Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11459 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 41-56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде 2-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және әлеуметтік

      даму министрі

      ______________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 25 мамыр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының Ұлттық

      экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 24 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 153 бұйрығымен
бекітілген

Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі - Сертификаттық талаптар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-56) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң).

      2. Сертификаттық талаптар әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын әуе кемелерін (бұдан әрі - ӘК) пайдаланушыларға қойылатын талаптарды белгілейді.

      Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде өтініш беруші мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті қабілеттілігі мен құралдарын, сондай-ақ өзінің қаржылық-экономикалық жағдайын және құқық қабілеттілігін көрсетуге міндетті.

      Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер: 1-санат, 2-санат және 3-санат болып үш санатқа бөлінеді.

      1-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде ол жойылуға тиіс сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      2-санатқа азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      3-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Пайдаланушы мынадай минимальды шарттарға жауап беруі тиіс:

      1) орналасқан жері – Қазақстан Республикасы;

      2) табыс алмастан 3 (үш) ай ішінде мәлімделген қызметін бастау үшін жеткілікті қаржылық ресурстардың болуы және оған қолжетімділік.

      4. Орындалатын ұшу көлемі мен күрделілігіне байланысты пайдаланушы Заңның 59-бабының 2-тармағына сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізу және қолдауды қамтамасыз етеді.

      5. Осы Сертификаттық талаптарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) пайдаланушы – азаматтық ӘК пайдаланумен айналысатын және осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

      2) азаматтық ӘК пайдаланушысының сертификаты (бұдан әрі - ПС) - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген, пайдаланушының Азаматтық ӘК пайдаланушылары сертификаттау қағидаларына және осы сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

      3) пайдалану ерекшеліктері – ПС байланысты шартты және шектеулер, рұқсаттар және ұшу жүргізу нұсқаулығында айтылған шарттарға тәуелді;

      ПС байланысты пайдалану ерекшеліктері пайдаланушының ұшуды орындауға арналған рұқсатының ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады;

      4) Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік (бұдан әрі – АЖК) - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген, Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидаларына және осы сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

      АЖК сертификаттық талаптар пайдаланушының ұшуды орындауына арналған рұқсаттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      5) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау - ұшу қағидасын, ұшуды ұйымдастыруды, қамтамасыз етуді және орындауды регламенттейтін құжат;

      6) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқау - осы пайдаланушының ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстардың уақтылы әрі қанағаттандырылған түрде орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушының рәсімдері сипаттауларын қамтитын құжат;

      7) пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулық - ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар мен қағидалар кешені;

      8) техникалық қызмет көрсету - ӘК ұшуға дайындау кезінде, ұшудан кейін, сақтау және тасымалдау кезінде ұшу жарамдылығын (қалпында болуын, жұмысқа қабілеттілігін және дұрыс жұмыс істеуін) қолдау үшін авиациялық техникада орындалатын жұмыстар кешені;

      9) нөмірлі құжаттама - ұшуға ӘК мемлекеттік тіркеуді және оның жарамдылығын ресімдеуге, жасаушы зауытта белгілі бір нөмірмен тіркелген ӘК осы данасы үшін ғана жарамды ӘК жұмыс атқарымын және техникалық жай-күйін есепке алуға арналған құжаттама.

      10) жауапты басшы – азаматтық авиация ұйымын жалпы басқаруға жауапты, реттеуге жатқызылған функцияларды орындауға қатысты және белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкес операциялық қызметті қамтамасыз ететін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның алдындағы жауапты адам ретінде тағайындалған тұлға;

      11) тағайындалған басшы – азаматтық авиация ұйымының бөлімшесін басқаруға жауапты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты, ұйым басшысы тағайындаған және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген тұлға;

      12) жалға алушы – ӘК жалға берілген тарапты білдіреді;

      13) жалға беруші – ӘК жалға алынған тарапты білдіреді;

      14) экипажсыз ӘК жалдау – жалға алу шарты, оның негізінде ӘК жалға алушы ПС/АЖК сәйкес пайдаланылады;

      15) экипажымен ӘК жалдау – экипажымен ӘК жалдау, оның негізінде, егер пайдаланушы - жалға алушымен жалға алу шартында өзгеше айтылмаса, жалға берушінің ПС/АЖК сәйкес пайдаланылады;

      16) жалға алу - жалдау ден шарттық мәміле түсініледі, оның негізінде тиісті түрде сертификатталған авиатасымалдаушы, иелену құқығын берусіз ӘК толық коммерциялық бақылауды алады.

2. Пайдаланушының ұйымдық құрылымы

      6. Пайдаланушы қызмет түріне, пайдаланылатын ӘК типіне қарай, ұйымдық құрылымға кіретін қажетті құрылымдық бөлімшелер мен қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді:

      1) ұшу қызметі;

      2) ұшуға жарамдылықты қолдау қызметі;

      3) жердегі қызмет көрсету қызметі;

      4) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция;

      5) авиациялық қауіпсіздік қызметі;

      6) бортсеріктер қызметі;

      7) персоналды даярлау қызметі;

      8) сапаны бақылау қызметі;

      9) ұшуды басқару және ұйымдастыру қызметі;

      10) еңбекті қорғау қызметі немесе еңбекті қорғаудың жай-күйі үшін жауапты адам.

      7. Шағын кәсіпкерліктің субъектісі болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты және тұрақты емес тасымалдауларды, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды, жүзеге асыратын пайдаланушы өзінің құрылымында ұшу қызметін және ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі қызметті, сондай-ақ мыналарға жауапты адамдарды көздейді:

      1) жердегі қызмет көрсету (егер қолдануға келсе);

      2) ұшу қауіпсіздігі;

      3) авиациялық қауіпсіздік;

      4) борт серіктерінің жұмысын ұйымдастыру (егер қолдануға келсе);

      5) персоналды даярлау (қолданылатын болса);

      6) сапаны бақылау (қолданылатын болса);

      7) ұшуды ұйымдастыру және басқару (егер қолдануға келсе);

      8) еңбек қорғаудың жай-күйі.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Пайдаланушы өз күшімен немесе басқа ұйымдармен шарттардың негізінде мынадай жұмыс түрлерін жүргізуді қамтамасыз етеді:

      1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу;

      2) ұшу ақпаратын өңдеу және талдау (егер қолдануға келсе);

      3) ұшуды медициналық қамтамасыз ету және медициналық куәландырудан өту;

      4) метеорологиялық қамтамасыз ету;

      5) аэронавигациялық қамтамасыз ету;

      6) авиация персоналының біліктілігін арттыруды және тренажерде даярлануын қамтамасыз ету;

      7) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      8) жерде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету (егер қолдануға келсе);

      9) жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсету (егер қолдануға келсе);

      10) жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету;

      11) борт тағамымен қамтамасыз ету (егер қолдануға келсе);

      12) ұшуды ұйымдастыруды және басқаруды қамтамасыз ету (егер қолдануға келсе);

      13) авариялық және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету (егер қолдануға келсе).

      Басқа ұйымдармен белгілі бір жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге шарт жасасатын пайдаланушыңа шарттарға сәйкес уағдаластық жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындау сапасы барлық жауапкершілікті өзі алады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Пайдаланушы қызметтің мәлімделген көлемін орындау үшін қажетті, қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаттары бар ӘК жеткілікті санының болуын қамтамасыз етеді.

      Бір ӘК пайдаланушылардың бір және одан астам сертификатына бір уақытта енгізуге жол берілмейді.

      10. Пайдаланушы құрылымдық бөлімшелер туралы ережені бекітеді, онда қызметкерлер мен басшылардың жиынтығында пайдаланушы қызметінің саласын қамтитын міндеттері мен функциялары көрсетілген.

      11. Пайдаланушыда ӘК ұшуын ұйымдастыру және жедел басқару, ӘК ұшуға жарамдылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау, ұшу ақпаратын талдау, авиациялық техниканың сенімділігі және ұшу қауіпсіздігі жөніндегі деректерді жинау және өңдеу, пайдалану-техникалық және ӘК негізгі және жинақтаушы бұйымдарына арналған нөмірлі құжаттаманы есепке алу және сақтау үшін жабдықталған меншіктік немесе шарттық негіздегі өндірістік базасы болады.

      12. Пайдаланушыда жұмыстардың болжамды көлемін жүзеге асыру үшін қажетті, білікті және даярланған ұшу персоналы, кабинада және жердегі персоналы болады.

      13. Пайдаланушы орындалмауы және есептің болмауы ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін пайдалану директивалары мен басқа да ақпаратты пайдаланушының мүдделі қызметтерінің бәріне дереу таратуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы пайдалану құжаттамасы мен басқа да құжаттамаға өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді.

