Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11299 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-1 бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      _____________ Мамытбеков А.

      2015 жылғы 8 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика Министрінің
2015 жылғы 28 ақпандағы
№ 161 бұйрығымен бекiтiлген

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын
ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен
ауыз су беру жөнiндегi көрсетілетін қызметтер құнын
субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 37-1-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралым заңда көзделген қаражат есебiнен және шегiнде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру (бұдан әрі - Сумен жабдықтау жүйелерi) жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) су берушi – ауыз су беру жөнiнде сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiне қызмет көрсететiн және су шаруашылығы жүйелерi қызметтерiн көрсету жөнiндегi табиғи монополия субъектiсi болып табылатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;

      2) су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға.

2. Субсидия алушылар

      3. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-9) тармақшасына сәйкес су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген тізім бойынша сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөнінде субсидиялауды жүзеге асырады.

      4. Субсидиялар су ресурстарын коммерциялық мүдделерге пайдалануды қоспағанда, ішетін су бойынша өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін су пайдаланушыларға (халыққа) көрсетілген қызметтердiң құнын арзандату үшін сумен жабдықтау жүйесіне қызмет көрсететін су берушілерге төленеді.

3. Субсидия алу шарттары

      5. Сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алу үшін су беруші:

      1) 1 ақпанға дейін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) құрылыс немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген субсидияларды ескеріп, берілетін ауыз су көлемін, көрсетілетін қызметтерге ақыны және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ауыз су беру жөніндегі қызметтерге бекіткен тарифті көрсете отырып, тариф бойынша ауыз су беруге арналған шарт жасалатын су пайдаланушылардың (халықтың) тізбесін (өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін қоспағанда) (бұдан әрі – су пайдаланушылардың тізбесі) ұсынады;

      2) осы Қағидаға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген және үш данада (су беруші, су пайдаланушы, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы үшін) жасалған субсидияларды ескеріп, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде қызметтер көрсету актілерімен қоса бере отырып, су пайдаланушылар бөлінісінде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ай сайын субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін береді.

4. Субсидияны есептеу тәртібі

      6. Субсидиялар су берушiлерге елді мекендердегі бір тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік үлестік су тұтыну шегінде субсидияларды ескере отырып, тарифтер бойынша су пайдаланушылардың бөлiнген нүктелерiне ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн төленедi.

      7. Сумен жабдықтау жүйелерiнен топтық су құбырлары және оқшау жүйелері бөлінісінде су берушілер үшін берілген ауыз судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін, бір тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік үлестік су тұтыну шегінде Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған, тиісті қаржы жылдарына арналған субсидиялар мөлшерін табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің айырмасы ретінде:

      1) үйлері немесе пәтерлері ішкі сумен жабдықталған, жеке су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 30 (отыз) теңгені;

      2) теңгерімдік тиесілілігі шегінде орналасқан және бірыңғай су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған сумен жабдықтау желілерін пайдаланатын су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 40 (қырық) теңгені;

      3) бұдан әрі тазалауды және оны ауыз су су тұтыну жағдайына дейін жеткізуді қажет ететін, 1 (бір) текше метр суға 0 (нөл) теңгені шегергенде белгіленген лимиттің шегінде кепілдік берілген сапада ауыз су беру жөнінде көрсетілген қызметтер үшін белгілейді.

5. Субсидияны төлеу тәртібі

      8. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы:

      ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн және төлемге шоттарды алған күнiнен бастап жұмыс он күн мерзiмде оларды субсидияларды төлеу үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарына ұсынады;

      су пайдаланушылар бөлiнiсiнде ұсынылған субсидиялар ескерiле отырып, жиынтық тiзiлiмiн, осы Қағиданың 9-тармағына сәйкес қызметтер көрсетудi негiздейтiн құжаттарды ай сайын тексередi және алған күнiнен бастап он күн мерзiмде бекiтедi;

      есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне дейiн субсидиялардың тиесiлi сомаларын су берушiлердiң есеп шоттарына аударады.

6. Субсидиялау жөнінде есеп беру

      9. Тоқсан сайын облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай, бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес төленген субсидиялар көлемі туралы есеп пен субсидиялардың нысаналы пайдаланылғанын көрсететін басқа да есептерді береді.

  Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз
көздерi болып табылатын ерекше маңызды
топтық және оқшау сумен жабдықтау
жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi
көрсетілетін қызметтер құнын
субсидиялау Қағидасына 1 қосымшасы

      Нысаны

      "БЕКІТЕМІН"

      Облыстық (республикалық маңызы

      бар қаланың, астананың) энергетика

      және тұрғын үй-коммуналдық

      шаруашылығы басқармасы

      ___________________________________

      20____ жылғы "____" _______________

Су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi көрсетілетін қызметтердің жиынтық тізілімі

      ________________________ 20 жылғы _____

      (су берушінің атауы) (ай)

р/с

Су пайдаланушылардың атауы

Су беру лимиті мың текше метр

Берілген су, мың текше метр

Бекітілген тариф 6 1000 текше метр үшін теңге

Жыл басынан бері

Оның ішінде есепті айда

1

2

3

4

5

6


      кестенің жалғасы

Көрсетілген қызметтердің құны, теңге

Субсидиялар мөлшері (тарифтік сметаларда ескерілген шығындардың %-ы) теңге

Жыл басынан бері субсидиялар төленді, теңге

Төленуге тиіс, теңге

Жыл басынан бері

Оның ішінде есепті айда

Жыл басынан бері

Оның ішінде есепті айда



7

8

9

10

11

12


      Су беруші _____________________________________________________

      Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы бекіткен су пайдаланушылар тізбесіндегідей ретпен келтіріледі.

  Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз
көздерi болып табылатын ерекше маңызды
топтық және оқшау сумен жабдықтау
жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi
көрсетілетін қызметтер құнын
субсидиялау Қағидасына 2 қосымшасы

      Нысаны

Нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізулер туралы қорытынды есеп

      20___ ж. "___" __________

      Мемлекеттік органның атауы:________ облысының әкімдігі

      Нысаналы трансферттің атауы: Ағымдағы нысаналы трансферттер

      Есеп кезеңі:________ жыл

      Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражаттар сомасы: ___мың теңге

      Бюджеттік бағдарламаның атауы және коды:

№р/с

Тікелей нәтиже

Көрсеткіштер атауы

(жоспардағы іс-шаралар)

Іс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы

Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері

Жоспар мың теңгемен

Факті мың теңгемен

Ауытқуы мың теңгемен

1

Ауыз судың ___ мың м3 көлемінде субсидиялаудың дифференциалды мөлшері бойынша ауыз суды үздіксіз беру


-

______

______

-
















Түпкілікті нәтиже

р/с

Жоспарланған көрсеткіштер

(іс-шаралар)

Нәтижелерге нақты қол жеткізу

Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері

1

_______ облысы бойынша _ елді мекеннің тұрғындарын кепілдендірілген сапада және қажетті мөлшерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету (қолайлы бағалар бойынша)


-

2

_______ адамды қамти отырып, ______ облысының тұрғындары үшін ауыз суды беру бойынша қызмет құнын төмендету


-


      М.О.

      ___ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі _________

      Бірінші басшы - төмен тұрған

      бюджеттің бюджеттік

      бағдарламалар әкімшісі ____________