Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 420 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 шілдеде № 11585 тіркелді.

Жаңартылған

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 146-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдерді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жиберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ____________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 5 маусым



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 420 бұйрығына
1-қосымша

Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу
және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып
алу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеуден өткізу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тәртібін анықтайды.

      2. Өнімді мемлекеттік тіркеуді және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алуды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – мемлекеттік органның ведомствосы) жүзеге асырады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      мемлекеттік тіркеу – өнімнің Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (бұдан әрі – БСЭГТ) немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (бұдан әрі – ЕАЭО ТР) талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі;

      мемлекеттік тіркелуге жататын өнім – айналымы кезінде адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін және қауіпсіздігі мемлекеттік тіркелудің бар болу фактісімен расталатын өнімнің жекелеген түрлері;

      мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – өнімнің БСЭГТ, ЕАЭО ТР-не сәйкестігін куәландыратын және мемлекеттік органның ведомствосы Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген бірыңғай нысан бойынша және тәртіппен беретін өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжат.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Өнімді мемлекеттік тіркеу және өнімді мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу

      4. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілетін мемлекеттік тіркеу оны Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) аумағындағы өндіріске қою сатысында, ЕАЭО аумағына алғаш рет әкелінетін өнімге – оны ЕАЭО аумағына әкелгенге дейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік тіркеуге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер тізбесіне сәйкес адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер жатады.

      6. Өнімді мемлекеттік тіркеу мыналарды қамтиды:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алуға өтінішті қабылдау және тіркеу (бұдан әрі - өтініш);

      БСЭГТ және www.eurasiancommission.org сайтының "Техникалық реттеу" бөлімінде орналастырылған ЕАЭО ТР талаптарына сәйкестігіне өнімді зертханалық зерттеулердің (сынақтардың) нәтижелерін қоса алғанда, өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығын қарау (сараптау);

      ұсынылған құжаттаманы сараптаудың оң нәтижелері және өнімді зертханалық зерттеулердің (сынақтардың) нәтижелері негізіндегі мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру туралы шешім;

      өнім туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу туралы тізіліміне және ЕАЭО-ның мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) енгізу;

      Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттың бірыңғай нысанына сәйкес нысан (Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің бірыңғай нысаны) бойынша оның БСЭГТ және ЕАЭО ТР-ге сәйкестігі бөлігінде өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжатты ресімдеу және беру.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Өнімді мемлекеттік тіркеу мерзімі өтініш беруші жүгінген сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.

      Мемлекеттік органның ведомствосы өтініш берушінің құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда мемлекеттік органның ведомствосы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды береді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Өнімді мемлекеттік тіркеуден өткізуге өтініш беруші дайындаушы (дайындаушының уәкілетті өкілі, импорттаушы, өнім беруші), заңды тұлға немесе дара кәсіпкер болып табылады.

      9. Өнімді мемлекеттік тіркеу үшін мемлекеттік органның ведомствосына мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) ЕАЭО-ның кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін:

      өтініш;

      өнім (тауар) дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарт), (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), технологиялық нұсқаулық, рецептура көшірмелері;

      дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;

      өнімді (тауарды) қолдану (пайдалану, тұтыну) жөніндегі дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

      өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;

      ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісі;

      ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) өнімге берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптамалық қорытынды.

      2) ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім үшін:

      өтініш;

      өнім (тауар) дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған құжаттардың (халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты, технологиялық нұсқаулық, рецептура) көшірмелері;

      өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) жөніндегі дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

      дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, талдау сертификаты, сапа туралы куәлік, еркін сату сертификаты көшірмелері немесе өнім дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;

      өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;

      өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдардың) осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және оның дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында еркін айналысына рұқсат ететін құжатының дайындаушы (өндіруші) куәландырған көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің болмауы туралы дайындаушының (өндірушінің) мәліметтері;

      ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптамалық қорытынды;

      бақылаудағы өнім (тауар) үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттың көшірмесі;

      Дайындаушының (өндірушінің) шет тілдеріндегі құжаттарының аудармалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес куәландырылған қазақ және орыс тілдеріне аудармамен ұсынылады;

      Құжаттарды "электрондық үкімет": www.egov.kz веб-порталы арқылы ұсынған кезде осы тармақта санамаланған құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілген сәтінен бастап өнімді ЕАЭО аумағына жеткізу және (немесе) өнімді ЕАЭО аумағында дайындау тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және оған қосымша (қосымшалар) қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететін қатаң есептілік бланкілеріне жатады.

