Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-1 бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________ Мамытбеков А.
2015 жылғы 8 мамыр
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 бұйрығымен бекiтiлген |
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын
ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен
ауыз су беру жөнiндегi көрсетілетін қызметтер құнын
субсидиялау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 37-1-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралым заңда көзделген қаражат есебiнен және шегiнде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру (бұдан әрі - Сумен жабдықтау жүйелерi) жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) су берушi – ауыз су беру жөнiнде сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiне қызмет көрсететiн және су шаруашылығы жүйелерi қызметтерiн көрсету жөнiндегi табиғи монополия субъектiсi болып табылатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;
2) су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға.
2-тарау. Субсидия алушылар
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-3/297 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бойынша сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беруді субсидиялауды жүзеге асырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11332 болып тіркелген).
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Субсидиялар су ресурстарын коммерциялық мүдделерге пайдалануды қоспағанда, ішетін су бойынша өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін су пайдаланушыларға (халыққа) көрсетілген қызметтердiң құнын арзандату үшін сумен жабдықтау жүйесіне қызмет көрсететін су берушілерге төленеді.
3-тарау. Субсидия алу шарттары
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алу үшін су беруші:
1) 1 ақпанға дейін облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) құрылыс немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген ауыз су беруге арналған шарт жасалатын су пайдаланушылардың (халықтың) тізбесін (су ресурстарын коммерциялық мүдделерде пайдаланатын су пайдаланушыларын қоспағанда су пайдаланушыларын қоспағанда) ұсынады;
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген және үш данада (су беруші, су пайдаланушы, облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы үшін) жасалған ауыз су беру жөнінде көрсетілген қызметтер көрсету актілерімен қоса бере отырып, су пайдаланушылар бөлінісінде облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай субсидиялауды ескере отырып, су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi көрсетілетін қызметтердің жиынтық тізілімін (бұдан әрі - жиынтық тізілімі) ұсынады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Субсидияны есептеу тәртібі
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Субсидиялар су берушiлерге елді мекендердегі бір тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік үлестік су тұтыну шегінде субсидияларды ескере отырып, тарифтер бойынша су пайдаланушылардың бөлiнген нүктелерiне ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн төленедi.
7. Сумен жабдықтау жүйелерiнен топтық су құбырлары және оқшау жүйелері бөлінісінде су берушілер үшін берілген ауыз судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін, бір тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік үлестік су тұтыну шегінде Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған, тиісті қаржы жылдарына арналған субсидиялар мөлшерін табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің айырмасы ретінде:
1) үйлері немесе пәтерлері ішкі сумен жабдықталған, жеке су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 30 (отыз) теңгені;
2) теңгерімдік тиесілілігі шегінде орналасқан және бірыңғай су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған сумен жабдықтау желілерін пайдаланатын су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 40 (қырық) теңгені;
3) бұдан әрі тазалауды және оны ауыз су су тұтыну жағдайына дейін жеткізуді қажет ететін, 1 (бір) текше метр суға 0 (нөл) теңгені шегергенде белгіленген лимиттің шегінде кепілдік берілген сапада ауыз су беру жөнінде көрсетілген қызметтер үшін белгілейді.
5-тарау. Субсидияны төлеу тәртібі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы:
ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн және төлемге шоттарды алған күнiнен бастап жұмыс он күн мерзiмде оларды субсидияларды төлеу үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарына ұсынады;
су пайдаланушылар бөлiнiсiнде ұсынылған субсидиялар ескерiле отырып, жиынтық тiзiлiмiн, осы Қағиданың 9-тармағына сәйкес қызметтер көрсетудi негiздейтiн құжаттарды ай сайын тексередi және алған күнiнен бастап он күн мерзiмде бекiтедi;
есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне дейiн субсидиялардың тиесiлi сомаларын су берушiлердiң есеп шоттарына аударады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6-тарау. Субсидиялау жөнінде есеп беру
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 445№ 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай, бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төленген субсидиялар көлемдері туралы есепті ұсынады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiнде 20____ жылғы _______________ішінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі (су берушінің атауы) (ай)
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № | Су пайдаланушылардың атауы | Су беру лимиті мың текше метр | Берілген су, мың текше метр | Бекітілген тариф, 1000 текше метр үшін теңге | |
Жыл басынан бері | оның ішінде есептік ай ішінде | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы
Көрсетілген қызметтердің құны, теңге | Субсидиялар мөлшері (тарифтік сметаларда ескерілген шығындардың %-ы) теңге | Жыл басынан бері субсидиялар төленді, теңге | Төленуге тиіс, теңге | ||
Жыл басынан бері | оның ішінде есептік ай ішінде | Жыл басынан бері | оның ішінде есептік ай ішінде | ||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Су беруші _____________________________________________________
Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бекіткен су пайдаланушылар тізбесіндегідей тәртіпте келтіріледі.
Төленген субсидиялар көлемі туралы 20 жылғы "__"_____________
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік органның атауы:__________________________________
Нысаналы трансферттің атауы: Ағымдағы нысаналы трансферттер
Есеп кезеңі:________ жыл
Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражаттар сомасы: ___мың теңге
Бюджеттік бағдарламаның атауы және коды:______________________
____________________________________________________________
№ | Тікелей нәтиже | ||||||||
р/с | Көрсеткіштер атауы (жоспардағы іс-шаралар) | Іс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы | Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері | Жоспар мың теңге | Нақты мың теңге | Ауыт-қуы мың теңге | |||
1 | Ауыз судың ___ мың м3 көлемінде субсидиялаудың сараланған мөлшері бойынша ауыз суды үздіксіз беру | ||||||||
№ | Түпкілікті нәтиже | ||||||||
р/с | Жоспарланған көрсеткіштер (іс-шаралар) | Нәтижелерге нақты қол жеткізу | Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері | ||||||
1 | _______ облысы бойынша _______ елді мекеннің тұрғындарын кепілдендірілген сапада және қажетті мөлшерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету (қолайлы бағалар бойынша) | ||||||||
2 | _______ адамды қамти отырып, ______ тұрғындары үшін ауыз суды беру бойынша қызметтің құнын төмендету |
М.О.
___ облысының (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкімі
Бірінші басшы
Төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ____________