      14. Шет мемлекеттердің аумағында коммерциялық әуе тасымалдарын немесе авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушы әуе тасымалдарын немесе авиациялық жұмыстарды жедел басқару және бақылау үшін ӘК сенімді байланыс арналарын қамтамасыз етеді, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға орындалған рейстер, ұшу өңірлері және тасымалданатын жүктердің сипаттамасы туралы ай сайынғы ақпаратты ұсынады.

      15. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқи, алардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтық авиацияның ӘК, басқа да объектілері мен жабдығының меншік иелері (иелері) мен пайдаланушылары оның ішінде жолаушылар мен авиациялық персоналдың алдында өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырады. Халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі сақтандыру Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Пайдаланушы өздерінің ӘК бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшқан кезде авариялық хабардар етуді қамтамасыз етеді.

3. Пайдаланушының басшы қызметкерлері

      17. Пайдаланушы штатта мыналарға жауапты басшылардың лауазымдарын көздейді:

      1) ұшуда пайдалану;

      2) ұшу қауіпсіздігі;

      3) ұшуға жарамдылықты қолдау;

      3) авиация персоналын даярлау;

      4) жерде қызмет көрсету;

      5) авиациялық қауіпсіздік;

      6) сапа менеджменті (бақылау);

      7) авиациялық қауіпсіздік.

      18. Сертификаттық талаптардың 18-тармағының 1) – 6) тармақшаларында көрсетілген кандидатуралар, олардың біліктілігі тиісті лауазымға тағайындау үшін сәйкес келген кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

      Тағайындалған басшылардың функциялары мен міндеттерің сипаттамасы олардың аттары және тегімен ұшу жүргізу жөніндегі басшылыққа кіргізіледі.

      Пайдаланушы уәкілетті органға функцияларының кез келген өзгерістері және тағайындалған басшыларды ауыстыру туралы күнтізбелік 10 күн мерзімінде хабарлайды және тағайындалған басшылар болмаған кезде тиісті салаларда тиісті бақылауды қамтамасыз етеді.

      19. Қызметкерлерінің штат саны 50 адамнан аспайтын пайдаланушылар үшін бір адам азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тағайындалған басшылардың (тұлғаның) екі лауазымын (қоса орындау) атқаруы.

      20. Сертификаттық талаптардың 19-тармағында көрсетілген пайдаланушылар үшін жауапты басшы бір тағайындалған басшысының лауазымын атқаруы.

      21. Пайдаланушының штат саны 20 қызметкерден астам құраған жағдайда бір адамның басқа пайдаланушының (тағайындалған) басшыларының лауазымын қоса атқаруын бірлестірмейді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Пайдаланушының құжаттамалар жүйесі

      22. Коммерциялық әуе тасымалдауларын және авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушы уәкілетті органда:

      1) Сертификаттық талаптарға 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген құрылымға сәйкес ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқауын;

      2) Сертификаттық талаптарға 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген құрылымға сәйкес техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауын;

      3) кабиналық экипажды басқару нұсқауын (қолданылатын болса) Сертификаттық талаптарға 5-қосымшада келтірілген үлгі мазмұнына сәйкес;

      4) 5700 килограмм және одан кем ең көп сертификатталған ұшу массасымен ұшақтардың және 3180 килограмм және одан кем тікұшақтарды пайдаланушыларды қоспағанда, ұшу қауіпсіздігі бойынша құжаттама жүйесін сипаттауды қоса алғанда, ұшу қауіпсізідігін басқару жөніндегі нұсқауды;

      5) авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын;

      6) сапа жөніндегі нұсқауды әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді (қолданылатын болса).

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Нұсқау мынадай жағдайда қаралады және толтырылады:

      ӘК жаңа үлгілерін сатып алған (жалға немесе меншікке);

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жаңа нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізген не пайдаланушының қызметін регламенттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізген жағдайда қайта қаралады және толықтырылады.

      24. Пайдаланушы осы ӘК ұшуды жүргізуге және қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаудың және пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі нұсқаудың тиісті бөлімдерінен экипаж және инженерлік-техникалық персонал үшін қажетті ақпараттың ӘК бортында болуын қамтамасыз етеді.

      25. Пайдаланушының құрылымында техникалық қызмет көрсету жөніндегі өз ұйымы болған кезде пайдаланушы техникалық қызмет көрсету кезінде қауіпсіздікті басқару жүйесін енгізеді.

5. Аэронавигациялық қамтамасыз ету

      26. Пайдаланушы аэронавигациялық ақпарат қызметін құрады немесе аэронавигациялық қамтамасыз ету басқа ұйымдармен жасалған шарттар бойынша жүзеге асырылатын болса, жауапты адамды тағайындайды.

      27. Пайдаланушы экипаждарды қолданыстағы аэронавигациялық ақпарат құжаттарымен, ұшу және борт карталарымен, ұшу алдындағы ақпарат бюллетеньдерімен немесе НОТАМ (аэронавигациялық жабдықтағы, қызмет көрсетудегі өзгерістер, рәсімдер туралы, ұшудағы ықтимал қауіптер туралы ұшқыштарға арналған хабарлама), ұшу үшін мәлімделген әуеайлақтарда ұшуды дайындау және орындау үшін қажетті алдын ала навигациялық есептермен және пайдалану минимумдарымен қамтамасыз етеді.

      28. Пайдаланушы борттық аэронавигациялық дерекқорлары бар пилотаж-навигациялық кешендер мен навигациялық жүйелерді пайдалану кезінде жасалған шарттар (келісімшарттар) негізінде сертификаттық өнім берушілердің дерекқорларын қолдана отырып, олардың уақтылы ауыстырылуын (жаңартылуын) қамтамасыз етеді.

6. Пайдаланушылардың ұшу жұмысын ұйымдастыру

      29. Пайдаланушының ұшу жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 307 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10809 болып тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      30. Пайдаланушының ұшу қызметі:

      1) ұшу және басшы құрамын даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіби деңгейін қолдау мен арттыруды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды, ұшу құрамын (бортоператорлар мен бортсеріктерді қоса алғанда, егер олар ұшу қызметінің құрамына кірсе) ұшуға жіберуді;

      2) ұшу құрамының ұшу жұмысын, жұмыс уақытын және тынығу уақытын жоспарлауды;

      3) ӘК экипаждарын қалыптастыруды;

      4) ұшу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды, ұшу-штабтық құжаттаманы жүргізуді және іс жүргізуді;

      5) ӘК экипаждарының мүшелерін ұшуға жіберудің белгіленген қағидаларын және рәсімдерін сақтауды;

      6) экипаждарды алдын ала және ұшу алдында дайындауды жүргізуді;

      7) экипаждар қызметін жүйелі бақылауды және талдауды;

      8) ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талдауды;

      9) ұшу ақпараты материалдарын талдауды;

      10) авиациялық оқиғаларды немесе инциденттерді болдырмау бойынша профилактикалық іс-шараларды;

      11) ұшу қызметін регламенттейтін нормативтік актілер мен басқа да құжаттарды өзекті етуді қамтамасыз етеді.

      31. Пайдаланушының авиациялық персоналы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелді) сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

7. Техникалық қызмет көрсетуді және ұшу жарамдылығын
қолдауды ұйымдастыру

      32. Заңның 14-бабы 41-25) тармағына немесе авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша басқа сертификатталған ұйымдармен шарт бойынша Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық кызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін қолданыстағы сертификаты бар авиациялық техникаға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі өз ұйымының ӘК қызмет көрсетуін және жөндеуін қамтамасыз етеді.

      33. Пайдаланушы техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық персонал ӘК тіркеу мемлекеті үшін қолайлы және оған тапсырылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келетін бастапқы және келесі даярлықтардан өтуге шараларды қабылдайды.

      34. Пайдаланушы коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асырмайтын жеңіл және аса жеңіл авиацияның ӘК-ні Заңның 54-бабына сәйкес берілгенқолданыстағы куәліктері немесе шет мемлекет берген және Заңның 55-бабына сәйкес танылған куәліктері бар авиация персоналының техникалық қызмет көрсетуін және жөндеуін қамтамасыз етеді.

      35. Пайдаланушы Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі нұсқаудың болуын және тиісті түзетулерді уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді.

      36. Барлық түзетулердің даналары техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы берілген барлық ұйымдар мен адамдарға дереу жіберіледі.

      37. Пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және ӘК тіркеу мемлекетіне техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауының даналарын барлық өзгерістерімен және/немесе қайта қарауларымен, сондай-ақ уәкілетті орган және/немесе ӘК тіркеу мемлекетінің талабы бойынша міндетті материалдарымен бірге ұсынады.

      38. Пайдаланушы ӘК тіркеу мемлекеті бекіткен ӘК техникалық қызмет көрсету бағдарламаларының болуын және оған өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді.

