«Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы С. Омаров
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________Б. Сұлтанов
2015 жылғы « »
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 4-4/176 бұйрығымен
бекітілген
Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін
пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру қағидалары
1. Осы Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру қағидасы (бұдан әрi – Қағидалар) «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленді және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған пестицидтер (улы химикаттар) қорын құру тәртібін айқындайды.
2. Пестицидтер (улы химикаттар) қоры карантиндік объектілердің анықталған таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға арналған және бюджеттік қаражат есебінен сатып алынатын пестицидтердің (улы химикаттардың) көлемінен қалыптастырылады.
3 Пестицидтер (улы химикаттар) қоры тұрақты жаңартылып отыратын пестицидтердің (улы химикаттардың) белгілі бір көлемін білдіреді және өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның жүргізуіндегі (қарауындағы) мемлекеттік меншік болып табылады.
4. Пестицидтер (улы химикаттар) қорын өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған пестицидтер (улы химикаттар) қорының нормативтеріне сәйкес өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган құрады.
5. Болжамдалатын өңдеу алаңы азайған жағдайда, ағымдағы жылдың пайдаланылмаған пестицидтер (улы химикаттар) көлемі, алдағы жылдың пестицидтер (улы химикаттар) қорына ауысады.
Өсімдіктер карантині жөніндегі
іс-шараларды жүргізу үшін
пестицитердің (улы химикаттардың)
қорын құру қағидасына қосымша
Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін
пестицитердің (улы химикаттардың) қорының нормативтері
р/с |
Карантиндік объектілердің атауы |
Өңделетін алаңның пестицидтер (улы химикаттар) қоры (пайызда), дейін |
Карантиндік зиянкестер |
||
1 |
Grapholitha molesta (Busck.) – |
30 |
2 |
Quadraspidiotus perniciosus (Comst.) – |
100 |
3 |
Pseudococcus comstocki Kuw. – |
30 |
4 |
Hyphantria cunea Drury. – |
30 |
5 |
Myiopardalis pardalina Big – |
30 |
6 |
Lymantria dispar L.(asian race) – |
30 |
Карантиндік арамшөптер |
||
7 |
Ambrosia artemisiifolia (L.) – |
10 |
8 |
Ambrosia psilostachya (D.C.) – |
10 |
9 |
Acroptilon repens (D.C.) – |
10 |
10 |
Solanum rostratum Dun. – |
10 |
11 |
Cuscuta sp.sp – |
10 |