Аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 18-2/501 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11551 тіркелді.

Жаңартылған

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 9-бабының 1-тармағының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы С. Омаров

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 18-2/501 бұйрығымен
бекiтілген

Аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.11.2018 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Аңшылық шаруашылығын жүргiзу осы қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 9-бабы 1-тармағының 58) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аңшылық шаруашылығын жүргiзу тәртiбiн айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының азаматтары мен (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының аңшылық шаруашылығын жүргізуі үшін облыстың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – атқарушы орган) аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешімі, атқарушы орган мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт (бұдан әрі - шарт) негіз болып табылады.

      Атқарушы органның аңшылық алқаптарды бекiтiп беру туралы шешiмi конкурстық комиссияның аңшылық алқаптарды бекiтiп беру жөнiндегi шешiмiне негiзделеді.

      3. "Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-03-01/63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7472 тіркелген) сәйкес аңшылық алқаптарды шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру нәтижелері бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылықтарының санаттарын айқындайды.

      4. "Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 17-03/362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7851 тіркелген) (бұдан әрі - Бұйрық) сәйкес аңшылық шаруашылығы ұйымы шартта белгіленген мерзімде өзіне бекітіп берілген аңшылық алқаптарда шаруашылықiшiлiк аңшылық ісін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      5. Шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру материалдары бойынша әзірленген аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспарын аңшылық шаруашылығы ұйымы бекітеді, осыдан кейін орындалуға жатады.

      6. Шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру ұзақтығы 10 (он) жыл тексеру кезеңiне немесе бұйрығына сәйкес шарттың жасалу мерзiмiне әзiрленедi.

      Шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру материалдары аңшылық шаруашылығының санатын өзгерту, шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге үшін негіз болып табылады.

      6-1. Аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт:

      1) аңшылық шаруашылығын жүргізуден өз еркімен бас тартқан;

      2) аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;

      3) аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қызметі тоқтатылған;

      4) аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт талаптары жүйелі түрде бұзылған;

      5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптары жүйелі түрде бұзылған;

      6) аңшылық алқаптарын бекітіп беру жүргізілген жер учаскелері 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгілі тәртіппен мемлекеттік мұқтаж үшін алып қойылған жағдайларда тоқтатылады.

      Ескерту. 2-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.11.2018 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Жануарлар дүниесі объектiлерiнiң мониторингі үшін санын есепке алуды, мәліметтерді жинауды ұйымдастыру

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.11.2018 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн есепке алудың негiзгі мақсаты осы жануарлар таралымдарының жай-күйiн бағалау және оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау болып табылады.

      8. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесi объектiлерiнің санын есепке алуды аңшылық шаруашылығы ұйымдары "Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7492 тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.

      9. Аң аулау объектiлерiне жатқызылған жануарлар түрлерiнің санын есепке алу нәтижелерi оңтайлы және нақты сандар көрсеткiштерiнiң арақатынасын ескере отырып, оларды алу лимиттерi мен квоталарын анықтау үшiн негіз болып табылады.

      10. Аңшылық шаруашылығы ұйымдары жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өндiрiстiк мониторингiн жүзеге асырады, ол жануарлар дүниесiнiң биологиялық әртүрлілігін сақтау, оны орнықты пайдалануды қамтамасыз ету үшiн болып жатқан өзгерiстердi анықтау және бағалау, жағымсыз процестер мен құбылыстардың алдын алу және олардың зардаптарын жою мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң таралуын, санын, жай-күйiн, таралымдарының құрылымын, мекендеу ортасының сапасы мен алаңын қадағалау жүйесiн бiлдіреді.

3-тарау. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн қорғау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.11.2018 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн қорғау:

      1) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi қағидаларды, нормалар мен нормативтерді белгiлеу және сақтау;

      2) жануарлар дүниесiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгiлеу;

      3) жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау;

      4) жануарлар дүниесiн пайдаланудың белгiленген қағидаларын бұзуды болдырмау;

      5) жануарлар мекендейтiн ортаны қорғауды, олардың көбею жағдайларын, өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын ұйымдастыру;

      6) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүктей отырып, аумақтарды, акваторияларды бекiтiп беру;

      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру;

      8) жануарлар түрлерін жасанды түрде өсiру;

      9) жануарлар ауырған жағдайда, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда оларға көмек көрсету;

      10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;

      11) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау және орнықты пайдалану идеяларын насихаттау;

      12) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi қызметiн ынталандыру;

      13) азаматтарды жануарлар дүниесiне жанашырлықпен және ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу жолымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.11.2018 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Аңшылық шаруашылықтарының қорықшылық қызметi

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.11.2018 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Қорықшылық қызметтерді аңшылық шаруашылығы ұйымдары шартта және шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруда көзделген санмен өз қаражаты есебінен құрады.

5-тарау. Бекітіп берілген аңшылық шаруашылықтарында жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.11.2018 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Бекiтіп берілген аңшылық шаруашылықтарында жануарлар дүниесiнің өсiмiн молайтуды аңшылық шаруашылығы ұйымы жүзеге асырады және жануарлар дүниесi объектiлерiнің санын көбейту мен оңтайлы мөлшерін сақтауға және оларды орнықты пайдалануға бағытталған iс-шаралар кешенiн қамтиды.

      14. Бекiтiп берілген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту аңшылық алқаптардың өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында жүзеге асырылады және:

      1) үстеп қоректендiру, азықтандыру кешендерi мен азықтандыру алаңдарын құру;

      2) жасанды су айдындары мен суаттар құру;

      3) қорғаныштық өсiмдiктер отырғызу, жасанды ұялар салу жолымен аңшылық алқаптардың ұя салуға жарамды алаңдарын ұлғайту;

      4) жыртқыш жануарлардың санын реттеп отыру;

      5) жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру;

      6) белгiлi бiр аумақта және белгiлi бiр мерзiмге аңшылық шаруашылығы ұйымының шаруашылық қызметiн шектеу;

      7) жануарлар ауруларының алдын алу жөнiнде iс-шаралар өткiзу;

      8) жануарларды қолда және жартылай ерікті жағдайларда өсiру;

      9) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн жерсiндiру;

      10) жыныс-жас құрамын реттеп отыру жолымен қол жеткiзiледi.

      15. Бекiтiп берілген аңшылық шаруашылықтарында жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту жөнiндегi жұмыстардың тiзбесi шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруда көзделедi.

      16. Бекiтіп берiлген аңшылық шаруашылықтарында жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту жөнiндегi iс-шараларды аңшылық шаруашылығы ұйымдары өз қаражаты есебiнен жүргiзедi.

6-тарау. Жануарлар дүниесiн пайдалану

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.11.2018 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Бекiтiп берілген аңшылық шаруашылықтарында жануарлар дүниесiн пайдалануды аңшылық шаруашылығы ұйымдары "Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 тіркелген) сәйкес атқарушы орган беретiн рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырады.

      18. Аңшылық шаруашылығы субъектілері квота шеңберінде жануарлар дүниесі объектілерін алу құқығына жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған сәттен бастап, ал басқа жеке және заңды тұлғалар - аңшылық шаруашылығы субъектілерінен жолдама алғаннан немесе олармен аң аулауға шарт жасасқаннан кейін ие болады.

  Аңшылық шаруашылығын
жүргізу қағидаларына қосымша

Аңшылық шаруашылықтарының санаттары

Аңшылық шаруашылықтарының санаттары

Аңшылық шаруашылы ғының алатын алаңының нормасы (гектaр)

Аң аулау объектiлерiне жатқызылған мекендейтiн жануарлар түрлерiнiң шектi мөлшерi

1 (бiр) қорықшыға күзетiлетiн алаңды бекiтiп беру нормасы (гектар)

Аңшылық алқаптарды бекiтiп берудiң ұсынылатын мерзiмi (жыл)

1

2

3

4

5

1 санат

кемiнде
5000

тұяқты жануарлар түрлерi-кемiнде 3, ұсақ және қанатты құстың түрлері - кемiнде 5

1500-5000

49

2 санат

кемiнде
15000

тұяқты жануарлар түрлерi-кемiнде 3, - ұсақ және қанатты құстың түрлерi-кемiнде 3

5000-10000

40

3 санат

кемiнде
20000

тұяқты жануар лар түрлерi-кемiнде 2, ұсақ және қанатты құстың түрлерi -
кемiнде 3

10000-20000

30

4 санат

кемiнде
20000

тұяқты жануарлар түрлерi-кемiнде 1,
ұсақ және қанатты құстың түрлерi-кемінде 3

20000-30000

20

5 санат

кемiнде
10000

ұсақ және қанатты құстардың түрлері кемінде - 3

100 000

10