      39. Пайдаланушы техникалық қызмет көрсету бағдарламасын әзірлеу және қолдану кезінде адам факторы аспектілері ескеріледі. Көрсетілген бағдарламаға барлық түзетулер даналары ӘК, техникалық қызмет көрсету бағдарламасы берілген барлық ұйымдар мен адамдарға дереу жіберіледі.

      40. Әрбір ӘК техникалық қызмет көрсету бағдарламасы мынадай ақпараттарда қамтиды:

      1) ӘК болжамды пайдалануды ескере отырып, техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар және оларды орындау кезеңділігі;

      2) қолдануға болатын кезде конструкцияның тұтастығын сақтау бағдарламасы;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында айтылған ұйғарымдарлы өзгерту немесе ӘК тіркеу мемлекеті бекіткен олардан ауытқу рәсімдері;

      4) бұл қолданылатындай болғанда және ӘК тіркеу мемлекеті бекіткенде, ӘК жағдайын және жүйелерінің, агрегаттарының және қозғалтқыштарының сенімділігін қолдау бағдарламасын бақылау рәсімдерінің сипаттамасы.

      41. Үлгі конструкцияны бекіткен кезде міндетті ретінде белгіленген немесе техникалық қызмет көрсету бағдарламасына бекітілген өзгерістердегі техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар және оларды орындау кезеңділігі осындай ретте көрсетіледі.

      42. Техникалық қызмет көрсету бағдарламасы әзірлеушінің мемлекеті немесе үлгі конструкция үшін жауапты ұйым ұсынатын техникалық қызмет көрсету бағдарламасы туралы ақпаратқа және кез келген қосымша тиісті тәжірибеге негізделуі тиіс.

      43. Пайдаланушы мынадай тіркелетін деректерді сақтауды қамтамасыз етеді:

      1) қызмет мерзімі шектелген (сағаты, күнтізбелік мерзімі, циклдері) ӘК және барлық агрегаттарды пайдаланудың жалпы уақыты;

      2) ұшу жарамдылығын сақтау туралы барлық міндетті ақпараттарға сәйкес ағымдағы мәліметтер;

      3) ӘК түрлендірулері мен жөндеуі туралы деректер;

      4) жөндеуаралық қызмет мерзімін міндетті сақтау арқылы ӘК немесе оның агрегаттарының соңғы күрделі жөндеуінен кейінгі пайдалану уақыты;

      5) ӘК техникалық қызмет көрсету бағдарламасы туралы ағымдағы мәліметтер;

      6) техникалық қызмет көрсету туралы куәлікке қол қойған кезде барлық талаптардың орындалғаны туралы куәландыратын ӘК техникалық қызмет көрсету туралы деректер.

      Осы тармақтың 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген деректер ӘК немесе тиісті агрегатты пайдаланудан түпкілікті алғаннан кейін 90 күн ішінде сақталады.

      Осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген деректер техникалық қызмет көрсету туралы куәлікке қол қойғаннан кейін бір жыл ішінде сақталады.

      44. Пайдаланушы ауыстырылған жағдайда тіркелген деректер жаңа пайдаланушыға беріледі.

      45. Техникалық қызмет көрсету туралы куәлік ӘК тіркеу мемлекеті көздегендей, техникалық қызмет көрсету туралы жұмыстар техникалық қызмет көрсету бағдарламасына немесе ӘК тіркеу мемлекеті үшін қолайлы басқа деректер мен рәсімдерге сәйкес орындалғанын растау үшін ресәмделеді және қол қойылады.

      46. Техникалық қызмет көрсету туралы куәлік мыналарды қамтитын растайтын деректерден тұрады:

      1) орындалған техникалық қызмет көрсету туралы негізгі мәліметтер;

      2) осындай техникалық қызмет көрсетуді аяқтау күні;

      3) бұл қолданылуға болатындай жағдайда, техникалық қызмет көрсету бойынша бекітілген ұйымдар туралы деректер;

      4) куәлікке қол қойған адам немесе адамдар туралы деректер.

      47. Сертификатталған максимальды ұшу салмағы 5700 килограмм асатын ұшақтың және (немесе) сертификатталған максимальды ұшу салмағы 3180 килограмм асатын тікұшақтың пайдаланушысы ұшу жарамдылығын сақтау шеңберінде техникалық қызмет көрсету мен пайдалану тәжірибесін бақылайды, қорытындылайды және бағалайды және тіркеу мемлекеті ұйғарған ақпаратты ұсынады, сондай-ақ үлгі конструкциясына жауапты ұйымнан келіп түсетін, ұшу жарамдылығын сақтауға қатысты мәліметтер мен ұсынымдарды алады және бағалайды және тіркеу мемлекетіне қолайлы рәсімдерге сәйкес қажет деп есептейтін іс-қимылдарды жасайды.

      48. Авиациялық оқиғалар туралы міндетті және ерікті хабардар ету жүйесі шеңберінде пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және ӘК үлгі конструкциясы мен ұшу жарамдылығын қолдауға жауапты ұйымға ұшу қауіпсіздігіне теріс әсер ететін істен шығу, ақаулықтар, жарамсыздықтар және басқа да сәйкессіздіктер туралы ақпаратты береді. Ақпарат оқиға сәтінен бастап немесе пайдаланушы оқиға туралы ақпаратты алған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей ұсынады.

      49. Пайдаланушы ӘК пайдаланатын, үлгі сертификатын ұстаушы мемлекеттен ұшуға жарамдылық директиваларын алу, бағалау және есепке алу жүйесін енгізеді.

      50. Барлық түрлендіру мен жөндеулер үлгі конструкцияға жауапты ұйымдармен келісіледі. Ірі түрлендіру мен жөндеулерді орындау тіркеу мемлекетімен бекітіледі. Пайдаланушы осындай деректерді сақтауды қамтамасыз етеді.

      51. Коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асыратын пайдаланушы әр бір ӘК оны пайдалануға дейін нақты өлшеу жолымен массасын және орталандыруын белгілейді және осы рәсім әрбір 4 жылда қайталанады. Егер ӘК массасы мен орталандыру үшін қандай да бір түрлендіру жүргізудің салдары анық белгісіз болса, ӘК қайталап өлшеу рәсіміне жатады.

8. Авиациялық жұмыстар

      52. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушы мыналардың болуын қамтамасыз етеді:

      1) авиациялық жұмыстардың мәлімделген түрлерін орындауға арналған және жабдықталған ӘК;

      2) авиациялық жұмыстардың мәлімделген түрін орындауға жіберілген персонал;

      3) авиациялық жұмыстардың мәлімделген түрін орындауға арналған сертификаттық техникалық құралдар.

      53. Пайдаланушы авиациялық жұмыстардың нақты түрлерін орындау тәртібі, сондай-ақ уақытша әуеайлақтарды және олардың жабдығын жарамды жай-күйде пайдалану және қолдау тәртібін әзірлейді.

      54. Пайдаланушы тиісті аумақтардың экологиялық ерекшеліктерімен немесе осы аумақта көлік құралдары мен адамдардың болуының ерекше режимімен байланысты авиациялық жұмыстарды орындауға шектеулер белгілейді.

9. Қауіпті жүктерді тасымалдау

      55. Пайдаланушы қауіпті жүктерді тасымалдау құқығын алу үшін мыналардың:

      1) қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі біліктілік деңгейін растайтын құжаты бар, сондай-ақ пайдаланушының атынан қауіпті жүктерді әуе тасымалына жіберу (жіберуден бас тарту) туралы және қауіпті жүктердің сыныбына (санатына) қарай оларды тасымалдау шарттары туралы шешім қабылдау құқығы берілген жауапты маманның;

      2) қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша оқытылған және қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберілгенін растайтын қолданыстағы құжаттары бар пилоттардың, бортинженерлердің, бортоператорлардың, бортсеріктердің;

      3) Багаж-жүк бөліктері ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына сай келетін және "Қазақстан Республикасының әуе кеңестігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңның 76-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді әуеде тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкес қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ӘК.

      Ескерту. 55-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10. Авиациялық қауіпсіздік

      56. Тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның құрылымында авиациялық қауіпсіздік қызметі болады.

      Тарату жұмыстарын және тұрақты емес әуе тасымалдарын орындайтын пайдаланушының құрылымында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлға болады.

      57. Тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы, сондай-ақ тұрақты емес тасымалдарды және авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлға болып ұлттық қауіпсіздік орманымен келісім бойынша тағайындалатын, авиакомпанияның бірінші басшысына тікелей бағынысты Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады.

