Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 5 шілдедегі № 361 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 шілдеде № 11574 тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Сәрінжіпов


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 5 маусымдағы
№ 361 бұйрығына
1-қосымша

"Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 12.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық және (немесе) қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 тіркелген "Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс–қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесін ұсынуы негіз болып табылады.

      5. Әрбір рәсімнің (іс-қимыл) ұзақтығы көрсетілген әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту рәсімінің сипаттамасы:

      1-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы және кеңседе тіркеуі;

      2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10372 тіркелген Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидаларының шарттары мен талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды толық ұсынғандығын қарастыруы;

      3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіден құжаттар мен сұрау түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде агенттіктің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қорытынды ұсынатын мемлекеттiк органдарға келісу үшін жолдайды;

      4-процесс – күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметі алушының портал арқылы өтініш беру процесінің сипаттамасы:

      1-процесс – көрсетілетін қызметті беруші "Келіп түскен" және "Орындауда" папкаларын күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде тексеріп, редакциялайды;

      2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, егер барлық жолдар толтырылған және қосымша дұрыс тіркелген болса, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10372 тіркелген Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидаларының шарттары мен талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды толық ұсынғандығын қарастырады;

      3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіден құжаттар мен сұрау түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде агенттіктің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қорытынды ұсынатын мемлекеттiк органдарға келісу үшін жолдайды;

      4-процесс – көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қалыптастырады;

      5-процесс – нәтижені "Жеке кабинет" бөлімінен күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде алу.

      6. Келесі рәсімдерді бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің нәтижелері:

      1) тіркелген өтініш;

      2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

      3) бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу туралы шешім.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:

      1) кеңсе қызметкері;

      2) қамқоршылық, қорғаншылық және халықаралық бала асырап алу басқармасының басшысы;

      3) төрағаның орынбасары;

      4) төраға.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады:

      1-рәсім – көрсетілетін қызметі беруші кеңсесінің қызметкері 2 (екі) сағат ішінде құжаттар тізімін тіркейді және төрағаға жолдайды;

      2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы құжатты 2 (екі) сағат ішінде төраға орынбасарына жолдайды;

      3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші төрағасының орынбасары құжатты 2 (екі) сағат ішінде басқарма басшысына жолдайды;

      4-рәсім – басқарма басшысы 2 (екі) сағат ішінде басқарма қызметкерлерінің ішінен жауапты орындаушыны тағайындайды;

      5-рәсім – басқарманың қызметкері күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 3 наурызда № 10372 тіркелді Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидаларына сәйкес құжаттарды тексереді;

      6-рәсім – басқарма қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсеті қызметті берушіден құжаттар мен сұрау түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде агенттіктің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қорытынды ұсынатын мемлекеттiк органдарға келісу үшін жолдайды, қорытынды нәтижесі бойынша басқарма қызметкері көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қалыптастырады және шешімді тексеру үшін басқарма басшысына жолдайды;

      7-рәсім – басқарма басшысы күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде шешімді тексереді және қол қою үшін төраға орынбасарына жолдайды;

      8-рәсім – төраға орынбасары күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде шешімді тексереді және қол қояды;

      9-рәсім – төраға күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде шешімді тексереді және қол қояды;

      10-рәсім – көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі дәлелді шешім түрінде көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның уәкілетті өкіліне кез келген жұмыс күні ішінде қолма-қол тапсырылады.

      9. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдерді (іс-қимылдардың) жүргізу реттілігінің сипаттамасы "Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенте (бұдан әрі– Регламент) 1-қосымшасына сәйкес әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту блок-схемасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 12.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Аталған мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілер арқылы көрсету, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі көзделмеген.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 12.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен (қызметкерлерімен) өзара іс-қимылдар жүргізу рәсімдері (іс-қимылдары) бірізділігінің және мемлекеттің қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымша мемлекеттік қызмет көрсету бизнес – процесстерінің анықтамалығында келтірілген.

  "Бала асырап алу жөніндегі агенттікті
аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өтудің блок-схемасы


  "Бала асырап алу жөніндегі агенттікті
аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 5 маусымдағы
№ 361 бұйрығына 2-қосымша

"Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 12.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 тіркелген) "Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеу мерзімін ұзарту немесе аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы дәлелді шешім.

2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс–әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көзделген қажет құжаттардың тізімін ұсынуы негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны:

      1-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы және кеңседе тіркеуі;

      2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту үшін талаптар мен негіздерге сәйкестігін қарастыруы;

      3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің 5 (бес) жұмыс күн ішінде Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту немесе бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы дәлелді шешім қабылдауы.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері – 15 (он бес) жұмыс күні.

      6. Келесі рәсімдерді бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің нәтижелері:

      1) тіркелген өтініш;

      2) бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

      3) қызметті алушыға жолдама.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:

      1) кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады:

      1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен уақыттан бастап Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдауды және оларды кіріс құжаттарын тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады, 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

      2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы сұранысты 2 (екі) сағат ішінде басшының орынбасарына жолдайды;

      3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары сұранысты 2 (екі) сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдайды;

      4-рәсім – құрылымдық бөлімшенің басшысы 2 (екі) сағат ішінде басқарманың қызметкерлерінің ішінен жауапты орындаушыны тағайындайды;

      5-рәсім – басқарманың жауапты қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10372 тіркелген) бұйрығымен бекітілген бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларынның талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының келіп түскен құжаттарын қарастырады, көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарастыру қорытындысы туралы шешімнің немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын қалыптастырады, оған қол қояды және шешімді тексеру үшін құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдайды;

      6-рәсім – құрылымдық бөлімшенің басшысы 4 (төрт) сағат ішінде шешімді тексереді, оған қол қояды және тексеріп, қол қою үшін көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына жолдайды, немесе келіспеген жағдайда пысықтауға кері қайтарады;

      7-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 4 (төрт) сағат ішінде шешімді тексереді, оған қол қояды және қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына жолдайды немесе келіспеген жағдайда пысықтауға кері қайтарады;

      8-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешімді тексереді және қол қояды;

      9-рәсім – жауапты қызметкер көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін 1 (бір) жұмыс күні ішінде кеңседе тіркейді;

      10-рәсім - жауапты қызметкер көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут:

      1) 1-процесс - көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;

      2) 2-процесс - көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация қызметкеріне дайын құжаттар топтамасын тапсырады;

      3) 3-процесс - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін анықтауы;

      4) 4-процесс - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды;

      5) 5-процесс - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Стандарттың 9 тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды қабылдағаны немесе қабылдауға бас тарту туралы қол-хат беруі;

      6) 6-процесс - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің құжаттар топтамасын 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде жолдауы;

      7) 7-процесс - 15 (он бес) жұмыс күн ішінде бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

      8) 8-процесс - Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді шешімді қол-хат негізінде жеке куәлігін ұсыну барысында береді.

      10. Қажетті ақпаратты және консультацияны мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен (қызметкерлерімен) өзара іс-қимылдарының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде басқада көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл жүргізу және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламентке сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

  "Бала асырап алу жөніндегі
агенттікті аккредиттеу мерзімін
ұзарту" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
Регламентіне қосымша

"Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметі бизнес-процесінің анықтамасы