бөлім басшысы бірлігі қарастырылмағанда) қарауға жолдайды


Құжаттарды қабылдау және тексеру, тізілімде тіркеу, өтінішті және құжаттарды қарау, құжатта «апостиль» штампын қою


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қою


Дайын құжатты орталық қызметкеріне тізілім бойынша беру

4.

Аяқталу нысаны («апостиль» штампы қойылған құжат)

Бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесінде тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру

Бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесінде белгі соғу және құжаттарды қарауға ұсыну


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін

көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдау


Ұсыну үшін кеңсеге беру


Орталық қызметкерімен тізілім бойынша құжатты алу


5.

Әр рәсімнің ұзақтығы

20 минут

15 минут

14 сағат 35 минут


20 минут

15 минут

«Қазақстан Республикасының әділет  
органдарынан және өзге мемлекеттік 
органдарынан, сондай-ақ нотариустардан
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
регламентіне 2-қосымша       

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдерістерінің
АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік
органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға
апостиль қою»

Халыққа қызмет көрсету арқылы көрсетілгенде

Қызмет Электронды үкімет порталы арқылы көрсетілгенде

Қызметті электронды түрде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсеткенде

*ҚФБ – Құрылымдық-функционалдық бірлік: қызмет берушінің (жұмыскерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің, Халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара әрекеттестігі;