Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 360 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 маусымда № 17127 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11402 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 29 мамыр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      __________ С. Жасұзақов

      2018 жылғы 7 маусым

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 22 мамырдағы
№ 360 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 315 бұйрығына 2-қосымша

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланыталын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі

Жол индексі

Жолдардың атауы

Ұзындығы, км

1

2

3

М-32

РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда арқылы

2059,6

М-36

РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы

2046,6

М-38

РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай (ҚХР-ға шығу), Павлодар, Семей арқылы

1081

М-39

ӨР шекарасы (Ташкентке) - ӨР шекарасы (Термезге)

24,1

М-51

РФ шекарасы (Челябинскiге) – РФ шекарасы (Новосибирскiге), Петропавл, Омбы арқылы

190

А-1

Астана - Петропавл, Көкшетау арқылы

456

А-2

ӨР шекарасы (Ташкентке)-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас, Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (ҚР шекарасына кiреберiспен және Тараз, Құлан, Қордай шатқалының айналма жолдарымен, Қордай шатқалымен)

1292

А-3

Алматы – Өскемен (Аягөздің және Сарқандтың айналма жолдарымен және Мұқры шатқалының кiреберiсімен)

1092

А-4

Алматы-Шамалған -Ұзынағаш – Аққайнар – Сұраншы батыр - ҚР шекарасы (Ұзынағаш кентіне кiреберiспен)

115

А-5

Ақсай – Шонжы – Көлжат - ҚХР шекарасы (ҚХР шекарасына кiреберiспен)

160

А-6

Көкпек - Кеген - ҚР шекарасы (Түп) (Кеген шатқалының айналма жолымен)

115

А-7

Үшарал - Достық

184

А-8

Таскескен - Бақты (ҚХР шекарасы)

187

А-9

Өскемен – Риддер - РФ шекарасы

167

А-10

Өскемен – Шемонаиха - РФ шекарасы

120

А-11

Семей - РФ шекарасы (Барнаулға)

111

А-12

Петропавл - Соколовка - РФ шекарасы (Есiлге)

62

А-13

Көкшетау – Кiшкенекөл - Бидайық - РФ шекарасы (Омбыға)

278

А-14

Тараз - Утмек - ҚР шекарасы

14

А-15

Жизақ - Гагарин - Жетiсай - Киров - Қызыләскер -Сарыағаш-Абай - Жiбек жолы (ӨР шекарасы Атакент ауылына кіреберіспен Сырдария, Гүлстан, Шыназ және Сарыағаш санаториясына)

221

А-16

Жезқазған - Петропавл, Арқалық арқылы

940

А-17

Қызылорда - Павлодар –Успенка - РФ шекарасы

1493

А-18

Павлодар - Шарбақты - РФ шекарасы

112

А-19

Алматы - Шелек - Қорғас

304

А-20

Қарағанды - Аягөз - Тарбағатай-Бұғаз

921

А-21

Мамлют - Қостанай

398

А-22

Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный -Қостанай

543

А-23

Денисовка - Жітіқара - Мықтыкөл - РФ шекарасы

142

А-24

Ақтөбе-Мәртөк - РФ шекарасы (Орынборға)

92,3

А-25

Ақтөбе - РФ шекарасы (Орскке)

127

А-26

Қандыағаш - Ембі - Шалқар -Ырғыз

401

А-27

Ақтөбе-Атырау- РФ шекарасы (Астраханьға)

871

А-28

Атырау - Орал

487

А-29

Орал - Тасқала - РФ шекарасы (Озинкиге)

100

А-30

Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы

144

А-31

Чапаев - Жалпақтал - Казталовка - РФ шекарасы

213

А-32

Орал - РФ шекарасы (Бузулукке)

28

А-33

Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай-Өтес - Шетпе-Жетiбай - Ақтау порты (Жетібай арқылы және Шетпеге кіреберіс)

814

А-34

Жетiбай - Жаңа өзен - Кендірлі - ТР шекарасы (Түркменбашыға)

237

А-35

Ақтау - Құрық

59

А-36

Құрық - Жетібай

64

Р-1

Бейнеу - Ақжiгіт - ӨР шекарасы (Нүкіске)

84

Р-2

Астана - Қорғалжың (Қорғалжың қорығына кіреберіспен)

