Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау мен берудің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-04/279 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 шілдеде № 11592 тіркелді

Қолданыстағы

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерінің нысандары:
      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру актісі;
      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым;
      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметіне тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы ұйғарым;
      осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы;
      осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып, пайдаланылған атыс қаруын, тыйым салынған олжалау құралдарын және заңсыз олжаланған жануарлар дүниесі объектілері мен олардың өнімдерін сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қою туралы қаулы;
      2) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және берудің қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 141-ө бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 23 мамырда № 9466 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»     
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Е. Досаев 
      2015 жылғы 9 маусым

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы 
№ 18-04/279 бұйрығына  
1-қосымша        

Нысан

№ _____Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама/
Протокол об административном правонарушении № _____

«____»_______ 201__жыл/год   ____сағат____минут   ___________________
                                 часов    минут   (толтырылған жері/
                                                   место составления)
Хаттаманы толтырған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні/Должность,
фамилия и инициалы лица, составившего протокол
_____________________________________________________________________

Іс қозғалған тұлғаға қатысты мәлімет/Сведения о лице, в отношении
которого возбуждено дело:
Жеке тұлғалар үшін/ Для физических лиц:
Тегі/Фамилия _____________________________ Аты/Имя __________________
Әкесінің аты/Отчество _______________________________________________
Азаматтығы/Гражданство: ___________________
Туған күні және жері/Дата и место рождения _________________________
Тұрғылықты жері/Место жительства ____________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері: __________
Наименование и реквизиты документа, удостоверяющего личность:
_____________________________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/индивидуальный идентификационный номер:
_____________________________________________________________________
жұмыс орны/место работы:  ___________________________________________
ұлты _________ Жеке басын куәландыратын құжат: ______________________
Национальность: Документ удостоверяющий личность: (құжаттың атауы,
                                            сериясы, нөмері, берілген
                                         күні, кім берді/наименование
                                            документа, серия, номер,
                                            дата выдачи, кем выдан)
Телефон/факс/ұялы байланыстың абоненттік нөмері:_____________________
Абонентский номер телефона/факса/ сотовой связи:
Электронды мекен жайы: _________________________
Электронный адрес:
Заңды тұлғалар үшін/Для юридических лиц:
Атауы, орналасқан жері: _____________________________________________
Наименование, место нахождения:
Телефон/факс/ұялы байланыстың абоненттік нөмері: ____________________
Абонентский номер телефона/факса/сотовой связи:
Электронды мекен жайы: ________________________
Электронный адрес:
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
нөмері және күні: _____________________ БЖН/БИН №____________________
Номер и дата государственной регистрации (перерегистрации):
Бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтары немесе (және)
соттылығының болуы туралы мәліметтер:
Сведения о ранее совершенных административных правонарушениях или (и)
наличие судимости: __________________________________________________
_____________________________________________________________________
  (жасалған күні, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексінің, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы)
                        (әрі қарай – ӘҚБтК)
       (дата совершения, статья Кодекса Республики Казахстан об
