Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 200 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 мамырда № 11201 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 21-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының бастығы:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;

      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми түрде жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант О.Б. Сапаровқа жүктелсін.

      4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қорғаныс министрі

И. Тасмағамбетов


  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі
№ 200 бұйрығымен
бекітілген

Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің
жұмысы жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 21-тармағының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығы әскери өкілдіктерінің меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын ұйымдармен орындау кезінде жұмыс үдерісін ұйымдастыруды нақтылайды.

      3. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) аванжоба – өнімді әзірлеу негіздемесін және оның көрсеткіштерін, өнімді әзірлеу, өндіру және пайдалану жөніндегі бастапқы талаптар мен ұсыныстарды қамтитын бастапқы техникалық құжаттама түрі. Аванжобаның құрамына түсіндірме жазба, қажетті сызбалар, сұлбалар, есептер, сондай-ақ өнімді әзірлеуге арналған техникалық тапсырма жобасы кіреді;

      2) арнайы киім нысаны – оқу-жаттығулардағы, арнайы міндеттерді орындау кезінде, жауынгерлік кезекшіліктерде (жауынгерлік қызметтерде), оқу-жаттығу орталықтарындағы сабақтарда, жауынгерлік техника мен сабақтарда және техника мен қару-жараққа қызмет көрсетуде, гараждардағы, парктердегі, доктардағы, шеберханалардағы, әуеайлақтардағы, зертханалардағы, қоймалардағы, корабльдердегі, әскери бөлімдер мен мекемелердегі, жағалық базалары аумағындағы жұмыстарды орындауда киетін әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың киім нысаны;

      3) әскери мақсаттағы тауарлар (өнім), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер – қару-жарақ, әскери техника мен оларға оқ-дәрілер, әскери өнімнің, жұмыстың өзге де түрлері (оның ішінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық), құжаттама, зияткерлік меншік құқығының объектілері және әскери-техникалық мақсаттағы ақпарат;

      4) әскери өкілдіктері (бұдан әрі – әскери өкілдіктер) республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын, тапсырыс берушінің мүддесінде, оның ішінде экспортқа ұйымдар жеткізетін өнімнің сапасын бақылайтын әскери орган болып табылады.

      5) бастапқы бақылау – жабдықтаушының тұтынушыға немесе тапсырыс берушіге келіп түскен және өнімді дайындау, жөндеу немесе пайдалану кезінде қолдануға арналған өнімінің сапасын бақылау;

      6) бұйым (партия) – бір техникалық құжаттама бойынша шектелген уақыт кезеңінде әзірленген және тапсырыс берушінің мекенжайына жіберуге арналған бір текті өнімдер бірлігінің жиынтығы;

      7) кезеңдік сынақ – өнімді қолданыстағы конструкторлық және технологиялық құжаттама бойынша дайындауды жалғастыру мүмкіндігін растау және оның қабылдануын жалғастыру мақсатында белгіленген кезеңде өнімнің сапасын және технологиялық үдерістің тұрақтылығын кезең-кезеңімен растау үшін жүргізілетін сынақ;

      8) қабылдау – өнімнің техникалық құжаттаманың талаптарына, стандарттарға, техникалық шарттарға және шарттың талаптарына сәйкестігін және оның сапасын бақылаудың оңтайлы нәтижелері кезінде әскери өкілдіктер жүзеге асыратын осы өнімдерді жеткізуге және (немесе) пайдалануға жарамдылығын құжат түрде растау рәсімі;

      9) қабылдау-тапсыру сынағы – өнімді қабылдау мүмкіндігін айқындау үшін сынақтың осы санаттары, сондай-ақ бақылау үлгі-нұсқасы үшін (егер олар стандарттарда көзделсе) белгіленген стандарттардың талаптарына өнімнің сәйкес келуін бақылау мақсатында жүргізілетін сынақ;

      10) қос мақсаттағы (қолданудағы) тауарлар (өнім), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер – азаматтық мақсатта пайдаланылатын, бірақ әскери мақсаттағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер ретінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа мемлекеттік тапсырыс берушілер пайдалануы немесе кейіннен қайта бейімдеп пайдалануы мүмкін өнімдер мен технологиялар;

      11) міндетті ұсынымдар тізбесі – ұйымның техникалық бақылау бөлімі бақылауға әскери өкілдікке міндетті ұсынуға тиіс әскери өкілдіктер әзірлеген бұйымдар, жинақ бірліктері, технологиялық үдеріс операциялары тізбесі;

      12) нормативтік-техникалық құжаттама (НТҚ) – әртүрлі санаттардағы стандарттар, жалпы техникалық талаптар жүйесінің нормативтік-құқықтық құжаттары, тапсырыс берушінің тактикалық-техникалық (техникалық) тапсырмалары, заңда белгіленген тәртіппен бекітілген материалдарға, заттарға, басқа да құжаттарға арналған техникалық шарттар;

      13) өнім – тапсырыс беруші бекіткен өнім номенклатурасына енгізілген әскери және қос мақсаттағы тауарлар (өнім), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

      14) өнім номенклатурасы – әскери өкілдіктер сапасын бақылауға және қабылдауға тиіс қару-жарақ пен әскери техника (кешендер, жүйелер) үлгілерінің, олардың құрамдас бөлшектерінің, жиынтықтаушы бұйымдар әскери-техникалық және өзге де мүлік, аванжобалар, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-құрылымдық, жобалық, монтаждау жұмыстары және басқа да әскери өнім және қос мақсаттағы өнім тізбесі. Өнімнің номенклатурасын ұйым мен тапсырыс беруші арасындағы шарт негізінде әскери өкілдіктер әзірлейді және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысында бекітеді;

      15) өнімді қабылдауды уақытша тоқтату – өнімді қабылдау үдерісін уақытша тоқтату жөніндегі әскери өкілдіктің өкілеттігі ол мынадай жағдайларда жүргізіледі, егер: қабылдауға екі рет ұсынылған өнім бірлігі (партиясы) қатарынан екі рет ұсынылған кезде қабылдау-тапсыру сынағынан өтпеген; егер өнім бірліктері кезеңдік сынақтан өтпесе; жойылмайтын өнім ақауларына әкеп соқтыратын техникалық үдерісті бұзушылық анықталса (оның ішінде сынау және бақылау құралдарының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталса);

