Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 маусымда № 11402 тіркелді.

Жаңартылған

      "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.04.2017 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Халықаралық және республикалық маңыздағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сынаптау қағидалары мен шарттары осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес;

      2) Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақтың орыс тілдегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.04.2017 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.05.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтармен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 15 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      __________ И. Тасмағамбетов

      2015 жылғы 15 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 315 бұйрығына
1 қосымша

Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық
маңызы бар автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары

      1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының

      2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.

      2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жiктеу жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршілес мемлекеттердің астаналарын жалғастырып жатқан, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдерге сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желісіне кіретін автомобиль жолдары жатады.

      4. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына, жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын қоспағанда, республиканың және көршілес мемлекеттердің әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары автомобиль жолдары жатады.

      5. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы пайдалануға қабылданғаннан кейiн күнтізбелік отыз күн iшiнде автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі – Ұлттық оператор) автомобиль жолын халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесіне (бұдан әрі – автомобиль жолдары тізбесі) енгiзу үшiн автомобиль жолдары жөнiндегi мемлекеттік уәкілетті органға (бұдан әрi - мемлекеттiк уәкiлеттi орган) ұсыныс енгiзедi.

      6. Мемлекеттік уәкілетті орган Ұлттық оператордан автомобиль жолдарының тізбесіне автомобиль жолын қосу жөнінде тиісті ұсыныстарды алғаннан кейін, автомобиль жолдары тізбесіне өзгеріс енгізеді.

  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
  № 315 бұйрығына
2-қосымша

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.08.2020 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жол индексі

Жолдардың атауы

Ұзындығы,
км

1

2

3

М-32

РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда арқылы

2036,6

М-36

РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды арқылы

2047,1

М-38

РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай (ҚХР-ға шығу), Павлодар, Семей арқылы

1081

М-39

ӨР шекарасы (Ташкентке) - ӨР шекарасы (Термезге)

24,1

М-51

РФ шекарасы (Челябинскiге) - РФ шекарасы (Новосибирскiге), Петропавл, Омбы арқылы

190

А-1

Нұр-Сұлтан - Петропавл, Көкшетау арқылы

456

А-2

ӨР шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас, Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы
(ҚР шекарасына кiреберiспен және Тараз, Құлан, Қордай шатқалының айналма жолдарымен, Қордай шатқалымен)

1292,815

А-3

Алматы - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы (Аягөздің және Сарқандтың айналма жолдарымен және Мұқры шатқалының кiреберiсімен)

1212

А-4

Алматы - Шамалған - Ұзынағаш - Аққайнар - Сұраншы батыр - ҚР шекарасы (Ұзынағаш кентіне кiреберiспен)

115

А-5

Ақсай - Шонжы - Көлжат - ҚХР шекарасы (ҚХР шекарасына кiреберiспен)

160

А-6

Көкпек - Кеген - ҚР шекарасы (Түп) (Кеген шатқалының айналма жолымен)

115

А-7

Үшарал - Достық

184

А-8

Таскескен - Бақты (ҚХР шекарасы)

187

А-9

Өскемен - Риддер - РФ шекарасы

167

А-11

Семей - РФ шекарасы (Барнаулға)

111

А-12

Петропавл - Соколовка - РФ шекарасы (Есiлге)

62

А-13

Көкшетау - Кiшкенекөл - Бидайық - РФ шекарасы (Омбыға)

278

А-14

Тараз - Утмек - ҚР шекарасы

14

А-15

Жизақ - Гагарин - Жетiсай - Киров - Қызыләскер -Сарыағаш - Абай - Жiбек жолы (ӨР шекарасы Атакент ауылына кіреберіспен Сырдария, Гүлстан, Шыназ және Сарыағаш санаториясына)

221

А-16

Жезқазған - Петропавл, Арқалық арқылы

940

А-17

Қызылорда - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы

1493

А-18

Павлодар - Шарбақты - РФ шекарасы

112

А-19

Алматы - Шелек - Қорғас

304

А-20

Қарағанды - Аягөз - Тарбағатай-Бұғаз

921

А-21

Мамлют - Қостанай

398

А-22

Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный -Қостанай

546

А-23

Денисовка - Жітіқара - Мықтыкөл - РФ шекарасы

142

А-24

Ақтөбе-Мәртөк - РФ шекарасы (Орынборға)

92,3

А-25

Ақтөбе - РФ шекарасы (Орскке)

120,8

А-26

Қандыағаш - Ембі - Шалқар -Ырғыз

401

А-27

Ақтөбе-Атырау- РФ шекарасы (Астраханьға)

865,4

А-28

Атырау - Орал

487

А-29

Орал - Тасқала - РФ шекарасы (Озинкиге)

100

А-30

Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы

144

А-31

Чапаев - Жалпақтал - Казталовка - РФ шекарасы

213

А-32

Орал - РФ шекарасы (Бузулукке)

28

А-33

Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай-Өтес - Шетпе-Жетiбай - Ақтау порты (Жетібай арқылы және Шетпеге кіреберіс)

786

А-34

Жетiбай - Жаңа өзен - Кендірлі - ТР шекарасы (Түркменбашыға)

237

А-35

Ақтау - Құрық

59

А-36

Құрық - Жетібай

64

Р-1

Бейнеу - Ақжiгіт - ӨР шекарасы (Нүкіске)