    административных правонарушениях Уголовного кодекса Республики
                       Казахстан) (далее – КоАП)
Қаралатын іс бойынша өндірісті жүргізу тілі белгіленсін: ____________
Определить язык производства по рассматриваемому делу:
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi/
Место, время совершения и существо административного правонарушения
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
осылайша, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексі ___________ бабының ________ бөлігінде көзделген әкімшілік
құқық бұзушылық жасалған. (әрі қарай - ӘҚБтК)/тем самым совершено
административное правонарушение, предусмотренное статьей ______
частью _______ Кодекса Республики Казахстан об административных
правонарушениях. (далее-КоАП)
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өнідірске қатысушылар
туралы мәліметтер: куә, куәгер, жеке (заңды) тұлғаның заңды өкілі,
қорғаушы, аудармашы (қажетінің астын сызу керек)
Сведения об участниках производства по делу об административном
правонарушении: свидетель, понятой, законный представитель
физического (юридического) лица, защитник, переводчик (нужное
подчеркнуть)
1. __________________________________________________________________
(адамның тегі, аты-жөні және тұрғылықты жерінің мекенжайы/фамилия и
              инициалы лица, адрес места жительства)
2. __________________________________________________________________
  (адамның тегі, аты-жөні және тұрғылықты жерінің мекенжайы/фамилия и
              инициалы лица, адрес места жительства)
Құқықтары мен міндеттері түсіндірілді/ права и обязанности разъяснены
1. ________________ 2. ______________
    (қолы/подпись)     (қолы/подпись)
Жеке тұлғаның не заңды тұлға өкілінің түсініктемесі: Объяснения
физического лица либо представителя юридического лица:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                                                      (қолы/подпись)
Істі шешу үшін қажетті өзге де мәліметтер: Иные сведения, необходимые
для разрешения дела: ________________________________________________
_____________________________________________________________________
     (адамға қатысты қолданылған өндірісті қамтамасыз ету шарасы;
   дербес жалақысы жоқ, 16-дан бастап 18-ге дейінгі жастағы адамға
  қатысты хаттама толтырылған жағдайда ата-аналарының немесе оларды
  алмастыратын адамдардың тегі, аты-жөні, тұрғылықты жері және жұмыс
        орны, атқаратын лауазымы және басқа да мәліметтер)
_____________________________________________________________________
   (мера пресечения производства которая применена в отношении лица;
  фамилия и инициалы, место жительства и работы, занимаемая должность
  родителей или лиц, их заменяющих, в случае составления протокола в
        отношении лица в возрасте от 16 до 18 лет, не имеющего
            самостоятельного заработка и другие сведения)
Хаттамаға қоса беріледі: К протоколу прилагаются: ___________________
_____________________________________________________________________
(құқық бұзушылық объекітісі болып табылатын, жануарлар дүниесінің
            өнімдері мен объектілерінің және құқық
_____________________________________________________________________
  бұзушылық құралы болып табылатын, алынған құжаттар мен заттардың
                тізімі мен сипаттамасы/Перечень и
_____________________________________________________________________
описание продукции и объектов животного мира, являющихся объектом
                 правонарушения и документов и
_____________________________________________________________________
            вещей, являющихся орудием правонарушения)
Істі қарау үшін: Для рассмотрения дела необходимо явиться
_____________________________________________________________________
                (уәкілетті органның толық атауы/
           полное наименование уполномоченного органа)
по адресу __________ мекен жайы бойынша 201__жыл
«___» _________ сағат ______ минут келу қажет
                часов        минут
Қолдары: хаттаманы толтырған адам/Подписи: лица, составившего
протокол ______________________________
               (қолы/подпись)
куә/свидетеля (ей) ____________________ куәгерлер/понятых
                      (қолы/подпись)
1.___________________ 2.___________________
     (қолы/подпись)       (қолы/подпись)
Заңгерлік көмек қажет/қажет емес/
В юридической помощи нуждаюсь/не нуждаюсь ___________________________
(қажетінің асты сызылады/нужное подчеркнуть) (қолы/подпись)

