«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 5 маусымдағы
№ 361 бұйрығына
1-қосымша
«Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб–порталы, «Е–лицензиялау»: www.elicense.kz веб–порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 тіркелген «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс–қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесін ұсынуы негіз болып табылады.
5. Әрбір рәсімнің (іс-қимыл) ұзақтығы көрсетілген әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту рәсімінің сипаттамасы:
1-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы және кеңседе тіркеуі;
2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10372 тіркелген Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидаларының шарттары мен талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды толық ұсынғандығын қарастыруы;
3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіден құжаттар мен сұрау түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде агенттіктің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қорытынды ұсынатын мемлекеттiк органдарға келісу үшін жолдайды;
4-процесс – күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметі алушының портал арқылы өтініш беру процесінің сипаттамасы:
1-процесс – көрсетілетін қызметті беруші «Келіп түскен» және «Орындауда» папкаларын күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде тексеріп, редакциялайды;
2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, егер барлық жолдар толтырылған және қосымша дұрыс тіркелген болса, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10372 тіркелген Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидаларының шарттары мен талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды толық ұсынғандығын қарастырады;
3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіден құжаттар мен сұрау түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде агенттіктің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қорытынды ұсынатын мемлекеттiк органдарға келісу үшін жолдайды;
4-процесс – көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қалыптастырады;
5-процесс – нәтижені «Жеке кабинет» бөлімінен күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде алу.
6. Келесі рәсімдерді бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің нәтижелері:
1) тіркелген өтініш;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
3) бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу туралы шешім.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:
1) кеңсе қызметкері;
2) қамқоршылық, қорғаншылық және халықаралық бала асырап алу басқармасының басшысы;
3) төрағаның орынбасары;
4) төраға.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады:
1-рәсім – көрсетілетін қызметі беруші кеңсесінің қызметкері 2 (екі) сағат ішінде құжаттар тізімін тіркейді және төрағаға жолдайды;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы құжатты 2 (екі) сағат ішінде төраға орынбасарына жолдайды;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші төрағасының орынбасары құжатты 2 (екі) сағат ішінде басқарма басшысына жолдайды;
4-рәсім – басқарма басшысы 2 (екі) сағат ішінде басқарма қызметкерлерінің ішінен жауапты орындаушыны тағайындайды;
5-рәсім – басқарманың қызметкері күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 3 наурызда № 10372 тіркелді Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидаларына сәйкес құжаттарды тексереді;
6-рәсім – басқарма қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсеті қызметті берушіден құжаттар мен сұрау түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде агенттіктің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қорытынды ұсынатын мемлекеттiк органдарға келісу үшін жолдайды, қорытынды нәтижесі бойынша басқарма қызметкері көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қалыптастырады және шешімді тексеру үшін басқарма басшысына жолдайды;
7-рәсім – басқарма басшысы күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде шешімді тексереді және қол қою үшін төраға орынбасарына жолдайды;
8-рәсім – төраға орынбасары күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде шешімді тексереді және қол қояды;
9-рәсім – төраға күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде шешімді тексереді және қол қояды;
10-рәсім – көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі дәлелді шешім түрінде көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның уәкілетті өкіліне кез келген жұмыс күні ішінде қолма-қол тапсырылады.
9. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдерді (іс-қимылдардың) жүргізу реттілігінің сипаттамасы «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенте (бұдан әрі– Регламент) 1-қосымшасына сәйкес әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту блок-схемасында келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
10. Аталған мемлекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтары және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілер арқылы көрсету, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі көзделмеген.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен (қызметкерлерімен) өзара іс-қимылдар жүргізу рәсімдері (іс-қимылдары) бірізділігінің және мемлекеттің қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымша мемлекеттік қызмет көрсету бизнес – процесстерінің анықтамалығында келтірілген.
«Бала асырап алу жөніндегі агенттікті
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өтудің блок-схемасы
«Бала асырап алу жөніндегі агенттікті
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 5 маусымдағы
№ 361 бұйрығына
2-қосымша
«Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 тіркелген «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10–тармағында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеу мерзімін ұзарту немесе аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы дәлелді шешім.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс–әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішті ұсынуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны:
1-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы және кеңседе тіркеуі;
2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту үшін талаптар мен негіздерге сәйкестігін қарастыруы;
3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің 5 (бес) жұмыс күн ішінде Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы шешім немесе аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы дәлелді шешім қабылдауы.
6. Келесі рәсімдерді бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің нәтижелері:
1) тіркелген өтініш;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
3) бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы шешім.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:
1) кеңсе қызметкері;
2) қамқоршылық, қорғаншылық және халықаралық бала асырап алу басқармасының басшысы;
3) төрағаның орынбасары;
4) төраға.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады:
1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 2 (екі) сағат ішінде құжатты (қызмет алушының сұранысы) қабылдайды және кіріс құжаттарын тіркеу журналына тіркейді және төрағаға жолдайды;
2-рәсім – төраға көрсетілетін қызметті алушының сұранысын 2 (екі) сағат ішінде төраға орынбасарына жолдайды;
3-рәсім – төраға орынбасары сұранысты 2 (екі) сағат ішінде қамқоршылық, қорғаншылық және халықаралық бала асырап алу басқармасының басшысына жолдайды;
4-рәсім – басқарма басшысы 2 (екі) сағат ішінде қамқоршылық, қорғаншылық және халықаралық бала асырап алу басқармасы қызметкерлерінің ішінен жауапты орындаушыны тағайындайды;
5-рәсім – басқарманың қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде бекітілген қағидалардың талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тексереді, көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарастыру қорытындысы туралы шешімнің немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын қалыптастырады, оған қол қояды және шешімді тексеру үшін басқарма басшысына жолдайды;
6-рәсім – басқарма басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешімді тексереді, оған қол қояды және тексеріп, қол қою үшін төраға орынбасарына жолдайды, немесе келіспеген жағдайда пысықтауға кері қайтарады;
7-рәсім – төраға орынбасары 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешімді тексереді, оған қол қояды және қол қою үшін төрағаға жолдайды немесе келіспеген жағдайда пысықтауға кері қайтарады;
8-рәсім – төраға 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешімді тексереді және қол қояды;
9-рәсім – көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі дәлелді шешім түрінде көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның уәкілетті өкіліне кез келген жұмыс күні ішінде қолма-қол тапсырылады.
9. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүргізу реттілігінің сипаттамасы «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенте (бұдан әрі – Регламент) 1–қосымшаның әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту блок-схемасында келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
10. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш білдіру мүмкіндігі қарастырылмаған.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен (қызметкерлерімен) өзара іс-қимылдар жүргізу рәсімдері (іс-қимылдары) бірізділігінің және мемлекеттің қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымша мемлекеттік қызмет көрсету бизнес – процесстерінің анықтамалығында келтірілген.
«Бала асырап алу жөніндегі агенттікті
аккредиттеу мерзімін ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өтудің блок-схемасы
«Бала асырап алу жөніндегі агенттікті
аккредиттеу мерзімін ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша