"Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 маусымда № 11203 тіркелді

Жаңартылған

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті (С.С. Сайынов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі                            Қ. Қасымов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      _______________________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы «___» __________________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ________________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 24 сәуір

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің 
2015 жылғы 7 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына    
1-қосымша        

«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөлiністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдау және нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге қажеттi құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтiзбелiк 60 (алпыс) күн;
      2) құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етiлетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру не осы мемлекетік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беруден бас тарту.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға: шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттiк қызметті көрсету кезінде «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 540-бабына сәйкес мемлекеттiк баж салығы алынады, ол мемлекеттiк баж салығын төлену күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінің 10 пайызын құрайды.
      Мемлекеттiк баж екінші деңгейдегі банктер мен төлемнің мөлшері мен күнiн растайтын құжат (түбіртек) беретiн жекелеген банк операциялары түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен жүзеге асырылады.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметің нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн қызметті алушы қызмет берушіге жеке өтінішпен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
      Он алты жасқа толмаған немесе әрекетке қабілетсіз болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының өтінішін ата-анасының бірі немесе заңды өкілі береді.
      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ұлттық паспортының көшірмесі және түпнұсқасы, азаматтығы жоқ адамның құжаты, өтініш беру күніне олардың жарамдылық мерзімі күнтізбелік 180 күннен артық болуы тиіс;
      бірлескен қолдаухат беру кезінде: баланың туу туралы куәлігінің немесе 16 жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы;
      2) шетелдіктің Қазақстан Республикасында болудың заңдылығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) оның азаматтығына мемлекеттің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшiн шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат болуы мүмкін (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында баспана берілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және Қытай Халық Республикасынан этникалық қазақтарды қоспағанда, егер халықаралық шарттармен өзге көзделмесе);
      4) «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес көрсетілетін қызметті аулышының төлем қабілеттілігін растау туралы құжат;
      5) азаматтық тиістілігі және (немесе) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген тұрақты тұратын мемлекетіндегі соттылығы (соттылығының жоқтығы) туралы құжат;
      6) 14-тен 16 жасқа дейінгі баланың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға нотариалды куәландырылған келісімі;
      7) баспана ұсыну туралы жеке немесе заңды тұлғамен шарт не көрсетілетін қызметті алушының тұруына және тұрақты тіркеу есебіне қоюға нотариалды расталған келісім;
      8) Қазақстан Республикасының медициналық мекемесі берген шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;
      9) өлшемi 35x45 мм 4 фотосурет (фотосурет өтініш берушінің жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлуі және адамның бетi фотосуреттiң жалпы алаңының 75%-ға жуығын алуы тиiс);
      Қағиданың 9-тармағындағы 3), 4), 5), 7), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды беру күні күнтізбелік 90 күннен аспауы тиіс.
      3), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1350 болып тіркелген, «Консулдық заңдастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына сәйкес Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер жөніндегі құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы 1993 жылғы 31 наурыздағы конвенцияға қосылған елдерді қоспағанда, дипломатиялық өкілдіктерді, шет елдегі консулдық мекемлерде немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінде заңдастырылады немесе апостиль қойылады.
      1974 жылғы үлгідегі паспорты бар Қазақстан Республикасының аумағында тұратын не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын шетелдіктер мынадай құжаттарды:
      Тұруды не Қазақстан Республикасында тіркелуді растайтын құжатты (еңбек кітапшасын, азаматтарды тіркеу кітабы, туу, неке қию туралы куәлікті, аттестатты немесе білімі туралы дипломды және т.б,) қосымша ұсынады;
      Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары тұрғылықты жері бойынша сұрау салудың нақты хаттамасын жасайды, онда тексерілетін адамдар қашан және қайда туғандары, олар туған сәтте ата-аналарының азаматтығы, Қазақстан Республикасына қашан және қандай құжаттар бойынша келгені, туысқандарының қайсысы және қайда тұрғаны немесе қазіргі уақытта қайда тұратыны, олардың азаматтығы және жағдайларға байланысты басқа да мәселелер көрсетілуі қажет.
      Құжаттарды қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға беру күнін көрсете отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұрақты тұруға арналған рұқсат беруге құжаттар қабылданғаны туралы талон беріледі.
      10. Мыналар:
      1) заңсыз келген, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалаудағы;
      2) сотталғанға дейiн тұрақты тұратын жерi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;
      3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;
      4) этникалық қазақтарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған бұрынғы отандастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негiзiнде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу құқығы бар адамдар мен олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерлерде өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растауды ұсынбағандар;
      5) Қазақстан Республикасында шетелдіктің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бірнеше рет бұзған;
      6) ұлтаралық және дiни араздықты тұтандыратын;
      7) әрекеттерi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған;
      8) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырған;
      9) ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшiн соттылығы үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығы барлар;
      10) ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремизмге немесе террористік қызметке қатыстылығы туралы мәліметтер болған жағдайда;
      11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтінішпен жүгiнген кезде жалған құжаттар ұсынған не өзi туралы жалған мәлiметтер хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде қажеттi құжаттарды дәлелсiз себептермен ұсынбаған;
      12) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру сәтiнде Қазақстан Республикасынан бес жылдың iшiнде шығарылған;
      13) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
      14) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алған және тұрақты тұруға рұқсат берілген күннен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз тұрып жатқан;
      15) Қазақстан Республикасында тұрған алғашқы бес жылдың ішінде оралман мәртебесін алған кезде қоныстандыру үшін белгіленгене өңірден тыс жерлерге оралман өзінің еркін қалауымен өз бетінше ішкі көшіп-қонған жағдайды;
      16) Қазақстан Республикасының азаматтарымен некелескен, осы некесі тұруға ықтирхат алу үшін негіз болған, егер бұл неке заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылса;
      17) Қазақстан Республикасына кiру үшiн қарсы көрсетiлiм болып табылатын аурулары бар қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 28.01.2016 № 84 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік, 1 даңғылы.
      Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымды тіркеу (мөртаңба, кірісі нөмірі мен күні) шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш білдіре алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары Министрліктің mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Iшкi iсте органдарының қызметi туралы» бөлiмде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжетімділік режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ
адамдарды тiркеу және Қазақстан
Республикасында тұрақты тұруға
рұқсат беру» мемлекеттiк  
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша          

нысан

________________________________
________________________________
________________________________

Өтініш берушінің Т.А.Ә.(ол болған жағдайда) (ІІД, ІІБ бөлінісінің атауы) болатын жерінің мекенжайы

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат/не рұқсат
беруден бас тарту

Сізге
_____________________________________________________________________
      (шешім қабылдаған орган, шешім қабылданған күн
_____________________________________________________________________
          және нөмірі көрсетілсін)
___________________________________________________________ шешімімен
      (заңның бабы, бөлігі, тармағы көрсетілсін)
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат етілгенін/рұқсат беруден бас тартылғанын/тұруға ықтиярхаттың жарамдылық мерзімі ұзартылғанын хабарлаймын (қажет емесі сызылсын)
Тұруға ықтиярхатты ресімдеу/тұруға ықтиярхаттың жарамдылық мерзімін ұзарту үшін Сізге
_____________________________________________________________________
      (ІІД, ІІБ мекенжайы, қабылдау күндері
_____________________________________________________________________
және қабылдау сағаттары, қызметкердің Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))
_______________________________________________ өтініш білдіру қажет.
ІІД, ІІБ көші-қон полициясы бөлінісінің
(бөлімінің, бөлімшесінің) бастығы
_______________________________________ _____________________
  (арнаулы атағы, тегі, аты-жөні)               (қолы)

20__ жылғы «___» ______________________ М.О.

«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ
адамдарды тiркеу және Қазақстан 
Республикасында тұрақты тұруға 
рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына       
2-қосымша            

нысан

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш

_____________________________________________________________________
         (ішкі істер органының (ІІД, ІІБ, АІІБ) атауы)
Тіркеу нөмірі _______________________________________________________
                  (уәкілетті лауазымды адам толтырады)

Фотосуреттің
орны
(35 x 45 мм)

      Маған және/немесе менің ұлыма, менің қызыма, менің асырап алған балама/менің қамқорлығым (қорғаншылығым) белгіленген балаға/мемлекеттің қамқорлығындағы балаға (қажет емесі сызылсын) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруді сұраймын.
      20__ жылғы «___» _______ бастап 20__ жылғы «___» ________ дейін
_________________________ мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасында уақытша тіркелгенмін.

Осы өтінішпен жүгінуге себеп болған уәждер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Өтініш беруші туралы мәліметтер

1. Тегі, аты (аттары), әкесінің аты (ол болған жағдайда) ____________
_____________________________________________________________________
(тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен жағдайда бұрынғы тегін, атын,
әкесінің атын (ол болған жағдайда),
_____________________________________________________________________
өзгерту себебі мен күнін көрсетсін, жеке басын куәландыратын құжатқа
      сәйкес тегі мен аты орыс және)
_____________________________________________________________________
      (латын алфавиттерінің әріптерімен жазылады)
2. Туған күні, айы, жылы және жері __________________________________
_____________________________________________________________________
3. Қазіргі уақытта қандай шет мемлекеттің азаматтығы (тиесілігі) бар
(бұрын болды ма) ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (қайда, қашан және қандай негізде алынды, айырылды)
4. Жынысы ___________________________________________________________
                (ер, әйел)
5. Жеке басын куәландыратын құжат ___________________________________
                                 (құжаттың нөмірі және сериясы, кім
_____________________________________________________________________
             және қашан берді)
6. Ұлты _____________________________________________________________
             (қалауы бойынша көрсетіледі)
7. Діни нанымы ______________________________________________________
                 (қалауы бойынша көрсетіледі)
8. Қазақстан Республикасының аумағында тудыңыз ба және КСРО
азаматтығында тұрдыңыз ба немесе Қазақстан Республикасының аумағында
тудыңыз (қажет емесі сызылсын) ______________________________________
                          (көрсетілген мәліметтерді растайтын құжат)
9. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған еңбекке жарамсыз
ата-анаңыз бар ма ___________________________________________________
           (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні,
_____________________________________________________________________
      еңбекке жарамсыздығын растайтын құжат)
10. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат және тұруға
ықтиярхат беру туралы бұрын өтінішпен жүгіндіңіз бе
_____________________________________________________________________
(егер иә болса, қашан және қандай органға, қандай шешім қабылданды)
11. Отбасы жағдайы _____________________________________________________________________
            (үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмысқа шықпаған),
_____________________________________________________________________
ажырасқан, неке қию (бұзу) туралы куәлік, берілген күні және орны)
12. Кәмелеттік жасқа толмаған (оның ішінде асырап алынған,
қамқорындағы, қарамағындағы) балаларын қоса алғанда, Қазақстан
Республикасының аумағында уақытша тіркеуі бар отбасы мүшелері:

Өтініш берушіге қатысы

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған жылы және жері

Азаматтығы (тиесілігі)

Тұратын, оқитын жерінің мекенжайы

Жұмыс орны







13. Оқуын қоса алғанда, еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Күні (айы және жылы)

Мекемені көрсете отырып лауазымы, жұмысқа қабылдануы, жұмыстан шығуы

Жұмыс орнының мекенжайы







14. Өтініш берген күннің алдындағы жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан
аралығындағы табысының түрі және көлемі

1

Табыс түрі


2

Табысының көлемі (теңгемен, шетелдік валютамен)


3

Негізгі жұмыс орны бойынша табысы


4

Өзге де қызметтен табысы


5

Банктегі салымынан табысы


6

Бағалы қағаздадан және коммерциялық ұйымдарда қатысу үлесінен табысы


7

Зейнетақысы, стипендиясы және өзге әлеуметтік төлемдері немесе табысы (қандай екені көрсетілсін)


15. Жеке сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса)
_____________________________________________________________________
(куәлігінің нөмірі, берген күні мен орны, оны берген органның атауы)
16. Сіз Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік елден шығаруға не болмаса өтініш берудің алдында бес жыл ішінде елден қууға ұшырадыңыз ба _________________________________________________
                     (егер ұшырасаңыз, неше рет және қашан)
17. Сіз ауыр немесе аса ауыр қылмыс не болмаса қауіпті деп танылған қылмысты қайта жасағаныңыз үшін заңды күшіне енген сот үкімімен сотталдыңыз ба ______________________________________________________
                    (егер сотталсаңыз,
_____________________________________________________________________
            неше рет және қашан)
18. Қазақстан Республикасының аумағында не болмаса одан тыс жерлерде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаныңыз үшін жабылмаған немесе алынбаған соттылығыңыз бар ма _______________________________________
                               (егер болса, неше рет және қашан)
_____________________________________________________________________
19. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу (тұру) режимін қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаныңыз үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылдыңыз ба
_____________________________________________________________________
      (егер тартылсаңыз, неше рет және қашан)
20. Адамның иммунитеті тапшылығы вирусымен туындайтын аурумен, нашақорлықпен, айналадағылар үшін қауіпті болып табылатын жұқпалы аурумен ауырмайсыз ба _______________________________________________
                  (егер ауырсаңыз, нақты қайсысымен)
_____________________________________________________________________
21. Ата-анасы Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы рұқсат алған кезде жазылатын/дербес рұқсат алатын бала туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, азаматтығы)
_____________________________________________________________________
Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, азаматтығы, тұрғылықты жері) ______________
22. Уақытша тұратын жерінің мекенжайы, телефоны _____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын:

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Маған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабымен көзделген жағдайларда рұқсат беруден бас тартылуы не болмаса берілген тұруға ықтиярхаттың күші жойылуы мүмкін екені туралы ескертілді. Ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалығын және жазылған мәліметтердің шынайылығын растаймын.

20__ жылғы «___» _________________________.
_______________________ _____________________________________________
(өтініш берліген күні) (өтініш берушінің қолы, лауазымды адам болған
             кезде қойылады)

20__ жылғы «___» _________________________ өтініш қарауға қабылданды.

Өтініштің толтырылғанының дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар-жоғын тексердім, өтінішке мен болған кезде қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын растаймын ___________________________
             (арнайы атағы (егер бар болса),
_____________________________________________________________________
құжатты қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның лауазымы, тегі,
          аты-жөні)

___________________________
(лауазымды адамның қолы)

      Өтініш қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз қолмен немесе техникалық құралдарды (жазу машинкалары, компьютерлер) пайдалана отырып толтырылады.
      Сұрақтарға жауап жан-жақты болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.
      Өтінішті қабылдаған көші-қон полициясы бөлінісінің мөртабаны қойылады.
      Осы тармақты толтырған кезде мекемелердің атауы өтініш беруші сонда жұмыс істеген кезеңде қалай аталса солай аталуы тиіс.
      Егер өтініш беруші заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкер болып табылса, онда тіркеу туралы туралы куәліктің нөмірі, тіркеген органның атауы және берілген орны көрсетіледі.
      Егер өтініш берушіге зейнетақы тағайындалса, зейнетақы түрі, зейнетақы куәлігінің нөмірі, оны кім және қашан бергені көрсетіледі.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен күзетілетін құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
      20 __ жылғы «__» ____ __________ (қолы)

«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ
адамдарды тiркеу және Қазақстан
Республикасында тұрақты тұруға 
рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына      
3-қосымша           

нысан

Тұрақты тұруға арналған
рұқсат беруге құжаттарды қабылдау туралы
№ ________ ТАЛОН

_____________________________________________________________________
    Өтініш берушінің Т.А.Ә.(ол болған жағдайда)

Қабылданған құжаттар тізбесі:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
5. __________________________________________________________________
6. __________________________________________________________________
7. __________________________________________________________________
8. __________________________________________________________________
9. __________________________________________________________________
 

Қабылдаған:_________________________________________________________/
                    (ІІД КҚПБ қызметкерінің лауазымы)

______________/______________________________________________________
(қолы)          Т.А.Ә. (ол болған кезде)
20_______ ж. «___» _______________________

Берілген күні және уақыты: ______ жылғы «___» _______ __ сағ. __ мин.

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына   
2-қосымша      

«Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің
тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 28.01.2016 № 84 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      Дайын құжаттарды беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты:
      көрсетілетін қызметті берушіде – 30 (отыз) минут;
      Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты:
      көрсетілетін қызметті берушіде – 30 (отыз) минут;
      Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі – азаматтығы жоқ адамның куәлiгі және шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сеніп тапсырылған адамы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз түрінде.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға: шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету кезінде «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 540-бабына сәйкес мемлекеттiк баж салығы алынады, ол:
      - азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ресiмдеу кезiнде - мемлекеттiк бажды төлеу күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнің 400 пайызын;
      - шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат ресiмдеу кезiнде - мемлекеттiк бажды төлеу күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнің 20 пайызын құрайды.
      Мемлекеттік корпорацияда төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады, олар төлем мөлшері мен күнiн растайтын құжат (түбіртек) береді.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) қөрсетілетін қызметті беруші - дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, сенбі күні 9-00-ден 13-00-ге дейін жұмыс істейді, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн жүзеге асырылады.
      2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскі асқа үзіліссіз белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді.
      Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша жылдам қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажетті құжаттардың тізбесі:
      Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхатты ресімдеу үшін:
      1) жарамды ұлттық паспорт;
      2) көші-қон полициясы бөлінісі берген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат;
      3) мемлекеттiк бажды төлегенi туралы түбіртек (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда);
      4) өлшемi 3,5 х 4,5 см. екі фотосурет (қағаз түрінде);
      азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ресімдеу үшін:
      1) мемлекеттiк бажды төленгенi туралы түбіртек (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда);
      2) өлшемi 3,5 х 4,5 см. үш фотосурет;
      3) мына құжаттардың бірі:
      жарамдылық мерзiмi аяқталған шетелдік паспорт (азаматығы тиесілі елдің елшілігі болмаған кезде);
      азаматтығы жоқ адамның куәлiгi (азаматтығы жоқ адамның келу елінің куәлігі және бұрын берілген құжаттың беру мерзімі өткен кезде құжатты қайта рәсімдеу кезінде);
      1974 жылғы үлгідегі паспорт (басқа мемлекеттің құзыретті органы берген келу елінің азаматтығының жоқтығы туралы анықтамасы болған кезде);
      әскери билет;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;
      Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу және азаматтығын өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтықты өзгерту туралы анықтама;
      туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарға ресімдеу кезінде);
      Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері беретін оралу куәлігі (шетелде уақытша жүрген азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоғалған кезде).
      «Азаматтығы жоқ адамдарды және шетелдіктерді тіркеу және құжаттандыру» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыны фотосуретке түсіруді көрсетілетін қызметті беруші халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және ақы төлеусіз жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының фото бейнесі суретке түсіру арқылы электрондық формулярға, көрсетілетін қызметті алушының қолы – қол қою сканері арқылы енгізіледі.
      Құжаттарды қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдерді тіркеу талоны беріледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен күзетілетін құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруді жеке куәлігін ұсынған кезде (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтиженін алуға келмесе, Мемлекеттік корпорация дайындалған күнінен бастап бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге жою үшін береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының,
Мемлекеттік орпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік, 1 даңғылы беріледі.
      11. Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымды қабылдауды растау оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаушының тегі мен атын, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртаңба, кірісі нөмірі мен күні) болып табылады.
      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш білдіре алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне келіп түскен шағым орталықтың басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі.
      Орталықтың қолма-қол, сондай-ақ почтамен келіп түскен шағымды қабылдағанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кірісі нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Дене функциясының қатаң ауытқушылығы бар, өз-өзіне қызмет көрсетуден қабілетінен немесе мүмкіндігінен, өздігінен қозғалуынан толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға құжаттарды қабылдауға бағыттауға, мемлекеттік қызмет көрсетуді 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары:
      1) «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде www.mvd.gov.kz:
      2) www.con. gov.kz. интернет-ресурстарында орналастырылады.
      15. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинет» арқылы алыстатылған кіру режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығында алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анқытамалық қызметтің байланыс телефондары, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелрі бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын
шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша               

                                                                нысан

Өтінімдерді тіркеу талоны

1. __________________________________________________________________
             (ХҚТ ТП пунктінің коды мен орналасқан орны)
2. __________________________________________________________________
                 (анықтама үшін төлефон нөмірі)
3. __________________________________________________________________
               (өтінімді тіркеу талонының нөмірі)
4. __________________________________________________________________
      (көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі және тіркеу күні)
5. __________________________________________________________________
      (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің
                    аты (бар болса) және туған күні)
6. __________________________________________________________________
      (беру үшін құжат-негіз: түрі, нөмірі, берген күні, беру органы)
7. __________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушы тапсыратын мемлекеттік қызмет)
8. __________________________________________________________________
        (тапсыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметті
                        алушының құжаттары)
9. __________________________________________________________________
                  (мемлекеттік қызметті алған күні)

«Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын
шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша               

                                                                нысан

__________________________ бастығына
(ішкі істер органының атауы)        
____________________________ тұратын
(тұрақты тіркелген мекенжайы)      
азамат ______________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Өтініш

      Мен, __________________________________________________________
                тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні
атқапараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

20___жылғы «____»________________.
_____________________________________________________________________
      (азаматтың қолы) азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

(мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған күні)