      58. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12568 болып тіркелген) бекітілген пайдаланушы Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын азаматтық авицация саласындағы уәкілетті органның авимациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес авиациялық қауіпсіздік бойынша авиациялық персоналды және басқа да мамандарды даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      59. Азаматтық ӘК пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 973 ҚБПҮ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі бағдарламасында белгіленген авиациялық қауіпсіздік бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

11. Әуе кемелерін жалдау

      60. ӘК экипажсыз жалдау кезінде пайдаланушы (жалға алушы) жалға алынғанда ӘК ұшу пайдалану және ұшу жарамдылығын қолдауға қатысты тиісті басқару құжатына тиісті толықтырулар енгізеді.

      61. Экипажсыз жалға алынған ӘК ұшуға жіберу тәртібі Заңның 14-бабы 41-31 тармағына сәйкес көзделген азаматтық ӘК пайдаланушыларды сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес айқындалады.

      62. ӘК пайдалану ерекшеліктеріне енгізілу мерзімі ӘК экипажсыз жалдау туралы келісімнің қолданылу мерзімінен аспайды. Жалдау туралы келісімнің қолданылуын ұзартқан кезде пайдалану жөніндегі арнайы ереже қайта рәсімделеді және жалдаудың қолданылу мерзіміне ұзартылады.

      63. Экипажсыз жалға алынған, соның ішінде шетелде жалға алынған ӘК Заңның 14-бабы 1-тармаңының 41-31) тармақшасына сәйкес көзделген азаматтық ӘК пайдаланушыларды сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес пайдаланушы сертификатын пайдалану ерекшеліктеріне енгізілгеннен кейін ғана ұшуға жіберіледі.

      64. Шет мемлекетте тіркелген әуе кемесін Қазақстан Республикасы пайдаланушысының экипажсыз немесе Қазақстан Республикасының әуе кемесін шетелдік пайдаланушының экипажсыз жалға алуы уәкілетті орган мен Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес осы әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің құзыретті органы арасында жасалған келісім болған кезде ғана жүзеге асырылады. Мұндай келісім Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелуге тиіс.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      65. Қазақстан Республикасы пайдаланушысының Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе заңды тұлғаларына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуы шарттың қолданылу мерзіміне жалға алушы пайдаланушысының сертификатына (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке) енгізбей жүзеге асырылады.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      66. Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе ұйымдарына тиесілі экипажымен ӘК Қазақстан Республикасы пайдаланушысының жалдауына жалдау шартын бекіту туралы уәкілетті орган бекіткен шешім бойынша жол беріледі.

      67. Экипажымен шетел ӘК Қазақстан Республикасы пайдаланушысының жалдауы тұрақты және тұрақты емес ұшуларды жүзеге асыру үшін мынадай талаптарға сәйкес болған кезде рұқсат етіледі:

      1) жалға алушыда Қазақстан Республикасының қолданыстағы ПС / АЖК болуы;

      2) жалдау шартын ұсыну;

      3) жалға алынатын жолаушылар алдындағы және үшінші тұлғалар алдындағы сақтандырудың міндетін түрлерінің болуы;

      4) Жалға алынатын әуе кемесінің жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтерімділігі жалға алушының әуе кемелерінің жолаушылар сыйымдылығымен және жүк көтерімділігімен салыстырмалы түрде бірдей болуға тиіс. Бұл ретте жалға алушы рейсті іс жүзінде қай тасымалдаушының орындайтыны жөнінде жолаушыларды хабардар етуге тиіс.

      5) саны бес әуе кемесінен аспайтын паркі бар жалға алушы үшін – бір әуе кемесінен аспайтын және саны бес әуе кемесінен асатын паркі бар жалға алушы үшін – тұрақты және тұрақты емес ұшуларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жалпы әуе кемелері паркінің жиырма пайызынан аспайтын мерзімге жол беріледі.

      6) жалға алушы пайдаланушысының сертификатына енгізбей, бір жылдың ішінде екі айдан аспайтын мерзімге жол беріледі.

      7) жалға алушыда резервтік ӘК /резервтік ӘК болуы;

      8) басқа пайдаланушының ӘК экипажын жалдаудың негізделген себебі:

      пайдаланылатын ӘК пайдаланылатын ӘК жалға алынатынға (дарға) ауыстыру;

      меншікті ӘК физикалық тұрғыда жоғалтқан кезде ұшуды орындауды жалғастыру;

      жөндеуден жоспарланған / жоспарланбаған ығыстау, техникалық қызмет көрсету;

      шұғыл жағдайларда жолаушыларды әкету үшін ӘК ауыстыру.

      Ескерту. 67-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      68. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының пайдаланушысына әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуға бұрын берілген рұқсатты мыналар:

      1) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкессіздік анықталған;

      2) жалға алушының немесе жалға берушінің тарапынан тиімді пайдаланушылық бақылау қадағалау болмаған,

      3) пайдаланушының сертификатын және жалға алынатын әуе кемесіне арналған ұшуға жарамдылық сертификатын берген мемлекеттің тарапынан қадағалау болмаған жағдайларда кері қайтарып алады.

      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      69. ӘК экипажымен жалдау кезінде ұшу пайдалануы мен ұшу жарамдылығын қолдау жалға берушінің сертификатымен сәйкес жүзеге асырылады.

      70. Экипажымен жалданған ӘК жалға берушінің пайдаланушысының сертификатының пайдалану ерекшелігіне (авиациялық жұмысты орындауға арналған куәлікке) енгізілмейді.

12. Еңбек қорғау және экологиялық қауіпсіздік

      71. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес персоналдың жұмыс жағдайын қамтамасыз етеді, еңбекті қорғау жөніндегі қажетті актілері болады, еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру және техникалық іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.

      72. Пайдаланушы ӘК пайдалану және техникалық қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.

  Азаматтық әуе
кемелерін пайдаланушыларға
қойылатын сертификаттық
талаптарына
1-қосымша

Пайдаланушылардың ұшуды жүргізу бойынша нұсқаулығының құрылымы (пайдаланушы сертификаты үшін)

      Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ұшуды жүргізу бойынша нұсқауды өтініш беруші әуе кемелерін пайдалануды реттейтін қолданыстағы қағидаларға, нұсқауларға және басқа нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әдістемелік құрал ретінде ИКАО 9376-AN/914 құжатын және төмендегілерде келтірілген ұшуды жүргізу бойынша Нұсқауды пайдалана отырып әзірлейді:

      Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаның 2-толықтыруында. Әуе кемелерін пайдалану, І-бөлім. Халықаралық коммерциялық көлік. Ұшақтар – ұшақтарды пайдаланатын өтініш берушілер үшін;

      Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаның G-толықтыруында. Әуе кемелерін пайдалану, ІІІ бөлім. Халықаралық ұшулар, Тікұшақтар – тікұшақтарды пайдаланатын өтініш берушілер үшін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Ұшуды жүргізу бойынша нұсқаудың төмендегідей құрылымы бар:

      А бөлігі. Жалпы ережелер;

      В бөлігі. Әуе кемесін пайдалану бойынша ақпарат;

      С бөлігі. Аудандар, маршруттар мен әуеайлақтар;

      Д бөлігі. Дайындық.

      3. Ұшақтарды пайдаланатын өтініш берушілер үшін Нұсқау мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

      А бөлігі. Жалпы ережелер.

      1-тарау. Әкімшілік және ұшуды жүргізу бойынша нұсқауды бақылау.

      2-тарау. Ұшуды жүргізуге қатысы бар персоналдың міндеттерінің жалпы сипаттамасын қамтитын нұсқаулықтар.

      3-тарау. Шаршауды бақылауға қатысты ақпарат және саясат, мыналарды қоса алғанда:

      1) ұшу уақыты, қызметтік ұшу уақыты және қызмет уақытының нормативтері мен ұшу және кабина экипаждары мүшелерінің демалу уақытына қатысты ережелер;

      2) пайдаланушының FRMS жүйесіне қатысты саясат пен құжаттамасы.

      4-тарау. Сипаттамаларға негізделген навигацияны пайдалану белгіленген әуе кеңістігінде ұшуды жүргізуге қатысты кез келген талаптарды қоса алғанда, бортта болуға тиісті навигациялық жабдықтардың тізбесі.

      5-тарау. Тиісті ұшулар үшін – қозғалтқыштың істен шығуына байланысты ұзақ навигацияның ережелерін пайдалануға жататын EDTO орындау рәсімі, сонымен қатар қосалқы әуеайлақтардың тағайындалуы мен пайдаланылуы.

      6-тарау. Радиожиілілікті тыңдау қажеттілігі туындаған жағдайлар.

      7-тарау. Ұшудың ең төменгі абсолютті биіктігін анықтау әдісі.

      8-тарау. Әуеайлақтардың пайдалану минимумдарын анықтау әдістері.

      9-тарау. Бортта жолаушылар болған жағдайда жанармай құю кезінде қолданылатын іс-шаралар.