84

Р-2

Нұр-Сұлтан - Қорғалжың (Қорғалжың қорығына кіреберіспен)

161

Р-3

Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Энтузиаст - Киевка - Темiртау

250

Р-4

Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті

238

Р-5

Ертіс өзенінің көпір өткелі арқылы Павлодардың батыс айналма жолы

15

Р-6

Макинка - Ақсу - Торғай

235

Р-7

Бурабай курорт аймағының жолдары

66

Р-8

Щучье - Зеренді

80

Р-9

Вячеслав су қоймасына кiреберіс

17

 
Р-10

Нұр-Сұлтанға айналма жол (Қабанбай батыр даңғылымен Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға дейін, оның ішінде Қабанбай батыр даңғылы бойымен Тұран даңғылына дейін көлік торабы)

70,9

Р-11

Көкшетау - Рузаевка 

196

Р-12

Көкшетау - Атбасар

184

Р-13

Жақсы-Есіл – Бұзылық

82

Р-14

Көкшетауға айналма жол (Әуежайға кіреберіспен)

18

Р-15

Кеген - Нарынқол

89

Р-16

"Көкпек - Кеген - Түп" а/ж - Жалаңаш - Саты - Құрметтi (Көлсай көлiне кiреберiспен)

89

Р-17

Алматы-Талғар-Байдібек би

68

Р-18

Қапшағай-Құрты

67

Р-19

"Алматы - Көктал - Байсерке - Междуреченское" а/ж - РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы

52

Р-20

Сарыөзек-Көктал (Сарыөзек ст. айналма жолы)

192

Р-21

Алма - Тау турбазасына кiреберiс

15

Р-22

Алматы - Космостанция (Алматы және Алма-Арасан санаторийлеріне кiреберiспен)

37

Р-23

Семей - Қайнар 

276

Р-24

Өскемен - Семей

195

Р-25

Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Қатон Қарағай - Рахман қайнары

446

Р-26

РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай (ҚХР-ға шығу) - Қалжыр - Марқакөл

124

Р-27

Қалқаман - Баянауыл - Үмiткер - Ботақара

324

Р-28

Қарасай батырдың ескерткiш кешенiне кiреберіс

24

Р-29

Мерке - Бурылбайтал

266

Р-30

Шу - Қайнар

56

Р-31

Кентау - Түркiстан - Арыстанбаб - Шәуiлдiр - Төрткөл

30

Р-32

Шымкентке солтүстік айналма жол

36,5

Р-33

Мұкұр - Құлсары

136

Р-34

"Қызылорда - Павлодар" а/ж - Жәйрем - Қаражал -Атасу

144

Р-35

Ақшатау - Ағадыр - Ортау - "Қызылорда - Павлодар" а/ж

195

Р-36

Қостанай - Әулиекөл - Сұрған

257

Р-37

Бастау - Ақтау - Теміртау

53

Р-38

"Қостанай - Жақсы" а/ж - "Қостанай - Қарабұтақ" а/ж

6

Р-39

"Қостанай - Қарабұтақ" а/ж - РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы

21

Р-40

Махамбет - Хамит Ерғалиев

45

Р-41

Ленин - Ертіс - Русская Поляна

263,78

Р-42

Қабанбай батырдың ескерткiш кешенiне кіреберіс

4

Р-43

Рудныйдың батыс айналма жолы

6,9

Р-44

Казталов - Жәнiбек - РФ шекарасы

165

Р-45

Ленин - Ақсу - Көктөбе - Үлкен Ақжар - Курчатов

220

Р-46

Щучье - Бурабай курорттық аймағының ойын-сауық орталығына кіреберіс

8,9

Р-47

ҚР шекарасына (Қарасуға) кіреберіс

17,7

Р-48

"Алатау ақпараттық технологиялар паркі" еркін экономикалық аймағына кіреберіс

9,95

Р-49

Петропавлға айналма жолы

30

Р-50

Ақтөбенің солтүстік айналма жолы

39,3

Р-51

Өнеге - Бисен - Сайхин

103

Р-52

Жаңа Колутон - Ақкөл – Минское а/ж кіреберіс

4,6

Р-53

Т. Рысқұлов ауылына кіреберіс

31

Р-54

Қарағандыға кіреберіс

16

Р-55

Ерейментауға кіреберіс

36

Р-56

Хан Ордасына ауылына кіреберіс

21

Р-57

"Петерфельд - Архангельск - Новокаменка - республикалық жол А-16 "Жезқазған - Петропавл"

30,519

Р-58

Булаево - Возвышенка - Молодогвардейское - Кирово - Қиялы - Рощинское

228,386

Р-59

Рощинское - Корнеевка - Волошинка

86,87

Р-60

Волошинка - Сергеевка - Тимерязево

119,441

Р-61

Тимирязево - Сарыкөл - облыс шекарасы

31,574

Р-62

Петропавл қаласының әуежайына кіреберіс

5

Жиыны

24 826,435

      Ескертпе:

      а/ж – автомобиль жолдары

      ҚР – Қырғызстан Республикасы

      ҚХР – Қытай Халық Республикасы

      ӨР – Өзбекстан Республикасы

      ТР – Түрікменстан Республикасы

      РФ – Ресей Федерациясы