      16) сапаны бақылау – әскери өкілдіктің әскери өнім мен қос мақсаттағы өнімнің техникалық құжаттаманың талаптарына, стандарттарға, техникалық шарттарға (ерекшеліктерге) және шарттың талаптарына сәйкестігін айқындау жөніндегі қызметі;

      17) ішінара бақылау – ол жататын жиынтық ішінен өнім бірлігінің шағын мөлшеріне қатысты бақыланатын кездегі бақылау;

      18) техникалық құжаттама (ТҚ) – әскери өнімді әзірлеу, дайындау, монтаждау, пайдалану, жөндеу және кәдеге жарату үшін пайдаланылатын құрылымдық, технологиялық, жобалық, бағдарламалық және нормативтік құжаттама жиынтығы;

      19) техникалық бақылау бөлімі (ТББ) – ұйымның техникалық бақылау бөлімі немесе ұйымның өндірістік үдерістер мен өнімнің сапасын бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті адамдары;

      20) техникалық (кепілдік) қадағалау – әскери өкілдіктердің қатысуымен тапсырыс берушімен бірлесіп, өнімді дайындаушы (әзірлеуші) ұйым оларды тағайындалуы бойынша қолдану (пайдалану) үшін өнім үлгілерін (жиынтықтаушы) жарамды және жұмысқа қабілетті жай-күйде ұстау жөнінде жүргізетін жұмыстар мен іс-шаралар кешені. Техникалық (кепілдік) қадағалау тапсырыс берушінің пайдаланылатын бөлімшелерінде өнімдерге және оларды жиынтықтаушыларға техникалық қызмет көрсету, қалпына келтіру, толық пысықтау немесе жөндеу және жұмыстарын және кейбір басқа да жұмыстарды қамтиды;

      21) жаппай бақылау – өнімдердің барлық бірліктері бақыланатын бақылау;

      22) ұйым – меншік нысанына қарамастан, тапсырыс берушінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      23) лездеме бақылау – айқындалған ақау немесе кемшіліктер жойылған бұрын бақыланған өнімдерді бақылау. Ол ТББ жұмысының сапасын немесе жабдықты тексеру қажет болған кезде жүзеге асырылады. Лездеме бақылау кенеттен, уақыттың кездейсоқ сәтінде жүзеге асырылуына байланысты оның нәтижелері анағұрлым нақты болады. Жүйелі лездеме бақылауға сонымен қатар цехтардың, учаскелердің және жұмыс орындарының да жай-күйі жатады.

      4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери өкілдіктері (бұдан әрі – әскери өкілдіктер) республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын, тапсырыс берушінің мүддесінде, оның ішінде экспортқа ұйымдар жеткізетін өнімнің сапасын бақылайтын әскери орган болып табылады.

2. Өнімнің сапасын бақылау және қабылдау

      5. Өнімнің сапасын бақылауды және қабылдауды жүзеге асыру тәртібі "Меншік нысанына қарамастан мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 968 қаулысына (бұдан әрі – бақылауды жүзеге асыру қағидасы) сәйкес жүзеге асырылады.

      Әскери өкілдік тапсырыс беруші мен ұйым арасында жасалған келісімшарттар негізінде осы Нұсқаулықтың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бақылауға және қабылдауға жататын әскери өкілдікпен бақыланатын өнімнің номенклатурасын әзірлейді, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық бақылау бөлімі әскери өкілдікке міндетті ұсынуға жататын бұйымдардың, жинақ бірліктерінің, технологиялық үдеріс операцияларының міндетті ұсынымдар тізбесін белгілейді.

3. Өнімнің сапасын бақылаудың түрі мен әдісі

      6. Ұйымның жеткізілетін өнім сапасы бөлігіндегі шарттық міндеттемелерді орындауды бақылау жөніндегі жұмысы жаппай және ішінара бақылау әдістерімен жүзеге асырылады, бұдан әрі бақылауда оның жоспарында мынадай іс-шаралар:

      1) ұйымнан және оның қосалқы мердігерлерінен өнімді өндіруге арналған рұқсаттама құжаттарының көшірмелерін алу;

      2) жауапкершілігі анағұрлым жоғары ұйым мен қосалқы мердігерлерден орындау сапасын әскери өкілдік дайындау мен сынаудың мынадай кезеңдерінде тексере алмайтын жиынтықтаушы бұйымдарды, жинақ бірліктерін, тетіктерді және технологиялық үдерістің операцияларын өндіру мен қабылдап алу және өнім бұйымдарын сынау үдерісінің мониторингі, сондай-ақ оны өндірісте игеру сатысында өнімді өндіру мен қабылдап алу үдерісі;

      3) ұйым мен оның қосалқы мердігерінде конструкторлық және технологиялық құжаттамалардың, білікті өндіруші персоналдың, жарақтардың, жабдықтардың және құрал-саймандардың, жұмыс орындарының және өнімді жасау (аспаптық бақылау) жөніндегі зертхананың бар болуы және сатып алынатын бұйымды бастапқы бақылау, жиынтықтаушы материалдар, дайындамалар және дайын сатып алынатын тетіктер туралы ресми растау алу сипатталады.

      7. Әскери өкілдік қабылдайтын өнімнің өндірілуін бақылау жөніндегі жұмыс лездеме бақылау әдісімен жүзеге асырылады.

      Лездеме бақылаумен міндетті бақылау (жаппай немесе ішінара) тізбесімен қамтылмаған өнімді жасау жөніндегі ұйымның қызметті жан-жақты және бірінші кезекте бекітілген технологиялық үдерістердің сақталуы, конструкторлық және технологиялық құжаттаманың, жарақтардың, жабдықтар мен құрал-саймандардың жай-күйі, экономикалық мәселелер, тікелей өнім жасалатын жұмыс орны, сатып алатын бұйымды бастапқы бақылау, материалдардың, дайындамалар мен сатып алынатын дайын тетіктердің сақталуы, сондай-ақ өндірістің, ұйымның зертханалық жұмысы жалпы мәдениетінің жай-күйі, қабылданған өнімді сақтау ережесінің сақталуы және әскери өкілдік бастығының нұсқауы бойынша басқа да мәселелер тексеріледі.

      8. Өндірісті лездеме бақылау ұйыммен әзірленген және әскери өкілдікпен келісілген, ұйым басшысы бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Өндірісті лездеме бақылау жоспарлы және жоспарланбаған болуы мүмкін.

      Жоспарланбаған лездеме бақылау әскери өкілдік бастығының нұсқауы бойынша жүргізіледі.

      Әскери өкілдікте лездеме бақылау бақыланатын объектілерді және тексеру кезеңін көрсете отырып, жылдық және айлық жоспарларда жоспарланады.

      Лездеме бақылау жоспары әскери өкілдіктің ішкі құжаты болып табылады және ұйымның басшылығына хабарланбайды.

      10. Осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данадағы өндірісті лездеме бақылауға тапсырмаға әскери өкілдіктің бастығы қолтаңбасын қояды және осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өндірісті лездеме бақылауға тапсырманы (бұдан әрі – тарсырма) беру журналына есепке алынады.

      11. Лездеме бақылау үдерісінде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралардың әзірленуін және іске асырылуын бақылау лездеме бақылау тапсырмалары бланкілері бойынша әскери өкілдік жүзеге асырады, бланктің бір данасы ұйымның басшысына беріледі, екіншісі (ұйымның іс жүргізуіне қабылданғаны туралы белгі қойылған) есепке алынатын болып табылады және әскери өкілдікте сақталады.

      12. Ұйымға келіп түскен жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдардың сапасы бастапқы бақылаумен бақыланады, оны ұйым НТҚ белгілеген талаптарға жауап бермейтін сатып алынатын жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдардың өндіріске түсуінің алдын алу мақсатында жүзеге асырады.

      13. Әскери өкілдік ұшпа бақылаудың жүйелі әдісімен НТҚ бастапқы бақылау жөніндегі талаптарын ұйымның орындауын тексеруге, бақылау кезінде анықталған ақауларға талдау жүргізуге және наразылық білдіру актілерді ресімдеуге қатысуға міндетті.

      Бастапқы бақылау жөніндегі құжаттарды және бастапқы бақылауға жататын бұйымдар мен материалдардың тізбесін ұйым жасайды оны ұйымның басшысы бекітеді және әскери өкілдіктің бастығымен келісіледі.

      14. Өндіріске әскери өкілдік зауыт-жеткізушіден қабылданған, тапсырыс беруші жеке шарт бойынша қабылдаған және олардың сапасын растайтын ілеспе құжаттары бар (паспорттары, формулярлары, сертификаттары және т.б.) жиынтықтаушы бұйым жіберіледі.

      15. Ұйымдағы сатып алынатын жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдарды бастапқы бақылау рәсімдерін мониторингілеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру кезінде әскери өкілдік ерекше назарды:

      1) бұйымдар мен материалдарды есепке алуды ұйымдастыруға және олардың қоймаларда сақталуына;

      2) дұрыс таңбалануы мен маркіленуіне, паспорттардың, сертификаттардың, ярлыктардың және заттаңбаларының бар болуына және олардың дұрыс толтырылуына;

      3) құжаттарда көзделген кооперация бойынша (қосарлы мердігер) жабдықтаушыдан жиынтықтауға келіп түсетін бұйымдарды, материалдарды, шикізатты, жартылай дайын өнімдерді сақтау ережелерінің сақталуына;

      4) қоймаларда жарамсыз немесе кепілдік мерзімі өткен бұйымдар мен материалдардың болмауына;

      5) ұйымдардың қоймаларында жарамсыз (істен шыққан) және жарамды бұйымдар мен материалдарды бірге сақтау жағдайларын болдырмауға;

      6) сатып алынған бұйымдар мен материалдарды өндіріске жіберуде ұйымда белгіленген тәртіптің сақталуына;

      7) сақтау мерзімі шектелген бұйымдар мен материалдардың өндіріске уақтылы берілуіне;

      8) тексеру зертханаларына жіберу үшін материалдар сынамасының уақтылы іріктелуіне;

      9) жаңадан сатып алынатын бұйымдар мен материалдарды, сондай-ақ жабдықтаушылардан жаңа стандарттар бойынша немесе ТУ-дан келіп түсетін, өнім үшін алғаш рет шығарылатын жиынтықтауыштарды мұқият бақылауды қамтамасыз етуге;

      10) металдарда (материалдарда) сұраптарын (маркілерін) шатастыруды болдырмайтын шартты бояулардың (таңбалардың) бар болуына;

      11) бұйымдар мен материалдарды сақтау ережелерін және оларды өндіріске жіберу тәртібін айқындайтын нұсқаулықтардың бар болуына;

      12) бастапқы бақылау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу техникасы мен өлшеу құрал-саймандарының жиынтықтаушы бұйымдар параметрлерін өлшеу кезіндегі дәлдік табының талаптарына сәйкестігін тексеруге аударады.

      16. Әскери өкілдік бастапқы бақылауда жиынтықтаушы бұйымдар жарамсыз болған және өндіріс үдерісінде істен шыққан жағдайды қорытындылауға және талдауға және олардың сапасын жақсарту жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті. Жиынтықтаушы бұйымдардың жарамсыздығы, анықталған жарамсыз бұйымдар және қабылданған шаралар туралы әскери өкілдік пайдалануға қабылданған өнімнің төзімділігін қамтамасыз ету жөніндегі соңғы шараны қабылдау үшін тапсырыс берушіге хабарлайды.

      17. Жаппай бақылау әдетте, орындау сапасын әскери өкілдік өнімді дайындау мен сынаудың келесі кезеңдерінде тексере алмайтын жауапкершілігі анағұрлым жоғары жиынтықтаушы бұйымдарды, жинақ бірліктерді, тетіктерді және технологиялық үдерісті қамтиды, ал ішінара бақылау оның белгіленген талаптарға сәйкестгін жан-жақты бағалауға мүмкіндік бермейді.

      Жаппай бақылау сондай-ақ әскери өнімді өндірісте игеруде және осы өнімді ұзақ үзілістен кейін өндірісте қайта жаңарту кезінде қолданылады.

      18. Ішінара бақылау әскери өкілдікке толық ұсынылған бұйымдардың партиясынан жүзеге асырылады. Осындай жағдайда өнімге техникалық шарттарда бақылау жоспары көрсетілуі тиіс (бақыланатын партияның көлемі, таңдау және байқау көлемі, бақлау нормативтері).