      10-тарау. Жер үсті қызмет көрсетуді ұйымдастыру және оның рәсімдері.

      11-тарау. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 12-қосымшасында белгіленген оқиғаның куәгері болған әуе кемелері командирлерінің әрекет ету тәртібі.

      12-тарау. Орындалатын әрбір ұшу үшін ұшу экипажының құрамы, сондай-ақ командирлік басшылық ету сабақтастығының тәртібі.

      13-тарау. Ұшудың барлық жағдайларын, оның ішінде ұшу бағытында герметизациясын жою және бір немесе бірнеше қозғалтқыштардың тоқтап қалу мүмкіндігін ескере отырып, бактарда болуға тиісті жанармай мен майдың санын есептеу бойынша нақты нұсқаулықтар.

      14-тарау. Оттегі және оттегінің қорлары пайдаланылатын жағдайлар.

      15-тарау. Салмақ пен салмақты орталықтандыруды бақылауға қатысты нұсқамалар.

      16-тарау. Мұз қатуды жою/алдын алу және осы операциялардың орындалуын бақылау жұмыстарына қатысты нұсқамалар.

      17-тарау. Ұшудың жұмыс жоспарына қойылатын техникалық талаптар.

      18-тарау. Ұшудың әрбір кезеңі үшін стандартты пайдалану рәсімдері (SOP).

      19-тарау. Әдеттегі бақылау тізбелерін пайдалану және пайдалану уақытына қатысты нұсқамалар.

      20-тарау. Күтпеген жағдайда ұшып кету қағидалары.

      21-тарау. Абсолютті биіктік туралы ақпаратты және автоматты құралдары немесе ұшу экипажының мүшелері арқылы абсолютті биіктік туралы хабарлауға қатысты нұсқамалар.

      22-тарау. Аспапты метеожағдайларда автопилотты және күш автоматтарын пайдалануға қатысты нұсқамалар.

      23-тарау. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органының рұқсатын нақтылау және қабылдау, оның ішінде жергілікті жерден ұшып өтуге қатысты нұсқамалар.

      24-тарау. Ұшып кетуге және қонуға бет алуға қатысты нұсқамалық.

      25-тарау. Аудандармен, маршруттармен және әуеайлақтармен танысу рәсімдері.

      26-тарау. Қонуға тұрақтандырылған бет алу рәсімі.

      27-тарау. Жер бетінің таяғанда жоғары жылдамдықты шектеу.

      28-тарау. Аспаптар бойынша қонуға бет алуды бастау немесе жалғастыру үшін қажетті шарттар.

      29-тарау. Аспаптар бойынша қонуға дәл және дәл емес бет алуға қатысты нұсқамалар.

      30-тарау. Түнгі уақытта аспаптар бойынша қонуға бет алу мен қону және аспаптық метеорологиялық жағдайлар кезінде ұшу экипажының мүшелері арасында міндеттерді бөлу және жұмыс жүктемесін реттеу рәсімдері.

      31-тарау. Ақауы жоқ әуе кемесінің жермен соқтығысуын болдырмау әдістерін оқыту жөніндегі нұсқаулықтар мен талаптар, сонымен қатар жерге жақындау туралы ескерту жүйесін (GPWS) пайдалану қағидаттары.

      32-тарау. Соқтығыстардың алдын алу әдістерін оқытудың және соқтығысуды болдырмаудың борттық жүйесін (СЕБЖ) пайдаланудың қағидаттары, нұсқаулықтары, қағидалары мен талаптары.

      33-тарау. Азаматтық әуе кемелерін басып алуға қатысты ақпарат пен нұсқаулықтар, оның ішінде:

      a) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 2-қосымшасында белгіленген басып алынатын әуе кемелері командирлерінің іс-қимыл жасау тәртібі;

      b) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 2-қосымшасынан алынған басып алатын және басып алынатын әуе кемелері пайдаланатын көрнекі дабылдар.

      34-тарау. 15000 м. (49000 фут) жоғары биіктікте пайдалануға жататын ұшақтар үшін:

      a) ғарыштық күн радиациясының әсер етуі жағдайында пилотқа іс-әрекеттердің тиімді жүрісін анықтауға мүмкіндік беретін ақпарат;

      b) мыналарды көздейтін биіктікті төмендету туралы шешім қабылдау кезіндегі іс-әрекеттердің тәртібі:

      1) орын алған жағдай туралы әуе қозғалысына қызмет көрсету жөніндегі тиісті органға хабарлау және төмендеуге уақытша рұқсат алу қажеттілігі;

      2) әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша тиісті органмен байланыс орнату мүмкіндігі болмағанда немесе бұл байланыс үзілген жағдайда, орындалуға тиісті іс-әрекет.

      35-тарау. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі туралы толық мәліметтер.

      36-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша ақпарат және нұсқаулықтар, сонымен қатар авариялық жағдай туындаған кезде орындауға тиісті іс-әрекеттер.

      37-тарау. Қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар және нұсқамалар.

      38-тарау. Ұшақты тексеріп қарау қағидаларының бақылау тізімі.

      39-тарау. Автоматтық қону жүйесімен коллиматорлық (HUD) немесе балама индикаторлармен техникалық көру жүйелерімен (EVS, SVS немесе CVS) жабдықталған, әуе кемелерін ұшуды дайындау үшін кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктерін пайдалану саласындағы дайындыққа нұсқаулықтар және оған қойылатын талаптар.

      40-тарау. Электронды ұшу құжаттамасын (EFB) пайдалану саласындағы дайындыққа нұсқаулықтар және оған қойылатын талаптар.

      В бөлігі. Әуе кемесін пайдалану бойынша ақпарат.

      1-тарау. Сертификаттық шектеулер және пайдалану бойынша шектеулер.

      2-тарау. Әдеттегі, штаттан тыс және авариялық жағдайлар кезіндегі ұшу экипажы іс-әрекеттерінің тәртібі және онымен байланысты бақылау карталары.

      3-тарау. Пайдалану бойынша нұсқаулықтар және барлық жұмыс істейтін қозғалтқыштардың биіктік алуының сипаттамалары туралы ақпарат.

      4-тарау. Тартылыстың/қуаттың және жылдамдықтың белгіленген әртүрлі мәндерін ұшу алдында және ұшуды жоспарлау үшін ұшуды жоспарлау деректері.

      5-тарау. Пайдаланылатын ұшақтың әрбір түрі үшін желді бүйір және бағыттас құрамдас бөлігінің ең жоғары мәндері және желдің екпінін, нашар көрінуін, ҰҚЖ бетінің күйін, экипаж тәжірибесін, автопилотты пайдалануды, штаттан тыс немесе авариялық немесе ұшуды жүргізумен байланысты факторларды ескере отырып, қолдануға жататын азайтылған мәндер.

      6-тарау. Салмақты және салмақты орталықтандыруды есептеу үшін нұсқаулықтар және мәліметтер.

      7-тарау. Әуе кемесіне жүктеу және жүкті арқандап байлау бойынша нұсқаулықтар.

      8-тарау. Әуе кемелерінің жүйелері, басқарудың тиісті органдары және оларды пайдалану бойынша нұсқаулықтар.

      9-тарау. Пайдаланылатын ұшақтардың түрлері үшін ең төменгі жабдықтардың және конфигурациялардан ауытқулардың және сипаттамаларға негізделген навигацияны пайдалану белгіленген әуе кеңістігінде ұшуды жүргізуге қатысты кез келген талаптарды қоса алғанда, рұқсат етілген арнайы ұшулар тізімі.

      10-тарау. Авариялық және құтқару жабдықтардың бақылау тізімі, сонымен қатар оны пайдалану бойынша нұсқаулықтар.

      11-тарау. Жағдайлардың түріне қарай арнайы рәсімдерді, экипаждың іс-қимылын үйлестіруді, авариялық жағдайда экипаж мүшелеріне жұмыс орындарын бекіту және экипаждың әрбір мүшесіне тапсырылған авариялық міндеттерді қоса алғанда, авариялық эвакуация қағидалары.

      12-тарау. Әдеттегі, штаттан тыс және авариялық жағдайларда қызмет етуші экипаж әрекеттерінің тәртібі, соған байланысты бақылау карталары, сонымен қатар белгіленген талаптарға сәйкес әуе кемесінің жүйелері туралы ақпарат және ұшу және қызмет көрсететін экипаж әрекеттерін үйлестірудің қажетті рәсімдерін сипаттау.

      13-тарау. Түрлі бағыттарға арналған құтқару және авариялық жабдықтар және оттегінің қажетті және бар қорларды анықтау процедураларын қосқанда, ұшу алдында жабдықтың қалыпты жұмысын тексеру бойынша қажетті рәсімдері.

      14-тарау. Тірі қалған адамдардың пайдалануы үшін Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 12-қосымшасындағы "жер – ауа" көрнекі дабылдардың коды.