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына 
3-қосымша     

«Қазақстан Республикасының азаматтығын
алуды және одан шығуды тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөлiністері (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 6 (алты) ай, жеңілдетілген тәртіппен – 3 (үш) ай;
      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы анықтама беру;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама беру;
      3) осы мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болып табылады.
      7. Мемлекеттiк қызмет жеке адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттiк қызметті көрсету кезінде «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 538-бабына сәйкес мемлекеттiк баж алынады, ол мемлекеттiк баж төлеу күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінiң 100 пайызын құрайды.
      Мемлекеттiк бажды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, олар төлем мөлшерi мен күнiн растайтын құжат (түбіртек) бередi.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау үшін:
      ерікті нысандағы азаматтыққа қабылдау туралы өтініш;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
      өмірбаян;
      3,5 х 4,5 см форматында төрт фото сурет;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттеме;
      соттылығының бар не жоғы туралы анықтама;
      мемлекеттік баж салығын төлеу немесе оны төлеуден босатылғаны туралы анықтама;
      басқа мемлекеттік құзыретті органы берген бұрынғы азаматтықтың болмауы немесе тоқтатылуы туралы анықтама.
      Санамаланған құжаттармен қатар:
      туу туралы куәлік және өтініш иесінің азаматтықты қайта қалпына келтіру туралы өтінішке - Қазақстанның азаматтығына бұрын тиесілігін куәландыратын құжат;
      бейінді мемлекеттік органнның өтінішхаты - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 6-қосымшаға сәйкес кәсіптің тізбе талаптарына және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі белгіленген адамдар үшін талаптарға жауап беретін адамдар;
      бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініш және оралманның куәлігі – тарихи отаны ретінде Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін қайта оралған адамдар;
      Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген, Қазақстан Республикасында тұрған мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтары – жақын туысқандарының бірі: баласы (оның ішінде асырап алған), жұбайы (зайыбы), ата-анасының (асырап алушының) бірі, әпкесі, қарындасы, сіңлісі, ағасы, інісі, атасы немесе әжесі бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық дәрежесін куәландыратын құжаттарды – туу туралы куәлік, неке туралы куәлік;
      осы оқу орында оқу фактісін растайтын жоғары оқу орнынан анықтама және жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтардың ұлтын растайтын құжат;
      Құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу үшiн:
      еркін нысанда жазылған қазақстандық азаматтықтан шығу туралы арыз;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-арыз;
      өмірбаян;
      өлшемi 3,5 х 4,5 см үш фотосурет;
      балалардың туу туралы және неке куәліктерінің көшірмелері;
      әскерге шақырылатын жастағы адамды мерзiмдi әскери қызмет өткеруден босату туралы қорғаныс істері жөніндегі аумақтық департаменттен анықтама;
      жұмыс, оқу орнынан, сондай-ақ – аумақтық атқарушылық іс жүргізу органынан мемлекет алдында орындалмаған міндеттемелерінің не азаматтардың, мемлекеттік органдардың және меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың мүдделерiне байланысты мүлiктiк мiндеттерiнiң болуы немесе жоқ екенi туралы анықтама;
      осы адамдардың материалдық және басқа да шағымдарының жоқтығы туралы нотариалды куәландырылған өтініші (Қазақстан Республикасында жұбайы (зайыбы) немесе оның асырауындағы адамдар бар болса);
      мемлекеттiк бажды төлегенi немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 28.01.2016 № 84 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және азаматтығын қалпына келтіру кезінде, егер көрсетілетін қызметті алушы:
      1) халықаралық құқықта көзделген адамзатқа қарсы қылмыс жасаған, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне саналы түрде қарсы шыққан;
      2) Қазақстан Республикасы аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырған;
      3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне, халқының денсаулығына нұқсан келтiретiн құқыққа қарсы қызметті жүзеге асырған;
      4) ұлтаралық және дiни араздықты қоздырған, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тiлiнiң қолданылуына қарсы әрекет жасаған;
      5) террористiк және экстремистік ұйымдардың құрамында тұрған немесе террористiк қызмет үшiн сотталған;
      6) халықаралық іздестіруде жүрген, соттың күшіне енген үкімі бойынша жаза өтеп жатқан не оның әрекеттерін сот ерекше қауiптi рецидив деп таныған;
      7) басқа мемлекеттердiң азаматтығында тұрған;
      8) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтініш берген кезде өзі туралы жалған мәліметтерді хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен ұсынбаған;
      9) Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасында қасақана деп танылатын қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығы болған;
      10) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы арызбен өтініш бергенге дейін бес жыл ішінде экономика саласында құқық бұзушылық жасаған;
      11) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы арызбен өтініш бергенге дейін бес жыл ішінде бірнеше рет Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған;
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы арызбен өтініш бергенге дейін бес жыл ішінде «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның 21-бабының 1), 2) және 5) тармақшаларының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 28.01.2016 № 84 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшылығының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы не қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы оның тегін, атын, әкесінің атын, почталық мекенжайын, шығыс нөмірін және күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Қабылданған шағым ішкі істер органдарының жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның/өтініштің қабылданған күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызметті алушыға почта арқылы не қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш білдіре алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсындағы «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қолжетімділік режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

«Қазақстан Республикасының азаматтығын
алуды және одан шығуды тiркеу»      
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                

нысан

Фотосуреттің
орны

Место для фотографии

Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы
№ _____анықтама
Справка о приеме в гражданство Республики Казахстан
№ _____

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (паспортын) алу үшін берілді.
      Выдана для получения удостоверения личности (паспорта) гражданина Республики Казахстан.
Тегі_________________________________________________________________
Фамилия
Аты__________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты (бар болса)_____________________________________________
Отчество (при наличии)
Туған күні___________________________________________________________
Дата рождения
      20____ жылғы «____» ___________ № ______ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, халықаралық келісімге, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңының 16-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданды.
      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, международным Соглашением, со статьей 16-1 Закона РК «О гражданстве Республики Казахстан» № ______ «____» _________ 20___ года принят в гражданство Республики Казахстан.
      Онымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтығына:
_______________________________________________________
_______________________________________________________ балалар қабылданды
Вместе с ним (ней) приняты в гражданство Республики Казахстан дети:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

ІІД КҚПБ бастығы ___________________
Начальник УМП ДВД (қолы-подпись)

М.О.
М.П.

№ _____ анықтаманың түбіртегі
Корешок справки № _____

Тегі_________________________________________________________________
Фамилия
Аты__________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты (бар
болса)_______________________________________________________________
Отчество (при наличии)
Туылған күні_________________________________________________________
Дата рождения
Бұрыңғы азаматтығы___________________________________________________
Прежнее гражданство
      20___ жылғы «___» _________ № _____ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, халықаралық келісімге, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңының 16-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданды.
      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, международным Соглашением, со статьей 16-1 Закона РК «О гражданстве Республики Казахстан» № ___ «___» _________20___ года принят в гражданство Республики Казахстан.

_____________________________________________________________________
(арнайы атағы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); специальное звание, должность, фамилия, имя, отчество (при наличии)) _____________________________
(қолы-подпись)

Хабарламаны алдым, шетелдік паспортты тапсырдым _____________________
Извещение получил, иностранный паспорт сдал        (қолы-подпись)

20___жылғы «____» ___________
«____» ____________ 20___год

М.О.
М.П.

«Қазақстан Республикасының азаматтығын
алуды және одан шығуды тiркеу»    
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша            

нысан

20___жылғы «___» _________
№ ________

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама
Справка о выходе из гражданства Республики Казахстан

Выдана ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________ берілді.
                  (туған жылы - год рождения)
Қазақстан Республикасы Президентінің 20___ жылғы «___» __________ Жарлығына сәйкес оған және оның кәмелетке толмаған балаларына:
В том, что ему (ей) и его (ее) несовершеннолетним детям:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуларына рұқсат берілді.
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан № _____ «___» __________ 20___ года разрешен выход из гражданства Республики Казахстан.

______________________ облысы ІІД КҚПБ бастығы
Начальник УМП ДВД ___________________ области

М.О.
М.П.

«Қазақстан Республикасының азаматтығын
алуды және одан шығуды тiркеу»   
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша           

нысан

____________________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан,
қалпына келтіруден және шығарудан бас тарту туралы
анықтама

      «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Көші-қон полициясы басқармасы (бөлімі) ______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________бас тартады.
      Бас тарту негіздері көрсетіледі

Осы тілхат 2 данада жасалды, әр тарапқа біреуден.

___________________ облысы ІІД КҚПБ бастығы
Начальник УМП ДВД ___________________ области

М.О.

_____________________________________________________________________
     (арнайы атағы, лауызымы, лауазымды адамның тегі, аты-жөні)
_________________________
(лауазымды адамның қолы)

Алдым: Т.А.Ә./өтініш берушінің қолы__________________________________

20__ жылғы «___» _________

«Қазақстан Республикасының азаматтығын
алуды және одан шығуды тiркеу»   
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша              

Нысан

__________________________________________________
(аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің атауы)
__________________________________________________
Тіркеу нөмірі ____________________________________
(лауазымды адам толтырады)

М.О.1

Фотосуреттің орны2

Сауалнама-өтініш3

      Мені Қазақстан Республикасының азаматтығына жалпы, жеңілдетілген тәртіппен қабылдауды немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруді сұраймын (керексізін сызып тастаңыз).

Осы өтінішпен жүгінуге ықпал еткен себептер.

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Менімен бірге біруақытта менің кәмелетке толмаған балаларымды (ұлымды, қызымды, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні мен жері, азаматтығы) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды сұраймын4





Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), азаматтығы, тұрғылықты жері)





____________________________
1Өтінішке өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр төрт сурет қоса беріледі.
2Аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің елтаңбалы мөрі қойылады.
3Өтініш қолмен немесе қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз толтырылады. Сұрақтарға жауап жан-жақты болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.
4Егер жұбайлар Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мәселесі бойынша бір уақытта жүгінсе, балалары ата-анасының бірінің өтінішіне жазылады.

