Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 маусымда № 11395 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында ірi габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 17 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _______________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 10 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 206 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр
салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге
асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңына (бұдан әрі - Заң), "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына (бұдан әрі – ЖЖҚ).

      2. Қағидалар көлік құралының габаритін, салмағы және (немесе) біліктік жүктемелерін ескере отырып, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары арқылы және елді мекендердің көшелері арқылы жүріп өту үшін Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының жол берілетін габариттік және салмақтық параметрлерінен асатын жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қағидаларда қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:

      1) алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) ауыр салмақты автокөлік құралы – толық салмағы немесе біліктік жүктемелері Қазақстан Республикасы аумағында автомобиль жолдарымен жүру үшін белгіленген рұқсат етілген салмақтық параметрлерден асатын жүгi бар немесе жүксіз автокөлік құралы;

      3) ауыр салмақты және (немесе) iрi габаритті автокөлік құралдарының жүрiп өтуіне арналған арнайы рұқсат – Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерінен габариті, салмағы және (немесе) біліктiк жүктемелерi бойынша артық, жүгi бар немесе жүксiз, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша отандық және шетелдiк iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне құқық беретiн қағаз тасығыштағы немесе электронды рұқсат беру құжаты (бұдан әрі – арнайы рұқсат);

      4) бақылаушы органдар – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгі Көлік комитетiнің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкiлеттi орган), әкімшілік полиция және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кіріс органдары (бұдан әрі – мемлекеттік кіріс органдары);

      5) бүркемелеу автомобилi – iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына барлық жүру бағыты бойынша iлесiп жүру үшiн тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi бөлген автомобиль;

      6) еңістік (бір қатарлы, екі қатарлы)– автокөлік құралы білігінің бір жағында орналасқан (дара, қосарланған) дөңгелектердің саны;

      7) жергiлiктi тасымал – бағыты Қазақстан Республикасының бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгі шегiнде өтетiн тасымал;

      8) келiсушi ұйымдар – автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ұйымдар немесе iрi габариттi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүру бағытында автомобиль жолдары, жол құрылыстары және коммуникациялық объектiлерi (көпiрлерi, жолөткелдерi, темiр жол өтпелерi, электр желiлерi, байланыс кабелдерi және т.б.) теңгерiмiнде бар, шаруашылық жүргiзу, сенімгерлік немесе жедел басқару құқығында автомобиль жолдарына иелiк ету немесе басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      9) көліктік бақылау посты – арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткiзу пунктi;

      10) отандық және шетелдiк iрi габаритті және (немесе) салмағы ауыр автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі үшін алым – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен алынатын iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі салдарынан автомобиль жолдарына және жол құрылыстарына келтiрiлген залалды ақшалай өтеу (бұдан әрі – автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым);

      11) өңiраралық тасымал – бағыты Қазақстан Республикасының екi және одан да көп облысы арқылы өтетiн тасымал;

      12) халықаралық тасымал – бағыты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өтетiн тасымал;

      13) ілесіп жүру автомобилі – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралына автомобиль жолдарымен ілесіп жүретін, тиісті тану белгілері бар Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөлімшелерінің (бұдан әрі – әкімшілік полиция) ақысыз негізде ұсынатын патрульдік автомобилі;

      14) iрi габаритті автокөлiк құралы – автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген рұқсат етiлген габариттік параметрлері асып түсетiн жүгімен немесе жүксiз автокөлiк құралы;

      15) iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүк – автокөлiк құралдарымен тасымалдау кезiнде рұқсат етiлген габариттік параметрлерден асатын және (немесе) жүгi бар автокөлiк құралының толық салмағы немесе біліктік жүктемелерi автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген рұқсат етiлген салмақтың параметрлерден асып түсетiн жүк;

      16) iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдау бағытын келiсу – келiсушi ұйымдардың iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының белгiленген бағыт бойынша жүру шарттарын белгiлеуi.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автокөлік құралымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы рұқсат болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша рұқсат етілген ең ауыр салмағы белгіленген, автокөлік құралының жол берілген жалпы салмағынан асатын өзі аударғыш автомобильмен (бұдан әрі – өзі аударғыш) жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.

      6. Ipi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автомобиль көлiгiмен автомобиль жолдары арқылы тасымалдау ЖЖҚ және осы Қағидалардың талаптарына, сондай-ақ iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктердің тасымалына оларды өндiрушi немесе жүк жөнелтуші (жүк алушы) белгiлеген қосымша талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік
құралдарының автомобиль жолдары арқылы жүріп өтуiн жүзеге асыру
және ұйымдастыру тәртiбi

      7. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдау Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тараптар жасасқан тасымалдау шарты негізінде жүргiзiледi.

      Ipi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдаудың, соның iшiнде Арнайы рұқсатты алу бөлiгіндегi жалпы шарттары халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында белгіленедi.

      8. Тасымалға және Арнайы рұқсатқа қойылатын талаптардан туындайтын қажеттілік жағдайында тасымалдау шарты iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүкке қосалқы автокөлiк құралдарының (отын құюшы, автошеберхана, қосымша персоналға арналған автобус, тапқыш немесе итергiш қосымша автомобиль және т.с.с.), бүркемелеу автомобилiнiң және (немесе) ілесіп жүретiн автомобильдiң ерiп жүруiн көздейдi.

      9. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға тиiстi санаттағы автокөлiк құралын басқару құқығы бар жүргiзушiге рұқсат етiледi.

      10. Тасымалдаушының және (немесе) жүк жөнелтушiнiң жауапты өкiлi iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдаумен айналысатын жүргізушi(лер)мен және жүк жинаушылармен қауiпсiздiк техникасы жөнiнде арнайы нұсқаулық өткiзедi.

      11. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүк бекiтілген автокөлiк құралынның жүруі басталмас бұрын жүргiзушiмен, жүк тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінiң жауапты өкілдерiмен қарап шығады. Жүк Заңның 13-бабының 23-9) тармақшасына сәйкес бекітілген автомобильді көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасына сәйкес бекiтіледi және таңбаланады.

      12. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдары, сондай-ақ бүркемелеу автомобильдерi қызғылт немесе сары түстi арнайы жарық беру сигналдарымен (жарқылдауық маяктармен) жабдықталады.

      Қозғалыс кезiнде жарқылдауық маяктардың жұмысы жол қозғалысының басқа қатысушыларына қосымша хабар беру құралы болып табылады және артықшылықпен жүрiп өту құқығын бермейдi.

      13. Белгіленген тәртіппен ресiмделген Арнайы рұқсат бланкісi iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргiзушiсiнде болады және бақылаушы органдар өкiлдерінің талабы бойынша көрсетiледi.

      14. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының автомобиль жолдарымен жол жүруiне әдетте қозғалыс қарқындылығы мейлiнше аз сағаттарда, ал елдi мекендерден тыс жерлерде - тәулiктiң жарық уақытында рұқсат етіледi.

      Тәулiктің қараңғы уақытында елдi мекендерден тыс жерлердегі жолдармен, сондай-ақ тәулiктің жарық уақытында қозғалыс қарқынды болған кезде тасымалдауға iрi габаритті және ауыр салмақты көлiк құралының жүруiн бүркемелеу немесе ілесіп жүру автомобилінің ерiп жүруi шартымен ғана рұқсат етіледi.

      15. Көлiк құралдарының қозғалысын елеулi түрде кiдiртуге және айналасындағылар үшiн жоғары қауіп төндiруге қабілеттi жол-ауа-райының қолайсыз жағдайлары мен қозғалыс қарқындылығы жағдайларында тасымалдауға рұқсат етілмейдi.

      16. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралымен, сондай-ақ бүркемелеу және iлесіп жүру автомобильдерімен тәулiктiң жарық уақытында жол жүрген кезде жақынға жарық түсiру шамдары iске қосылуы тиiс.

      17. Мына жағдайлардың барлығында:

      1) iрi габаритті автокөлік құралының ені 3,5 метрден асатын болса;

      2) iрi габаритті автокөлік құралының ұзындығы 24 метрден асатын болса;

      3) iрi габаритті автокөлiк құралының биіктігі 4,5 метрден асатын болса;

      4) Арнайы рұқсаттың "Қозғалыстың ерекше шарттары" бағанында жол жүру бағытындағы қандай да бiр жол құрылысы бойынша жеке дара тәртіппен жүруге рұқсат етіледi деп көрсетiлген немесе жол жүру бағытының жекелеген учаскелерінде қозғалысты ұйымдастыруға жедел ықпал етудi талап ететiн басқа да шарттар көрсетiлген басқа жағдайларда тасымалдау бағытын келiсу және бүркемелеу автомобилiнiң болуы міндетті.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Мына жағдайлардың барлығында:

      1) iрi габаритті автокөлiк құралының енi 4,0 метрден асатын болса;

      2) iрi габаритті автокөлiк құралының ұзындығы 30,0 метрден асатын болса;

      3) жүгi бар немесе жүксiз автокөлiк құралының толық салмағы немесе жүктеме оның білігі бойынша бөлiнуi жол санаты мен ондағы құрылыстар үшiн келісуші ұйымдармен рұқсат етiлген шектi жүктеме мөлшерлерден асатын болса;

      4) қозғалыс кезiнде iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қарсы қозғалыс ендiгiн ең болмағанда iшiнара иеленуге мәжбүр болса міндетті.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Бүркемелеу немесе iлесіп жүру автомобилi оның сол жағы iлесiп жүретiн iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының соң жағынан шығыңқы болатындай түрде жол бере отырып, iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының алдында 10-12 метр қашықтықта қозғалады.

      20. Көпірлер мен жол құрылыстары арқылы жол жүру кезінде қозғалыс келiсушi ұйымдармен белгiленген шарттарға сай жүзеге асырылады.

      21. Жол қиылыстарынан өту кезiнде iлесiп жүру автомобилi авариялық жағдайларды болдырмау мақсатында қиылысатын көшелер мен жолдардағы қозғалысты уақытылы тоқтатуды қамтамасыз етедi.

      22. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қозғалысының жылдамдығы Арнайы рұқсатта белгіленген көрсеткiштерден аспауы тиiс.

      Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жалпы пайдаланымдағы жолдармен жүрген кезiндегі жылдамдығы 60 км/сағаттан, ал жасанды құрылыстарда 10 км/сағаттан аспауы тиiс.

      23. Қозғалыс процесiнде iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргізушiсi:

      1) қарсы келе жатқан автокөлiк құралдарын кедергісiз және қауiпсiз өткiзiп жiберу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;

      2) жол қозғалысына бөгет жасамайды және артында келе жатқан автокөлiк құралдарының басып озуына мүмкiндiк бередi.

      24. Iрi габаритті көлiк құралының биiктiгi 4 метрден артық болған жағдайда тасымалдаушы көпiрлердiң, құбыр өткiзгiштердiң және басқа да коммуникациялардың астымен қозғалу кезiнде биiктiктi қосымша бақылаулық өлшеуi қажет.

      25. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiн жүзеге асыра отырып:

      1) Арнайы рұқсатсыз, мерзiмi өткен немесе дұрыс ресiмделмеген Арнайы рұқсатпен, Арнайы рұқсатта көрсетiлген лауазымды адамдардың қолы болмаған жағдайларда рейске шығуға;

      2) Арнайы рұқсатқа қандай да бiр өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге;

      3) белгiленген қозғалыс бағытынан ауытқуға;

      4) Арнайы рұқсатта көрсетілген қозғалыс жылдамдығын арттыруға;

      5) 30 км/сағат және одан жоғары жылдамдықпен келе жатқан автокөлiк құралдарын басып озуға;

      6) басқа көлiк құралдарын сүйретуге;

      7) қозғалысты қолайсыз ауа-райы жағдайларында (көктайғақ, көрiнiм 100 метрден кем және т.с.с.) жүзеге асыруға;

      8) егер тасымалдау шарттарында мұндай қозғалыс тәртiбi белгiленбесе, жол жиегімен жүруге;

      9) жолдың жүру бөлігінiң шегінен тысқары орналасқан арнайы тұрақтардан тыс жерлерге тоқтауға;

      10) автокөлiк құралының техникалық жарамсыздығы туындаған немесе қозғалыс қауiпсiздігіне және (немесе) жүктiң сақталуына қауiп төндiретiн жүктiң бекiтiлуi бұзылған кезде қозғалысты жалғастыруға тыйым салынады.

      26. Егер тасымалдау процесiнде қозғалыс бағытын өзгертудi талап ететiн мән-жайлар туындаса, тасымалдаушы қозғалысын тоқтатуы және осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен жаңа бағыт бойынша жүруге рұқсат алу үшін:

      1) отандық тасымалдаушы – "Азаматтар үшін Үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация), портал арқылы не мемлекеттік кіріс органдарына;

      2) шетелдік тасымалдаушы – уәкiлетті органға немесе мемлекеттік кіріс органдарына жүгiнуі тиіс.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 41 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      27. Автокөлiк құралдарының салмақтық және габариттiк параметрлерiн айқындау кезiнде өлшеу жабдығының тасымалдаушының пайдасына шешiлетiн белгіленген ауытқулықтарын ескере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес автокөлік құралының параметрлерін өлшеу актісі жасалады.

      Автокөлік құралының параметрлерін өлшеу актілері қатаң есептегі бланкілер болып табылады.

      28. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Егер осы Қағидалар талаптарының бұзылу фактісі анықталған жағдайда, көлік құралының жүргізушісі және (немесе) тасымалдаушы не жүк жөнелтуші "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексіне (бұдан әрі – ӘҚБК) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады, ал автокөлік құралын (өзі аударғышты) одан әрі пайдалануға анықталған бұзушылық жойылғанға дейін тыйым салынады.

      30. Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының арнайы рұқсатсыз жол берілетін салмақтық және (немесе) габаритті параметрлерді асыра отырып немесе арнайы рұқсатта көрсетілген параметрлердің бірін асыра отырып не маршруттан немесе мерзімдерден ауытқи отырып жүріп өту дерегі анықталған жағдайда, ӘҚБК-де көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қабылданады және тасымалдау мынадай жағдайларда жалғасады:

      1) автокөлік құралының салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін асыра отырып жол жүру бағыты бойынша әрі қарай жүрген және барлық жол жүру бағыты бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым сомасын төлеп, іс жүзінде жүріп өткен жолдың бөлігі үшін келісу жүргізбей осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Арнайы рұқсатты тасымалдаушы алғаннан кейін – ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының Арнайы рұқсатсыз жүріп өткені анықталған кезде;

      2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлеріне сәйкес келтіру үшін автокөлік құралын артық жүктен босатуды жүргізгенде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралы шыққан кезде және іс жүзінде жүріп өткен бағыттың бір бөлігі үшін автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым сомасын тасымалдаушы төлеген жағдайда – Арнайы рұқсат берілместен ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені анықталған кезде;

      3) автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн төленген алымға қосымша осы Қағидаларда белгіленген тәртіпті бұза отырып және салмақтық және габариттік параметрлердi іс жүзінде көрсете отырып, осы Қағидаларда белгілеген тәртіппен Арнайы рұқсатты ала отырып, іс жүзінде жүріп өткен бағыт үшін автокөлiк құралдарының алымын тасымалдаушы төлегеннен кейін – iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы параметрлерінің бiрi Арнайы рұқсатта көрсетілгендерден асып кету дерегі анықталған кезде;

      4) тасымалдаушы нақты жүріп өткен бағыт бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасын төлеген және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Арнайы рұқсатты алғаннан кейін – iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жолды Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыттан ауытқи отырып жүргені анықталған кезде;

      5) уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдары Арнайы рұқсаттағы мерзімді ұзартқаннан кейін – ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының Арнайы рұқсатта көрсетілген мерзімдерден ауытқи отырып жүргені анықталған кезде жалғастырылады.

      6) осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген мерзімде әкімшілік полициясы ілесіп жүру автомобилін бөлгеннен кейін – осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларда ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының ілесіп жүру автомобилінсіз жүргені анықталған кезде;

      7) тасымалдаушының автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерінен асыра отырып, жол жүру бағыты бойынша одан әрі қарай жүрген және арнайы рұқсат алмай автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым сомасын толық жол жүру бағытына төлегеннен кейін – бейімделген және арнаулы көлік құралдарымен жүктерді тасымалдау дерегі анықталған кезде.

      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Арнайы рұқсатты алуға берiлетiн өтініштi беру, қарау және
келiсу тәртiбi

      31. Тасымалдаушы Арнайы рұқсат алу немесе оған өзгерістер енгізу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады:

      1) отандық тасымалдаушы – Мемлекеттік корпорациясы, портал арқылы не мемлекеттік кіріс органдарына;

      2) шетелдік тасымалдаушы – уәкiлетті органға немесе мемлекеттік кіріс органдарына жүгiнуі тиіс.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Ұсынылған тасымалдау маршрутын келiсу кезiнде тасымалдау қауiпсiздiгiн, жолдардың, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету, жол жүру бағытындағы қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қабылдау қажеттілігi бөлiгiнде жүру жолы бойынша автомобиль жолдарының, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабiлетi және өткiзу қабiлеті бағаланады.

      33. Автомобиль жолдарының жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабілетiн бағалау үшiн есептеудiң сынақтан өткiзiлген әдiстерiн, жолдардың жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың жай-күйi туралы ақпаратты, сондай-ақ қосымша зерттеулердің материалдарын пайдалануға рұқсат етiледi.

      34. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралын өткізудің теріс көрсеткіштері болмаса, онда келісуші ұйым отандық тасымалдаушының өтiнiшінде портал арқылы, ал шетелдік тасымалдаушының өтiнiшінде мөрмен куәландыра отырып, жазбаша түрде өз шешiмiн растайды.

      35. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша ipi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі мүмкін болмаса немесе егер оны жүзеге асыру үшін жол жамылғысын немесе жол құрылыстарын нығайту бойынша қосымша шаралар жүргізу талап етілетін болса, келісуші ұйым бұл туралы уәкілетті органды немесе мемлекеттік кіріс органдарын жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында хабардар етеді немесе күшейту жұмыстарын орындау қажет болған кезде басқа жол жүру бағытын ұсынады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Өтінiште онда барлық біліктер мен дөңгелектердi, ондағы біліктердің өзара орналасуын және дөңгелектердiң (жалғыз немесе қосарланған) санын, автокөлiк құралына немесе оның құрамдас бөліктерiне жүктің бiркелкi тиелмеуi мүмкіндігін ескере отырып, жүктеменiң біліктер бойынша бөлiнуiн көрсете отырып, автокөлiк құралының дөңгелектiк өрнегi беріледi.

      37. Уәкілетті органға немесе мемлекеттік кіріс органдарына өтiнiш түскен кезде оны тіркеу және ондағы мәлiметтердi:

      1) ұсынылған ақпараттың толықтығы;

      2) жүкті тасымалдауға қойылатын автокөлік құралының техникалық сипаттамаларының сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізіледі.

      Уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдарымен арнайы рұқсатты алуға өтінішті қарастыру мерзімі ол келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін, ал тасымалдау бағытын келісу қажет болмаған жағдайда – 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдары Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көзделген жағдайларда өтінішті қарау барысында тасымалдаушының өтінішін келісуші ұйымдармен келісуді жүргізеді.

      Өтінішті келісу мерзімі ол келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

      Келісуші ұйымнан белгіленген мерзімде жауап болмаған жағдайда, тасымалдаушының өтініші келісілген болып есептеледі.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Егер өтініште ақпарат толық болмаса және (немесе) нақтылы болмаса, уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдары өтініш тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында өтініш қабылдамағаны туралы хабарлайды.

      40. Уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдары осы Қағидалардың 37-тармағында көрсетілген мерзім ішінде тасымалдаушыны Арнайы рұқсатты беру және Кодексте белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін төленуі қажет алым сомасы туралы тасымалдаушыға хабарлайды немесе Арнайы рұқсат беруден жазбаша не электронды түрде дәлелді бас тартуды береді.

      Тасымалдаушыға хабар берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төлемінің болмауы жағдайда, арнайы рұқсатты беру жүзеге асырылмайды.

      Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 41 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      41. Егер автокөлiк құралының жасаушы зауыт белгілеген техникалық сипаттамалары тасымалдауға мәлiмделген iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермесе тасымалдаушыға Арнайы рұқсат беруден дәлелдi бас тарту берiледi.

      42. Ауыр салмақты және (немесе) ірi габаритті автокөлiк құралының жүрiп өтуiне арнайы рұқсатты алуға өтiнiш:

      1) автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн жұмысқа тартылған;

      2) бұрын алынған арнайы рұқсатта көрсетілген автокөлік құралының техникалық сипаттамалары және салмақтық-габариттік параметрлері сәйкес болған кезде, көлік құралын ауыстырған (сынған жағдайларда);

      3) бұрын алынған арнайы рұқсаттың мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күні қалғанда арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзартқан жағдайларда 1 (бір) жұмыс күнінде қаралады.

      Қағидалардың осы тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым өндірілмейді және бұрын алынған арнайы рұқсатта көлік құралы ауыстырылғаны немесе арнайы рұқсаттың қолдану мерзімі ұзартылғаны туралы өзгерістер енгізіледі.

      Арнайы рұқсаттың қағаз тасығышындағы өзгерістер уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдары басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.

      Арнайы рұқсаттағы ұзарту мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспауы тиіс.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер мен деректемелер:

      1) егер тасымалдаушы заңды тұлға болып табылса, бiрiншi басшының (оның орынбасарының немесе сенiмдi адамының) қолымен және мөрмен;

      2) егер тасымалдаушы жеке тұлға болып табылса, қолымен және жеке басын куәландыратын құжат деректері.

      3) егер тасымалдаушы дара кәсіпкер болып табылса, қолымен және дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәлігінде қамтылған деректер көрсетіле отырып расталады.

      Электрондық сұрау салуды беру кезінде мәлiметтер мен деректемелер электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

4. Арнайы рұқсатты беру және келiсу тәртібі

      44. Арнайы рұқсат уәкілетті органмен немесе мемлекеттік кіріс органдарымен қозғалыс маршрутын белгілегеннен және Кодексте белгіленген мөлшерлемелер бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күнінен артық емес мерзімде беріледі.

      Бұл ретте, қағаз тасығыштағы арнайы рұқсатты уәкілетті органның не мемлекеттік кіріс органдарының басшысымен немесе оның орынбасарымен қол қойылады және мөрмен куәландырылады.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Арнайы рұқсаттардың бланкiлерi қатаң есептегі құжаттар болып табылады және тiркелуге жатады.

      Арнайы рұқсаттардың (берілген, бүлінген, жоғалған және басқасы) әрбір бланкiлерi бойынша мемлекеттік кіріс органдары ай сайын уәкілетті органға арнайы рұқсаттардың түбіртектерін қоса отырып есеп береді.

      Қағаз тасығышта және электронды құжат түрінде берілген арнайы рұқсаттар туралы мәліметтер уәкілетті органның электронды ақпараттық ресурсында қалыптасады.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Тасымалданатын жүктердiң санатына, тасымалдардың түрi мен сипатына байланысты Арнайы рұқсат бiржолғы немесе келiсiлген мерзім iшiнде жарамды болуы мүмкiн:

      1) бiржолғы Арнайы рұқсат iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бiр автокөлiк құралына белгiленген мерзiмде келiсiлген бағыт бойынша бiр сапарға берiледi;

      2) көрсетілген мерзiм iшінде жарамды болатын Арнайы рұқсат белгiленген тәртiппен бекiтiлген бағыт бойынша бiр тұрпатты iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдайтын бiр автокөлiк құралына берiледi.

      Арнайы рұқсат алты айға дейiнгi мерзiмге беріледі.

      47. Ілесіп жүру автомобилінің болуы қажет болған кезде Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларда тасымалдаушы өтініш берілген бағыт бойынша iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралына ілесіп жүруді ұйымдастыру үшін ішкі істер аумақтық органдарына немесе Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігі Әкімшілік полиция комитетіне (бұдан әрі – Комитет) не оның аумақтық бөлімшелеріне жүгінеді.

      Комитет халықаралық және өңіраралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы тасымалдаушыны хабардар етеді.

      Облыстың, қаланың және ауданның әкімшілік полициясы немесе ішкі істер аумақтық органдары жергілікті тасымалдауды жүзеге асыру кезінде хабарламаны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы тасымалдаушыны хабардар етеді.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының аумағында
ірі габаритті және ауыр салмақты
жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру
және оны жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша

      нысан

      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және

      (немесе) iрi габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне

АРНАЙЫ РҰҚСАТ
№______

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      көлік құралының (маркасы, моделі, нөмірлік белгісі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (бағыт бойынша өтетін елді мекендердің атауы, жолдың ұзақтығы,

      километрмен) бағыты бойынша жүруіне

      1. Көлік құралының параметрлері:

көлік құралының жалпы салмағы, тоннамен

жүктің салмағы, тоннамен

ұзындығы, метрмен

ені, метрмен

биіктігi, метрмен

көлік құралының артқы сыртқы нүктесінен жүктің тысқары шығуы, метрмен

шанақтың немесе платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен тіркеменің (жартылай тіркеменің) артқы сыртқы нүктесіне дейінгі жүкті орнатуға арналған арақашықтық, метрмен

жүк автомобилінің артқы білігі мен тіркеменің алдыңғы білігі арасындағы арақашықтық, метрмен

жартылай тіркеменің топсалы бекітпесінің білігі мен жартылай тіркеменің алдыңғы жағының кез келген нүктесі арасындағы арақашықтық, метрмен

тіркеу құрылғысы ілмегінің білігі мен құрамдастырылған автокөлік құралының артқы жағы арасындағы жол берілетін арақашықтық, метрмен

дөңгелек біліктерінің орналасу схемасы және олардың арақашықтығы, метрмен











біліктер бойынша жүктеме, тоннамен

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      2. Ілесіп жүру үшін бөлінген көлік құралдары_________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (маркасы, моделі, нөмірлік белгісі)

      3. Жүкті тасымалдаушы ұйымның атауы, мекенжайы мен телефоны

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4.___сағаттан бастап ___сағатқа дейін (жылы, айы,

      күні)___километр/сағаттан аспайтын жылдамдықпен___________жолдарымен

      жүруге рұқсат етіледі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ----------------------------кесу сызығы------------------------------

АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІ

      №_____

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (маркасы, моделі, нөмірлік белгісі, көлік құралының өлшемі, бағыт

      нөмірі, бастапқы және соңғы пункті, жолдың ұзақтығы, километрмен)

      5. Қозғалыстың ерекше жағдайлары_____________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ілесіп жүретін автомобильдердің қозғалыс тәртібін, қозғалысқа басқа

      қатысушыларды тасымал туралы хабар ету тәсілін, жүктеме түрін, оның

      көпірлерден өткізу тәртібін және басқасын көрсету)

      6. Рұқсат берілді____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде),

      мөрмен куәландырылған қолы, күні)

      7. Жүріп өткені үшін алымдар есебі___________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Төлем сомасы_________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жазбаша)

      8. Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр

      салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру

      қағидаларының негізгі талаптарымен танысқандар:

      Негізгі тартқыштың жүргізушісі_______________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)

      Жүкпен ілесіп жүретін тұлға__________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)

      9. Көлік құралын жүкті тасымалдауға жауапты ұйымның өкілдері тексерді

      және Жол қозғалысы ережесі мен Қазақстан Республикасының аумағында

      ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру

      және оны жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес келеді

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұйым, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), мөрмен куәландырылған

      қолы (болған кезде), күні)

      Ескертпе: арнайы рұқсаттың барлық бағандары біркелкі сиямен толтырылуы тиіс (толтырылмаған бағандар сызылып тасталады).

      ------------------------------кесу сызығы ---------------------------

      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және

      (немесе) iрi габаритті автокөлік құралдарының жүрiп өтуіне

АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІ
№____

      Жүріп өткен үшін алымдар есебі_______________________________________

      _____________________________________________________________________

      Төлем сомасы_________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жазбаша)

      Рұқсат берген уәкілетті өкіл_________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), мөрмен

      куәландырылған қолы, күні)

  Қазақстан Республикасының аумағында
ірі габаритті және ауыр салмақты
жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру
және оны жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша

      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және

      (немесе) iрi габаритті автокөлік құралдарының жүрiп өтуіне

№ ___________
АРНАЙЫ РҰҚСАТҚА
БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының аумағында
ірі габаритті және ауыр салмақты
жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру
және оны жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша

Автокөлік құралының параметрлерін өлшеу актісі
№_____ серия ______

      "___" _______ 20__ж. сағ.___мин.___. _______________________

      (Күні және уақыты) (Толтыру орны)

      Біз, бас (жетекші) маман(дар)________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымды тұлғаның Т.А.Ә., мемлекеттік органның атауы)

      _____________________________________________________________________

      _______________________________ және жүргізуші (заңды тұлғаның өкілі)

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., жеке басын (өкілеттікті) куәландыратын құжат,

      _____________________________________________________________________

      тұратын (орналасқан) жері, жұмыс орны (бар болған кезде)

      Автокөлік құралының (тартқыш) маркасы___________ мем.номер __________

      тіркеме/жартылай тіркеме___________ мем.номер ___________

      Жүру бағыты __________________________арақашықтығы_______________км.

      Жүктің атауы____________________________жүктің салмағы_____________т.

      Ілеспе құжаттар:_____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жол парағы, арнайы рұқсат (бар болған кезде), кіммен және қашан

      берілді)

      Куәлардың (куәгерлердің) қатысуымен:

      1.___________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., тұратын орны, телефоны, қолы)

      2.___________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., тұратын орны, телефоны, қолы)

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014

      жылғы 5 шілдедегі кодексінің 754, 755-баптарында көрсетілген

      құқықтармен және міндеттермен таныстық.

      Осы автокөлік құралының параметрлерін өлшеу актісі бастапқы деректер

      бойынша жасалды:

Параметрлері

Рұқсат етілген

Нақты

Асқаны

Жолдың бетінен есептелген биіктігі, м.




Ені, м.




Ұзындығы, м.




Жүк автокөлік құралының артқы сыртқы нүктесiнен тысқары шықпауы тиіс




Толық салмағы, т.




Тіркеменің толық салмағы, т.




АКҚ-ң дөңгелектік өрнегi

Білік

1-білік

2-білік

3-білік

4-білік

5-білік

6-білік

7-білік

8-білік

9-білік

Рұқсат










Нақты










%










Еңістігі










Біліктердің арақашықтығы, м.











      Өлшеу _______________________________________________________________

      (техникалық өлшеу құралын метрологиялық

      ____________________________________________________________________

      тексерудің атауы, номері, күні)

      _________________________________________________________ жүргізілді.

      Автокөлік құралын____________ мем.номері __________ қайта өлшеу

      нәтижесі бойынша салмақтық және (немесе) габариттік параметрлері

      белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерінен

      артық/артық емес (қажеті сызылсын)

      Жүріп өтуі үшін алым сомасының есебі_________________________________

      _____________________________________________________________________

      Төлеу сомасы ________________________________________________________

      Актіні жасаған(дар)__________________________________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы) (қолы)

      __________________________________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы) (қолы)

      Куәлар (куәгерлер): 1.______________________ 2. _______________

      (Т.А.Ә., қолы) (Т.А.Ә., қолы)

      Актінің көшірмесін алдым ______________________________________

      (жүргізушінің (заңды тұлға өкілінің) Т.А.Ә., қолы)

  Қазақстан Республикасының аумағында
ірі габаритті және ауыр салмақты
жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру
және оны жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша

      нысан

      ____________ облысы (қаласы) бойынша

      мемлекеттік кіріс органдары/көліктік

      бақылау органы басшысына

      Ауыр салмақты және (немесе) iрi габаритті автокөлік құралдарының

      жүрiп өтуіне арнайы рұқсатты алу (ұзарту) үшін

Өтініш

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.08.2016 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тасымалдаушының атауы

ЖСН/БСН

Мекенжайы, телефоны

Жүктің атауы мен салмағы, тоннамен


Автокөлік маркасы

мемлекеттік нөмірi

Тіркеменің (жартылай тіркеменің) маркасы

мемлекеттік нөмірi

Көлік құралының түрі


Жүк көтергіштігі, тоннамен


Изотермиялық шанақтың болуы


Әуе немесе оған балама аспаның болуы


Жүру бағыты


Бағыттың жалпы ұзақтығы, километрмен

оның ішінде қалалардың аумағы бойынша, километрмен


Жол жүру (рейс) саны


Жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Ілесіп жүру түрi

Жүру күні мен уақыты

мемлекеттік нөмірi

Арнайы рұқсатты ұзарту немесе көлік құралын ауыстыру жағдайларында толтырылады (қажеті сызылсын)

Бұрын берілген арнайы рұқсаттың номері мен күні

Ауыстырылатын автокөлік маркасы

мемлекеттік нөмірi

Ауыстырылатын тіркеме (жартылай тіркеме) маркасы

мемлекеттік нөмірi

Автокөлік құралының жүгін қоса есептегендегі
нақты салмақтық және габариттік параметрлері

Параметрлерi

Нақты

Рұқсат етілген

Асқаны

Жол бетінен биіктігі, метрмен




Ені, метрмен




Ұзындығы, метрмен




көлік құралының артқы сыртқы нүктесінен жүктің тысқары шығуы, метрмен




шанақтың немесе платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен тіркеменің (жартылай тіркеменің) артқы сыртқы нүктесіне дейінгі жүкті орнатуға арналған арақашықтық, метрмен




жүк автомобилінің артқы білігі мен тіркеменің алдыңғы білігі арасындағы арақашықтық, метрмен




жартылай тіркеменің топсалы бекітпесінің білігі мен жартылай тіркеменің алдыңғы жағының кез келген нүктесі арасындағы арақашықтық, метрмен




тіркеу құрылғысы ілмегінің білігі мен құрамдастырылған автокөлік құралының артқы жағы арасындағы жол берілетін арақашықтық, метрмен




Толық салмағы, тоннамен




Тіркеменің толық салмағы, тоннамен




Дөңгелек формуласы (еңістігі)

1-білік

2-білік

3-білік

4-білік

5-білік

6-білік

7-білік

8-білік

9-білік










біліктердің ара қашықтығы, метрмен










Білікке нақты жүктеме, тоннамен











      Ескертпе: толық емес және (немесе) дәйексіз ақпарат өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

      Рұқсат қағаз тасығышта қажет/қажет емес (қажеті сызылсын)

      Қосымша деректер_____________________________________________________

_______________________________________

____________________________

(тасымалдаушының лауазымы, тегі, аты,

жөні (болған кезде))

(М.О. (болған кезде), қолы,

күні)