      С-бөлігі. Маршруттар және әуеайлақтар

      1-тарау. Әрбір ұшуда ұшу экипажын байланыс құралдары, навигациялық құралдар, әуеайлақтар, аспаптар бойынша қонуға бет алу, аспаптар бойынша ұшып келу және аспаптар бойынша ұшып кету туралы мәліметтермен және пайдаланушы ұшуларды дұрыс жүргізу үшін қажетті деп есептейтін басқа мәліметтермен қамтамасыз ету үшін нақты ұшуға қажетті бағыттық анықтамалық мәліметтер.

      2-тарау. Әрбір белгіленген бағытта ұшудың ең төменгі абсолютті биіктіктері.

      3-тарау. Белгіленген қону әуеайлағы немесе қосалқы әуеайлақ ретінде пайдалану көзделетін әрбір әуеайлақ үшін пайдалану бойынша минимумдар.

      4-тарау. Қонуға бет алуды қамтамасыз ету құралдарының немесе әуеайлақтық құралдардың жұмысы нашарлаған жағдайда әуеайлақтардың пайдалану минимумдарын ұлғайту туралы ақпарат.

      5-тарау. Мыналарды анықтауды қоса алғанда, қағидаларда көзделген ұшулардың барлық бағыттарын сақтау үшін қажетті ақпарат:

      1) ҰҚЖ беті құрғақ, дымқыл болған және кірлеген жағдайда ҰҚЖ ұзындығына қойылатын талаптарды, сонымен қатар ұшу аралығына әсер ететін жүйелердің істен шығуымен негізделетін талаптар;

      2) ұшып кету кезінде биіктік алуды шектеу;

      3) маршрут бойынша ұшу кезінде биіктік алуды шектеу;

      4) қонуға бет алу және қону кезінде биіктік алуды шектеу;

      5) ҰҚЖ беті құрғақ, дымқыл болған және кірлеген жағдайда ҰҚЖ ұзындығына қойылатын талаптарды, оның ішінде ұшу аралығына әсер ететін жүйелерді істен шыққан жағдайда қойылатын талаптар;

      6) қосымша ақпарат, мысалы пневматиктің жылдамдығын шектеу.

      6-тарау. HUD және EVS, SVS немесе CVS пайдалана отырып, қонуға бет алу үшін әуеайлақтарды пайдалану жөніндегі минимумдарды анықтауға қатысты нұсқаулықтар.

      D-бөлігі. Дайындық

      1-тарау. Ұшу экипажын дайындау бағдарламасы туралы толық мәліметтер.

      2-тарау. Бортсеріктерді міндеттерді орындауға дайындау бағдарламасы туралы толық мәліметтер.

      3-тарау. Ұшуды жүргізудің бақылауын жүзеге асыру әдістеріне сәйкес өз қызметтерін орындайтын ұшуды қамтамасыз ету қызметкерін/диспетчерді даярлау бағдарламасы туралы толық мәліметтер.

      4-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін авиациялық персоналды даярлау бағдарламасы.

      5-тарау. Авиациялық қауіпсіздік бойынша авиациялық персоналды даярлау бағдарламасы.

      4. Тікұшақтарды пайдаланатын өтініш берушілер үшін нұсқаулық мынадай ақпаратты қамтуға тиіс:

      А-бөлімі. Жалпы ережелер

      1-тарау. Әкімшілік және Ұшуды жүргізу бойынша нұсқауды бақылау.

      2-тарау. Ұшуды жүргізуге қатысы бар персоналдың міндеттеріне жалпы сипаттамасы берілген нұсқаулықтар.

      3-тарау. Ұшу уақыты мен қызметтік ұшу уақытын нормалау ережелері және ұшу экипажының мүшелері мен бортсеріктердің демалуы үшін жеткілікті уақыт көзделетін қағидалар.

      4-тарау. Бортта болуға тиісті навигациялық жабдықтардың тізімі, сондай-ақ сипаттамаларға негізделген навигацияны пайдалану белгіленген әуе кеңістігінде ұшуды жүргізуге қатысты кез келген талаптар.

      5-тарау. Радиожиілілікті тыңдау қажеттілігі туындаған жағдайлар.

      6-тарау. Ұшудың ең төменгі абсолютті биіктігін анықтау әдісі.

      7-тарау. Тікұшақ айлағының пайдалану минимумдарын анықтау әдістері.

      8-тарау. Бортта жолаушылар болған жағдайда жанармай құю кезінде қолданылатын іс-шаралар.

      9-тарау. Жер үсті қызмет көрсетуді ұйымдастыру және оның рәсімдері.

      10-тарау. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 12-қосымшасында белгіленген оқиғаның куәгері болған әуе кемелері командирлерінің әрекет ету тәртібі.

      11-тарау. Орындалатын әрбір ұшу үшін ұшу экипажының құрамы, сондай-ақ, командирлік басшылық ету сабақтастығының тәртібі.

      12-тарау. Ұшудың барлық жағдайларын, оның ішінде ұшу бағытында герметизациясын жою және бір немесе бірнеше қозғалтқыштардың тоқтап қалу мүмкіндігін ескере отырып, бактарда болуға тиісті жанармай мен майдың санын есептеу бойынша нақты нұсқаулықтар.

      13-тарау. Оттегі және оттегінің қорлары пайдаланылатын жағдайлар.

      14-тарау. Салмақ пен салмақты орталықтандыруды бақылауға қатысты нұсқамалар.

      15-тарау. Мұз қатуды жою/алдын алу және осы операциялардың орындалуын бақылау жұмыстарына қатысты нұсқамалар.

      16-тарау. Ұшудың жұмыс жоспарына қойылатын техникалық талаптар.

      17-тарау. Ұшудың әрбір кезеңі үшін стандартты пайдалану рәсімдері (SOP).

      18-тарау. Әдеттегі бақылау тізбелерін пайдалану және пайдалану уақытына қатысты нұсқамалар.

      19-тарау. Күтпеген жағдайда ұшып кету қағидалары.

      20-тарау. Абсолютті биіктік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету етуге қатысты нұсқамалар.

      21-тарау. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органының рұқсатын нақтылау және қабылдау, оның ішінде жерді ұшып өтуге қатысты нұсқамалар.

      22-тарау. Ұшып кету және қонуға бет алуға қатысты нұсқамалық.

      23-тарау. Ұшу бағыты мен тағайындау пунктпен танысу.

      24-тарау. Аспаптар бойынша қонуға бет алуды бастау немесе жалғастыру үшін қажетті жағдайлар.

      25-тарау. Аспаптар бойынша қонуға нақты және нақты емес кіруге қатысты нұсқамалар.

      26-тарау. Түнгі уақытта аспаптар бойынша қонуға бет алу мен қону және аспаптық метеорологиялық жағдайлар кезінде ұшу экипажының мүшелері арасында міндеттерді бөлу және жұмыс жүктемесін реттеу рәсімдері.

      27-тарау. Азаматтық әуе кемелерін басып алуға қатысты ақпарат пен нұсқаулықтар, оның ішінде:

      1) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 2-қосымшада белгіленген басып алынатын әуе кемелері командирлерінің іс-қимыл жасау тәртібі;

      2) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 2-қосымшасынан алынған басып алатын және басып алынатын әуе кемелері пайдаланатын көрнекі дабылдар.

      28-тарау. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі туралы толық мәліметтер.

      29-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша ақпарат және нұсқаулық, сонымен қатар авариялық жағдай туындаған кезінде орындалуға тиісті іс-әрекеттер.

      30-тарау. Қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар және нұсқамалар.

      31-тарау. Тікұшақты қарап тексеру ережелерінің бақылау тізібесі.

      32-тарау. Автоматтық қону жүйесімен коллиматорлық (HUD) немесе балама индикаторлармен техникалық көру жүйелерімен (EVS, SVS немесе CVS) жабдықталған, әуе кемелерін ұшуды дайындау үшін кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктерін пайдалану саласындағы дайындыққа нұсқаулықтар және оған қойылатын талаптар.

      33-тарау. Электронды ұшу құжаттамасын (EFB) пайдалану саласындағы дайындыққа нұсқаулықтар және оған қойылатын талаптар.

      В-бөлімі. Әуе кемесін пайдалану бойынша ақпарат.

      1-тарау. Сертификаттық шектеулер және пайдалану бойынша шектеулер.

      2-тарау. Әдеттегі, штаттан тыс және авариялық жағдайлар кезіндегі ұшу экипажы іс-әрекеттерінің тәртібі және онымен байланысты бақылау карталары.

      3-тарау. Тартылыстың/қуаттың және жылдамдықтың белгіленген әртүрлі мәндерін ұшу алдында және ұшуды жоспарлау үшін ұшуды жоспарлау деректері.