161

Р-3

Астана - Қабанбай батыр - Энтузиаст - Киевка - Темiртау

250

Р-4

Астана - Ерейментау - Шідерті

243

Р-5

Ертіс өзенінің көпір өткелі арқылы Павлодардың батыс айналма жолы

15

Р-6

Макин-Ақсу-Торғай

235

Р-7

Бурабай курорт аймағының жолдары

66

Р-8

Щучье-Зеренді

80

Р-9

Вячеслав су қоймасына кiреберіс

17

Р-10

Астанаға айналма жол

53

Р-11

Көкшетау-Рузаевка

196

Р-12

Көкшетау-Атбасар

184

Р-13

Жақсы-Есіл-Бузулук

82

Р-14

Көкшетауға айналма жол 

18

Р-15

Кеген-Нарынқол

89

Р-16

"Көкпек-Кеген-Түп" а/ж - Жалаңаш - Саты - Құрметтi (Көлсай көлiне кiреберiспен)

89

Р-17

Алматы-Талғар-Байдибек би

68

Р-18

Қапшағай-Құрты

67

Р-19

"Алматы - Көктал - Байсерке - Междуреченское" а/ж – РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы

52

Р-20

Сарыөзек-Көктал (Сарыөзек ст. айналма жолы)

192

Р-21

Алма-Тау турбазасына кiреберiс

15

Р-22

Алматы-Космостанция (Алматы және Алма-Арасан санаторийлеріне кiреберiспен)

37

Р-23

Семей-Қайнар

276

Р-24

Өскемен-Семей

195

Р-25

Өскемен - Зыряновск – Үлкен Нарын - Қатон Қарағай - Рахман қайнары

446

Р-26

РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай (ҚХР-ға шығу) - Қалжыр-Марқакөл

124

Р-27

Қалкаман - Баянаул - Үмiткер - Ульяновский

324

Р-28

Қарасай батырдың ескерткiш кешенiне кiреберіс

24

Р-29

Мерке-Бурылбайтал

266

Р-30

Шу-Благовещенка

56

Р-31

Кентау-Түркiстан-Арыстанбаб-Шәуiлдiр-Төрткөл

145

Р-32

Шымкентке солтүстік айналма жол

36,5

Р-33

Қызылорда-Жалағаш - РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент

91

Р-34

"Қызылорда-Павлодар" а/ж - Жәйрем- Қаражал-Атасу

144

Р-35

Ақшатау-Ағадыр-Ортау - "Қызылорда- Павлодар" а/ж

195

Р-36

Қостанай-Әулиекөл-Сұрған

257

Р-37

Бастау-Ақтау-Теміртау

53

Р-38

"Қостанай-Жақсы" а/ж – "Қостанай-Қарабұтақ" а/ж

6

Р-39

"Қостанай - Қарабұтақ" а/ж - РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы

21

Р-40

Махамбет - Хамит Ерғалиев

45

Р-41

Ленин -Ертіс - Русская Поляна

263,78

Р-42

Қабанбай батырдың ескерткiш кешенiне кіреберіс

4

Р-43

Рудныйдың батыс айналма жолы

6,9

Р-44

Казталов - Жәнiбек - РФ шекарасы

165

Р-45

Ленин-Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар – Курчатов

220

Р-46

Щучье-Бурабай курорттық аймағының ойын-сауық орталығына кіреберіс

8,9

Р-47

ҚР шекарасына (Қарасуға) кіреберіс

17,7

Р-48

"Алатау ақпараттық технологиялар паркі" еркін экономикалық аймағына кіреберіс

9,95

Р-49

Петропавлға айналма жолы

30

Р-50

Ақтөбенің солтүстік айналма жолы

39,4

Р-51

Өнеге-Бисен-Сайхин

103

Р-52

Жаңа Колутон-Ақкөл-Минское кіреберіс

4,6

Р-53

Т. Рысқұловқа кіреберіс

31

Р-54

Қарағандыға кіреберіс

16

Жиыны

24 383

      Ескертпе:

      а/ж – автомобиль жолдары

      ҚР – Қырғызстан Республикасы

      ҚХР – Қытай Халық Республикасы

      ӨР – Өзбекстан Республикасы

      ТР – Түрікменстан Республикасы

      РФ – Ресей Федерациясы