      12. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттарды мемлекеттік тіркеу:

      1) заттар мен жекелеген өнім түрлерінің қауіпсіздік паспортында көрсетілген халық пен мекендеу ортасы үшін қауіптілігін сараптамалық бағалау;

      2) заттар құрамының, өнімнің жекелеген компоненттерінің БСЭГТ және ЕАЭО ТР-ге сәйкестігі;

      3) заттар мен өнімдердің жекелеген түрлерін кәдеге жарату мен жою, олардың халыққа және мекендеу ортасына зиянды әсерінің алдын алу бойынша шараларды көздейтін қауіпсіздік паспорты негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мынадай жағдайларда:

      тауарлар БСЭГТ және ЕАЭО ТР талаптарына сәйкес келмеген;

      егер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған, құжаттар пакеті толық көлемде ұсынылмаған және дәйекті емес ақпаратты қамтитын болса;

      егер өнімге және оларды дайындау және айналысы жағдайларына қатысты ғылымның қазіргі заманғы даму деңгейінде қауіпсіздік талаптарын белгілеу мүмкін болмаса, сондай-ақ өнімде және адамның өмір сүру ортасында осындай өнімнің қауіпті факторларын анықтау және өлшеу әдістемесі болмаса;

      өнімді дайындау, оның айналысы және қолдану (пайдалану) кезінде адамның денсаулығына және оның өмір сүру ортасына өнімнің зиянды әсер ету жағдайлары туралы ақпарат болса мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдеуден бас тартылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік орган ведомствосы бас тарту себептерін негіздей отырып ұсынады және осындай бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жібереді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым беріледі.

      16. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алуды мемлекеттік органның ведомствосы өнім БСЭГТ және ЕАЭО ТР-ге сәйкес келмеу фактілері анықталған жағдайда жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Мемлекеттік органның ведомствосы кейіннен мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жоя отырып және өнім туралы мәліметтерді Бірыңғай тізілімнен алып тастай отырып, өнімді мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.

  Адам денсаулығына
зиянды әсер ететін өнімдерді
мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік
тіркеу туралы шешімді кері
қайтарып алу қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік тіркеуге жататын адамның денсаулығына зиянды әсер
ететін өнімдердің тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мемлекеттік тіркелуге жатады:

      1) тұрмыстық химия өнімдер (тауарлары);

      2) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар және олардың негізінде дайындалатын, адамның денсаулығы үшін әлеуетті қауіп төндіретін (дәрілік заттардан басқа) препараттар, өндіру, қолдану, тасымалдау, өңдеу жағдайларында, сондай-ақ тұрмыстық жағдайларда адамның денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қолайсыз әсер етуге бейім табиғи немесе жасанды жолмен алынған жеке заттар (қосындылар);

      3) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға арналған су дайындау материалдары, реагенттері, жабдығы, құрылғылары және басқа да техникалық құралдары;

      4) жеке гигиена заттары ересектер үшін.

  Адамның денсаулығына
зиянды әсер ететін өнімдерді
мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік
тіркеу туралы шешімді кері
қайтарып алу қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      нысан

      _____________________________________

      мемлекеттік органның атауы

      _____________________________________

      өтініш берушінің Т.А.Ә (бар болғанда)

      _____________________________________

      жеке куәлігінің (паспортының) №

      _____________________________________

      заңды тұлға ұйымының атауы

      _____________________________________

      мекенжайы, байланыс телефоны

      _____________________________________

      ЖСН/БСН

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алуға өтініш

      Сізден ______________________________________________________________

      (өнімнің атауы, өндірушінің және мемлекеттік тіркеу туралы

      куәлікті алушының мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      (қажеттісінің астын сызу)

      мемлекеттік тіркеуді жүргізуді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қолы (күні, айы, жылы)

      Қосымша (құжаттар көшірмелері):

      1.

      2.

      3.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 420 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 546 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5858 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы № 1 жарияланған).

      2. "Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 546 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 87 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6838 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 160-163 (26565) газетінде 2011 жылғы 27 сәуірде № 140 (26561) жарияланған).

      3. "Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 546 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 17 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7434 болып тіркелген).