Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 маусымда № 11395 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында ірi габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрі                                 Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _______________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 17 сәуір

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      _______________ Қ. Қасымов
      2015 жылғы 10 наурыз

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      2015 жылғы мамыр

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы     
№ 206 бұйрығымен       
бекітілген           

Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр
салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге
асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңына (бұдан әрі - Заң), «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына (бұдан әрі – ЖЖҚ).
      2. Қағидалар автокөлік құралының габариті мен салмағын ескере отырып, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары арқылы және елді мекендердің көшелері арқылы жүріп өту үшін Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген габариттік және салмақтық параметрлерінен асатын жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
      3. Қағидаларда қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
      1) арнайы рұқсатқа бақылау талоны – iрi габаритті және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі үшiн төленген алым сомасын растайтын құжат;
      2) ауыр салмақты автокөлік құралы – толық салмағы немесе біліктік жүктемелері Қазақстан Республикасы аумағында автомобиль жолдарымен жүру үшін белгіленген рұқсат етілген салмақтық параметрлерден асатын жүгi бар немесе жүксіз автокөлік құралы;
      3) ауыр салмақты және (немесе) iрi габаритті автокөлік құралдарының жүрiп өтуіне арналған арнайы рұқсат – белгілеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлiк құралдарының жол беретін параметрлерінен габариті, салмағы және (немесе) біліктiк жүктемелерi бойынша артық, жүгi бар немесе жүксiз, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдiк iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне құқық беретiн рұқсат беру құжаты (бұдан әрі – Арнайы рұқсат);
      4) бақылаушы органдар – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгі Көлік комитетiнің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкiлеттi орган), әкімшілік полиция және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кіріс органдары (бұдан әрі – мемлекеттік кіріс органдары);
      5) бүркемелеу автомобилi – iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына барлық жүру бағыты бойынша iлесiп жүру үшiн тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi бөлген автомобиль;
      6) еңістік (бір қатарлы, екі қатарлы)– автокөлік құралы білігінің бір жағында орналасқан (дара, қосарланған) дөңгелектердің саны;
      7) жергiлiктi тасымал – бағыты Қазақстан Республикасының бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгі шегiнде өтетiн тасымал;
      8) келiсушi ұйымдар – автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ұйымдар немесе iрi габариттi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүру бағытында автомобиль жолдары, жол құрылыстары және коммуникациялық объектiлерi (көпiрлерi, жолөткелдерi, темiр жол өтпелерi, электр желiлерi, байланыс кабелдерi және т.б.) теңгерiмiнде бар, шаруашылық жүргiзу, сенімгерлік немесе жедел басқару құқығында автомобиль жолдарына иелiк ету немесе басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
      9) көліктік бақылау посты – арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткiзу пунктi;
      10) отандық және шетелдiк iрi габаритті және (немесе) салмағы ауыр автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі үшін алым – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен алынатын iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі салдарынан автомобиль жолдарына және жол құрылыстарына келтiрiлген залалды ақшалай өтеу (бұдан әрі – автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым);
      11) өңiраралық тасымал – бағыты Қазақстан Республикасының екi және одан да көп облысы арқылы өтетiн тасымал;
      12) халықаралық тасымал – бағыты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өтетiн тасымал;
      13) ілесіп жүру автомобилі – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралына автомобиль жолдарымен ілесіп жүретін, тиісті тану белгілері бар Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөлімшелерінің (бұдан әрі – әкімшілік полиция) ақысыз негізде ұсынатын патрульдік автомобилі;
      14) iрi габаритті автокөлiк құралы – автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген рұқсат етiлген габариттік параметрлері асып түсетiн жүгімен немесе жүксiз автокөлiк құралы;
      15) iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүк – автокөлiк құралдарымен тасымалдау кезiнде рұқсат етiлген габариттік параметрлерден асатын және (немесе) жүгi бар автокөлiк құралының толық салмағы немесе біліктік жүктемелерi автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген рұқсат етiлген салмақтың параметрлерден асып түсетiн жүк;
      16) iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдау бағытын келiсу – келiсушi ұйымдардың iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының белгiленген бағыт бойынша жүру шарттарын белгiлеуi.
      4. Ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автокөлік құралымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Арнайы рұқсат пен оның бақылау талоны болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
      5. Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша рұқсат етілген ең ауыр салмағы белгіленген, автокөлік құралының жол берілген жалпы салмағынан асатын өзі аударғыш автомобильмен (бұдан әрі – өзі аударғыш) жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.
      6. Ipi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автомобиль көлiгiмен автомобиль жолдары арқылы тасымалдау ЖЖҚ және осы Қағидалардың талаптарына, сондай-ақ iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктердің тасымалына оларды өндiрушi немесе жүк жөнелтуші (жүк алушы) белгiлеген қосымша талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік
құралдарының автомобиль жолдары арқылы жүріп өтуiн жүзеге асыру
және ұйымдастыру тәртiбi