Өтініш беруші туралы мәлімет

1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
               (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген жағдайда
                бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
                өзгертудің себебі мен күні көрсетілсін)
2. Туған күні, айы, жылы мен жері ___________________________________
3. Жынысы ___________________________________________________________
                            (еркек, әйел)

4. Қазіргі уақытта қай шет мемлекеттің азаматтығы бар (бұрын болды)
_____________________________________________________________________
       (қайда, қашан және қандай негізде алынды және айырылды)
5. Бұрын КСРО азаматтығында тұрдыңыз ба? ____________________________
_____________________________________________________________________
(егер иә болса, онда оны тоқтату негізі және күні, көрсетілген мәліметтерді растайтын құжат)
6. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы бұрын өтінішпен жүгіндіңіз бе?__________________________________________________________________
(егер иә болса, онда қашан және қай органға, қандай шешім қабылданды)
7. Бар азаматтықтан бас тарту туралы мәлімет не болмаса міндеттеме5
_____________________________________________________________________
               (көрсетілген мәліметтерді растайтын құжат)
8. Ұлты _____________________________________________________________
9. Діни нанымы ______________________________________________________
                    (қалауы бойынша көрсетіледі)
10. Білімі және білімі бойынша мамандығы, кәсібі ____________________
_____________________________________________________________________
(қай оқу орнын, қайда және қашан бітірді, диплом нөмірі, берілген күні мен орны)
11. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________________
                      (диплом нөмірі, берілген күні, берілген жері)
12. Отбасы жағдайы __________________________________________________
         (үйленген (тұрмыста), үйленбеген (тұрмыста емес), ажырасқан)
_____________________________________________________________________
    (неке (ажырасу) туралы куәлік нөмірі, берілген күні мен орны)
13. Жақын туыстары (күйеуі (әйелі), ата-анасы, балалары, ағасы-інісі, сіңілісі-қарындасы)

Туыстық дәрежесі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы мен жері

Азаматтығы

Тұратын елі мен мекенжайы

Жұмыс, оқу орны





























































14. Қазақстан Республикасының азаматтығы бар еңбекке жарамсыз ата-анасының бар-жоғы
_____________________________________________________________________
(еңбекке жарамсыз ата-анасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның еңбекке жарамсыздығын растайтын құжат)
_____________________________________________________________________
15. Өтінішпен жүгінген күннің алдындағы соңғы бес жылдағы еңбек қызметі (жоғары, орта, орта арнайы және кәсіптік-техникалық білім беру оқу орындарын, әскери қызметті қоса алғанда)6

Күні (айы және жылы)

қабылдау-босату

Кәсіпорынды, мекемені, ұйымды, министрлікті (ведомствоны) көрсете отырып лауазымы

Жұмыс орнының мекенжайы (елі, қала, облыс, елді мекен)

























16. Өтінішпен жүгінген күннің алдындағы жылдың 1 қаңтары – 31 желтоқсаны аралығындағы өмір сүрудің қаражат көзі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрған кезеңдегі барлық қолда бар табыс түрлерін көрсетіңіз).6

Кіріс түрі

Кірістің мөлшері (теңгеде, шетелдік валютада)

1

Негізгі жұмыс орыны бойынша кіріс


2

Басқа әрекеттен кіріс


3

Банктерге және басқа несие ұымдардағы салымдардан


4

Бағалы қағаздардан және коммерциялық ұйымдарға қатысудың бөлігінен


5

Зейнетақылар, стипендиялар және басқа арнайы төлемдер не кірістер (қайндайлары көрсетілсін)


17. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған жағдайда) __________________
18. Қазақ (орыс) тілін білесіз бе? __________________________________
_____________________________________________________________________
(мәліметтерді растайтын құжат, оның нөмірі, берілген күні және орыны)
19. Әскери міндетке қатысы __________________________________________
(әскери міндетті немесе әскери міндетті емес, өтініш берген сәтте шет мемлекетте әскери қызметке немесе баламалы азаматтық қызметке шақырылмаған ба?)
20. Тұруға ықтиярхатпен расталған Қазақстан Республикасының аумағында тұру7
_____________________________________________________________________
              (қай уақыттан бастап, оның ішінде үздіксіз)
Тұрақты тұрған кезеңде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу

Кету

Келу

Келген елі

Сапардың мақсаты

Күні

Шекараны кесіп өткен жері мен көлік түрі

Кеткен елі

Күні

Шекараны кесіп өткен жері мен көлік түрі




































21. Қазақстан Республикасы аумағында тұруға ерекше мәртебенің (оралман мәртебесі, босқын деп тану) бар-жоғы________________________
_____________________________________________________________________
(куәлік түрі, оның нөмірі, алған күні, оны берген органның атауы)
22. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішпен жүгінген күннің алдындағы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге шығарылдыңыз ба?______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(егер иә болса, елден тыс шығарудың себебі көрсетілсін, елден тыс шығару туралы қаулының нөмірі мен күні)
23. Шет мемлекетте әскери қызметте, қауіпсіздік органдарында немесе құқық қорғау органдарында қызметте тұрасыз ба? (тұрдыңыз ба?)________
_____________________________________________________________________
(егер иә болса, онда қашан, қандай кезеңде, соңғы лауазымы, атағы, шені)
24. Қылмыстық жауапкершілікке тартылдыңыз ба ________________________
_____________________________________________________________________
(егер иә болса, тиісті мемлекеттің қылмыстық заңнамасының қандай баптары бойынша, сотталған жағдайда үкімнің көшірмесін қоса бере отырып, бұлтартпау шарасын көрсету)
25. Қылмыс жасағаныңыз үшін шет мемлекеттің құзыретті органдары қылмыстық тәртіпте қудалап жүрген жоқ па? ___________________________
                                                 (иә, жоқ)
26. Тұрғылықты мекенжайы, телефоны __________________________________
27. Жеке басын куәландыратын құжат __________________________________
                                 (құжат нөмірі, қашан және кім берді)
Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және жазылған деректердің дұрыстығын растаймын
____________________________             ____________________________
(өтініш берілген күн)                       (өтініш берушінің қолы)

Өтініш «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның _________
негізінде __________________ қарауға қабылданды.
      (бабы, бөлігі, тармағы)
Өтінішті толтырудың дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар-жоғын тексердім; өтінішке менің қатысуыммен қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын растаймын.
_____________________________________________________________________
(құжатты қабылдаған аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің лауазымды адамының арнайы атағы, лауазымы, тегі, аты-жөні)

_____________________________
(лауазымды адамның қолы)
Бастық
_____________________________________________________________________
(аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің атауы)
________________________________ ____________ _______________________
(арнайы атағы)                       (қолы)      (тегі, аты-жөні)

____________________________
5Егер өзге азаматтық Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаны салдарынан тоқтатылса, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күннен бастап үш ай ішінде тиісті құжат ұсыну міндеттемесі беріледі.
6Осы тармақты толтырған кезде кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауын өтініш беруші онда жұмыс істеген кезеңде қалай аталса, солай көрсету қажет. Егер өтініш беруші заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкер болып табылса, тіркеу туралы куәлік нөмірі, тіркеген органның атауы мен берілген орны көрсетіледі. Әскери қызмет өткерген жағдайда лауазымын, әскери бөлімнің (мекеменің) нөмірін, оның орналасқан жерін көрсету қажет.
7Егер өтініш берушіге зейнетақы тағайындалса, зейнетақының түрін, куәліктің нөмірін, оны кім және қашан бергенін көрсету қажет.

«Қазақстан Республикасының азаматтығын
алуды және одан шығуды тiркеу»    
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша                

нысан

Міндеттеме

Мен _________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды өтіне отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын сақтауға, оның мүдделері мен аумақтық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тілге және аумағында тұратын барлық ұлт өкілдерінің тіліне, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-қуатын, егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға міндеттенемін.

