"Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-4/176 бұйрығына өзгеріс

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 15-05/854 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 6 қарашада № 12250 болып тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 2-4 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 18-04/323 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10750 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 20 сәуірінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      3) осы бұйрықтың кәшірмесін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастaп күшіне енеді.

      Министр                                           А. Мамытбеков