«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»
2012 жылғы 16 ақпандағы № 562-ІV Қазақстан Республикасының Заңы
9-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі И.Тасмағамбетов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов
2015 жылғы «__»__________
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 11 маусымдағы
№ 329 бұйрығымен
бекітілген
Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар азаматтарды әскери қызметке даярлау тәртібін:
1) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау;
2) әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлау;
3) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау бойынша айқындайды.
2. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери
даярлау тәртібі
3. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
4. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау оқытудың бір түрі болып табылады және жеке оқу пәні ретінде оқу жоспарына енгізіледі.
5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті (бұдан әрі – БҒД) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау бағдарламасын, қару-жарақтың, әскери техниканың, әскери оқу-жаттығу мүлкінің табелін әзірлейді, оны Қорғаныс министрінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары бекітеді және әскери даярлауға жалпы басшылықты жүзеге асырады.
6. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау бағдарламасы тәрбиеленушілердің оқу-жаттығу жиындарын қамтиды, олардың ұзақтығы бір айды құрайды.
7. Оқу-жаттығу жиындарынан өтер алдында тәрбиеленушілер медициналық куәландырудан өткізіледі.
Денсаулық жағдайы бойынша жарамсыз деп танылған тәрбиеленушілер оқу-жаттығу жиындарынан босатылады.
8. Тәрбиеленушілерді оқыту саны 24-30 адам оқу взводтары бойынша жүзеге асырылады, олар 8-10 адамнан тұратын оқу-жаттығу бөлімшелерін қамтиды.
3. Әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша
даярлау тәртібі
9. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті жыл сайын келесі жылға арналған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде әскери оқытылған резервті, әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлау жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) әзірлейді, оны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы бекітеді және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептеріне (бұдан әрі – ӘТМ) және жергілікті әскери басқару органдарына жеткізіледі.
10. Жергілікті әскери басқару органдары Кезекті оқу жылына арналған жоспардан үзінді-көшірмені алғаннан кейін оқу-жаттығу взводтарын жасақтаудың жоспар-кестесін әзірлейді.
11. Әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау ӘТМ-да өтеусіз негізде және өтеулі негізде жүргізіледі.
12. Өтеусіз негізде денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды, он жеті жас алты айдан жиырма алты жасқа дейінгі мерзімді қызметке әскерге шақырылуға жататын азаматтар тартылады.
13. Өтеулі негізде оқыту шығыстарды толық немесе ішінара өтеумен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі есебінен оқытуға арналған шығыстарды ішінара өтеу кезінде оқу-жаттығу атыстарын өткізу және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Өтеулі негіздегі даярлыққа ерікті негізде мынадай адамдар:
1) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды әскери міндеттілер;
2) әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламалары бойынша оқыту үшін денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, оның ішінде әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған жиырма екі жастан жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар тартылады. Бұл ретте дағдылары, азаматтық мамандығы және практикалық жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
14. ӘТМ-ға бұрын сотталған немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған немесе оларға қатысты қылмыстық істер қозғалған адамдар (азаматтар) жіберілмейді.
15. Әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша оқыту үшін адамдарды іріктеу ӘТМ өкілдерінің қатысуы кезінде жүзеге асырылады және сабақтар басталғанға дейін бес күннен кешіктірілмей аяқталады. Іріктеу аяқталғаннан кейін жергілікті әскери басқару органдары оларға олардың негізгі жұмыс орны бойынша хабарламалар жолдайды.
16. әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша оқыту үшін іріктелген адамдар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидалары негізінде медициналық куәландырудан өткізіледі.
17. Жергілікті әскери басқару органдары оқыту үшін іріктелген адамдарды сабақтар басталғанға дейін 3 жұмыс күні бұрын атаулы тізімдерге сәйкес ӘТМ-ға жібереді.
Атаулы тізімдер екі данада жасалады. Тізімдердің бірінші данасы медициналық куәландыру нәтижелерімен бірге ӘТМ-ға беріледі, тізімдердің екінші данасы жергілікті әскери басқару органында сақталады.
18. Оқыту үшін ӘТМ-ға жіберу жергілікті әскери басқару органдарының бұйрықтарымен ресімделеді.
19. Қабылдау ӘТМ басшыларының бұйрығымен жүргізіледі. Әрбір қабылданғанмен оқуға шарт жасасылады.
20. Қабылданған адамдар қатарынан саны 24-30 адам оқу взводтары жасақталады, олар ӘТМ-ның казармалық үй-жайларына орналастырылады.
21. ӘТМ-ға даярлау оқу жылы ішінде жүргізіледі. Оқыту мерзімі алатын мамандығына байланысты белгіленеді.
22. Оқудан шығару ӘТМ басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
Денсаулық жағдайы және отбасы жағдайларын бойынша шығарылған жағдайларды қоспағанда, ӘТМ-нан шығарылған адамдар оқытуға жұмсалған шығындарды өтейді. Жергілікті әскери басқару органы олар еңбек қатынастарында тұрған ұйымның басшылығын оқудан шығарылғаны туралы хабардар етеді.
23. ӘТМ-да әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлау қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындаумен, оқу бағдарламаларын пысықтаумен, оқу-материалдық базаны, оқытушылардың және өндірістік оқыту шеберлерінің жұмыс уақытын анағұрлым мақсатты пайдалануымен, сондай-ақ оқу-тәрбие үдерісін қамтамасыз етудің басқа да міндеттерін шешумен қамтамасыз етіледі.
24. Оқыту аяқталғаннан кейін бітіру емтихандары өткізіледі. Емтихандарды тапсыруға оқыту бағдарламасымен көзделген барлық пәндер бойынша оң бағалар алған және сынақтар тапсырған әскери міндеттілер жіберіледі.
25. Науқастануына немесе отбасы жағдайларына байланысты кесте бойынша бітіру емтихандарын тапсырмаған әскери міндетті емтиханды кезекті оқу-жаттығу взводтарымен жіберіледі.
26. Бітіру емтихандарын тапсырған әскери міндеттіге біліктілік беріледі.
27. ӘТМ-да өтеусіз негізде даярлықтан өткен және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ әскери міндеттілер Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес әскери қызметке шақырылады.
28. Жергілікті әскери басқару органдары 1 шілдеге және 30 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру департаментіне ӘТМ-да әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлау, бар кемшіліктер және оларды жою жөнінде қабылданатын шаралар туралы жеткізілімдерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментіне ұсынады.
4. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери
даярлық тәртібі
29. Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша әскери даярлау Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі және Қазақстан Республикасының жұмылдыру резервін қамтамасыз ету мақсатында ол құрылған жоғарғы оқу орнының әскери-патриоттық тәрбие орталығы болып табылатын жоғарғы оқу орны жанындағы әскери кафедраларда (бұдан әрі – әскери кафедра) әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
30. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлауды жүзеге асыру үшін ЖОО мынадай жағдайлардың бар болуын қамтамасыз етеді:
1) оқшауланған дәрісхана қоры;
2) арнайы кітапхана қоры;
3) жабдықталған саптық плац;
4) жабдықталған қару сақтау бөлмелері;
5) әскери-есептік мамандық бойынша даярлау ерекшелігін ескере отырып, басқа да қажетті құралдар, ғимараттар мен құрылыстар;
6) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісілген және ЖОО-ның басшысы бекіткен әскери кафедраның штат кестесі;
7) әскери кафедралардың әскери лауазымдарына тағайындалған әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі есебінен жүзеге асырылатын жабдықталым түрлерінен басқа, барлық жабдықталым түрлерімен қамтамасыз ету;
8) ғимараттар мен құрылыстарды күтіп ұстау және жөндеу;
9) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бөлген қару-жарақтың, әскери техника мен мүліктің сақталуы және күзеті;
10) әскери кафедрада әзірленетін оқу-әдістемелік әдебиетті басып шығару.
31. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлауды жүзеге асыру үшін:
1) жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) студенттері запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярлауға жататын әскери-есептік мамандықтарды белгілеуді;
2) әскери даярлықтың толық курсынан және оқу-жаттығу жиынынан өткен студенттерге заңнамаға сәйкес әскери атақ беруді;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары талаптарының, құпиялылық режімінің сақталуын және мемлекеттік құпиялардың сақталуын;
4) оқу, ғылыми, әдістемелік, тәрбие жұмысы және профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру мәселелері бойынша әскери кафедралар қызметіне басшылық жасауды;
5) білікті әскери мамандармен жасақтауды;
6) қару-жарақ пен әскери техниканың зерделенетін үлгілерімен (оның ішінде оқу-жаттығу);
7) оқ-дәрілермен, аспаптармен, аппаратурамен, құралмен, әскери техникаға қосалқы бөлшектермен;
8) жалпыәскери жарғылармен және басқа да ведомстволық нормативтік және құқықтық актілермен;
9) топографиялық және теңіз карталарымен;
10) әскери даярлық жөніндегі оқу әдебиетімен;
11) жанар-жағармай материалдарымен;
12) оқу-жаттығу жиындары кезеңінде заттай мүлікпен және азық-түлікпен;
13) қару-жарақты, әскери техниканы орташа және күрделі жөндеуді, монтаждауды (бөлшектеуді) және реттеуді (теңшеуді) қамтамасыз етеді.
32. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлыу өтеусіз және өтеулі негізде жүзеге асырылады.
33. Өтеулі негізде әскери кафедрада оқыту құны өтеусіз негізде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша әскери кафедрада оқыту құны шегінде белгіленеді.
34. Жоғары оқу онының басшысы жақсы оқитын студенттерді марапаттау үшін өтеулі негізде әскери кафедрада оқу құнын өтеу тәртібін белгілейді.
35. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау бір немесе екі деңгейлік жүйе бойынша: оқытудың бірінші жылы – запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша, екінші жылы – запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
36. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау әскери кафедраның штаттық әскери лауазмдарына тағайындалған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметте тұрған әскери қызметшілер жүзеге асырады.
Қазақстан Републикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметте тұрған әскери қызметшілермен жасақтау мүмкін болмаған кезде қызметтік қажеттілік бойынша ЖОО ректорының бұйрығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша әскери кафедраның басшылық емес лауазымдарына:
әскери қызметтен теріс емес себептермен шығарылған және кемінде 20 жыл еңбек сіңірген жылдары бар запастағы офицерлер оқытушылар құрамының лауазымдарына;
әскери қызметтен теріс емес себептермен шығарылған запастағы офицерлер (сержанттар) инженерлік-техникалық персонал лауазымдарына тағайындалады.
37. Әскери кафедраға қабылдау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін қабылдау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
38. Әскери кафедраға қабылдау жоспарына сәйкес әскери кафедрасы жоқ басқа да ЖОО-лардың студенттері түседі.
39. Қабылдау жоспары ЖОО-лар, әскери-есептік мамандықтар бойынша орындар санын қамтиды. Бұл ретте, оның жанында әскери кафедра ашылған ЖОО үшін орындар саны мемлекеттік білім беру тапсырысы жалпы санының кемінде 70 % болуға тиіс.
40. Бірінші даярлау деңгейіне әскери кафедраға қабылдау кәсіби іріктеудің мынадай жүйелі кезеңдерінен тұрады:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидалары негізінде жүргізілген медициналық куәландыру;
2) кәсіби-психологиялық іріктеу;
3) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығымен белгіленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде № 9518 тіркелген) жоғары әскери оқу орындарына түсетіндерге арналған дене дайындығы жөніндегі нормативтерді тапсыру;
4) өткен оқыту кезеңіндегі студент үлгерімінің орташа балы бойынша іріктеу.
41. Әскери кафедраға қабылдау конкурсына қатысу үшін қабылдау күні жасы 27 жастан үлкен емес кәсіби іріктеудің барлық кезеңдерінен өткен студенттер – Қазақстан Республикасының азаматтарына рұқсат етіледі. Студент қыздар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайтын әскери-есептік мамандықтар бойынша конкурстық іріктеуге қатыса алады.
42. Даярлаудың екінші деңгейіне іріктеу рейтингілік балл бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
43. Рейтингілік балл есебінің кестесін жыл сайын 1 маусымға дейін БҒД әскери кафедраларға жолдайды.
44. Қабылдау комиссиясының құрамы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітіледі және мынадай өкілдерден құрылады:
1) комиссия төрағасы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілі;
2) комиссия төрағасының орынбасары – оқу жұмысы жөніндегі проректор;
3) комиссия мүшелері факультеттердің декандары және оқытушылар құрамы қатарынан тағайындалады.
45. Студенттерді әскери кафедраға қабылдау ЖОО басшысының бұйрығымен қабылдау комиссиясының хаттамасы негізінде жүргізіледі.