20 ___ жылғы «____» __________
_________________________
(қолы)

Обязательство

Я,__________________________________________________________________,
ходатайствуя о приеме в гражданство Республики Казахстан, обязуюсь соблюдать Конституцию и Законы Республики Казахстан, защищать ее интересы и территориальную целостность, уважительно относиться к обычаям, традициям, государственному языку и языку представителей всех национальностей, проживающих на ее территории, способствовать укреплению могущества, суверенитета и независимости Республики Казахстан.

«___»__________20___год
_____________________
      (подпись)

«Қазақстан Республикасының азаматтығын
алуды және одан шығуды тiркеу»   
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
6-қосымша               

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың
жеңілдетілген тәртiбi белгiленетiн адамдар үшін кәсiптердiң
және оларға қойылатын талаптардың
ТІЗБЕСІ

Р/с

Кәсiп

Талаптар

1

2

3

1.

Әртiс

Халықаралық наградалармен және атақтармен атап өтілген аса көрнекті музыкалық, сахналық немесе хореографиялық қабілетiнiң, кәсiптiк шеберлiгiнiң және жарқын шығармашылық жеке даралығының болуы

2.

Археолог

Ғылыми дәрежесiнiң және атағының, халықаралық сертификаттарының, ғылыми зерттеулері мен iзденiстерiнiң, ғылыми басылымдарда жарияланымдарының болуы, халықаралық конференцияларға және әлемдiк маңызы бар iрi археологиялық ескерткiштердiң ашылуына қатысуы

3.

Сәулетші

Сәулет және құрылыс саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, халықаралық сертификаттарының, қала құрылысының бас жоспарларын әзiрлеуде және айрықша iрi әрi күрделi объектілердi жобалауда тәжiрибесiнiң болуы

4.

Балетмейстер

Аса көрнектi балет әртiстерiн даярлауда тәжiрибесiнiң, халықаралық сертификаттарының және iрi театрлардағы жұмыс өтiлiнiң болуы, әлемдiк сыныптағы спектакльдердi дайындауға қатысуы

5.

Биолог, микробиолог (бактериолог, вирусолог)

Биология, бактериология, вирусология, гендiк инженерия және басқа да аралас ғылымдар саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, халықаралық сертификаттарының, ғылыми-зерттеу жұмыстарының және халықаралық маңызы бар iзденiстерiнiң болуы

6.

Дәрiгер

Медицина саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, ғылыми-зерттеу жұмыстарының және халықаралық маңызы бар iзденiстерiнiң, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ мамандануына сәйкес:
акушерлiк және гинекология; ангиохирургия; анестезиология-реаниматология;
кардиохирургия; нейрохирургия; онкология; онкогематология; оториноларингология; радиология; трансплантология; фармакология және клиникалық фармакология; жақ-бет хирургиясы саласындағы диагностика мен емдеудiң озық әдiстерiн меңгеруi

7.

Геолог, геофизик

Геологиялық және геофизикалық ғылымдар саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, ғылыми зерттеулерi мен iзденiстерiнiң, ядролық жарылыстар және жер сілкiнiстерi мониторингi саласындағы жұмыс тәжiрибесiнiң болуы

8.

Дирижер

Аса көрнектi музыкалық деректерiнiң және халықаралық конкурстарға қатысқанын растайтын дипломдарының, әлемнiң жетекшi театрлары мен концерт залдарында дирижерлық еткен жұмыс тәжiрибесiнiң болуы

9.

Инженер

Ғылыми дәрежесi мен атағының, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен iзденiстерiнiң, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ экономикалық қызмет түрiне сәйкес: сейсмологиялық құбылыстарды орта мерзiмдi, қысқа мерзiмдi болжау әдiстерiн меңгеруi; қуатты энергетикалық және жоғары температурадағы плазма қондырғыларын пайдалану; ғылым және техника, рационализация, өнертапқыштық жетiстiктерiн енгiзу; қоршаған ортаны тазарту және оның ластануын болдырмау жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк жұмыстарды әзiрлеу;
ядролық реакторларды пайдалану, реакторды (жылдамдатқышты, ядролық-физикалық қондырғыны) басқару; ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар; озық бағдарламалық қамтамасыз етудi және қазiргi заманғы компьютерлiк жабдықтарды әзiрлеу; информатика және жүйелiк бағдарламалау; ғарыш қызметi саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды әзiрлеу; зымырандар мен ғарыш аппараттарының, ғарыштық ұшу аппараттары мен екпiндеткiш блоктарының бастапқы және техникалық кешендерiн әзiрлеу және пайдалану; телеметриялық жүйелер мен кешендер, компьютерлiк өлшеу блоктары; өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердiң құрылысына арналған технологиялық жобалау; ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласына прогрессивтi технологиялық процестердi енгiзу; субстанциялар мен дәрілiк нысандар өндiрiсi жөнiндегi арнайы, осы заманғы фармацевтiк жабдықтардағы фармацевтикалық бейiн; дәрілiк нысандар мен препараттарды биофармацевтикалық зерделеу; дәрілiк субстанциялар мен фитопрепараттар өндiрудiң технологиялық негiздерi мен әдiстерiн әзiрлеу; жүйелi бағдарламалау; жоғары деңгейдегi бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу

10.

Нұсқаушы-спортшы

Олимпиада ойындарында бiрiншi–алтыншы орынды немесе әлем чемпионаттарында бiрiншiден үшiншi орынды немесе Азия ойындарында бiрiншi орынды немесе Еуропа чемпионаттарында бiрiншi, екiншi орынды немесе спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша әлем кубогі финалдарында бiрiншi орынды немесе Азия, Еуропа чемпионаттарында, бүкілдүниежүзілiк универсиадаларда, Бүкiлдүниежүзілiк жасөспiрiмдер мен юниорлар ойындарында бiрiншi-үшiншi орынды иемденген халықаралық бiлiктілiгi бар спорт шеберiнен төмен емес спорттық атағының болуы

11.

Ұшқыш (пилот)

Азаматтық әуе кемелерiне рұқсаты бар ұшқыш (пилот) куәлiгiнiң болуы. Жоғары кәсiптiк шеберлiгi мен даярлығы, әуе кеңiстiгiнiң қауiпсiз пайдаланылуын реттейтiн нормативтiк құқықтық актілерді бiлуi, кеменiң ұшу және пайдалану ережелерiн сақтауы. Денсаулығының белгiленген талаптарға сәйкестiгi

12.

Ұшқыш-нұсқаушы

Жоғары кәсiптiк шеберлiгi мен даярлығы, әуе кеңiстігiнiң қауiпсiз пайдалануды реттейтiн нормативтiк құқықтық актілердi бiлуi, кеменiң ұшу және пайдалану ережелерiн сақтауы. Денсаулығының белгіленген талаптарға сәйкестiгi

13.

Ұшқыш-сынаушы

Жоғары кәсiптiк шеберлiгi мен даярлығы, әуе кеңiстiгiнiң қауiпсiз пайдалануды реттейтiн нормативтiк құқықтық актілерді бiлуi, кеменiң ұшу және пайдалану ережелерiн сақтауы. Денсаулығының белгiленген талаптарға сәйкестiгi

14.

Ұшқыш-қадағалаушы

Арнайы даярлығы, орман қорғау саласындағы жұмыс тәжiрибесiнiң, пирология және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi бiлiмiнiң болуы

15.

Математик

Мамандығы бойынша ғылыми дәрежесi мен атағының, халықаралық сертификаттарының, жұмыс тәжiрибесiнiң, математика, қолданбалы математика және аралас ғылымдар саласындағы халықаралық маңызды ғылыми зерттеулерi мен iзденiстерiнiң болуы

16.

Ғылыми қызметкер (физика және астрономия саласында)

Мамандығы бойынша ғылыми дәрежесi мен атағының, жұмыс тәжiрибесiнiң, физика мен астрономия және басқа да аралас қызмет түрлерi саласындағы өнертапқыштық немесе ғылыми еңбектерiне авторлық куәлiктерiнiң болуы

17.

Провизор

Фармакологиялық заттар мен дәрілік шикiзаттың физикалық және химиялық қасиеттерiн, оларды aлу, тазалау, стандарттау және сапасын бақылау әдiстерi саласындағы аса көрнектi ғылыми зерттеулерiнiң болуы. Фармаэкономика жөнiндегi зерттеулердiң, медицина мен фармацевтика саласындағы мамандарды халықаралық стандарттар бойынша инспекциялаудың және оқытудың озық әдiстерiн меңгеруi (GPP, GCP, GMP, GLP, GDP)

18.

Режиссер

Аса көрнектi қойылым қою деректерiнiң, халықаралық фестивальдарға қатысқанын растайтын атақтары мен дипломдарының, әлемнiң iрi театрлары мен концерт залдарындағы жұмыс тәжiрибесiнiң болуы

19.

Құтқарушы

Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арнайы даярлығының, «Халықаралық сыныптағы құтқарушы» үлгiсiндегi білiктілiк берiлген халықаралық сертификаттарының, iрi авариялық және төтенше жағдайлардың салдарын жоюдағы жұмыс тәжiрибесiнiң, авариялық құтқару құралдарын қолдану жөнiндегi дағдысы мен шеберлiгiнiң болуы

20.

Жаттықтырушы

Халықаралық бiлiктілiктегi спорт шеберiнен кем емес спорттық атағының, мамандығы бойынша жұмыс өтілiнiң Олимпиадалық ойындарда бiрiншi–алтыншы орынды иемденген жоғары білiктi кемiнде бiр спортшыны немесе Азия ойындарында бiрiнші – үшiншi орынды иемденген бiр спортшыны немесе әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарында, бүкілдүниежүзілiк универсиадаларда, Бүкiлдүниежүзілiк жасөспiрiмдер ойындарында, спорттың жеке немесе ойын түрлерiнде бiрiншi–үшiншi орынды иемденген спортшыны даярлау жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiнiң болуы

21.

Мұғалiм

Мамандығы бойынша жоғары санаты мен жұмыс тәжiрибесiнiң, халықаралық сертификаттарының және мынадай мамандықтар бойынша тиiстi жоғары кәсiптiк білiмiнiң болуы: математика, физика, химия, биология, ағылшын тiлi, информатика, жалпы тарих; мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiн меңгеруi, шет тілдерді еркiн меңгеруi

22.

Химик

Ғылыми дәрежесi мен атағының, халықаралық сертификаттарының мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесiнiң, химия, токсикология және аралас ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулерi мен iзденiстерiнiң болуы

23.

Суретшi

Кәсіптiк білімiнің, жоғары көркем өнер шығармаларының, халықаралық наградалары мен атақтарының, өнертанушылардан шығармашылық мiнездемесiнiң болуы; халықаралық көрмелерге, симпозиумдар мен конкурстарға қатысуы

24.

Штурман
(авиацияда)

Жоғары кәсiптiк даярлығы мен навигация және ұшу аппаратын жауынгерлiк қолдану жөнiндегi шеберлiгi;
әуе кеңiстiгiн қауiпсiз пайдалануды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi білуi. Денсаулығының белгiленген талаптарға сәйкестiгi

«Қазақстан Республикасының азаматтығын
алуды және одан шығуды тiркеу»    
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
7-қосымша               

нысан

Құжаттарды тапсырғаны туралы № _________ анықтама
Справка о сдаче документов № _________

_______________ азаматының № ____________________ паспортына берілді
Выдана к паспорту № ________________ гражданина _____________________
Тегі ________________________________________________________________
Фамилия
Аты _________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________
Отчество (при наличии)
Туған жылы __________________________________________________________
Дата рождения
20___жылғы «___» __________ ол шын мәнінде Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау не одан шығу туралы өтініш білдірді.
В том, что он (а) действительно «___» __________20___года подал (а) ходатайство о приобретении либо о выходе из гражданства Республики Казахстан.
Онымен бірге: _______________________________________________________
Вместе с ним (ней) ходатайствуют:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________ өтініш берді.

_______________________________________ облысы ІІД КҚПБ бастығы
Начальник УМП ДВД ___________________________________________

М.О.
М.П.

№ _______ анықтама түбіртегі
Корешок справки № _______

Тегі ________________________________________________________________
Фамилия
Аты _________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________
Отчество (при наличии)
Туған жылы __________________________________________________________
Дата рождения
Бұрынғы азаматтығы __________________________________________________
Прежнее гражданство
Паспортының № _______________________________________________________
№ ___________________________________________________ паспорта
20__ жылғы «___» __________ ол шын мәнінде Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау не одан шығу туралы өтініш білдірді.
В том, что он (а) действительно «___» __________ 20____ года подал (а) ходатайство о приобретении либо о выходе из гражданства Республики Казахстан.
Онымен бірге: _______________________________________________________
Вместе с ним (ней) ходатайствуют:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________________________ өтініш берді.

____________________________________________________________________
(арнайы атағы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); специальное звание, должность, фамилия, имя, отчество (при наличии))

_____________________________
(қолы - подпись)

Анықтаманы алдым ______________________________________________
Справку получил (а)            (қолы - подпись)

20__ жылғы «___» ___________

М.О.
М.П.

«Қазақстан Республикасының азаматтығын
ауды және одан шығуды тiркеу»    
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
8-қосымша             

нысан

_______________________________________________
(аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің атауы)
_______________________________________________
Тіркеу нөмірі _________________________________
(лауазымды адам толтырады)

М.О.1

Фотосуреттің орны2

Сауалнама-өтініш3

Маған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат етуіңізді сұраймын.
Осы өтінішпен жүгінуге ықпал еткен себептер _________________________

Біруақытта өзіммен бірге кәмелетке толмаған балаларымды (балам, қызым, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жылы, азаматтығы) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат етуіңізді сұраймын

Көрсетілген балалардың басқа ата-аналары туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар болса, сақтайды ма, жоқ па соны көрсетсін)







Өтініш беруші туралы мәліметтер

1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), _____________________________
_____________________________________________________________________
(тектері, аттары, әкесінің аттары (бар болса) өзгерген жағдайда бұрынғы тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) себебі және өзгерген күні көрсетілсін)
2. Туған күні, айы, жылы және жері __________________________________
_____________________________________________________________________
3. Жынысы (еркек, әйел) _____________________________________________
4. Отбасылық жағдайы ________________________________________________
(үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмыста емес), ажырасқан, неке (ажырасқаны) туралы куәлік,
      берілген күні және орны)
_____________________________________________________________________
5. Ұлты _____________________________________________________________
                        (тілегі бойынша көрсетіледі)
6. Діні _____________________________________________________________
                      (тілегі бойынша көрсетіледі)
7. Білімі, білімі бойынша мамандығы, кәсібі _________________________
_____________________________________________________________________
(қандай оқу орнын қашан және қайда бітірді, диплом нөмірі, берілген күні және орны)
8. Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі ____________________________________
                            (диплом нөмірі, берілген күні және орны)
9. Соңғы бес жылдағы еңбек қызметі

Күні (айы және жылы)