      7. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдау Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тараптар жасасқан тасымалдау шарты негізінде жүргiзiледi.
      Ipi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдаудың, соның iшiнде Арнайы рұқсатты алу бөлiгіндегi жалпы шарттары халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында белгіленедi.
      8. Тасымалға және Арнайы рұқсатқа қойылатын талаптардан туындайтын қажеттілік жағдайында тасымалдау шарты iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүкке қосалқы автокөлiк құралдарының (отын құюшы, автошеберхана, қосымша персоналға арналған автобус, тапқыш немесе итергiш қосымша автомобиль және т.с.с.), бүркемелеу автомобилiнiң және (немесе) ілесіп жүретiн автомобильдiң ерiп жүруiн көздейдi.
      9. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға тиiстi санаттағы автокөлiк құралын басқару құқығы бар жүргiзушiге рұқсат етiледi.
      10. Тасымалдаушының және (немесе) жүк жөнелтушiнiң жауапты өкiлi iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдаумен айналысатын жүргізушi(лер)мен және жүк жинаушылармен қауiпсiздiк техникасы жөнiнде арнайы нұсқаулық өткiзедi.
      11. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүк бекiтілген автокөлiк құралынның жүруі басталмас бұрын жүргiзушiмен, жүк тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінiң жауапты өкілдерiмен қарап шығады. Жүк Заңның 13-бабының 23-9) тармақшасына сәйкес бекітілген автомобильді көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасына сәйкес бекiтіледi және таңбаланады.
      12. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдары, сондай-ақ бүркемелеу автомобильдерi қызғылт немесе сары түстi арнайы жарық беру сигналдарымен (жарқылдауық маяктармен) жабдықталады.
      Қозғалыс кезiнде жарқылдауық маяктардың жұмысы жол қозғалысының басқа қатысушыларына қосымша хабар беру құралы болып табылады және артықшылықпен жүрiп өту құқығын бермейдi.
      13. Белгіленген тәртіппен ресiмделген Арнайы рұқсат бланкісi iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргiзушiсiнде болады және бақылаушы органдар өкiлдерінің талабы бойынша көрсетiледi.
      14. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының автомобиль жолдарымен жол жүруiне әдетте қозғалыс қарқындылығы мейлiнше аз сағаттарда, ал елдi мекендерден тыс жерлерде - тәулiктiң жарық уақытында рұқсат етіледi.
      Тәулiктің қараңғы уақытында елдi мекендерден тыс жерлердегі жолдармен, сондай-ақ тәулiктің жарық уақытында қозғалыс қарқынды болған кезде тасымалдауға iрi габаритті және ауыр салмақты көлiк құралының жүруiн бүркемелеу немесе ілесіп жүру автомобилінің ерiп жүруi шартымен ғана рұқсат етіледi.
      15. Көлiк құралдарының қозғалысын елеулi түрде кiдiртуге және айналасындағылар үшiн жоғары қауіп төндiруге қабілеттi жол-ауа-райының қолайсыз жағдайлары мен қозғалыс қарқындылығы жағдайларында тасымалдауға рұқсат етілмейдi.
      16. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралымен, сондай-ақ бүркемелеу және iлесіп жүру автомобильдерімен тәулiктiң жарық уақытында жол жүрген кезде жақынға жарық түсiру шамдары iске қосылуы тиiс.
      17. Мына жағдайлардың барлығында:
      1) iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының ені 3,5 метрден асатын болса;
      2) iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының ұзындығы 24 метрден асатын болса;
      3) Арнайы рұқсаттың «Қозғалыстың ерекше шарттары» бағанында жол жүру бағытындағы қандай да бiр жол құрылысы бойынша жеке дара тәртіппен жүруге рұқсат етіледi деп көрсетiлген немесе жол жүру бағытының жекелеген учаскелерінде қозғалысты ұйымдастыруға жедел ықпал етудi талап ететiн басқа да шарттар көрсетiлген басқа жағдайларда бүркемелеу автомобилiнiң болуы міндетті.
      18. Мына жағдайлардың барлығында:
      1) iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының енi 4,0 метрден асатын болса;
