"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 шілдеде № 11685 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қантардағы "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" № 36 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9114 тіркелді, 2014 жылғы 4 наурыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 19 маусымдағы "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 36 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 215 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9568 тіркелді, 2014 жылғы 16 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж.Әбдірайымға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 367 бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік
органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 23.02.2016 № 93 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11374 тіркелген) негізінде әзірленді.

      "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық /қағаз түрінде.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 07.08.2017 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:

      Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес "апостиль" мөртабаны бар қағаз жеткізгіштегі құжат, көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жолыққан кезде қарастырудың тоқтатылғаны жөніндегі хат беру не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қолы қойылған, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің берілетін жері және күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижесінің дайын екендігі туралы хабарлама, көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жолыққан кезде қарастырудың тоқтатылғаны жөніндегі хат беру не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 07.08.2017 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтің көрсетілуі үшін Стандарттың 9-тармағында көзделген өтінішті және қажетті құжаттарды немесе электрондық сұрау салуды алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольды қолданған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 07.08.2017 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):

      1) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі;

      2) көрсетілетін қызметті беруші маманының өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі;

      3) көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін рәсімдеуі;

      4) көрсетілетін қызметті беруші маманының Мемлекеттік корпорация қызметкеріне көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беруі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорация;

      2) көрсетілетін қызметті беруші;

      3) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      5) Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қоюды қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы (құжат облыстық, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттерімен апостильденген жағдайда) немесе көрсетілетін қызметті берушінің маманы (сарапшысы);

      6) портал.

      7. Құжат Мемлекеттік корпорация арқылы түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігі сипаттамасы:

      1) құжаттарды қабылдауды және Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде 15 (он бес) минут ішінде өтінішті тіркеуді және көрсетілетін қызметті берушіге орындауға тапсыруды жүзеге асырады;

      2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш пен қажетті құжаттар түскен соң 20 (жиырма) минут ішінде реестрді Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүргізеді, Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарарға сәйкес 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қоюды қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысына немесе көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін жазып жібереді;

      4) маман келесі дәйекті іс-әрекеттерді жүзеге асырады:

      ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексереді;

      құжаттарды апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабында тіркейді, ресми құжаттың төлнұсқалығын тексереді, ұсынылған құжатты 14 (он төрт) сағат 35 (отыз бес) минут ішінде апостильдеуге дайындайды, көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жолыққан кезде қарастырудың тоқтатылғаны жөніндегі хат беру не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына зерделеуге ұсынады;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері дайындаған құжатты зерделейді, оған қол және мөр қойып, көрсетілетін қызмет берушінің қызметкеріне қайтарады;

      көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжатты алған кезден бастап 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді, ол Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне тізілім бойынша дайын құжатты, көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жолыққан кезде қарастырудың тоқтатылғаны жөніндегі хат беру не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

      Мемлекеттік корпорациядан түсетін өтініштер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде тіркелмейді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 07.08.2017 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7-1. Құжат портал арқылы түскен кезде құрылымдық бөлімшелердің арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігі сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін өтініш пен қажетті құжаттар түскен соң 20 (жиырма) минут ішінде сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарарға сәйкес 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін азаматтық хал актілерін тіркеу мен апостиль қоюды қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысына немесе көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін жазып жібереді;

      3) маман келесі дәйекті іс-әрекеттерді жүзеге асырады:

      ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексереді;

      құжаттарды апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабында тіркейді, ресми құжаттың төлнұсқалығын тексереді, 6 (алты) сағат 50 (елу) минут ішінде апостильдеуге ұсынылған құжатты, көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жолыққан кезде қарастырудың тоқтатылғаны жөніндегі хатты не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына зерделеуге ұсынады;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері дайындаған құжатты зерделейді, оған қол және мөр қойып, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне қайтарады;

      көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжатты алған кезде 15 (он бес) минут ішінде дайын құжатты беретін көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін, көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жолыққан кезде қарастырудың тоқтатылғаны жөніндегі хатты не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорация қызметкеріне тізілімге сәйкес береді.

      Ескерту. 7-1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 07.08.2017 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызмет берушілердің өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ
мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігі сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес кестеде келтірілген.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары дәйектілігінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Қазақстан Республикасының
әділет органдарынан және өзге
мемлекеттік органдарынан,
сондай-ақ нотариустардан
шығатын ресми құжаттарға
апостиль қою" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігі сипаттамасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 07.08.2017 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1.

Іс-әрекеттер (жұмыс барысы, ағымы) №

2

3

4

5

6

2.

Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Бөлім басшысы не бөлім маманы (бөлім басшысы бірлігі қарастырылмағанда)

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

3.

Рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігі сипаттамасы
 

Тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдау

Бөлім басшысына немесе бөлім маманына (бөлім басшысы бірлігі қарастырылмағанда) құжаттардықарауға жазып жібереді

Құжаттарды қабылдау және тексеру, тізілімге тіркеу, талдау жүргізу, өтініш пен құжаттарды қарау, құжатқа "апостиль" мөртабанын қою, көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жолыққан кезде қарастырудың тоқтатылғаны жөніндегі хат не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қою

Дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорация қызметкеріне тізілім бойынша беру

4.

Аяқталу нысаны ("апостиль" мөртабаны қойылған құжат, көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жолыққан кезде қарастырудың тоқтатылғаны жөніндегі хат не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап)

Көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде реестрді тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру

Көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде белгі соғу және құжаттарды қарауға ұсыну

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін
көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау

Ұсыну үшін кеңсеге беру

Мемлекеттік корпорация қызметкерінің құжатты тізілім бойынша алуы

5.

Әр рәсімнің ұзақтығы

20 минут

15 минут

14 сағат
35 минут

20 минут

15 минут

  "Қазақстан Республикасының
әділет органдарынан және өзге
мемлекеттік органдарынан,
сондай-ақ нотариустардан
шығатын ресми құжаттарға
апостиль қою" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің
АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 07.08.2017 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан,
сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою"

      Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетілген кезде



Қызмет Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілгенде



      Қызметті электрондық түрде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсеткенде



      *ҚФБ – Құрылымдық-функционалдық бірлік: қызмет беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), Мемлекеттік корпорацияның, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс-қимыл жасауы;


- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;

- көрсетілетін қызметті алушының рәсімі (іс-әрекеті) атауы және (немесе) ҚФБ;

- таңдау нұсқасы;

- келесі рәсімге (іс-әрекетке) өту.

      - ХҚКО ИАЖ – Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесі;

      - ХҚКО ИАЖ АЖО – Халыққа қызмет көрсету орталығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде оператордың автоматтандырылған жұмыс орны;

      - ЭҮП – "Электрондық үкімет" порталы;

      - ЭЦҚ – электрондық-цифрлық қолтаңба;

      - "АХАЖ" ТП АЖ – "АХАЖ" тіркеу пункті ақпараттық жүйесі.