4. Жеңіл өнеркәсіп ұйымдары жеткізетін өнімдердің сапасын
бақылаудың және қабылдап алудың ерекшеліктері

      19. Өнім (әскери және арнайы киім нысаны, айырым белгілері және жеке қорғаныс құралдары) осы мақсатта арнайы бөлінген жеке үй-жайда ашып көрсетілген дайындалған партиялармен бақылау мен сынауға ұсынылады.

      20. Әскери өкілдіктің өнімді қабылдауына және оның сапасын бақылауға арналған үй-жайдың жеткілікті алаңы, жарық, жылытылатын, желдетілетін болуы, жабдықпен, станоктармен, манекендермен, лекалолармен, қалыптармен, техникалық құжаттаманы, үлгілерді, арнайы киімдерді сақтауға арналған есігі жабылатын шкафтармен жабдықталуы тиіс.

      21. Ұйымның басшылары өнімді қабылдап алуды жүргізу үшін әскери өкілдік бақылауды жүзеге асыру қағидасының 3-тармағы 24-тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.

      22. Ұйым әскери өкілдікке бақылауға дайын өнімді шартта көрсетілген жеткізу мерзімі аяқталғанға дейін 15 күннен кешіктірмей ұсынады.

      23. Бақылау мен сынауға дайындалған өнімнің әрбір партиясына ұйым әскери өкілдікке ұйым басшысы мен ТББ бастығы қолтаңбасын қойған хабарламаны осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада береді.

      Әскери өкілдіктің бастығы ұйым мен Қабылдап алушыға әр қабылдап алынған және жөнелтуге дайындалған партияға осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өнімнің бұдан әрі пайдалануға жарамдылығы туралы өз қорытындысын береді.

      24. Өнім жеткізу кезеңі ағымында әскери өкілдікке біркелкі ұсынылуға тиіс. Әскери өкілдіктің бастығы шарт жасасу алдындағы жұмыс сатысында ұйым мен тапсырыс беруші арасындағы шартқа әскери өкілдікке сапасын бақылауға және қабылдап алуға жататын жекелеген бұйымды, өнімнің жинақ бірліктерін, сондай-ақ технологиялық операцияларды шартты қолдану кезеңі ағымында біркелкі ұсынуға ұйымды міндеттейтін тармақты енгізу қажеттігі туралы өтініш білдіруге міндетті. Өнімді біркелкі ұсынбау және оны үлкен көлемде ұйымда жинау жағдайында қабылдап алудың түбегейлі мерзімін ұйымның басшысымен бірлесіп әскери өкілдіктің бастығы айқындайды. Шартта белгіленген жеткізу мерзімін бұзу қаупі төнген жағдайда өнімді қабылдап алу мен сынауға, әскери өкілдіктің бастығы тапсырыс беруші мен ұйымға тапсырыс беруші мен ұйым келісілген шешім қабылдауға және (немесе) шартқа өзгерістер енгізуге қажетті уақыт кезеңін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      25. Ұсынылған өнімді қабылдап алу мен сынаудың алдында әскери өкілдік:

      1) техникалық құжаттамаларға және жиынтықтау ведомосына сәйкес өнім партиясының техникалық параметрлермен белгіленген саны бойынша дұрыс жасақталуын және жинақтаушы тетіктерінің болуын;

      2) өнім жасалған материалдардың нормативтік-техникалық құжаттаманың және шартқа техникалық ерекшеліктердің талаптарына сәйкес келуін;

      3) өнімнің дұрыс буып түйілуін және таңбалануын;

      4) өнімнің паспорттарында (формулярларында) қажетті жазулардың, белгілердің, мөрлердің бар болуын;

      5) хабарламалардың және оған қоса берілген құжаттардың дұрыс толтырылуын тексереді.

      26. Өнімді қабылдап алу алдында әскери өкіл қабылданатын партиядан кемінде 5 % көлемінде іріктеме (сынама) жасайды. Тексеруден кейін осы партияның бұдан әрі қабылдап алуға жататыны немесе жөнделетін ақауларды жоюға қайтарылатыны айқындалады. Іріктеу (сынама) ұсынылған партияның әртүрлі жерінен жасалады.

      27. Әскери өкілдікке өнімді қабылдау үшін қажет сынау жабдықтарын, бақылау-өлшеу құралдарын, НТҚ, зертханалық талдауларды (қорытындыларды) персоналдарды және т.б. уақтылы ұсынбау өнімді қабылдауды тоқтату үшін негіз болып табылады.

      Өнімді оның көлемінің үлкендігіне байланысты бір уақытта қабылдау мүмкін болмаса, онда оны партиялар (бөліктері) бойынша қабылдайды.

      28. Дайын бұйымның жұмыс үлгілерін дайындау, келісу және бекіту кезінде ұйым мен әскери өкілдік тапсырыс беруші бекіткен үлгі-эталондарды басшылыққа алады. Дайын бұйымның алғашқы жұмыс үлгілері өнімді өндіріске жіберген кезде, сонан соң бұйымға арналған нормативтік-техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізу кезінде, сондай-ақ үлгілердің тауарлық түрін жою шамасы бойынша жасалады. Бұйымның жұмыс үлгілеріне бас инженер және ұйымның ТББ бастығы қолтаңба қоюы, оны әскери өкілдіктің бастығы келісуі және тапсырыс беруші бекітуі тиіс.

5. Өнімді кезеңдік сынау

      29. Өнімді кезеңдік сынау бақылауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Өнімді қабылдауды тоқтату тәртібі

      30. Әскери өкілдік бастығы өнімді қабылдап алуды:

      1) дайындалған өнімнің стандарттарға және техникалық шарттарға, үлгілерге сәйкес келмеуі анықталған;

      2) оларға шартта немесе басқа да екі жақты құжатта көзделген қағидатты өзгерістерді белгіленген мерзімде енгізбей өнім бұйымын шығару жалғастырылған;

      3) өнімнің сапасын жақсарту жөнінде бірлесіп қабылданған шешімдер мерзімінде орындалмаған кезде;

      4) сынақтардың (сараптамалардың) теріс нәтижелері;

      5) өнім өндірудің белгіленген технологиялық үдерісі бұзылған;

      6) өндірістегі бұйымның жаппай ақауы болған;

      7) егер ол ақаулар өндіріліп жатқан өнімдерде болса, өнімді пайдалану үдерісінде уақытынан бұрын бұзылуға әкеп соқтыратын (істен шығаратын) жасырын ақаулар анықталған жағдайларда тоқтатады.