      2) iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ұзындығы 3,0 метрден асатын болса;
      3) қозғалыс кезiнде iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қарсы қозғалыс ендiгiн ең болмағанда iшiнара иеленуге мәжбүр болса;
      4) тасымалдау процесiнде жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қозғалысты ұйымдастыруды шұғыл өзгерту талап етiлгенде iлесіп жүру автомобилi болуы міндетті;
      19. Бүркемелеу немесе iлесіп жүру автомобилi оның сол жағы iлесiп жүретiн iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының соң жағынан шығыңқы болатындай түрде жол бере отырып, iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының алдында 10-12 метр қашықтықта қозғалады.
      20. Көпірлер мен жол құрылыстары арқылы жол жүру кезінде қозғалыс келiсушi ұйымдармен белгiленген шарттарға сай жүзеге асырылады.
      21. Жол қиылыстарынан өту кезiнде iлесiп жүру автомобилi авариялық жағдайларды болдырмау мақсатында қиылысатын көшелер мен жолдардағы қозғалысты уақытылы тоқтатуды қамтамасыз етедi.
      22. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қозғалысының жылдамдығы Арнайы рұқсатта белгіленген көрсеткiштерден аспауы тиiс.
      Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жалпы пайдаланымдағы жолдармен жүрген кезiндегі жылдамдығы 60 км/сағаттан, ал жасанды құрылыстарда 10 км/сағаттан аспауы тиiс.
      23. Қозғалыс процесiнде iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргізушiсi:
      1) қарсы келе жатқан автокөлiк құралдарын кедергісiз және қауiпсiз өткiзiп жiберу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;
      2) жол қозғалысына бөгет жасамайды және артында келе жатқан автокөлiк құралдарының басып озуына мүмкiндiк бередi.
      24. Iрi габаритті көлiк құралының биiктiгi 4 метрден артық болған жағдайда тасымалдаушы көпiрлердiң, құбыр өткiзгiштердiң және басқа да коммуникациялардың астымен қозғалу кезiнде биiктiктi қосымша бақылаулық өлшеуi қажет.
      25. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiн жүзеге асыра отырып:
      1) Арнайы рұқсатсыз, мерзiмi өткен немесе дұрыс ресiмделмеген Арнайы рұқсатпен, Арнайы рұқсатта көрсетiлген лауазымды адамдардың қолы болмаған жағдайларда рейске шығуға;
      2) Арнайы рұқсатқа қандай да бiр өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге;
      3) белгiленген қозғалыс бағытынан ауытқуға;
      4) Арнайы рұқсатта көрсетілген қозғалыс жылдамдығын арттыруға;
      5) 30 км/сағат және одан жоғары жылдамдықпен келе жатқан автокөлiк құралдарын басып озуға;
      6) басқа көлiк құралдарын сүйретуге;
      7) қозғалысты қолайсыз ауа-райы жағдайларында (көктайғақ, көрiнiм 100 метрден кем және т.с.с.) жүзеге асыруға;
      8) егер тасымалдау шарттарында мұндай қозғалыс тәртiбi белгiленбесе, жол жиегімен жүруге;
      9) жолдың жүру бөлігінiң шегінен тысқары орналасқан арнайы тұрақтардан тыс жерлерге тоқтауға;
      10) автокөлiк құралының техникалық жарамсыздығы туындаған немесе қозғалыс қауiпсiздігіне және (немесе) жүктiң сақталуына қауiп төндiретiн жүктiң бекiтiлуi бұзылған кезде қозғалысты жалғастыруға тыйым салынады.
      26. Егер тасымалдау процесiнде қозғалыс бағытын өзгертудi талап ететiн мән-жайлар туындаса, тасымалдаушы қозғалысын тоқтатуы және осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен жаңа бағыт бойынша жүруге рұқсат алу үшін:
      1) отандық тасымалдаушы – Халыққа қызмет көрсету орталығына, портал арқылы не мемлекеттік кіріс органдарына;
      2) шетелдік тасымалдаушы – уәкiлетті органға немесе мемлекеттік кіріс органдарына жүгiнуі тиіс.
      27. Автокөлiк құралдарының салмақтық және габариттiк параметрлерiн айқындау кезiнде өлшеу жабдығының тасымалдаушының пайдасына шешiлетiн белгіленген ауытқулықтарын ескере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес автокөлік құралының параметрлерін өлшеу актісі жасалады.
      Автокөлік құралының параметрлерін өлшеу актілері қатаң есептегі бланкілер болып табылады.