Аудармашы қажет/қажет емес (қажетінің асты сызылады)/ _______________
В переводчике нуждаюсь/не нуждаюсь                    (қолы/подпись)
      (нужное подчеркнуть)
Хаттамамен таныстым, көшірмесін алдым/
201__жылғы «_____»_________________ _______________________
                                         (қолы/подпись)
С протоколом ознакомлен, Копию получил
Менімен көрсетілген тұрғылықты мекенжайдың (тұратын жер), жұмыс
орнының, ұялы байланыс абоненттік нөмерінің, электронды мекенжайдың
дұрыстығын растаймын және көрсетілген байланысқа жолдаған хабарлама
(ескерту білдіру) тиісті және жеткілікті болып саналатындығымен
таныстым/Подтверждаю, что указанное мною адрес места жительства
(места нахождения), места работы, абонентского номера, сотовой связи,
электронного адреса достоверны и ознакомлен с тем, что уведомление
(извещение) направленное на указанные контакты, будет считаться
надлежащим и достаточным.
ӘҚБтК-нің 38-тарауында көзделген құқықтар мен міндеттер маған
түсіндірілді./Права и обязанности, предусмотренные главой 38 КоАП,
мне разъяснены ______________________________________________________
                               (қолы/подпись)

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы 
№ 18-04/279 бұйрығына  
2-қосымша        

Нысан

№ _____ тексеру актісі
Акт проверки № _____

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті/Министерство сельского
хозяйства Республики Казахстан Комитет лесного хозяйства и животного
мира
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы/наименование территориального подразделения)

20____ жылғы «____» ________              «_____» ________ 20___ года
_____________________________________________________________________
(акті жасалған орын (ауыл, кент, қала, балық шаруашылығы су айдыны
    және (немесе) учаскесі/ место составления акта (село, поселок,
           город, рыбохозяйственный водоем и (или) участок)

Мен/ Мною, __________________________________________________________
             (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/
              должность, фамилия, имя, отчество (при его наличии)

проведена проверка на основании _____________________________________
                              (бұйрық немесе басқа нормативтік құжат/
                              приказ или другой нормативный документ)
________________________________________ негізінде/,на соблюдение
законодательства в области охраны, воспроизводства и использования
животного мира в отношении
_____________________________________________________________________
  (тексерілуші субъектінің атауы/наименование проверяемого субъекта)
_____________________________________________________________________
    (тексерілуші субъектінің басшысы, не оның өкілінің тегі, аты,
             әкесінің аты (ол болған кезде)/фамилия, имя,
_____________________________________________________________________
  отчество (при его наличии) руководителя проверяемого субъекта, либо
                         его представителя)
телефон: _____________________________ факс: ________________________
қатысты, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
саласындағы заңнаманы сақтауға тексеріс жүргізілді.
      Тескеру/Проверка проведена при участии ________________________
_____________________________________________________________________
  (лауазымы, тегі, әкесінің аты (ол болған кезде)/должность, фамилия,
                 имя, отчество (при его наличии)
в присутствии _______________________________________________________
                 (тексерілуші субъекті өкілінің лауазымы, тегі аты,
                     әкесінің аты (ол болған кезде)/должность,
_______________________________________________________ қатысуларымен
жүргізілді
фамилия, имя, отчество (при его наличии) представителя проверяемого
субъекта)
Тексеру/Проверка проведена: _________________________________________
__________________________________________________________ жүргізілді
(тексеру өткізу кезеңі және күні, орны/дата, место и период
проведения проверки)
Тексеру кезінде мыналар анықталды/При проверке установлено следующее:
______________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Актімен таныстым/
С актом ознакомлен (а): _____________________________________________
             (тегі, аты-жөні, тексерілу өткізілген субъектінің қолы,/
                фамилия, инициалы, подпись проверяемого субъекта)
_____________________________________________________________________
      (таныстыру парағынан бас тартқан жағдайда себебін көрсету/
           в случае отказа от ознакомления указать причину)
_____________________________________________________________________
Актімен таныстым/
С актом ознакомлен (а): _____________________________________________
              (қатысқандардың қолы, тегі, аты-жөні/фамилия, инициалы,
                             подпись присутствовавших)
_____________________________________________________________________
     (таныстыру парағынан бас тартқан жағдайда себебін көрсету/
          в случае отказа от ознакомления указать причину)
_____________________________________________________________________
Қолдары/Подписи:
Актіні жасаған лауазымды тұлға/
Должностного лица, составившего акт _________________________________
Тексеріліп отырған субъектінің уәкілетті өкілі/
Уполномоченного представителя проверяемого субъекта _________________
2 данадан/Составлено в 2 экземплярах на ________ парақта жасалды/
листах.
бірінші дана/экземпляр первый ____________________________________
екінші дана/экземпляр второй _____________________________________
Актімен таныстым және бір данасын алдым/С актом ознакомлен и один
экземпляр получил:
_____________________________________________________________________
тексерілетін субъектінің, не оның өкілінің қолы, тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған кезде)/подпись, фамилия,
_____________________________________________________________________
(имя, отчество (при его наличии) проверяемого субъекта либо его
представителя)

Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы 
№ 18-04/279 бұйрығына  
3-қосымша        

Нысан

№ ____ Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының
бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (аумақтық бөлімшенің атауы)

20 __ жылғы «___» _________  ________________________________________
                             (объектінің орналасқан жері (ауыл, кент,
                             қала, балық шаруашылығы су айдыны және
                                     (немесе) учаскесі)

Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор (лар) мен:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
             (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

20___ жылғы ______________ № _______________ тексеру актісі негізінде
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының
1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, келесі
іс-шараларды орындауды ұйғарамын:

Ұйғарымның мазмұны

Орындау мерзімі

1

2

3
















Осы ұйғарым міндетті орындауға жатады. Кәсіпорынның, мекеменің
басшысы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
саласындағы уәкілетті органның мекенжайына осы ұйғарымның орындалуы
бойынша ақпарат жолдайды.
Ұйғарымды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кінәлі тұлға
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы» Кодексінің 462-бабына сәйкес әкімшілік
жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Уәкілетті лауазымды тұлға ___________________________________________
                    (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

Ұйғарымды алдым __________________________ 20__ жылғы «___»__________
            (қолы, тегі, аты, әкесінің аты
                    (болған жағдайда)

Мөр орны

Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы 
№ 18-04/279 бұйрығына  
4-қосымша        

Нысан

Жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметіне тыйым салу
немесе тоқтата тұру туралы ұйғарым № _____

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі комитеті
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                    (аумақтық бөлімшенің атауы)

20 ___ жылғы «___» ____________ _____________________________________
                               (объектінің орналасқан жері (ауыл,
                                кент, қала, балық шаруашылығының су
                                   айдыны және (немесе) учаскесі)

      Қызметіне тыйым салынатын/тоқтата тұратын адам туралы мәліметтер:
      жеке немесе заңды тұлға (керектісін сызыңыз)
_____________________________________________________________________
   (жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
               атауы және құжаттардың деректемелері
_____________________________________________________________________
жеке басты куәландыратын құжат, жеке сәйкестендіру номері, тұрғылықты
                   жері бойынша тіркеу туралы
_____________________________________________________________________
мәлімет, жұмыс орны, абоненттік телефон номері, факс, ұялы байланысы
                         және (немесе)
_____________________________________________________________________
электрондық мекенжайы (болған жағдайда); заңды тұлғалар үшін: толық
                  атауы, орналасқан жері, заңды
_____________________________________________________________________
   тұлғаның мемлекеттік тіркеуінің (қайта тіркеуінің) номері, күні,
           сәйкестендіру номері, банктік деректемелері,
_____________________________________________________________________
    абоненттік телефон номері, факс, ұялы байланысы және (немесе)
               электрондық мекенжайы (болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
              (қаралып отырған істің өндірістік тілі)

Мен, лауазымды тұлға ________________________________________________
                     (жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және
                             пайдалану саласындағы уәкілетті
_____________________________________________________________________
           органның ведомствосы немесе аумақтық бөлімшесі)

жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде анықтадым: _______________
_____________________________________________________________________
     (жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
             саласындағы нормативтік құқықтық актілердің
_____________________________________________________________________
       баптарының, тармақтарының талаптарының бұзылғанын көрсету)

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
туралы» 2004 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы
1-тармағының 2) тармақшасы және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы
5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 801-бабы негізінде,

                               Ұйғарамын:

      Баптың (баптардың) тармағының (тармақтарының) бұзылған
талаптарды жоюға дейін тыйым салу/тоқтату (керектісін сызыңыз)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
немесе сот шешіміне дейін «____» __________ 20___ жылдан ____________
_____________________________________________________________________
                (тоқтатылған қызметі түрін көрсету)

Осы ұйғарымның орындалуының жауаптылық міндеттіледі _________________
_____________________________________________________________________
        (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Осы ұйғарымның «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және
пайдалану туралы» 2004 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы
Заңының 53-бабы 2-тармағының негізінде міндетті күші бар.

