"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 69-бабы, 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнама белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі |
Т. Дүйсенова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығымен бекітілген |
Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидалары
1. Осы Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 69-бабының, 5-тармағына сәйкес әзірленді және рецептілерді жазу, есепке алу және сақтаудың тәртібін айқындайды.
2. Рецептілерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысан бойынша бланкілерде тиісті медициналық көрсетілімдер бар болған кезде өз құзыреті шегінде, амбулаториялық, профилактикалық, диагностикалық, емдік, оңалтушы немесе паллиативтік көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері қағаз және (немесе) электрондық түрде жазып береді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 № ҚР ДСМ-131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қағаз нысанындағы рецептілер рецепт жазып берген медицина қызметкерінің қолымен расталады.
Электронды нысандағы рецептілер рецепт жазып берген медицина қызметкерінің электрондық-цифрлық қолымен расталады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 № ҚР ДСМ-131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алуға рецептілер амбулаториялық деңгейде автоматтандырылған жүйеде электрондық түрде жазылады, есепке алынады және мониторинг жүргізіледі.
Электронды форматта рецептілерді жазу мүмкіндігі болмаған жағдайда рецептілерді жазу қағаз нысанда жүзеге асырылады.
Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті шартта алуға рецептілер медициналық ұйымның бұйрығымен айқындалған уәкілетті тұлғаның қолы қосымша қойылады және "Рецептілер үшін" деген денсаулық сақтау ұйымының мөрімен немесе уәкілетті тұлғаның электрондық-цифрлық қолымен расталады.
Рецептілерге қол қоюға құқығы бар уәкілетті адамдардың қолдарының үлгілерін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен тиісті шарттары бар фармацевтикалық қызмет объектілеріне медициналық ұйымдары жібереді.
Фельдшерлік-акушерлік пункттің меңгерушісі тегін және жеңілдікті негізде дәрілік заттарды алуға рецептіні өз қолымен және фельдшерлік-акушерлік пункттің мөрімен немесе электрондық-цифрлық қолмен растайды.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.04.2019 № ҚР ДСМ-36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2019 № ҚР ДСМ-131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.5. Ауылдық елді мекендерде дәрігерлер болмаған жағдайда рецептілерді науқастарға амбулатоиялық қабылдауды жүргізетін орта медицина қызметкері жазады.
6. Қазақстан Республикасында тіркелмеген және қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарға рецептілер жазылмайды.
7. Рецептілер науқастың жас шамасы және дәрілік заттардың құрамына кіретін ингридиенттердің әсерінің сипаты ескеріліп жазылады.
8. Тегін және жеңілдікті дәрілік заттарды алуға рецептінің мазмұны мен нөмірі науқастың амбулаториялық картасында белгіленеді.
9. Рецептілер дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауымен қазақ немесе орыс немесе латын тілдерінде жазылады, пациенттің қабылдауына болмайтын, дәрілік препарат құрамы көп компонентті болған жағдайларда саудалық атауымен жазылады. Рецептілер бланкте көзделген барлық бағандарын міндетті түрде анық толтырумен, қолдану тәсілі, дозасы, жиілігі және қабылдау ұзақтығы көрсетіле отырып, тиісті бағандарда жазылады. Жалпылама нұсқаулармен ("Белгілі", "Ішке қолдануға", "Сыртқа қолдануға") шектеулерге жол берілмейді. Рецептіде түзетуге жол берілмейді.
Қатты шашылатын заттар граммен (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), сұйық заттар – миллилитрлерде, грамдарда және тамшы дәріде жазылып беріледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 № ҚР ДСМ-131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Рецептіде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес негізгі рецептуралық қысқартулар қолданылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 № ҚР ДСМ-131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Тегін немесе жеңілдікті негізде дәрілік заттарды алуға бір рецептуралық бланкте құрамында туынды 8-оксихинолин, гормоналды стероидтар, клонидин, анаболикалық стероидтар, кодеин, тропикамид, циклопентолат, трамадол, буторфанол бар дәрілік заттардың бір атауы, ал қалған дәрілік заттардың – кемінде екі атауы көрсетіледі.
11-1. Рецептіде көрсетілген препараттың біреуі болмаған жағдайда немесе препараттың толық емес қаптамасы босатылған жағдайда дәріханада рецепттің көшірмесі қалдырылады немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес фармацевтика қызметкері жазылып берілген рецептілер бойынша дәрілік заттарды есепке алу журналына енгізеді. Фармацевт рецептінің артқы жағына босатылған препараттың санын көрсетеді.
