Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11623 тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.09.2020 № 221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 60) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Коса беріліп отырған Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________Ә. Исекешев

      2015 жылғы 17 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 9 маусым



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153
бұйрығымен бекітілген

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 60) тармақшасына және "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аумақтық бөлімше – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық бөлімшесі;

      2) жануарларды интродукциялау – жануарлар түрлерінің дарақтары бұдан бұрын мекендемеген таралу аймақтарынан (таралу облыстары) тыс олар үшін жаңа жерлерге оларды әдейі немесе кездейсоқ тарату;

      3) жануарларды реинтродукциялау – жануарлар түрлерінің дарақтарын бұрынғы мекендеу орындарына әдейі қоныстандыру;

      4) жануарларды будандастыру – шаруашылықта пайдалы озық белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру;

      5) өтінім беруші – жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды өтінім берген жеке немесе заңды тұлға.

2-тарау. Рұқсат беру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруге арналған өтінім (бұдан әрі - өтінім) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде жіберіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізу кезінде жануарларды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жүкқұжат немесе тауар чегі немесе банктің белгісі бар төлем тапсырмасы);

      2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге арналған биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Аумақтық бөлімше рұқсат және (немесе) оның қосымшаларын алуға өтінім берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде берілген құжаттардың толымдылығын тексеріп шығуға міндетті.

      Өтінім беруші құжаттардың топтамасын толық бермеген жағдайда рұқсат беру органы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

      6. Аумақтық бөлімше өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды бір жұмыс күні ішінде қарайды (егер, өтiнiм сағат 18.00-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда өтінім беруші үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады) және тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарап, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат береді не мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) өтінім беруші рұқсат алуға ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) өтінім берушінің және (немесе) рұқсат беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда, Заңда және "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) өтінім берушіге қатысты рұқсат алуды қажет ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) өтінім берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтінім берушінің рұқсат алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруді есепке алу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруді тіркеу журналында жүргізіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Өтінім беруші рұқсатты алып, онда көрсетілген мерзімде интродукциялауды, реинтродукциялауды немесе будандастырудыөндіреді.

      Рұқсаттың қолданылу мерзімі бір күнтізбелік жылдан аспайды.

      10. Аумақтық бөлімше рұқсатты кері қайтарып алуына:

      1) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуден өз еркімен бас тарту;

      2) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу негіз болып табылады.

  Жануарларды
интродукциялауды,
реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  (кімге)______________________
(уәкілетті органның толық
атауы)
(кімнен)_____________________
(заңды тұлғаның атауы не жеке
тұлғаның аты, әкесінің аты (бар
болса), тегі)
  ____________________________
(мекенжайы, телефон және факс
нөмірі)
____________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды
жүргізуге рұқсат беруге арналған өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды

      жүргізуге (қажеттісінің астын сызу) рұқсат беруді сұраймын.

      Интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізудің

      мақсаты ________________________________________________________________________

      Жануар түрі _____________________________________________________________________

      Жануардың саны мен салмағы ______________________________________________________

      Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру

      жүргізілетін мерзім _______________________________________________________________

      Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялауд және будандастыру

      жүргізілетін аудан ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ветеринариялық анықтаманың нөмірі және берілген күні _______________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Өтінімнің берілген күні 20____жылғы "__"________________

      ________________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

  Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Уәкілетті орган ведомствосының деректемелері мемлекеттік тілде

Уәкілетті орган ведомствосының деректемелері орыс тілінде

_______________________жүргізуге рұқсат №______

Берілген күні: (берілген күні)

(Өтінім берушінің атауы)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы Сіздің ________________ жүргізуге рұқсат беруге қатысты (өтінім беру күні) № (өтінім нөмірі) өтінімізге сәйкес мынаны хабарлайды (мәтін)

  Жануарларды
интродукциялауды,
реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргiзуге рұқсат берудi тiркеу журналы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Рұқсат

Пайдалану түрi (жануардың түрi, саны)

Қолданылу мерзiмi

Кiмге берiлдi

Рұқсаттың күнi және нөмірі

Алушының деректерi (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

1

2

3

4

5

6