      28. Егер тасымалдаушы немесе жүк жөнелтуші автокөлік құралының салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін айқындау нәтижелерімен келіспеген болса, автокөлік құралының параметрлерін қайта (бақылау) өлшеуге өтініш өлшеу актісі берілген күннен бастап бір тәулік ішінде уәкілетті органға немесе мемлекеттік кіріс органдарына беріледі.
      Автокөлік құралының салмақтық параметрлерін қайта (бақылау) өлшеу автокөлік құралының жалпы салмағын және біліктік жүктемелерін анықтайтын сертификатталған таразы жабдығында жүргізіледі.
      29. Егер осы Қағидалар талаптарының бұзылу фактісі анықталған жағдайда, көлік құралының жүргізушісі және (немесе) тасымалдаушы не жүк жөнелтуші «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексіне (бұдан әрі – ӘҚБК) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады, ал автокөлік құралын (өзі аударғышты) одан әрі пайдалануға анықталған бұзушылық жойылғанға дейін тыйым салынады.
      30. Осы Қағидалар бұзылған жағдайда, уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдары ӘҚБК-де көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және тасымалдау мынадай жағдайларда:
      1) автокөлік құралының салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін асыра отырып жол жүру бағыты бойынша әрі қарай жүрген және барлық жол жүру бағыты бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым сомасын төлеп, іс жүзінде жүріп өткен жолдың бөлігі үшін келісу жүргізбей осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Арнайы рұқсатты тасымалдаушы алғаннан кейін – ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының Арнайы рұқсатсыз жүріп өткені анықталған кезде;
      2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлеріне сәйкес келтіру үшін автокөлік құралын артық жүктен босатуды жүргізгенде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралы шыққан кезде және іс жүзінде жүріп өткен бағыттың бір бөлігі үшін автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым сомасын тасымалдаушы төлеген жағдайда – Арнайы рұқсат берілместен ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені анықталған кезде;
      3) автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн төленген алымға қосымша осы Қағидаларда белгіленген тәртіпті бұза отырып және салмақтық және габариттік параметрлердi іс жүзінде көрсете отырып, осы Қағидаларда белгілеген тәртіппен Арнайы рұқсатты ала отырып, іс жүзінде жүріп өткен бағыт үшін автокөлiк құралдарының алымын тасымалдаушы төлегеннен кейін – iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы параметрлерінің бiрi Арнайы рұқсатта көрсетілгендерден асып кету дерегі анықталған кезде;
      4) тасымалдаушы нақты жүріп өткен бағыт бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасын төлеген және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Арнайы рұқсатты алғаннан кейін – iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жолды Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыттан ауытқи отырып жүргені анықталған кезде;
      5) уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдары Арнайы рұқсаттағы мерзімді ұзартқаннан кейін – ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының Арнайы рұқсатта көрсетілген мерзімдерден ауытқи отырып жүргені анықталған кезде жалғастырылады.
      6) осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген мерзімде әкімшілік полициясы ілесіп жүру автомобилін бөлгеннен кейін – осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларда ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының ілесіп жүру автомобилінсіз жүргені анықталған кезде;
      7) жалпы пайдаланымдағы болып табылмайтын жолға шыққаннан немесе басқа автокөлік құралына жүкті қайта тиегеннен, сондай-ақ экологиялық талаптар мен жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптардың нормаларын сақтай отырып, жүктен босатқаннан кейін – өзі аударғышпен жүктерді тасымалдау дерегі анықталған кезде.

3. Арнайы рұқсатты алуға берiлетiн өтініштi беру, қарау және
келiсу тәртiбi

      31. Тасымалдаушы Арнайы рұқсат алу (ұзарту) үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті ұсынады.
      32. Ұсынылған тасымалдау маршрутын келiсу кезiнде тасымалдау қауiпсiздiгiн, жолдардың, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету, жол жүру бағытындағы қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қабылдау қажеттілігi бөлiгiнде жүру жолы бойынша автомобиль жолдарының, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабiлетi және өткiзу қабiлеті бағаланады.
      33. Автомобиль жолдарының жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабілетiн бағалау үшiн есептеудiң сынақтан өткiзiлген әдiстерiн, жолдардың жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың жай-күйi туралы ақпаратты, сондай-ақ қосымша зерттеулердің материалдарын пайдалануға рұқсат етiледi.
      34. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралын өткізудің теріс көрсеткіштері болмаса, онда келісуші ұйым отандық тасымалдаушының өтiнiшінде портал арқылы, ал шетелдік тасымалдаушының өтiнiшінде мөрмен куәландыра отырып, жазбаша түрде өз шешiмiн растайды.
      35. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша ipi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі мүмкін болмаса немесе егер оны жүзеге асыру үшін жол жамылғысын немесе жол құрылыстарын нығайту бойынша қосымша шаралар жүргізу талап етілетін болса, келісуші ұйым бұл туралы уәкілетті органды немесе мемлекеттік кіріс органдарын жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында хабардар етеді және жүрудің басқа бағытын ұсынады немесе тасымалдау жүзеге асырылғанға дейін күшейту жұмыстарының қажетті кешенін орындайды.
      36. Өтінiште онда барлық біліктер мен дөңгелектердi, ондағы біліктердің өзара орналасуын және дөңгелектердiң (жалғыз немесе қосарланған) санын, автокөлiк құралына немесе оның құрамдас бөліктерiне жүктің бiркелкi тиелмеуi мүмкіндігін ескере отырып, жүктеменiң біліктер бойынша бөлiнуiн көрсете отырып, автокөлiк құралының дөңгелектiк өрнегi беріледi.
      37. Уәкілетті органға өтiнiш түскен кезде оны тіркеу және ондағы мәлiметтердi:
      1) ұсынылған ақпараттың толықтығы;
      2) жүкті тасымалдауға қойылатын автокөлік құралының техникалық сипаттамаларының сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізіледі.
      Арнайы рұқсатты алу үшін өтінішті уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдары, ол келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде қарайды.
      38. Уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдары осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайларда өтінішті қарау барысында тасымалдаушының өтінішін келісуші ұйымдармен келісуді жүргізеді.
      Келісуші ұйымнан белгіленген мерзімде жауап болмаған жағдайда, тасымалдаушының өтініші келісілген болып есептеледі.
      39. Егер өтініште ақпарат толық болмаса және (немесе) нақтылы болмаса, уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдары өтініш тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында өтініш қабылдамағаны туралы хабарлайды.
      40. Уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдары осы Қағидалардың 37-тармағында көрсетілген мерзім ішінде тасымалдаушыны Арнайы рұқсатты беру және Кодексте белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін төленуі қажет алым сомасы туралы тасымалдаушыға хабарлайды немесе Арнайы рұқсат беруден жазбаша не электронды түрде дәлелді бас тартуды береді.
      Мәлімдеген күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төлемінің болмауы жағдайда, Арнайы рұқсат беруі жүзеге асырылмайды.
      41. Егер автокөлiк құралының жасаушы зауыт белгілеген техникалық сипаттамалары тасымалдауға мәлiмделген iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермесе тасымалдаушыға Арнайы рұқсат беруден дәлелдi бас тарту берiледi.
      42. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiне Арнайы рұқсатты алуға өтiнiш:
      1) автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн жұмысқа тартылған;
      2) бұрын алынған Арнайы рұқсатта көрсетілген автокөлік құралының техникалық сипаттамалары және салмақтық - габариттік параметрлері сәйкес болған кезде, көлік құралын ауыстырған (сынған жағдайларда);
      3) бұрын алынған Арнайы рұқсаттың мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 2 жұмыс күні ішінде Арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту қажет болған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде қаралады.
      Қағидалардың осы тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым өндірілмейді және бұрын алынған арнайы рұқсатта уәкілетті органның немесе мемлекеттік кіріс органдарының қолымен және мөрімен куәландырылған көлік құралы ауыстырылғаны немесе арнайы рұқсаттың қолдану мерзімі ұзартылғаны туралы белгі жасалады.
      Арнайы рұқсаттағы ұзарту мерзiмі күнтiзбелiк он бес күннен аспауы тиіс.
      43. Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер мен деректемелер:
      1) егер тасымалдаушы заңды тұлға болып табылса, бiрiншi басшының (оның орынбасарының немесе сенiмдi адамының) қолымен және мөрмен;
      2) егер тасымалдаушы жеке тұлға болып табылса, қолымен және жеке басын куәландыратын құжат деректері.
      3) егер тасымалдаушы дара кәсіпкер болып табылса, қолымен және дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәлігінде қамтылған деректер көрсетіле отырып расталады.
      Электрондық сұрау салуды беру кезінде мәлiметтер мен деректемелер электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

4. Арнайы рұқсатты беру және келiсу тәртібі

      44. Арнайы рұқсатты уәкілетті органмен немесе мемлекеттік кіріс органдарымен қозғалыс маршрутын белгілегеннен және Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде беріледі.
      Бұл ретте, Арнайы рұқсатты уәкілетті орган не мемлекеттік кіріс органдары толтырады және мөрмен куәландырады.
      45. Арнайы рұқсаттардың бланкiлерi мен оның бақылау талондары қатаң есептегі құжаттар болып табылады және тiркелуге жатады.
      Арнайы рұқсаттар мен оның бақылау талондарының (берілген, бүлінген, жоғалған және т.б.) әрбір бланкiлерi бойынша мемлекеттік кіріс органдары ай сайын уәкілетті органға Арнайы рұқсаттардың түбіртектерін қоса отырып есеп береді.
      46. Тасымалданатын жүктердiң санатына, тасымалдардың түрi мен сипатына байланысты Арнайы рұқсат бiржолғы немесе келiсiлген мерзім iшiнде жарамды болуы мүмкiн:
      1) бiржолғы Арнайы рұқсат iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бiр автокөлiк құралына белгiленген мерзiмде келiсiлген бағыт бойынша бiр сапарға берiледi;
      2) көрсетілген мерзiм iшінде жарамды болатын Арнайы рұқсат белгiленген тәртiппен бекiтiлген бағыт бойынша бiр тұрпатты iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдайтын бiр автокөлiк құралына берiледi.
      Арнайы рұқсат алты айға дейiнгi мерзiмге беріледі.
      47. Ілесіп жүру автомобилінің болуы қажет болған кезде oсы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдары әкімшілік полицияға Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыт бойынша iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралына ілесіп жүру қажеттілігі туралы тиісті хабарламаны жолдайды.
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті халықаралық және өңіраралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы тасымалдаушыны хабардар етеді.
      Облыстың, қаланың немесе ауданның әкімшілік полициясы жергілікті тасымалдауды жүзеге асыру кезінде хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы тасымалдаушыны хабардар етеді.

Қазақстан Республикасының аумағында
ірі габаритті және ауыр салмақты  
жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру 
және оны жүзеге асыру қағидаларына 
1-қосымша            

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және
(немесе) iрi габаритті автокөлік құралдарының жүрiп өтуіне
АРНАЙЫ РҰҚСАТ
№_________

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________
автокөлік құралының (маркасы, моделі, нөмірлік белгісі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(бағыт бойынша өтетін елді мекендердің атауы, жолдың ұзақтығы км-мен)
бағыты бойынша жүруіне

1. Көлік құралының параметрлері:

автокөлік құралының жалпы салмағы, т

жүктің салмағы, т

ұзындығы, м

ені, м

биіктігi, м

дөңгелек біліктерінің орналасу схемасы және олардың ара қашықтығы, м

жүкпен бұрылудың ең аз мөлшердегі радиусы, м

біліктер бойынша жүктеме, т

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











2. Ілесіп жүру үшін бөлінген көлік құралдары_________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
             (маркасы, моделі, нөмірлік белгісі)

3. Жүкті тасымалдаушы ұйымның атауы, мекенжайы мен телефоны
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4.___________ сағ. бастап__сағ. дейін (жылы, айы, күні)___км/сағ.
аспайтын жылдамдықпен___________жолдарымен жүруге рұқсат етіледі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

---------------------------------- кесу сызығы ----------------------

АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІ
№__________

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(маркасы, моделі, нөмірлік белгісі, көлік құралының өлшемі, бағыт
нөмірі, бастапқы және соңғы пункті, жолдың ұзақтығы км-мен)

5. Қозғалыстың ерекше жағдайлары_____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ілесіп жүретін автомобильдердің қозғалыс тәртібін, қозғалысқа басқа
қатысушыларды тасымал туралы хабар ету тәсілін, жүктеме түрін, оның
көпірлерден өткізу тәртібін және т.б. көрсету)

6. Рұқсат берілді ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)

7. Жүріп өткені үшін алымдар есебі __________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Төлем сомасы_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                          (жазбаша)

8. Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр
салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
қағидаларының негізгі талаптарымен танысқандар:

Негізгі тартқыштың жүргізушісі_______________________________________
_____________________________________________________________________
                         (Т.А.Ә., қолы)

Жүкпен ілесіп жүретін тұлға__________________________________________
_____________________________________________________________________
                         (Т.А.Ә., қолы)

9. Автокөлік құралын жүкті тасымалдауға жауапты ұйымның өкілдері
тексерді және Жол жүрісі қағидалары мен Қазақстан Республикасының
аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес келеді
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
         (ұйым, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)

Ескертпе: арнайы рұқсаттың барлық бағандары біркелкі сиямен
толтырылуы тиіс (толтырылмаған бағандар сызылып тасталады).

---------------------------- кесу сызығы ----------------------------

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және
(немесе) iрi габаритті автокөлік құралдарының жүрiп өтуіне
АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІ
№_________

Жүріп өткен үшін алымдар есебі_______________________________________
_____________________________________________________________________
Төлем сомасы_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                            (жазбаша)

Рұқсат берген уәкілетті өкіл_________________________________________
_____________________________________________________________________
    (лауазымы, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)

Қазақстан Республикасының аумағында
ірі габаритті және ауыр салмақты  
жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру 
және оны жүзеге асыру қағидаларына 
2-қосымша              

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және
(немесе) iрi габаритті автокөлік құралдарының жүрiп өтуіне
№ ___________
АРНАЙЫ РҰҚСАТҚА
БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ

Қазақстан Республикасының аумағымен ірi габаритті және (немесе)
салмағы ауыр автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы______
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                             (жазбаша)

Ескерту: осы бақылау талоны тиісті Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi габаритті автокөлік
құралдарының жүрiп өтуіне арнайы рұқсатқа мiндеттi қосымша болып
табылады.

                                                                теңге

1000000

100000

10000

1000

100

10

1

2000000

200000

20000

2000

200

20

2

3000000

300000

30000

3000

300

30

3

4000000

400000

40000

4000

400

40

4

5000000

500000

50000

5000

500

50

5

6000000

600000

60000

6000

600

60

6

7000000

700000

70000

7000

700

70

7

8000000

800000

80000

8000

800

80

8

9000000

900000

90000

9000

900

90

9

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi габаритті автокөлік құралдарының жүрiп өтуіне
АРНАЙЫ РҰҚСАТТЫҢ
TYБIPTEГIНЕ БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
№ ___________

Ірi габаритті және (немесе) салмағы ауыр автокөлiк құралдарының
Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі үшін алым сомасы______
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                            (жазбаша)

Арнайы рұқсатты алдым _______________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (тасымалдаушының Т.А.Ә., қолы, күні)

Ескерту: осы бақылау талоны тиiстi Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi габаритті автокөлік
құралдарының жүрiп өтуіне арнайы рұқсаттың түбіртегiне мiндеттi
қосымша болып табылады.

Қазақстан Республикасының аумағында
ірі габаритті және ауыр салмақты  
жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру 
және оны жүзеге асыру қағидаларына 
3-қосымша            

Автокөлік құралының параметрлерін өлшеу актісі
№_____ серия ______

«___» _______ 20__ж. сағ.___мин.___.          _______________________
(Күні және уақыты)                               (Толтыру орны)

Біз, бас (жетекші) маман(дар)________________________________________
_____________________________________________________________________
       (лауазымды тұлғаның Т.А.Ә., мемлекеттік органның атауы)
_____________________________________________________________________
_______________________________ және жүргізуші (заңды тұлғаның өкілі)
_____________________________________________________________________
        (Т.А.Ә., жеке басын (өкілеттікті) куәландыратын құжат,
_____________________________________________________________________
        тұратын (орналасқан) жері, жұмыс орны (бар болған кезде)

Автокөлік құралының (тартқыш) маркасы___________ мем.номер __________
тіркеме/жартылай тіркеме___________ мем.номер ___________

Жүру бағыты __________________________арақашықтығы_______________км.
Жүктің атауы____________________________жүктің салмағы_____________т.

Ілеспе құжаттар:_____________________________________________________
_____________________________________________________________________
    (жол парағы, арнайы рұқсат (бар болған кезде), кіммен және қашан
     берілді)

Куәлардың (куәгерлердің) қатысуымен:
1.___________________________________________________________________
                (Т.А.Ә., тұратын орны, телефоны, қолы)
2.___________________________________________________________________
                (Т.А.Ә., тұратын орны, телефоны, қолы)
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014
жылғы 5 шілдедегі кодексінің 754, 755-баптарында көрсетілген
құқықтармен және міндеттермен таныстық.
Осы автокөлік құралының параметрлерін өлшеу актісі бастапқы деректер
бойынша жасалды:

Параметрлері

Рұқсат етілген

Нақты

Асқаны

Жолдың бетінен есептелген биіктігі, м.




Ені, м.




Ұзындығы, м.




Жүк автокөлік құралының артқы сыртқы нүктесiнен тысқары шықпауы тиіс




Толық салмағы, т.




Тіркеменің толық салмағы, т.




АКҚ-ң дөңгелектік өрнегi

Білік

1-білік

2-білік

3-білік

4-білік

5-білік

6-білік

7-білік

8-білік

9-білік

Рұқсат










Нақты










%










Еңістігі










Біліктердің арақашықтығы, м.










Өлшеу _______________________________________________________________
                 (техникалық өлшеу құралын метрологиялық
____________________________________________________________________
                   тексерудің атауы, номері, күні)
_________________________________________________________ жүргізілді.

Автокөлік құралын____________ мем.номері __________ қайта өлшеу
нәтижесі бойынша салмақтық және (немесе) габариттік параметрлері
белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерінен
артық/артық емес (қажеті сызылсын)

Жүріп өтуі үшін алым сомасының есебі_________________________________
_____________________________________________________________________
Төлеу сомасы ________________________________________________________

Актіні жасаған(дар)__________________________________________________
                     (Т.А.Ә., лауазымы)                    (қолы)
                   __________________________________________________
                     (Т.А.Ә., лауазымы)                    (қолы)

      Куәлар (куәгерлер): 1.______________________ 2. _______________
                               (Т.А.Ә., қолы)         (Т.А.Ә., қолы)
      Актінің көшірмесін алдым ______________________________________
                   (жүргізушінің (заңды тұлға өкілінің) Т.А.Ә., қолы)

Қазақстан Республикасының аумағында
ірі габаритті және ауыр салмақты  
жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру 
және оны жүзеге асыру қағидаларына 
4-қосымша               

________ облысы (қаласы) бойынша
мемлекеттік кіріс органдары/көліктік
бақылау органы басшысына

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүрiп өтуіне арнайы рұқсатты алу (ұзарту) үшін
Өтініш

Тасымалдаушының атауы________________________________________________
ЖСН/БСН______________________________________________________________
Мекенжайы, телефоны__________________________________________________
Автокөліктің маркасы ________мем.нөмірi______________________________
Тіркеменің (жартылай тіркеменің) маркасы_______мем.нөмірi____________
Көлік құралының түрі ________________________________________________
Изотермиялық шанақтың болуы _________________________________________
Әуе немесе оған балама аспаның болуы_________________________________
Жүру бағыты__________________________________________________________
Бағыттың жалпы ұзақтығы, км__________________________________________
оның ішінде қалалардың аумағы бойынша, км____________________________
Жүргізушінің Т.А.Ә.__________________________________________________
Ілесуші адамның Т.А.Ә._______________________________________________
Ілесіп жүру түрi_____________________________________________________
Жүктің атауы мен салмағы, т._________________________________________
АКҚ жүк көтергіштігі ________________________________________________
Жүру күні мен уақыты_________________________________________________

---------------------------------------------------------------------

Арнайы рұқсатты ұзарту немесе көлік құралын ауыстыру жағдайларында
толтырылады (қажеті сызылсын)
Бұрын берілген арнайы рұқсаттың номері мен күні______________________
Ауыстырылатын автокөліктің маркасы ___________мем.нөмірi_____________
Ауыстырылатын тіркеменің (жартылай тіркеменің) маркасы_______________
мем.нөмірi______________

Автокөлік құралының жүгін қоса есептегендегі нақты салмақтық
және габариттік параметрлері

Параметрлерi

Нақты

Рұқсат етілген

Асқаны

Жол бетінен биіктігі, м




Ені, м




Автокөлік құралының ұзындығы, м




Толық салмағы, т




Тіркеменің толық салмағы, т




АКҚ-ң дөңгелектік формуласы

1-білік

2-білік

3-білік

4-білік

5-білік

6-білік

7-білік

8-білік

9-білік










Еңістігі










Біліктердің ара қашықтығы, м










Білікке нақты жүктеме, т.с.










Білікке рұқсат етілген жүктеме, т.с










Асқаны, %










Автокөлік құралының ең кіші бұрылу радиусы___________________________

Қосымша деректер_____________________________________________________
_________________________________   _________________________________
(тасымалдаушының лауазымы, Т.А.Ә.)              (М.О. қолы)

Өтініш беру күнi_____________

Келісуші органның шешімi_____________________________________________
_________________________________   _________________________________
         (лауазымы, Т.А.Ә.)                         (М.О. қолы)

Келісуші органның шешімi_____________________________________________

_________________________________   _________________________________
         (лауазымы, Т.А.Ә.)                         (М.О. қолы)