Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11465 тіркелді.

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 69-бабы, 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнама белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 373 бұйрығымен бекітілген

Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидалары

      1. Осы Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 69-бабының, 5-тармағына сәйкес әзірленді және рецептілерді жазу, есепке алу және сақтаудың тәртібін айқындайды.

      2. Рецептілер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысан бойынша бланкілерде тиісті медициналық көрсітілімдер бар болған кезде өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерімен жазылады.

      3. Рецептілер рецепт жазып берген медицина қызметкерінің қолымен және жеке мөрімен расталады.

      4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген шеңберінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға рецептілер амбулаториялық деңгейде автоматтандырылған жүйеде электрондың түрде жазылады, есепке алынады және мониторинг жүргізіледі.

      Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде рецетілерді жазу қолмен жүзеге асырылады.

      Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті шартта алуға рецептілер медициналық ұйымның бұйрығымен айқындалған қосымша уәкілетті органның қолы қойғызылады және "Рецептілер үшін" денсаулық сақтау ұйымының мөрімен расталады.

      Рецептілерге қол қоюға құқығы бар уәкілетті адамдардың қолдарының үлгілерін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен тиісті шарттары бар фармацевтикалық қызмет объектілеріне медициналық ұйымдары жібереді.

      Фельдшерлік-акушерлік пункттерінің меңгерушісі тегін және жеңілдікті негізде дәрілік заттарды алуға рецептіні өзінің қолымен және фельдшерлік-акушерлік пунттің мөрімен растайды.

      5. Ауылдық елді мекендерде дәрігерлер болмаған жағдайда рецептілерді науқастарға амбулатоиялық қабылдауды жүргізетін орта медицина қызметкері жазады.

      6. Қазақстан Республикасында тіркелмеген және қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарға рецептілер жазылмайды.

      7. Рецептілер науқастың жас шамасы және дәрілік заттардың құрамына кіретін ингридиенттердің әсерінің сипаты ескеріліп жазылады.

      8. Тегін және жеңілдікті дәрілік заттарды алуға рецептінің мазмұны мен нөмірі науқастың амбулаториялық картасында белгіленеді.

      9. Рецептілер бланкте көзделген барлық бағандарын міндетті түрде толтырумен анық дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген немесе сауда атауымен латын тілінде жазылады, қолдану тәсілі дозасы, жиілігі және қабылдау ұзақтығы көрсетіле отырып, сәйкес бағандарда мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жазылады. Жалпылама нұсқаулармен ("Белгілі", "Ішке қолдануға", "Сыртқа қолдануға") шектеулерге жол берілмейді. Рецептіде түзетуге жол берілмейді.

      Қатты шашылатын заттар граммен (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), сұйық заттар - миллилитрлерде, грамдарда және қанша тамшы құю қажет екені жазылады.

      10. Рецептіде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес негізгі рецептуралық қысқартулар қолданылады.

      11. Тегін немесе жеңілдікті негізде дәрілік заттарды алуға бір рецептуралық бланкте құрамында туынды 8-оксихинолин, гормоналды стероидтар, клонидин, анаболикалық стероидтар, кодеин, тропикамид, циклопентолат, трамадол, буторфанол бар дәрілік заттардың бір атауы, ал қалған дәрілік заттардың – кемінде екі атауы көрсетіледі.

      12. Жоғары бір реттік дозадан асатын дозадағы дәрілік затты жазу кезінде дәрігер рецептіде дәрілік заттың дозасын жазумен және леп белгісімен белгілейді. Дәрігер бұл талаптарды сақтамаған жағдайда фармацевтика қызметкері жазылған дәрілік затты белгіленген жоғары бір реттік дозаның жартысын босатады.

      13. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында ғана қолданылатын дәрілік заттарға рецептілер жазылмайды.

      14. Дәрілік заттарға, соның ішінде тегін және жеңілдікті шартта өткізілетін репцетілер 1 ай ішінде жарамды.

      15. Науқастарға жазылған дәрілік препараттың саны емдеу курсының есебінен, ал тұрақты (ұзақ) емделуге мұқтаж адамдарға үш ай есебінен көрсетіледі.

      16. Осы Қағидаларға 11-тармақта көрсетілген дәрілік заттарды алуға рецептілерді жазған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде жарамды.

      17. Тегін негізде босатылған дәрілік заттарға рецептілерді сақтау 3 жыл ішінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің жеткізушілері жүзеге асырады.

      18. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында жазылған дәрілік заттарға рецептілер республиканың барлық аумағында жарамды, дәрілік заттарды тегін және жеңілдікпен босатуға рецептілерді қоспағанда республиканың (аудан, қала, облыс) әкімшілік-аумақтық бірлігінде жарамды.

  Рецептілерді жазу, есепке
алу және сақтау қағидаларына
қосымша

Негізгі рецетуралық қысқартулар

Қысқартулар

Толық жазылуы

Аудармасы

aa

ana

бойынша, тең бөлінген

ac. acid.

acidum

қышқыл

amp.

ampulla

Ампула

aq.

аqua

Су

aq. purif.

aqua purificata

тазартылған су

but.

вutyrum

май (қатты)

comp., cps.

сompositus (a, um)

күрделі

D.

Da, Detur, Dentur

Бер. Берілетін болсын. Осылар берілетін болсын

D.S.

Da, Signa; Detur, Signetur

Бер, белгіле. Берілетін, белгіленетін болсын. Берілсін, белгіленсін

D.t.d.

Da (Dentur) tales doses

Осындай дозаларды бер (берілетін болсын)

Dec.

Decoctum

Қайнатпа

dil.

dilutus

Ерітілген

div. in p.aeq

divide in partes aequales

тең бөліктерге бөл

emuls

emulsum

Эмульсия

extr.

extractum

сығынды, сорып алынған

f.

fiat (fiant)

түзілетін болсын (түзілсін)

gtt.

gutta, guttae

тамшы, тамшылар

inf.

infusum

тұнба

in amp.

in ampullis

ампулаларда

in caps.gel.

in capsulis gelatinosis

желатинді капсулаларда

in tabl.

in tab(u)lettis

Таблеткаларда

lin.

linimentum

сұйық жақпа май

liq.

liquor

Сұйықтық

M. pil.

massa pilularum

пилюльдік масса

M.

Misce; Misceatur

Араластыр. Араластырылатын болсын. Араластырылсын

N.

numero

Санмен

ol.

oleum

май (сұйық)

pil.

pilula

Пилюля

p.aeq.

partes aequales

тең бөліктер

pulv.

pulvis

Ұнтақ

q.s.

quantum satis

қанша қажет етілсе, қанша керек

r., rad.

radix

Тамыр

Rp.

Recipe

Ал

Rep.

Repete. Repetatur

Қайтала. Қайталанатын болсын

rhiz.

rhizoma

сала тамыр

S.

Signa. Signetur

Белгіле. Белгіленетін болсын

sem.

semen

Ұрық

simpl.

simplex

Қарапайым

sir.

sirupus

Шырын

sol.

solutio

Ерітінді

supp.

suppositorium

Балауыз

tabl.

tab(u)letta

Таблетка

t-ra, tinct., tct.

tinctura

Тұнба

ung.

unguentum

жақпа май

vitr.

vitrum

шыны ыдыс

ppt., praec.

praecipitatus

Тұнған

past.

pasta

Паста