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 № ҚР ДСМ-131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Жоғары бір реттік дозадан асатын дозадағы дәрілік затты жазу кезінде дәрігер рецептіде дәрілік заттың дозасын жазумен және леп белгісімен белгілейді. Дәрігер бұл талаптарды сақтамаған жағдайда фармацевтика қызметкері жазылған дәрілік затты белгіленген жоғары бір реттік дозаның жартысын босатады.
13. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында ғана қолданылатын дәрілік заттарға рецептілер жазылмайды.
14. Дәрілік заттарға, соның ішінде тегін және жеңілдікті шарттарда босатылатын репцетілер 3 айға дейін жарамды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.04.2019 № ҚР ДСМ-36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Науқастарға жазылып берілген дәрілік препараттың саны емдеу курсының есебінен, ал тұрақты (ұзақ) емдеуге мұқтаж адамдарға қабылдау жиілігі және емдеу мерзімі, дозасын көрсете отырып, күн сайынғы қабылданатын емдеу схемасы есебінен көрсетіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 № ҚР ДСМ-131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Осы Қағидаларға 11-тармақта көрсетілген дәрілік заттарды алуға рецептілерді жазған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде жарамды.
17. Рецептілерді, оның ішінде ТМККК шеңберінде босатылатын дәрілік заттарға арналған қағаз түріндегі рецептілерді сақтау мерзімі 1 жылды құрайды.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 № ҚР ДСМ-131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында жазылған дәрілік заттарға рецептілер республиканың барлық аумағында жарамды, дәрілік заттарды тегін және жеңілдікпен босатуға рецептілерді қоспағанда республиканың (аудан, қала, облыс) әкімшілік-аумақтық бірлігінде жарамды.
Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 № ҚР ДСМ-131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Негізгі рецетуралық қысқартулар
Қысқартулар | Толық жазылуы | Аудармасы |
aa | ana | бойынша, тең бөлінген |
ac. acid. | acidum | қышқыл |
amp. | ampulla | Ампула |
aq. | аqua | Су |
aq. purif. | aqua purificata | тазартылған су |
but. | вutyrum | май (қатты) |
comp., cps. | сompositus (a, um) | күрделі |
D. | Da, Detur, Dentur | Бер. Берілетін болсын. Осылар берілетін болсын |
D.S. | Da, Signa; Detur, Signetur | Бер, белгіле. Берілетін, белгіленетін болсын. Берілсін, белгіленсін |
D.t.d. | Da (Dentur) tales doses | Осындай дозаларды бер (берілетін болсын) |
Dec. | Decoctum | Қайнатпа |
dil. | dilutus | Ерітілген |
div. in p.aeq | divide in partes aequales | тең бөліктерге бөл |
emuls | emulsum | Эмульсия |
extr. | extractum | сығынды, сорып алынған |
f. | fiat (fiant) | түзілетін болсын (түзілсін) |
gtt. | gutta, guttae | тамшы, тамшылар |
inf. | infusum | тұнба |
in amp. | in ampullis | ампулаларда |
in caps.gel. | in capsulis gelatinosis | желатинді капсулаларда |
in tabl. | in tab(u)lettis | Таблеткаларда |
lin. | linimentum | сұйық жақпа май |
liq. | liquor | Сұйықтық |
M. pil. | massa pilularum | пилюльдік масса |
M. | Misce; Misceatur | Араластыр. Араластырылатын болсын. Араластырылсын |
N. | numero | Санмен |
ol. | oleum | май (сұйық) |
pil. | pilula | Пилюля |
p.aeq. | partes aequales | тең бөліктер |
pulv. | pulvis | Ұнтақ |
q.s. | quantum satis | қанша қажет етілсе, қанша керек |
r., rad. | radix | Тамыр |
Rp. | Recipe | Ал |
Rep. | Repete. Repetatur | Қайтала. Қайталанатын болсын |
rhiz. | rhizoma | сала тамыр |
S. | Signa. Signetur | Белгіле. Белгіленетін болсын |
sem. | semen | Ұрық |
simpl. | simplex | Қарапайым |
sir. | sirupus | Шырын |
sol. | solutio | Ерітінді |
supp. | suppositorium | Балауыз |
tabl. | tab(u)letta | Таблетка |
t-ra, tinct., tct. | tinctura | Тұнба |
ung. | unguentum | жақпа май |
vitr. | vitrum | шыны ыдыс |
ppt., praec. | praecipitatus | Тұнған |
past. | pasta | Паста |
Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларына 2-қосымша |
Жазылып берілген рецептілер бойынша дәрілік заттарды есепке алу журналы
Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 № ҚР ДСМ-131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № | Жіберген күні | Пациенттің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | Рецептінің күні және номірі | Дәрігердің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | Препараттың атауы | Саны | Фармацевттің қолы | Фармацевттің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | Пациенттің қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |