Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру және сақтау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-4/176 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11376 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2015 № 15-05/854 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру және сақтау қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2015 № 15-05/854 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          С. Омаров

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _____________Б. Сұлтанов
      2015 жылғы «  »

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының    
2015 жылғы 27 ақпандағы  
№ 4-4/176 бұйрығымен   
бекітілген         

Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін
пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру және сақтау
қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2015 № 15-05/854 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру және сақтау қағидалары «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленді және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған пестицидтер (улы химикаттар) қорын құру және сақтау тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2015 № 15-05/854 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Пестицидтер (улы химикаттар) қоры карантиндік объектілердің анықталған таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға арналған және бюджеттік қаражат есебінен сатып алынатын пестицидтердің (улы химикаттардың) көлемінен қалыптастырылады.
      3 Пестицидтер (улы химикаттар) қоры тұрақты жаңартылып отыратын пестицидтердің (улы химикаттардың) белгілі бір көлемін білдіреді және өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның жүргізуіндегі (қарауындағы) мемлекеттік меншік болып табылады.
      4. Пестицидтер (улы химикаттар) қорын өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған пестицидтер (улы химикаттар) қорының нормативтеріне сәйкес өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган құрады.
      5. Болжамдалатын өңдеу алаңы азайған жағдайда, ағымдағы жылдың пайдаланылмаған пестицидтер (улы химикаттар) көлемі, алдағы жылдың пестицидтер (улы химикаттар) қорына ауысады.
      6. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
      Ескерту. 6-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2015 № 15-05/854 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау қорғау шаралары сақтала отырып жүзеге асырылады, олар:
      1) сақтауға арналған орамаға және ыдысқа қойылатын талаптарды;
      2) химиялық өнім орамасының рұқсат етілген массасын және оның сақталу мерзімін;
      3) сақтау кезінде өнімнің химиялық өнімнің басқа түрлерімен сыйысымдылығын;
      4) сақтауға қойылатын жалпы талаптарды (температура, қысым, ылғалдылық, жарық);
      5) өздігінен жануға және өздігінен ыдырауға, оның ішінде қауіпті өнімдер түзей отырып ыдырауға бейім химиялық өнімге қолданылатын арнайы шараларды;
      6) орамасын, ыдысын қауіпсіз түрде қайталап пайдалану және (немесе) оларды кәдеге жарату жөніндегі шараларды;
      7) авариялық жағдайларды болғызбау және олардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды;
      8) персоналдың жеке қорғану құралдарын;
      Ескерту. 7-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2015 № 15-05/854 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау оның тұтыну қасиеттерін және адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті қасиеттерінің әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін орамада жүзеге асырылады.
      Ескерту. 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2015 № 15-05/854 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Пестицидтерді (улы химикаттарды) массасының жол берілетін нормасы оның әсер етуі немесе түрлену өнімдері қауіпсіздігін белгіленген мерзім ішінде қамтамасыз етуге тиіс.
      Ескерту. 9-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2015 № 15-05/854 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Негізгі пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіптілік қасиеттерін арттыра түсетін, жаңа қосылыстар түзу қабілеті бар пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау кезінде осындай түрлену мүмкіндігін болғызбайтын барабар қорғау шаралары қамтамасыз етілуге тиіс.
      Ескерту. 10-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2015 № 15-05/854 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Ұқсас заттар үшін ғана ыдысты қайта пайдалануға болады. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау шарттары оның кездейсоқ араласып кету мүмкіндігін болғызбауға тиіс.
      Ескерту. 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2015 № 15-05/854 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өсімдіктер карантині жөніндегі    
іс-шараларды жүргізу үшін пестицитердің
(улы химикаттардың) қорын құру     
және сақтау қағидаларына қосымша   

Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін
пестицитердің (улы химикаттардың) қорының нормативтері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2015 № 15-05/854 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с
Карантиндік объектілердің атауы Өңделетін алаңның пестицидтер (улы химикаттар) қоры (пайызда), дейін
Карантиндік зиянкестер

1

Grapholitha molesta (Busck.) –
Жемістің шығыс жемірі

30

2

Quadraspidiotus perniciosus (Comst.) –
Калифорниялық қалқаншалы сымыр

100

3

Pseudococcus comstocki Kuw. –
Комсток сымыры(құрты)

30

4

Hyphantria cunea Drury. –
Америкалық ақ көбелек

30

5

Myiopardalis pardalina Big – Қауын шыбыны

30

6

Lymantria dispar L.(asian race) –
Жұпсыз жібек көбелегі

30

Карантиндік арамшөптер

7

Ambrosia artemisiifolia (L.) –
Жусан жапырақты ойраншөп

10

8

Ambrosia psilostachya (D.C.) –
Көп жылдық ойраншөп

10

9

Acroptilon repens (D.C.) – Жатаған укекіре

10

10

Solanum rostratum Dun. – Тікенекті алқа

10

11

Cuscuta sp.sp – Арам сояуылар

10