Мөр орны

Лауазымды тұлға _____________________________________________________
           (уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық бөлімшесі,
_____________________________________________________________________
               тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

______ данада басылып шықты, қосымшасы _______ парақта.
Ескертпемен таныстым және бір данасын алдым 20_____ жылғы «______»
_______________
_____________________________________________________________________
           (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

20 __ жылғы «____» _________________

Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы 
№ 18-04/279 бұйрығына  
5-қосымша        

Нысан

№ _____ Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны
үшін кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы

20 __ жылғы «___» ________________  ________________________________
                                           (істі қараған жер)

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті _________________________
_____________________________________________________________________
    (аумақтық бөлімшенің атауы, лауазымы, тегі, аты, болса әкесінің
                         аты (болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
     жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
               туған күні, тұрғылықты жері, жеке басты
_____________________________________________________________________
    куәләндыратын құжаттың атауы және деректемелері, сәйкестендіру
                 нөмірі, тұрғылықты жері бойынша
_____________________________________________________________________
  тіркелгені туралы мәлімет, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін: атауы,
               ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан
_____________________________________________________________________
      жерi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi,
            сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелерi)
__________________________________ қатысты __________________________
                                            (2014 жылғы 5 шілдедегі
_____________________________________________________________________
     Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»
                   кодексінің баптарын көрсету)
көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, мыналарды
анықтадым: ______
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы» кодексінің 738-бабына сәйкес өндіріс тілін
________________________ белгілеймін.
      Осы айтылғандардың негізінде, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан
Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 821,
822823-баптарын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік инспектор

                         Қаулы етті:

      2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы» кодексінің __________-бабы __________-тармағы
бойынша
_____________________________________________________________________
   (жеке тұлғалар үшін: әкімшілік жауапкершілікке тартылушының тегі,
               аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
_____________________________________________________________________
   заңды тұлғалар үшін: әкімшілік жауапкершілікке тартылушының атауы)
айлық есептік көрсеткіш ___________________________ сомада қайтарсын.
                         (сомасын жазып көрсету)

      Айыппұл Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық
комитетінің банкіндегі №__________ бюджеттік есепшотына заң күшіне
енген күннен бастап _____ күннен кешіктірілмей енгізілуі, коды
_____________
Мемлекеттік табыстар комитеті _____________, бизнес-сәйкестендіру
номері ____________, банк бинифициары _____________, банктік
сәйкестендіру коды _____________, айыппұл төлеу туралы түбіртек
_____________ айыппұл салған жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік инспекторға ұсынылуы тиіс.
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы» кодексінің 821-бабына сәйкес қаралған істің
нәтижелері бойынша қабылданған шешім түрі көрсетілсін, сондай-ақ
_____________________________________________________________________
   (жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттары мен құжаттардың
              алынып қойылғаны туралы мәселелердің
_____________________________________________________________________
  және заңды тұлғаның меншігінен алынып қойған құжаттар мен мүліктер
                        туралы шешімдер)

      Осы қаулыға 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 830832-баптарына
сәйкес қаулы көшірмесі берілген күннен бастап, 10 тәулік ішінде, ал
істі қарауға қатыспаған тұлғаларға, оны алған күннен бастап, сол
мерзімде шағым жасалуы мүмкін.

Лауазымды тұлға: ____________________________________________________
                   (уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімше
                            ведомствосының атауы, тегі, аты,
_____________________________________________________________________
әкесінің аты (болған жағдайда)

20 ___ жылғы «___» __________

Мөр орны

Жауапкершілікке тартылған тұлға
қаулының бір данасын алды,
құқықтарымен және міндеттерімен
танысты ______________________________________
                (тегі, аты-жөні, қолы)

20 ___ жылғы «___» ______________

Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы 
№ 18-04/279 бұйрығына  
6-қосымша        

Нысан

№ _____ Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза
отырып, пайдаланылған атыс қаруын, тыйым салынған олжалау
құралдарын және заңсыз олжаланған жануарлар дүниесі объектілері
мен олардың өнімдерін сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша
сақтау үшін алып қою туралы қаулы

20 __ жылғы «____» _____________  ___________________________________
                                       (қаулы қабылданған жер)

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті _________________________
_____________________________________________________________________
      (аумақтық бөлімшенің атауы, лауазымды тұлғаның тегі, аты,
                   әкесінің аты (болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
  тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), азаматтығы, туған күні
                    және жері, тұрғылықты жері,
_____________________________________________________________________
      жұмыс орны, оның мекенжайы, жұмыс берушінің деректемелері)
_____________________________________ қатысты _______________________
                                              (2014 жылғы 5 шілдедегі
_____________________________________________________________________
      Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»
                     кодексінің баптарын көрсету)

көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы 20___ жылғы «___»________
№______ хаттама негізінде қозғалған іс пен ұсынылған материалдарды
қарап, мыналарды анықтадым:
_____________________________________________________________________
(жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы
                      Қазақстан Республикасының
_____________________________________________________________________
      заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, тыйым
              салынған олжалау құралдарын және заңсыз
_____________________________________________________________________
    олжаланған жануарлар дүниесі объектілері мен олардың өнімдерін
                          алып қою жағдайы)
_____________________________________________________________________
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы» кодексінің 738-бабына сәйкес өндіріс тілін
______________________ белгілеймін.
Осы айтылғандардың негізінде, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан
Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің
791-бабын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік инспектор
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы,
_____________________________________________________________________
  лауазымды тұлғаның тегі, аты, болса әкесінің аты (болған жағдайда)

                          Қаулы етті:
_____________________________________________________________________
     (Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін
             молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын
_____________________________________________________________________
   бұза отырып, пайдаланылған жануарлар дүниесінің объектілері мен
                   олардың өнімдерін заңсыз аулау
_____________________________________________________________________
     мен тыйым салынған құралдар, алып тасталған дәрімен атылатын
               қару-жарақтардың нөмірі, маркасы, түрі)
____________________________________________________________ алынсын.

Осы қаулыға 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 830832-баптарына
сәйкес қаулы көшірмесі берілген күннен бастап, 10 тәулік ішінде, ал
істі қарауға қатыспаған тұлғаларға, оны алған күннен бастап, сол
мерзімде шағым жасалуы мүмкін.

Лауазымды тұлға: ____________________________________________________
                 (уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық
                                бөлімшесінің атауы,
_____________________________________________________________________
  лауазымды тұлғаның тегі, аты, болса әкесінің аты (болған жағдайда)

20 ___ жылғы «___» _____________

Мөр орны

Жауаптылыққа тартылатын тұлға
қаулының бір данасын алды,
құқықтарымен және міндеттерімен
танысты ____________________________
           (тегі, аты-жөні, қолы)

20___ жылғы «___» ________________

Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы 
№ 18-04/279 бұйрығына  
7-қосымша        

Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік
инспектордың актілерін жасау мен беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау мен беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және оларды жасау мен беру тәртібін айқындайды.
      2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган), жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелердің жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарына байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мақсатында мынадай актілер шығарылады:
      1) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама;
      2) тексеру актісі (бұдан әрі – акт);
      3) ұйғарым:
      Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарын жою туралы;
      жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметіне тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы;
      4) қаулы:
      Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы;
      Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып, пайдаланылған атыс қаруын, тыйым салынған олжалау құралдарын және заңсыз олжаланған жануарлар дүниесі объектілері мен олардың өнімдерін сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қою туралы қаулы.

2. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік
инспектордың актілерін жасау мен беру тәртібі

      3. Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталғаннан (айқындалғаннан) кейін жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 802803804-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама ресімдейді.
      4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада алынатын жануарлар түрлері және (немесе) олардың бөліктері мен дериваттары туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Алынатын жануарлар және (немесе) олардың бөліктері мен дериваттары әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамда қалдырылатын жағдайда хаттамада қалдыру себептері көрсетіліп, тиісті жазба жасалады.
      Заңсыз олжаланған өнімде «Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесінде бар жануарлар болған жағдайда түр құрамы мен саны (көлемі) көрсетіліп тиісті жазба жасалады.
      5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған адамға, заңды тұлғаның заңды өкіліне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесі ол толтырылғаннан кейін қол қойғызылып дереу тапсырылады.
      6. Тексеру нәтижелері бойынша жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор екі данада акт толтырады. Актінің бір данасы тексерілетін субъектіге беріледі, ал басқасы жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторда болады. Тәртіп бұзушылық болмаған жағдайда актіде тиісті жазба жасалады.
      7. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар дүниесін қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мақсатында жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Заңға сәйкес ұйғарым шығарады.
      Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым үш данада толтырылады.
      8. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органдарға және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін.