«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 28) тармақшасына және «Құқықтық нормативтік актілер туралы» Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Халықаралық және республикалық маңыздағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сынаптау қағидалары мен шарттары осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес;
2) Халықаралық және республикалық маңыздағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 15 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
__________ И. Тасмағамбетов
2015 жылғы 15 мамыр
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 315 бұйрығына
1 қосымша
Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық
маңызы бар автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жiктеу жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршілес мемлекеттердің астаналарын жалғастырып жатқан, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдерге сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желісіне кіретін автомобиль жолдары жатады.
4. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына, жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын қоспағанда, республиканың және көршілес мемлекеттердің әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары автомобиль жолдары жатады.
5. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы пайдалануға қабылданғаннан кейiн күнтізбелік отыз күн iшiнде автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі – Ұлттық оператор) автомобиль жолын халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесіне (бұдан әрі – автомобиль жолдары тізбесі) енгiзу үшiн автомобиль жолдары жөнiндегi мемлекеттік уәкілетті органға (бұдан әрi - мемлекеттiк уәкiлеттi орган) ұсыныс енгiзедi.
6. Мемлекеттік уәкілетті орган Ұлттық оператордан автомобиль жолдарының тізбесіне автомобиль жолын қосу жөнінде тиісті ұсыныстарды алғаннан кейін, автомобиль жолдары тізбесіне өзгеріс енгізеді.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 315 бұйрығына
2 қосымша
Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланыталын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары
мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын
автомобиль жолдарының тізбесі
Жол индексі |
Жолдардың атауы |
Ұзақтығы, |
1 |
2 |
3 |
М-32 |
РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы |
2029 |
М-36 |
РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы |
2032 |
М-38 |
РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай (ҚХР-ға шығу), Павлодар, Семей қалалары арқылы |
1100,6 |
М-51 |
РФ шекарасы (Челябинскiге) - РФ шекарасы (Новосибирскiге), Петропавл, Омбы 175 қалалары арқылы |
220 |
А-1 |
Астана - Петропавл, Көкшетау қаласы арқылы |
433,3 |
А-2 |
Өзб.Р шек (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас, Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Қырғызстан шекарасына кiреберiспен |
1197 |
А-3 |
Алматы - Өскемен |
1030 |
А-4 |
Алматы - Шамалған - Ұзынағаш - Прудки - Талап Қырғызстанның шекарасы (Жамбыл ескерткiшiне кiреберiспен) |
132 |
А-5 |
Ақсай - Шонжы - Көлжат - ЛХР шекарасы |
160 |
А-6 |
Көкпек - Кеген - Қырғызстан шекарасы (Түп) |
115 |
А-7 |
Үшарал - Достық |
184 |
А-8 |
Таскескен - Бақты (ҚХР шек.) |
187 |
А-9 |
Өскемен - Лениногорск - РФ шек. |
167 |
А-10 |
Өскемен - Шемонаиха - РФ шек. |
120 |
А-11 |
Семей - РФ шек. (Барнаулға) |
111 |
А-12 |
Петропавл - Соколовка - РФ шек. (Есiл қаласына) |
62 |
А-13 |
Көкшетау - Кiшкенекөл - Бидайық - РФ шекарасы (Омбы қаласына) |
278 |
А-14 |
Тараз - Утмек - Қырғызстанның шекарасы |
14 |
А-15 |
«Жизақ - Гагарин - Жетiсай - Киров - Қызыләскер - Сарыағаш - Абай - Жiбек жолы» Атакент ауылына кiреберiспен Өзбекистан Республикасының шекарасы (Сырдарья, Гүлстан және Чиназ) және Сарыағаш санаториiне |
221 |
А-16 |
Жезқазған - Петропавл, Арқалық қаласы арқылы |
940 |
А-17 |
Қызылорда - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы |
1509 |
А-18 |
Павлодар - Шербақты - РФ шекарасы |
112 |
А-19 |
Қашыр - Михайловка - РФ шекарасы |
108 |
А-20 |
Қарағанды - Аягөз - Тарбағатай - Бұғаз |
921 |
А-21 |
Мамлютка - Қостанай |
398 |
А-22 |
Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный - Қостанай |
543 |
А-23 |
Денисовка - Жітіқара - Мықтыкөл - РФ шекарасы |
142 |
А-24 |
Ақтөбе - Мәртөк - РФ шекарасы (Орынбор қаласына) |
94,7 |
А-25 |
Ақтөбе - РФ шекарасы (Орск қаласына) |
127 |
А-26 |
Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз |
401 |
А-27 |
Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы (Астрахань қаласына) |
871 |
А-28 |
Орал - Атырау |
487 |
А-29 |
Орал - Каменка - РФ шекарасы (Озинки қаласына) |
100 |
А-30 |
Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы |
144 |
А-31 |
Чапаев - Жалпақтал - Казталовка - РФ шекарасы |
213 |
А-32 |
Орал - Теплое - РФ шекарасы |
28 |
А-33 |
Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай - Өтес - Шетпе - Жетiбай - Ақтау порты |
798 |
А-34 |
Жетiбай - Жаңа өзен - Кендірлі - Түркменстан Республикасының шекарасы (Түркменбашы қаласына) |
237 |
А-35 |
Ақтау - Құрық |
59 |
А-36 |
Құрық - Жетібай |
64 |
Р-1 |
Бейнеу - Ақжiгіт - Өзбекистан Республикасының шекарасы (Нөкіс қаласына) |
84 |
Р-2 |
Астана - Қорғалжын, Қорғалжын қорығына кiреберiспен |
143 |
Р-3 |
Астана - Рождественка - Энтузиаст - Киевка - Темiртау |
250 |
Р-4 |
Астана - Ерейментау - Шідерті |
243 |
Р-6 |
Макин - Степногорск - Торғай |
235 |
Р-7 |
Бурабай курорт аймағының жолдары |
66 |
Р-8 |
Шучинск - Зеренді |
80 |
Р-9 |
Вячеслав су қоймасына кiреберіс |
17 |
Р-10 |
Астана қаласына айналма жол |
52,7 |
Р-11 |
Көкшетау - Рузаевка |
196 |
Р-12 |
Көкшетау - Атбасар |
184 |
Р-13 |
Жасы - Есіл - Бузулук |
82 |
Р-14 |
Көкшетау қаласына айналма жол |
18 |
Р-15 |
Кеген - Нарынқол |
89 |
Р-16 |
«Көкпек-Кеген-Түп» - Жалаңаш - Саты - Құрметтi, Көлсай көлiне кiреберiспен |
89 |
Р-17 |
Алматы - Талғар - Евгеньевка |
71 |
Р-18 |
Қапшағай - Күрті |
67 |
Р-19 |
«Алматы-Көктал-Байсерке- Междуреченское» а/ж – «Екатеринбург-Алматы» а/ж |
52 |
Р-20 |
Сарыөзек - Көктал |
192 |
Р-21 |
Алма-Тау турбазасына кiреберiс |
15 |
Р-22 |
Алматы - Космостанция, Алматы және Алма-Арасан санаторийлеріне кiреберiспен |
45 |
Р-23 |
Семей-Қайнар |
276 |
Р-24 |
Өскемен-Семей |
195 |
Р-25 |
Өскемен - Зыряновск - Большенарымское - Катон қарағай - Рахманов бұлақтары |
446 |
Р-26 |
«Омбы-Майқапшағай» а/ж - Қалжыр-Теректі |
124 |
Р-27 |
Қалкаман - Баянаул - Үмiткер - Ульяновский |
324 |
Р-28 |
Қарасай батырдың ескерткiш кешенiне кiреберіс |
24 |
Р-29 |
Мерке - Бурылбайтал |
273 |
Р-30 |
Шу - Благовещенка |
56 |
Р-31 |
Кентау - Түркiстан - Арыстанбаб - Шәуiлдiр - Төрткөл |
145 |
Р-32 |
Түркiстан қаласына айналма жол |
13 |
Р-33 |
Қызылорда - Жалагаш - «Самара-Шымкент» а/ж |
91 |
Р-34 |
«Қызылорда-Павлодар» а/ж - Жәйрем - Қаражал - Атасу |
144 |
Р-35 |
Ақшатау - Ағадыр - Ортау - «Қызылорда - Павлодар» а/ж |
195 |
Р-36 |
Қостанай - Әулиекөл - Сурган |
257 |
Р-37 |
Бастау - Ақтау - Теміртау |
53 |
Р-38 |
«Қостанай-Жақсы» а/ж – «Қостанай-Қарабұтақ» а/ж |
6 |
Р-39 |
«Қостанай-Қарабұтақ» а/ж - «Екатеринбург-Алматы» а/ж |
21 |
Р-40 |
Махамбет - Новобогат |
45 |
Р-42 |
Қабанбай батырдың ескерткiш кешенiне кіреберіс |
4 |
Р-43 |
Рудный қаласының Батыс айналма жолы |
6,9 |
Р-44 |
Казталов - Жәнiбек - Ресей Федерациясының шекарасы |
162 |
Р-45 |
Ленинск - Ақсу - Көктөбе - Үлкен Ақжар - Курчатов қаласы |
227 |
Р-46 |
Шучье - Бурабай курорттық аймағының ойын-сауық орталығына кіреберіс |
8,9 |
Р-47 |
Қырғызстан шекарасына (Қарасу) кіреберіс |
10,6 |
Р-48 |
«Алатау ақпараттық технологиялар паркі» еркін экономикалық аймағына кіреберіс |
9,95 |
Жиыны |
23477,65 |