Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11623 тіркелді.

Жаңартылған

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 60) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Коса беріліп отырған Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрінің


міндетін атқарушы

С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________Ә. Исекешев

      2015 жылғы 17 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 9 маусым



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153
бұйрығымен бекітілген

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 60) тармақшасына, "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аумақтық бөлімше – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық бөлімшесі;

      2) жануарларды интродукциялау – жануарлар түрлерінің дарақтары бұдан бұрын мекендемеген таралу аймақтарынан (таралу облыстары) тыс олар үшін жаңа жерлерге оларды әдейі немесе кездейсоқ тарату;

      3) жануарларды реинтродукциялау – жануарлар түрлерінің дарақтарын бұрынғы мекендеу орындарына әдейі қоныстандыру;

      4) жануарларды будандастыру – шаруашылықта пайдалы озық белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру;

      5) өтінім беруші – жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды өтінім берген жеке немесе заңды тұлға.

2. Рұқсат беру тәртібі

      3. Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат алуға өтінім (бұдан әрі - өтінім) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электронды үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда не қағазға басылған түрінде аумақтық бөлімшеге жіберіледі.

      4. Өтінімге мынадай құжаттар қөшірмелері қоса тіркеледі:

      1) ветеринариялық анықтама (құжаттарда қамтылған ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндік болған жағдайда талап етілмейді);

      2) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге кезінде жануарларды иеленудің заңдылығын растайтын құжаттар (сауда-саттық шарты, сыйға тарту шарты, жүкқұжат немесе тауар чегі немесе банктің белгісі бар төлем тапсырысы);

      3) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге биологиялық негіздеме және мемлекеттіқ экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен.

      5. Аумақтық бөлімше рұқсат және (немесе) оның қосымшаларын алуға өтінім берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде берілген құжаттардың толымдылығын тексеріп шығуға міндетті.

      Өтінім беруші құжаттардың топтамасын толық бермеген жағдайда рұқсат беру органы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

      6. Аумақтық бөлімше өтінімді және оған қоса тіркелген құжаттарды өтінім тіркелген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қарап, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат береді.

      7. Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда аумақтық бөлімше өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетілген жауап жолдайды.

      Аумақтық бөлімшелер мынадай негіздер бойынша рұқсат беруден бас тартады:

      1) өтінім белгіленген нысан бойынша берілмеген;

      2) рұқсат беру үшінті қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңымен және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңымен белгілеген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) өтінім берушіге қатысты жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2016 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Өтінім беруші немесе сенімхат бойынша басқа адам мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға қағаз тасымалдағыш арқылы жүгінген жағдайдамемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды нысанда ресімделеді және қағазға басылып, қызмет берушінің мөрімен және оның уәкілетті адамының қолымен куәландырылып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Рұқсаттар беру журналына қол қойғызылып беріледі.

      9. Өтінім беруші рұқсатты алып, онда көрсетілген мерзімде интродукциялауды, реинтродукциялауды немесе будандастырудыөндіреді.

      Рұқсаттың қолданылу мерзімі бір күнтізбелік жылдан аспайды.

      10. Аумақтық бөлімше рұқсатты кері қайтарып алуына:

      1) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуден өз еркімен бас тарту;

      2) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу негіз болып табылады.

  Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (аумақтық бөлімшенің толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлғаның

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (мекенжайы, телефон нөмірі)

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге рұқсат беруге
өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2016 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және

      будандастыруды жүргізуге (қажеттісінің астын сызу) рұқсат беруді

      сұраймын.

      Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды

      жүргізудің мақсаты __________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жануар түрі _________________________________________________________

      Жануардың саны мен салмағы __________________________________________

      Жануардың жынысы ____________________________________________________

      Жануардың жасы ______________________________________________________

      Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды

      жүргізудің мерзімі __________________________________________________

      Интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізу

      ауданы_______________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес

      мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына

      сәйкес жауап беретінім туралы хабардармын.

      20__жылғы _________ _________________________________________________

      (өтiнiм берiлген күн) (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны

      Ақпараттық жүйелерде бар заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__жылғы "____"__________________

      (қолы)
Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымшаысан

Уәкілетті орган ведомствосының деректемелері мемлекеттік тілде

Уәкілетті орган ведомствосының деректемелері орыс тілінде

_______________________жүргізуге рұқсат №______

Берілген күні: (берілген күні)

(Өтінім берушінің атауы)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы Сіздің ________________ жүргізуге рұқсат беруге қатысты (өтінім беру күні) № (өтінім нөмірі) өтінімізге сәйкес мынаны хабарлайды (мәтін)

  Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргiзуге рұқсат берудi тiркеу журналы

Рұқсатнөмірі №

Пайдалану түрi (жануардың түрi, саны)

Қолданылумерзiмi

Кiмгеберiлдi

Рұқсаттың күнi және

нөмірі

Алушыныңдеректерi (Т.А.Ә., жекекуәлiгiнiң нөмірі)

Алушының қолы