      31. Қабылдап алу мен тиеуді тоқтатудың себебін жаза отырып, әскери өкілдік бастығы өнімді қабылдап алуды тоқтату туралы ұйым басшысы мен тапсырыс берушіге жазбаша бір жұмыс (ағымдағы) күні ішінде хабарлайды.

      32. Толық жиынтықталған дайын өнімді түбегейлі қабылдау ұйымның бірінші басшысы мен ұйымның ТББ бастығы қолтаңбаларын қойған хабарлама, сондай-ақ өнімнің дайындығын және оның шарт талаптарына және ТС сәйкестігін куәландыратын паспорт (формуляр) немесе басқа құжат алынғаннан кейін жүргізіледі.

      33. Қабылдау-тапсыру сынақтарынан өткен, толық жиынтықталған, ұйым және әскери өкілдік пломбалаған (егер техникалық құжаттарда немесе шартта өзгелер көрсетілмесе) және сапасы НТҚ көзделген кезеңдік және басқа да сынақтармен расталған өнім ғана түбегейлі қабылданған болып саналады. Осыған сәйкес жағдайларда ТС көзделген өнім оралуы (қапталуы) және тасымалдау ыдысына салынуы тиіс.

      34. Тапсырыс берушімен шарт бойынша дайындалып, қабылданған өнімге әскери өкілдік бастығы осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша расталған екі көшірмесі бар өнімнің шарт талаптарына сәйкес келуі туралы куәлікті ұйымға береді.

      35. Қабылдап алынған, ұйымның қоймасына тапсырылған және тиелген өнімді әскери өкілдік осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес шарттарды, дайын өнімді қабылдап алу мен жеткізуді есепке алу журналында есепке алады.

      36. Қабылдап алынған өнімді тиеу шарттардың талаптарына және ТС, осы Нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

      Әскери өкілдікке өнімнің тиісті түрде тиелуін, сондай-ақ оның жолда сақталуын қамтамасыз ететін тасымалдау құралдарына орналастырылуын бақылау жүктеледі.

      37. Тапсырыс берушінің талабы бойынша әскери өкілдік бастығы жолда жүргенде жүктің күзетілуін қамтамасыз ету үшін әскери қарауылға тапсырыс береді, мұндай жағдайда әскери өкілдіктің бастығы қарауылға тиелген жүктің ерекшелігін түсіндіреді және оның ілеспе құжаттарын береді.

      38. Өнімді жөнелткеннен кейін әскери өкілдіктің бастығы тапсырыс беруші мен жүкті қабылдап алушыға хабарлайды және қолжетімді байланыс құралдарымен өнімді тиеу құжаттарын (бұйымды тиеу актісі осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, тиеу туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, жүкті сақтандыру жөніндегі құжат, сондай-ақ басқа құжаттар) жібереді.

      39. Әскери өкілдік тапсырыс берушінің, жүкті алушының тиелген өнімді қабылдап алуын бақылайды, жүкті алушы мен тапсырыс берушіден алынған растаулар есебін жүргізеді.

      Қабылдап алынған жүк туралы растау уақтылы алынбаған кезде әскери өкілдік растауды алу үшін шаралар қабылданады немесе тапсырыс берушіні рұқсат етілген байланыс құралдары арқылы хабардар ете отырып, өнімді іздестіруді ұйымдастырады.

      40. Шетелдік тапсырыс берушілерге экспортқа жіберілетін өнімді тиеу нысаны тапсырыс беруші мен ұйым арасындағы шартта белгіленетін, көшірмесін әскери өкілдік бастығы жоғары тұрған басшылыққа жолдайтын хабарлама (тапсырыс беру, наряд) негізінде жүргізіледі.

      41. Әскери өкілдік және ақауларға талдау жүргізеді, толқымалы тораптар мен элементтерді анықтау мақсатында олардың туындау себептерін жүйелейді және осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әскери өкілдікте рекламацияларды есепке алу журналын жүргізеді, ұйымнан бұйымның сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды енгізуді талап етеді.

      Өнімнің, өнімді жиынтықтаушы элементтердің жөндеуге жатпайтын ақауы анықталған жағдайда әскери өкілдік тапсырыс берушіге шешім қабылдау үшін күнтізбелік үш күн ішінде хабарлама жолдайды.

7. Әзірленетін өнімнің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс

      42. Әзірленетін өнімнің сапасын қамтамасыз етуді бақылауды әскери өкілдік оны жобалаудың, өндіріске қоюдың, сериялық өндіру мен пайдаланудың барлық кезеңдерінде қамтамасыз етеді.

      43. Әскери өкілдіктің әзірленетін өнімді қамтамасыз етуі жөніндегі жұмысы:

      1) ұйымда Қазақстан Республикасының лицензиялау мәселелері жөніндегі НҚА талаптарына сәйкес тапсырыс берілген өнімді жобалаумен, өндіріске қоюмен, өндірумен, жеткізумен айналысуға уәкілетті мемлекеттік орган рұқсат берген құжаттың бар болуын;

      2) оны әзірлеу кезінде өнімнің сапасын және тапсырыс беруші белгілеген сипаттамасын қамтамасыз етуді;

      3) сериялық өндіру барысында өнімнің сапасын қамтамасыз етуді;

      4) өндіру мен пайдалану барысында ұйымның өнімді одан әрі жаңғырту міндеттемелерін орындауын;

      5) пайдалану барысында ұйымның өнімге арналған кепілдік міндеттемелерін орындауын бақылаудан тұрады.

      44. Өнімнің сапасын әзірлеу кезінде бақылау әзірленетін өнім сипаттамасының ТС, ТТ, қолданыстағы НТҚ талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуі тиіс.