      4-тарау. Салмақты және салмақты орталықтандыруды есептеу үшін нұсқаулықтар және мәліметтер.

      5-тарау. Әуе кемесіне жүктеу және жүкті арқандап байлау бойынша нұсқаулықтар.

      6-тарау. Әуе кемелерінің жүйелері, басқарудың тиісті органдары және оларды пайдалану бойынша нұсқаулықтар.

      7-тарау. Пайдаланылатын тікұшақтардың түрлері үшін ең аз жабдықтардың және сипаттамаларға негізделген навигацияны пайдалану белгіленген әуе кеңістігінде ұшуды жүргізуге қатысты кез келген талаптарды қоса алғанда, рұқсат етілген арнайы ұшулар тізімі.

      8-тарау. Авариялық және құтқару жабдықтардың бақылау тізімі, сонымен қатар оны пайдалану бойынша нұсқаулықтар.

      9-тарау. Жағдайлардың түріне қарай арнайы рәсімдерді, экипаж әрекеттерін үйлестіруді, авариялық жағдайда экипаж мүшелеріне жұмыс орындарын бекіту және экипаждың әрбір мүшесіне тапсырылған авариялық міндеттерді қоса алғанда, авариялық эвакуация қағидалары.

      10-тарау. Әдеттегі, штаттан тыс және авариялық жағдайларда кабина экипажы әрекеттерінің тәртібі, соған байланысты бақылау карталары, сонымен қатар белгіленген талаптарға сәйкес әуе кемесінің жүйелері туралы ақпарат және ұшу және қызмет көрсететін экипаж әрекеттерін үйлестірудің қажетті рәсімдерін сипаттау.

      11-тарау. Түрлі бағыттарға арналған құтқару және авариялық жабдықтар және оттегінің қажетті және бар қорларды анықтау рәсімдерін қоса алғанда, ұшу алдында жабдықтың қалыпты жұмысын тексеру бойынша қажетті рәсімдері.

      12-тарау. Тірі қалған адамдардың пайдалануы үшін Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 12-қосымшадағы "жер – ауа" көрнекі дабылдарының коды.

      С-бөлігі. Маршруттар және әуеайлақтар

      1-тарау. Әрбір ұшуда ұшу экипажын байланыс құралдары, навигациялық құралдар, әуеайлақтар, аспаптар бойынша қонуға бет алу, аспаптар бойынша ұшып келу және аспаптар бойынша ұшып кету туралы мәліметтермен және пайдаланушы ұшуларды дұрыс жүргізу үшін қажетті деп есептейтін басқа мәліметтермен қамтамасыз ету үшін нақты ұшуға қажетті бағыттық анықтамалық мәліметтер.

      2-тарау. Әрбір белгіленген бағытта ұшудың ең төменгі абсолютті биіктіктері.

      3-тарау. Белгіленген қону тікұшақ айлағы немесе қосалқы тікұшақ айлағы ретінде пайдалану көзделетін әрбір тікұшақ айлағы үшін пайдалану бойынша минимумдар.

      4-тарау. Қонуға бет алуды қамтамасыз ету құралдарының немесе тікұшақ айлақтық құралдардың жұмысы нашарлаған жағдайда әуеайлақтардың пайдалану минимумдарын ұлғайту туралы ақпарат.

      5-тарау. HUD және EVS, SVS немесе CVS пайдалануды ескере отырып, қонуға бет алу үшін әуеайлақтарды пайдалану бойынша минимумдарды анықтауға қатысты нұсқаулықтар.

      Д-бөлігі. Дайындық

      1-тарау. Ұшу экипажын дайындау бағдарламасы туралы толық мәліметтер және қойылатын талаптар.

      2-тарау. Бортсеріктерді міндеттерді орындауға дайындау бағдарламасы туралы толық мәліметтер.

      3-тарау. Ұшуды жүргізудің бақылауын жүзеге асыру әдістеріне сәйкес өз қызметтерін орындайтын ұшуды қамтамасыз ету қызметкерді/диспетчерді даярлау бағдарламасы туралы толық мәліметтер.

      4-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін авиациялық персоналды даярлау бағдарламасы.

      5-тарау. Авиациялық қауіпсіздік бойынша авиациялық персоналды даярлау бағдарламасы.

  Азаматтық әуе
кемелерін пайдаланушыларға
қойылатын сертификаттық
талаптарына
2-қосымша

Пайдаланушылардың ұшуды жүргізу бойынша нұсқаулығының құрылымы (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік үшін)

      Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұшуды жүргізу жөніндегі үлгілік нұсқауды Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласында қолданыстағы қағидаларға, нұсқаулықтар мен басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өтініш беруші әзірлейді.

      1. Нұсқау мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

      1) мазмұны;

      2) түзетулерді есепке алу парағы және қолданыстағы парақтар тізбесі;

      3) қызметтік міндеттер, басшылық және пайдалану персоналының жауапкершілігі және субординациясы;

      4) пайдаланушының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (сертификаттық ұшып көтерілу массасы 5700 килограмм астам әуе кемелері);

      5) ұшу нұсқаулығының жүйесі және жұмыс түрлері;

      6) әуе кемесінің ең төменгі жабдығы тізбесіне қатысты қағидалар (MEL, қолданылғанда);

      7) метеорологиялық шектеулер;

      8) ұшу және жұмыс уақытының шектеулері;

      9) ұшу кезіндегі төтенше жағдайлар;

      10) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды талдау;

      11) персонал біліктілігі және даярлау;

      12) есептік құжаттаманы жүргізу;

      13) техникалық қызмет көрсетуді басқару жүйесінің сипаты;

      14) әуе кемелерінің ұшу-техникалық сипаттамаларын пайдалану шектеулері;

      15) қалыпты жағдайларда ұшуды жүргізу;

      16) стандартты пайдалану рәсімдері (SOP);

      17) FDR/CVR жазбаларын пайдалану/қорғау (қолданылатын жерде);

      18) қауіпті жүктерді өңдеу;

      19) Коллиматорлық индикаторларды (HUD) және қажет болған жағдайда, визуализацияның кеңейтілген мүмкіндіктері бар техникалық көру жүйелерін (EVS, SVS немесе CVS) пайдалану саласында дайындық бойынша нұсқаулықтар мен талаптар;

      20) Электронды ұшу планшеттерін (EFB) пайдалану саласында дайындыққа қойылатын талаптар мен нұсқаулықтар.

  Азаматтық әуе
кемелерін пайдаланушыларға
қойылатын сертификаттық
талаптарына
3-қосымша

Пайдаланушыларға техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушы нұсқаулығының құрылымы (пайдаланушы сертификаты үшін)

      Ескерту. 3-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы (бұдан әрі - Нұсқау) мынадай ақпаратты қамтиды:

      1. Жалпы ережелер:

      1) бірінші басшы қол қойған ұшу жарамдылығын қолдау бойынша қызметтің сертификациялық талаптарға, Нұсқаудың ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;

      2) лауазымды тұлғалардың бағыныштылығы иерархиясы көрсетілген ұйымдық құрылымы;

      3) жұмыс (кеңсе) үй-жайлардың жалпы сипаттамасы;

      4) техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша сала;

      5) жауапты басшының, ұйымның белгіленген талаптарға тұрақты сәйкестігіне қатысты жауапты персоналдың аты-жөні мен қызметі көрсетілген басқарушы персонал, сонымен қатар техникалық қызмет көрсетуді реттеуге қатысатын персонал бойынша мәліметтер;

      6) қызметі, мекенжайы мен персоналы бойынша орын алатын өзгерістер туралы құзыретті органды хабардар ету рәсімі;

      7) Нұсқауға өзгерістер енгізу рәсімі.

      2. 1-бөлім. Ұшу жарамдылығын қолдау бойынша рәсімдер:

      1) техникалық бортжурналды пайдалану және рұқсат етілетін ақаулықтар (MEL) тізімін қоса тіркеу;

      2) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетудің бағдарламасы – жасау, өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, бекіту;

      3) пайдаланушының ұшу жарамдылығын қолдау бойынша есеп мәліметтерін және техникалық құжаттарын жүргізу және мұрағатта сақтау;

      4) ұшу жарамдылығы бойынша директиваларды қолдану және бақылау;

      5) техникалық қызмет көрсету бағдарламасының тиімділігін талдау. Міндетті емес түзетуді (модификациялау) орындау саласындағы рәсімдер (саясат);

      6) маңызды модификацияларды жүзеге асырудың стандарттары;

      7) анықталған ақаулықтар мен кемшіліктер туралы жеткізу;

      8) технологиялық қамтамасыз ету бойынша қызмет;

      9) сенімділік деңгейін бақылау бағдарламасы;

      10) ұшуға дайындық;

      11) әуе кемелерінің салмағын өлшеу;

      12) бақылау мақсатындағы ұшулар.