Жұмыс орны және лауазымы

Жұмыс орнының мекенжайы

қабылданды

босатылды





























10. Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген салықтарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттемелер бар ма ___________________________
                                                   (иә, жоқ)
11. Әскери міндеттілікке қатысы _____________________________________
_____________________________________________________________________
(әскери міндетті, әскери міндетті емес, әскери қызметтен өтсе, қашан, қайда, әскер түрі,
әскери атағы көрсетілсін)
12. Қазақастан Республикасының құзыретті органдарына қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылдыңыз ба? __________________________
                                                 (иә, жоқ)
13. Сізге қатысты заңды күшіне енген және орындауға жататын айыптау сот үкімі бар ма? __________________________________________(иә, жоқ)
14. Көрсетілген өтініште Сіздің және Сіздің балаларыңыздың өзге азаматтығы бар ма?
_____________________________________________________________________
(иә болса, қандай, қашан және қандай негізде құжат алынды, оның нөмірі, күні және берілген орны;
өзге азаматтығы болмаған кезде – оны алу мүмкіндігін растау)
15. Бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты тұрды ма? _______________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(егер иә болса, қандай мекенжай бойынша тіркелгені көрсетілсін, қашан және қандай құжат бойынша Қазақстаннан кетті)
16. Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығарылдыңыз ба? (ұсынылған құжатқа сәйкес) _________________________
17. Тұрғылықты жердің мекенжайы, телефоны ___________________________
_____________________________________________________________________
18. Жеке басын куәландыратын құжат және Қазақстан Республикасының азаматтығы __________________________________________________________
                 (түрі, сериясы, нөмірі, кім және қашан берілген)
Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынылады:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Маған «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның 22-бабына сәйкес жалған құжаттардың және көрнеу жалған мәліметтердің негізінде қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы шешім жойылуға жататыны ескертілді.
Өтініште көрсетілген дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және баяндалған деректердің шынайылығын растаймын.

_______________________                      ________________________
(өтініш берген күн)                          (өтініш берушінің қолы)

Өтініш қарауға «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның негізінде ____________________________________________________ қабылданды          (бап, бөлім, тармақ) (күні)

Өтінішті толтырудың дұрыстығы және қажетті құжаттардың бар болуын тексерді; өтінішке менің қатысуыммен қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын растаймын.4____________________________________
_____________________________________________________________________
(лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

________________________
(лауазымды адамның қолы)

___________________________________________________
1Өтінішке өлшемі 3,5 х 4,5 см төрт сурет беріледі.
2Мөр қойылады.
3Өтініш өз қолымен қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз жазылады. Сұрақтарға жауаптар толық болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.
4"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заң бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда өтініш берушінің қолының түпнұсқалығы нотариалды куәландырылады.

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына  
4-қосымша        

«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) қажетті құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн;
      2) құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi:
      1) босқын мәртебесін беру және босқынның куәлігін беру;
      2) босқынның мәртебесін ұзарту;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдар әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      9. Пана іздеген шетелдіктердің және Қазақстан Республикасындағы олардың отбасы мүшелерінің болатын жері бойынша көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша босқын мәртебесін беру (ұзарту) туралы қолдаухат;
      2) пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттар;
      3) қолдаухаттың негізділігін растайтын құжаттар мен материалдар (болған жағдайда).
      Барлық қажетті құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға берілген күнін көрсете отырып, талон береді.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 28.01.2016 № 84 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Мыналар:
      1) адамның нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін деген негізделген қауіп болмаса;
      2) егер адам өзі туралы және Қазақстан Республикасының аумағына келу мән-жайлары туралы хабарлаудан бас тартса не көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа, сондай-ақ жалған құжаттарды ұсынса;
      3) адамда өзі оның қорғауын пайдалана алатын үшінші мемлекеттің азаматтығы болса;
      4) егер адам қауіпсіз үшінші елдің аумағынан тікелей келсе;
      5) егер аталған адамға қатысты өзі азаматы болып табылатын елде не келген елінде әрекет ететін террористік, экстремистік, сондай-ақ тыйым салынған діни ұйымдардың қызметіне қатысады не қатысты деп топшылауға салмақты негіздер болса;
      6) егер аталған адам жөнінде бейбітшілікке қарсы қылмысқа, әскери қылмысқа немесе адамзатқа қарсы қылмысқа қатысты шаралар қолдану мақсатында жасалған халықаралық актілерде осы әрекеттерге берілген анықтамадағы осындай қылмыстарды жасады деп топшылауға салмақты негіздер болса;
      7) егер аталған адамға қатысты ол Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оның шегінен тысқары жерлерде саяси емес сипаттағы ауыр қылмыс жасады деп топшылауға салмақты негіздер болса;
      8) егер аталған адамға қатысты ол Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының және халықаралық ұйымдардың мақсаты мен қағидаттарына қайшы келетін әрекеттердің жасалуына кінәлі деген салмақты негіздер болса;
      9) егер аталған адам Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасынан басқа, Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының немесе мекемелерінің қорғауын не көмегін пайдаланып отырса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі қолма-қол беріледі.
      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы оның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), почталық мекенжайын, шығыс нөмірін және күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Қабылданған шағым ішкі істер органдарының жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, шағымды/өтінішті қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш білдіре алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжетімділік режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      15. Дене мүмкіндіктері шектеулі қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайдар көзделген, ғимаратқа кіреберіс пандустармен жабдықталған, күту үшін креслолар бар.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Қазақстан Республикасында 
босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына     
1-қосымша          

нысан

кімге __________________________________
(лауазымы, тегі, аты-жөні      
_________________________ азаматы(-шасы)
(қай мемлекеттен)            
________________________________________
тұрақты тұрғылықты орны       
________________________________________
(мекенжайы) уақытша тұратын    
отбасы құрамы __________ адамнан тұратын
кімнен ______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

Босқын мәртебесін беру (ұзарту) туралы қолдаухат

      Маған және менің отбасымның мүшелеріне Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беруіңізді (ұзартуыңызды) сұраймын.
      Өзімнің тұрғылықты жерімнен мынадай себептер бойынша кетуге мәжбүрмін:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
босқын мәртебесін беруге арналған мән-жайларды сақтау туралы ақпаратты ұзарту үшін
Туған күні, айы, жылы және жері _____________________________________
Азаматтығы (бұрын тұрақты тұрған елі) _______________________________
_____________________________________________________________________
Ұлты (этникалық тиесілігі) __________________________________________
Білетін тілдерім ____________________________________________________
Қазақстан Республикасына келген күні ________________________________
Заңды (заңсыз) келдім _______________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттары немесе пана іздеген адамның жеке
басын растайтын құжаттар ____________________________________________
____________________________________________________________________
      (атауы, сериясы, нөмірі, қашан берілген және кім берген)
      Менімен бірге отбасымның мүшелері келді:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған күні

Туыстық дәрежесі

















Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатпен бұрын өтініш білдірді ме? (пана іздеген адамдар үшін)
Өтініш білдірсе, орган көрсетілсін __________________________________
_____________________________________________________________________
Босқын мәртебесі қашан және қанша мерзімге берілді? (босқын
мәртебесін ұзартуға қолдаухат берген босқындар үшін) ________________
_____________________________________________________________________
______________________ ______________________________________________
(өтініш берілген күні)    (пана іздеген адамның не босқынның қолы)
Қолдаухатты қабылдаған аумақтық бөлімшенің қызметкері
_______________ ___________________________________ _________________
    (қолы)         (Т.А.Ә (ол болған жағдайда))         (күні)
Қолдаухатты тіркеу туралы ақпарат:
_____________________________________________________________________
      (Т.А.Ә., лауазымы, тіркелген күні, нөмірі, жұмыскердің қолы)

«Қазақстан Республикасында 
босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына    
2-қосымша          

нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау туралы
№ ________талон

_____________________________________________________________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)

Қабылданған құжаттар тізбесі:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
5. __________________________________________________________________
6. __________________________________________________________________
7. __________________________________________________________________
8. __________________________________________________________________
9. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қабылдаған:_________________________________________________________/
                  (аумақтық бөлімше қызметкерінің лауазымы)
______________/______________________________________________________
   (қолы)               (Т.А.Ә. ол болған жағдайда, лауазымы)
________ жылы «___» _______________________

Берілген күні және уақыты: ______ жылғы «___» _______ __ сағ. __ мин.