      45. Әскери өкілдіктің өнімді әзірлеу кезіндегі сапаны бақылау жөніндегі негізгі міндеттері:

      1) әзірленетін өнімнің тактикалық-техникалық сипаттамасының ТТ мен ТС талаптарына сәйкес келу деңгейін бағалау;

      2) өнімнің сапасын (төзімділігін) қамтамасыз ету бағдарламасының уақтылы және толық орындалуын бақылау;

      3) әзірлеу кезінде туындайтын қателіктер мен ақауларды уақтылы анықтау;

      4) тапсырылған сапа көрсеткіштерінен барлық бақылау объектілерінің ауытқулары туралы толық және дұрыс ақпарат алу, сапаны басқару жүйесіндегі өзгерістер бойынша тиісті шаралар қабылдау болып табылады.

      46. Әскери өкілдіктің сапаны бақылау объектілері:

      1) конструкторлық құжаттама;

      2) тәжірибелік үлгі, сериялық үлгі, көшбасшылық үлгі;

      3) тәжірибелік үлгіні, сериялық үлгіні жасаудың технологиялық үдерісі;

      4) қосарлы жұмыстар, қызметтер;

      5) көшбасшылық үлгіні пайдаланудың технологиялық үдерісі;

      6) әзірлеуді, өндіріске қоюды метрологиялық қамтамасыз ету болуы тиіс.

      47. Сапа көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін әскери өкілдік:

      1) ұйым жүргізетін сапаны бақылаудың таңдап алынған түрлері мен әдістерінің, бақылау және сынау құралдарының негізді болуын талдайды;

      2) сапа көрсеткіштері топтарының таңдап алынған номенклатурасын, оның әзірленіп жатқан үлгісінің ТТ мен ТС-ға сәйкестігін тексеру мүмкіндігін бағалайды;

      3) сапа көрсеткіштерін айқындау әдісінің ғылыми негіздемесін айқындайды.

      48. Әскери өкілдік сапаны бақылау жоспарын келіседі және оның орындалуын бақылау кезінде:

      1) әзірленіп жатқан бұйымның конструкторлық құжаттамасына тапсырыс берушінің тапсырылған талаптарына сәйкес келетін сипаттамалар мен көрсеткіштерді енгізуге;

      2) конструкторлық құжаттаманың көлемі мен мазмұны бойынша НҚА мен НТҚ-ның талаптарына сәйкес келуіне;

      3) әзірлеудің, өндіріске қоюдың барлық кезеңдерінде конструкторлық құжаттамаға міндетті сараптама жүргізуге;

      4) эскиздік және техникалық жобаларға сенімділік бөлімін енгізуге;

      5) тәжірибелік үлгіні жасауға арналған технологиялық үдерістер мен операциялардың конструкторлық құжаттамаға сәйкес келуіне;

      6) тәжірибелік үлгіні, сериялық үлгіні, көшбасшылық үлгіні жасау, жинау, ретке келтіру және сынау әдістерінің тиімді болуына;

      7) технологиялық құжаттамалардың стандарттардың талаптарына сәйкес келуіне;

      8) тәжірибелік үлгіні, сериялық үлгіні, көшбасшылық үлгіні жасауға, бақылауға және сынауға арналған технологиялық жабдықтар мен құралдарды дұрыс таңдауға;

      9) тәжірибелік үлгіні, сериялық үлгіні, көшбасшылық үлгіні жасауға арналған шикізаттың, материалдардың, жартылай дайын өнімдердің, жиынтықтаушы элементтердің жоғары сапасына;

      10) ЖББ құрамдас бөлімдері ұйымдарында дайындалатын бұйымның құрамдас бөліктерінің тәжірибелік үлгілерінің жоғары сапасына;

      11) ұйымның тәжірибелік үлгіні, сериялық үлгіні, көшбасшылық үлгіні жасау кезінде операциялық бақылау жүргізуіне және оған қатысуға, сондай-ақ оны жеке кесте бойынша дербес жүргізуге;

      12) ұйымның тәжірибелік үлгіге, сериялық үлгіге, көшбасшылық үлгіге, тәжірибелік үлгіні, сериялық үлгіні, көшбасшылық үлгіні жасауға арналған технологиялық үдерістерге, жабдықтар мен құралдарға бақылау жүргізуіне, оған қатысуға, сондай-ақ оны жоспарда бекітілген және белгіленген тәртіп бойынша әскери өкілдіктің жеке құрамымен жүргізуге;

      13) барлық өлшеулердің тұтастығы мен дұрыстығын бақылауға қол жеткізеді.

      49. Әзірленетін өнімнің сапасын бақылау кезінде әскери өкілдік басты назарды:

      1) ұйымдардың (әзірлеушілердің) тәжірибелік үлгінің, сериялық үлгінің, көшбасшылық үлгінің жоғары төзімділігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізуіне;

      2) төзімділікті бағалау жөніндегі және жекелеген элементтердің, блоктардың, тораптар мен жүйелердің іс жүзіндегі төзімділік көрсеткіштерін айқындауға арналған сынақтың барысын бақылауға;

      3) бақылау және дабыл беру жүйелерінің дұрыс және тиімді резервтелуін бағалауға;

      4) оларға қызмет көрсету үшін қосалқы жабдықтар мен құралдардың номенклатурасын қысқартуға арналған біртипті міндеттерді шешуге арналған бұйымдардың тиімді біріздендірілуін бақылауға;

      5) конструкторлық құжаттаманың ТТ стандарттау мен біріздендіру деңгейі жөніндегі талаптарына сәйкес келуін бақылауға;

      6) материалдардың, электрлі-радиоэлементтердің және басқа да бұйымдардың шектеулі тізбелерін әзірлеуді бақылауға аударуы тиіс.

8. Технологиялық үдерістерді бақылау

      50. Әскери өкілдіктердің технологиялық үдерістерді бақылауы өндірістің кез келген сатысында жүргізіледі. Тексеруге тапсырма алған әскери өкілдік персоналы технологиялық үдерісті, тиісті технологиялық құжаттаманы және алдыңғы тексерудің нәтижелерін зерделеуге міндетті. Тексеру ұйым қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілуі тиіс.