      3. 2-бөлім. Сапа жүйесі:

      1) сапа саясаты, ұшу жарамдылығын қолдау бойынша аудиттің жоспары мен рәсімдері;

      2) ұшу жарамдылығын қолдау бойынша қызметтер түрлерінің мониторингі;

      3) техникалық қызмет көрсету бекітілген техникалық қызмет көрсету бойынша ұйымдар арқылы жүзеге асырылатынын растайтын бақылау;

      4) техникалық қызмет көрсету бағдарламасының тиімділігіне мониторинг жүргізу;

      5) техникалық қызмет көрсету бекітілген техникалық қызмет көрсету бойынша ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылатынын растайтын бақылау.

      6) сапа жүйесі шеңберінде аудитті орындайтын персонал.

      4. 3-бөлім. Шарт бойынша техникалық қызмет көрсету:

      1) Техникалық қызмет көрсетуге мердігерді таңдау рәсімдері.

      2) Сапа жүйесі аясында жүргізілетін әуе кемелерінің аудиті.

      5. 4-бөлім. Қосымшалар:

      1) құжаттардың үлгілері;

      2) қосалқы мердігерлердің тізімі;

      3) техникалық қызмет көрсетуге шарттар жасалған бекітілген техникалық қызмет көрсету бойынша ұйымдардың тізімі;

      4) қосалқы мердігерлік жұмыстарына жасалған шарттардың көшірмесі;

      5) бекітілген техникалық қызмет көрсету бойынша ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмесі.

  Азаматтық әуе
кемелерін пайдаланушыларға
қойылатын сертификаттық
талаптарына
4-қосымша

Пайдаланушыларға техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқаулығының құрылымы (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік үшін)

      Ескерту. 4-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы (бұдан әрі – Нұсқау) мынадай ақпаратты қамтиды:

      1. Ревизияладың мәртебесімен қолданыстағы парақтардың тізбесі.

      2. Ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі қызметтің сертификаттық талаптарға, Нұсқау ережелеріне сәйкестігі туралы жауапты басшы қол қойған декларация және осы сәйкестікті тұрақты сақтау міндеттемесі.

      3. Нұсқау қолданылатын әуе кемелері үлгілерінің және модельдерінің сипаттамасы.

      4. Ұшу жарамдылығын қолдау ұйымының ұйымдастыру құрылымы мен персоналдың саны.

      5. Ұйымның белгіленген талаптарға тұрақты сәйкес болуына қатысты жауапкершілік жүктелетін жауапты басшының, персоналдың аты мен лауазымдары көрсетілген басшылық персонал жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуді реттеуге қатысатын персонал жөніндегі мәліметтер.

      6. Ұшу жарамдылығын қолдау бойынша персоналдың біліктілігін қамтамсыз ету рәсімі.

      7. Техникалық қызмет көрсетудің орындалуының қамсыздандыруының өздік ұйыммен тартумен немесе қатыстырылған персоналының немесе келісімге сыртқы ұйыммен рәсімі.

      8. Техникалық қызметті көрсететін өзінің немесе тартылған персоналдың біліктілігін бақылау рәсімі.

      9. Техникалық қызмет көрсету үшін өзіндік немесе шарт бойынша үй-жайларымен қамтамасыз ету рәсімі.

      10. Қамсыздандырудың өздік күштермен немесе келісім арқылы аспаппен және жабдықпен техникалық қызмет көрсету орындалуы үшін рәсімі.

      11. Техникалық қызмет көрсету бағдарламасының зерттеменің рәсімі, бекіту және өзгерістімең мен толықтыруларды енгізуі.

      12. Техникалық қызмет көрсету жоспарлау рәсімі.

      13. Ресурстық агрегатарды есепке алу рәсімі.

      14. Егер техникалық қызмет көрсету орындалған келісім-шарт мен сыртқы ұйыммен, шарт жасалатың әрекеттестікке және пайдаланушының үйлестігінің сыртқы ұйыммен рәсімі.

      15. Әзірлеушінің үлгісінің/сертификатының ұстаушысының мемлекетінен ұшу жарамдылығын қамтамсыз ету міндетті ақпаратты алуын, бағалаудың және тіркеуін рәсімі.

      16. Әзірлеушінің үлгісінің/сертификатының ұстаушысынан ұшу жарамдылығын қамтамсыз ету ақпаратты алуын, бағалаудың және тіркеуін рәсімі.

      17. Құжаттаманың барының қамсыздандыруының ұшу жарамдылығын (кесімді уақыт, технологиялық нұсқаулар, тізімдемелер және о.с.) қамтамсыз ету рәсімі.

      18. Тексерістің және ақаулар мен ақаулықтарды жоюының пайдалануда рәсімі.

      19. Әуе кеменің модификациялардың орындалуының рәсімі, талаптардың сақтау қамсыздандыруы бекіту және тексеріске соң орындалу.

      20. Пайдаланушының ұшу жарамдылығын қолдау және техникалық құжаттары бойынша есептік мәліметтерді жүргізу және мұрағатта сақтау рәсімдері.

      21. Қосалқы бөлшектер мен материалдарды бақылау, оларды есепке алу және сақтау рәсімі.

      22. Әуе кемелерінің ұшу жарамдылығына байланысты кемшіліктер, мен ақаулықтар және оқиғалар туралы хабардар ету рәсімі.

      23. Сапа жүйесінің сипаттамасы.

  Азаматтық әуе
кемелерін пайдаланушыларға
қойылатын сертификаттық
талаптарына
5-қосымша

Кабиналық экипаж нұсқаулығының үлгі мазмұны

      Ескерту. Талап 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Кабиналық экипаждың міндеттері

      2. Нұсқаулық құрылымы және оны құрастыру

      3. Экипажбен орындалатын рәсімдер

      4. Ұшу экипажы кабинасына кіру

      5. Ұшу экипажы кабинасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімі

      6. Ұшу экипажы кабинасындағы зарарсыздануды қамтамасыз ету рәсімі

      7. Экипажбен байланыс

      8. Экипаж іс-қимылдарын үйлестіру

      9. Кабиналық экипаж

      10. Жолаушыларға арналған ақпарат

      11. Су бетінде орындалатын үлкен арттырылған қашықтықта ұшу кезіндегі нұсқаулық (қолданылатын болса)

      12. Оттегі жүйесін пайдалану (қолданылатын болса)

      13. Қауіпсіздіктің жарық таблолары

      14. Мүгедек жолаушылар, сәбилер мен балалар

      15. Жолаушылар туралы ережелер

      16. Қауіпсіздік рәсімдері

      17. Есіктер

      18. Дәрі-дәрмектер

      19. Электрондық құрылғылар

      20. Қауіпті жүктер

      21. Жарықтандыру

      22. Турбуленттік

      23. Өмір сүру

      24. Ұшақты басып алу

      25. Қару-жарақ

      26. Ауыру/зақымдану

      27. Оттегі: қолданылуы және көрсеткіші (бортта оттегі болған жағдайда)

      28. Өртке қарсы шаралар мен бақылау

      29. Эвакуация рәсімдері

      30. ӘК сипаттамасы

      31. ӘК авариялық құтқару жабдықтары

      32. Еден деңгейіндегі шығулар

      33. Эвакуациялау трапы

      34. Терезе арқылы авариялық шығар жол

      35. Кіріктірме трап (фюзеляж астындағы трап)

      36. Ұшақ құйрығындағы орай ағызғыштың трапы

      37. Ұшу экипажы кабинасындағы авариялық шығар есік

      38. Салоннан басқа да эвакуация жолдары

      39. Басқа шығу жолдары

      40. Есік ойығының сақтық ленталары

      41. Жарамсыз есік жағдайындағы рәсімдер

      42. Кабиналық экипаждың жұмыс орны

      43. Электр жабдықтары

      44. Авариялық жарықтандыру

      45. Дыбысты және ішкі байланыс жүйесі

      46. Эвакуация сигналдары

      47. Оттегі жүйелері (жүйенің бортта бар болу жағдайында)

      48. Тасымалды оттегі жабдықтары

      49. Асүйлік жабдықтарды белгілеу жүйесі

      50. Багажды шектеу бекітпелері

      51. Түтіндік өрт хабарлағыш (түтін детекторы)

      52. Қоқысқа арналған контейнерлер есігі

      53. Үстіңгі/астыңғы палуба

      54. Жедел сатылар

      55. Жүзу құралдары ретінде кресло жастықтары

      56. Құтқару жилеттері

      57. Құтқарушы салдар мен үрлемелі траптар

      58. Жұмысқа жарамсыз жабдықтар

      59. Өрт сөндіргіш/Қорғаныш тыныс алу жабдығы

      60. Түтінге қарсы құрылғылар (экрандар)

      61. Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы/Медициналық жинақ.