46. Әскери даярлауға қабылданған студенттер саны 15-20 адам оқу взводтары бойынша бөлінеді. Оқу взводтарының жеке құрамы мен олардың командирлері студенттер қатарынан әскери кафедра бастығының бұйрығымен тағайындалады.
47. Студенттер әскери кафедрадағы оқытудан мынадай себептер бойынша шығарылады:
1) үлгермеуі бойынша;
2) тәртіпсіздігі бойынша (оның ішінде науқастануы бойынша босатқандарын қоспағанда, оқу жылы ішінде оқу сабақтарының 16 сағатын босатқан жағдайда);
3) өз еркі бойынша;
4) денсаулық жағдайы бойынша.
48. Оқудан шығарылған студенттердің орнына әскери кафедраға оқытуға студенттерді қабылдауға БҒД-мен келісу бойынша әскери кафедрадағы оқытудың бірінші семестрінен кешіктірілмей жол беріледі.
49. Бір ЖОО-дан басқасына ауысуы кезінде әскери кафедрада оқитын студенттер басқа ЖОО-ның әскери кафедрасына бұрын оқыған әскери-есептік мамандығы бойынша ауыстырылады. Ауысу студент ауысатын әскери кафедра ЖОО басшысының бұйрығымен БҒД-мен келісу бойынша ресімделеді.
50. Әскери кафедраға студенттерді қабылдау екінші курстан (медициналық ЖОО-ларда үшінші курстан) басталады. Оқытудың әрбір деңгейі оқу-жаттығу жиынымен аяқталады.
51. Әскери кафедрадағы сабақтар «әскери күн» әдісімен, яғни аптасына бір күн өткізіледі. Нақты ЖОО-дағы оқыту ерекшелігін ескере отырып, сабақтарды басқаша ұйымдастыру белгіленеді.
52. Әскери кафедрада оқыту даярлықтың жеке түрі ретінде жоспарланады.
Толық курс теориялық, практикалық оқытудан және оқу-жаттығу жиынынан тұрады.
53. Әскери кафедрада әскери-есептік мамандықтар бойынша оқыту БҒД әзірлейтін және бекітетін білім беру бағдарламалары және технологиялары бойынша жүзеге асырылады.
54. Оқу-жаттығу жиыны каникулярлық уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелері жанында оқытудың соңғы кезеңінде ұйымдастырылады.
55. Оқу-жаттығу жиынының ұзақтығы бір айды құрайды.
56. Оқу-жаттығу жиындары уақытында ЖОО шәкіртақы төлеуді жүргізеді.
57. Оқу-жаттығу жиыны алдында медициналық куәландыру нәтижелері бойынша әскери қызметке жарамдылық айқындалады.
58. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған студенттер оқу-жаттығу жиынына жіберілмейді және оқыту қорытындылары бойынша оларға оқу бағдарламаларын меңгергені туралы құжат беріледі.
Әскери кафедраға (факультетке) түсуге ниет білдірген студенттерді медициналық қайта куәландыру олар 26 жасқа толғанға дейін бастапқы медициналық куәландыруды өткізгеннен кейін бір жылдан соң жүргізіледі. Олар әскери қызметке жарамды деп танылған кезде оқу-жаттығу жиындары теориялық даярлық жүргізілген әскери кафедрада өткізіледі.
59. Даярлықтың бірінші деңгейінен өткен және бітіру емтихандарын тапсырған студенттерге «запастағы сержант» әскери атағы және әскери билет беріледі.
60. Даярлықтың екінші деңгейінен өткен және бітіру емтихандарын тапсырған студенттерге «запастағы лейтенант» әскери атағы және әскери билет беріледі.
61. Даярлықтың деңгейлерін аяқтаған және бітіру емтихандарын тапсырған адамдар әскери есепке қою үшін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі.
62. Даярлықтың деңгейлерін аяқтаған және бітіру емтихандарын тапсырмаған адамдарға әскери кафедра оқу бағдарламаларын меңгергені туралы құжат береді. Бітіру емтихандарын қайта тапсыру олар оқытудан өткен әскери кафедрада бір жылдан кейін және олар 26 жасқа толғанға дейін жүргізіледі.
63. Әскери кафедрада оқыту кезеңінде студенттер емтихандар тапсырады. Оқыту деңгейінен өткеннен студенттер бітіру емтихандарын тапсырады.
64. БҒД әскери даярлық бойынша бітіру емтихандарын қабылдау үшін емтихан комиссиясының төрағасын тағайындайды және оның құрамын бекітеді.