      51. Әскери өкілдік жүргізетін технологиялық үдерістерді бақылау:

      1) орындау сапасын және технологиялық құжаттаманың жай-күйін бақылаудан;

      2) бекітілген технологиялық үдерістердің сақталуын және сынау және бақылау-өлшеу жабдықтарының, жарақтарының, жабдықтарының, тікелей жұмыс орындары мен учаскелеріндегі құрал-саймандардың жай-күйін, жұмыс орнының жай-күйін бақылаудан;

      3) материалдарды (шикізатты) шығындау нормаларының сақталуын бақылаудан тұрады.

      52. Технологиялық құжаттамаларды бақылау кезінде әскери өкілдіктер:

      1) технологиялық үдерістің бекітілуін;

      2) технологиялық үдеріске салынған талаптардың конструкторлық құжаттамалардың талаптарына сәйкес келуін;

      3) салыстыру кезеңділігінің сақталуын және қажет болған жағдайда салыстыру жүргізілгені туралы мөрлерді қоя отырып, олардың конструкторлық құжаттамалардың талаптарына толық сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында барлық қолданыстағы технологиялық үдерістерді түзетулерді;

      4) технологиялық үдерісте алғашқы тетікті (операцияны) міндетті тексеру туралы талаптың бар болуын;

      5) әр жарақталған, шегерілген және түзетілген технологиялық үдеріске енгізу актілерінің бар болуын;

      6) өндірістің арнайы технологиялық жабдығымен, жарағымен, өлшеу құрал-саймандарымен жарақталу және жасалатын бұйымның параметрлеріне рұқсат етілген бақылау-өлшеу жабдықтары сипаттамасының дәлдігіне метрологиялық сәйкестік деңгейін;

      7) өнімді жасау және оларды қажетті өлшеу және сынау жабдықтарымен қамтамасыз ету үдерісінде бақылау операцияларының жеткілікті болуын;

      8) бақылау сапасын арттыратын және бақылау операцияларына арналған еңбек шығынын төмендететін озық технологиялық үдерістер мен бақылау әдістерінің қолданылуын;

      9) технологиялық құжаттамаға өзгерістердің уақтылы және толық енгізілуін;

      10) тексеру кезінде анықталған технологиялық құжаттамадағы кемшіліктердің уақтылы жойылуын тексереді.

      53. Жұмыс орындары мен учаскелерінде бекітілген технологиялық үдерістің сақталуын бақылау кезінде әскери өкілдіктер:

      1) қолданылатын жабдықтардың және бақылау-өлшеу құралдарының технологиялық үдерістің талаптарына сәйкес келуін;

      2) белгіленген технологиялық операциялар мен өткелдердің орындалуын, технологиялық үдерісте көзделген жұмыс режимінің және басқа да шарттардың сақталуын;

      3) жарақтардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың, материалдардың жай-күйін және олардың технологиялық құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін;

      4) арнайы қызметтердің өндірістік жарақтарды, жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдары мен құрал-саймандарын уақтылы тексеруін;

      5) соңғы тексеруді, пломбаның бүтіндігін растайтын құжаттардың бар болуын;

      6) жұмыс орындарында технологиялық құжаттаманың бар болуын және оның жай-күйін;

      7) технологиялық құжаттаманың қолданыстағы НТҚ-мен жыл сайынғы салыстырылуы туралы мөрдің бар болуын;

      8) конструкторлық құжаттамадағы өзгерістерге сәйкес технологиялық үдерістерді өзгертудің уақтылы және сапалы жүргізілуін;

      9) жұмыс орнының тазалығын және ұйымның өнеркәсіп санитариясы ережелерін сақтауын;

      10) өндіріс орындарында конструкторлық құжаттамаларға сәйкес талап етілетін температураның, ауа ылғалдығы мен тазалығының қамтамасыз етілуін;

      11) жаңа технологиялық үдерістердің белгіленген мерзімде енгізілуін;

      12) техника қауіпсіздігі талаптарының қамтамасыз етілуін;

      13) ионды сәулелендіру көздерімен жұмыс істеу кезінде радиация қауіпсіздігі талаптарының қамтамасыз етілуін;

      14) технологиялық үдерістерді алдыңғы тексерулер жөніндегі ескертулер мен шешімдердің іске асырылуын тексереді.

      54. Бекітілген технологиялық үдерістің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға арналған басшылық құжаттар:

      1) бекітілген технологиялық және конструкторлық құжаттама;

      2) қолданыстағы стандарттар, материалдарға арналған ТШ,

      3) тетіктер мен бұйымдарды сақтау жөніндегі нұсқаулықтар;

      4) технологиялық үдеріске қатысты басқа да құжаттар болып табылады.

9. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді бақылау

      55. Әскери өкілдік НҚА мен қолданыстағы НТҚ талаптарына сәйкес қабылданатын өнімді метрологиялық қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады. Бұл ретте:

      1) НТҚ мен тексеру әдістемелеріне сәйкес өлшеу құралдарын дұрыс пайдалану;

      2) жеткізілетін өнімнің жиынтықталуына және өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау жүргізу;

      3) ұйымның метрологиялық қызметі әзірлеген шығарылатын өнімді метрологиялық қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы;

      4) ұйымның өлшеу құралдарына арналған техникалық құжаттама мен тексеру әдістемелерін уақтылы және сапалы әзірлеуі бақыланады.

      56. Ұйымдардағы метрологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін тексеру кезінде әскери өкілдік:

      1) ұйымның өлшеу құралдарының жарамды жай-күйде болуын;

      2) өлшеу эталондары мен құралдарының уақтылы тексерілуін (калибрлеу);

      3) тексерілгені туралы қолданыстағы сертификаттың және сенімділік таңбасы бедерінің бар болуын;

      4) цехтардың жұмыс орындарынан жарамсыз өлшеу құралдары мен эталондардың уақтылы алынуын;

      5) ұйымның метрологиялық қызметінің конструкторлық және технологиялық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізуін;

      6) эталондар мен өлшеу құралдарын сақтау және пайдалану ережелерін бақылайды.

      57. Жұмыс орындарында әскери өкілдік:

      1) көрсетілген құжаттамада көрсетілген аспап, құрал-сайман және с.с. атаулары мен дәлдік класының қабылданатын бұйымға (өнімге) сәйкестігін;

      2) өлшеу құралдарына және (немесе) пайдалану құжаттамасына қойылатын сенімділік таңбасының бедері және өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификатты;

      3) бегіленген үлгідегі өлшеу құралдарының үлгісін бекіту туралы сертификатты;

      4) белгіленген үлгідегі метрологиялы аттастаттау туралы сертификатты;

      5) көрек көздері жүктемесінің (қайта жүктеу) сәйкестігі, жүктің мерзімін, ережесін алмастыру және тіркелген (пломбаланған) жай-күйін;

      6) ұйым таңдап алған аспаптардың талап етілетін өлшеу дәлдігіне сәйкестігін тексереді.

      58. Өлшеу құралдарын тексеруді өлшеу құралдарын тексеру әдістемесіне сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің тексерушілері жүзеге асырады.

      59. Тексерудің оң шешімі өлшеу құралдарына және пайдалану құжаттамасына қойылатын сенімділік таңбасының бедерімен және (немесе) өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.

      Өлшеу құралдарын және сынау жабдықтарын тексеру кестесі әскери өкілдіктің бастығымен келісіледі.

      60. Әскери өкілдік өнімді әзірлеуді, сынауды, өндіруді және кәдеге жаратуды метрологиялық қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады.

      61. Әскери өкілдік:

      1) ұйымның метрологиялық қамтамасыз ету жоспарларын орындауын;

      2) өлшеу құралдары мен әдістерін пайдаланудың белгіленген ержесінің сақталуын және бақылануын (өлшеуді орындау әдістемесін аттестаттау немесе стандарттау, стандартталмаған өлшеу құралдарын, сынау жабдықтарын және сынаудың техникалық жүйесін (кешенін) аттестаттау);

      3) тапсырыс берушіге жеткізілетін тексерілген (аттестатталған) және қолдануға рұқсат берілген өнімнің өлшеу және өнімді бақылау құралдарымен жасақталуын;

      4) олардың түрін бекіту және Мемлекеттік бірыңғай өлшеу жүйесін қамтамасыз ету тізбесіне енгізу мақсатында әзірленетін өлшеу құралдарын сынауды уақтылы жүргізуді бақылайды.

      Өлшеу құралдары мен эталондардың жарамсыздығы анықталған кезде әскери өкілдік ТББ бастығына хабарлайды және оларды одан әрі қолдануға жол бермейді.

      62. Әскери өкілдік ұйыммен бірлесіп қабылданатын өнімнің сапасын объективті бақылаудың құралдары мен әдістерін іздестіру және енгізу жөніндегі жұмысты жүйелі жүргізеді.

      Бақылаудың объективтілігіне:

      1) өлшенетін параметрлердің автоматтандырылған жазбасын;

      2) сынақ жүргізу кезіндегі бақылау жазу аппаратурасын;

      3) электр тізбектерін, тораптарын, блоктарын және жалпы бұйымды тексеруге арналған автоматтар мен жартылай автоматтарды қолдана отырып, қол жеткізіледі.

10. Цехтарды, бөлімдерді және зертханаларды кешенді тексеру

      63. Цехтардың, бөлімдердің және зертханалардың жұмысын кешенді тексеруді әскери өкілдікті қатыстыра отырып, ұйымның комиссиясы жүргізеді.

      Кешенді тексеру ұйымның басшысы белгілеген және әскери өкілдікпен келісілген кезеңде жүргізіледі.

      Көрсетілген комиссиядағы жұмысы кезінде әскери өкілдік:

      1) стандарттардың сақталуын, метрологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін;

      2) конструкторлық және технологиялық құжаттаманың жай-күйін (есепке алу және сақтау, құжаттаманын дұрыс және уақтылы өзгертілуі, оның жеткілікті болуы және жұмыс орындарында бар болуы);

      3) жұмыс орындарында технологиялық тәртіптің сақталуын (таңдалып тексеріледі);

      4) өнімді кері қайтару (жарамсыздық) статистикасын;

      5) жабдықтардың, аспаптардың, құрал-саймандардың, технологиялық жарақтардың және жұмыс орындарының жай-күйін;

      6) өндірістегі материалдардың, химикаттардың, жартылай дайын өнімдердің және жиынтықтаушы бұйымдардың сақталуын және берілуін ұйымдастыруды;

      7) жарамсыз өнімді есепке алуды, уақтылы оқшауландыруды және сақтауды;

      8) сапа бойынша өткізілетін іс-шаралардың ұйымдастырылуын және сапа жөніндегі ұдайы әрекеттегі комиссияның ісін;

      9) цехта сапа жөніндегі іс-шаралардың орындалуын;

      10) өндірістік-техникалық оқытуды ұйымдастыруды;

      11) қызметкерлердің, шеберлердің және ТББ бақылау аппаратының сызбаларды және технологияның талаптарын білулерін (таңдап тексеріледі);

      12) өндірістегі тазалық пен мәдениеттің жай-күйін, санитарлық гигиенаны тексереді.

      64. Кешенді тексерулер кестесінің орындалуын бақылауды ТББ жүзеге асырады.

      Кешенді тексерудің нәтижелері бойынша комиссия акт жасайды. Актіге комиссияның төрағасы мен мүшелері қолтаңбаларын қояды және оны анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарымен бірге ұйым басшысы бекітеді және әскери өкілдіктің бастығымен келіседі.

      Комиссия ұсынымының және іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды әскери өкілдіктің қатысуымен ұйымның ТББ жүзеге асырады.

11. Бақылап бөлшектеу (жинау)

      65. Бақылап бөлшектеуді (жинауды) әскери өкілдіктің қатысуымен ұйымның комиссиясы жүргізеді.

      66. Бақылап бөлшектеу (жинау) цехтардағы блоктарда (тораптарда) немесе арнайы сұрыпталуы жоқ қоймаларда, сондай-ақ төзімділікке (ресурс) бұйымға сынақ жүргізгеннен кейін жүргізіледі.

      67. Бақылап бөлшектеулерді (жинауларды) орындау кезінде әскери өкілдік:

      1) конструкторлық және технологиялық құжаттаманың сапасы мен дұрыстығын;

      2) конструкторлық және технологиялық құжаттаманың талаптарына қатаң сәйкестікте тетіктерді дайындау және блоктарды (тораптарды) жинау мүмкіндігін;

      3) дайындалған тетіктердің, блоктардың (тораптар) конструкторлық және технологиялық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуін;

      4) жинау, құрастыру және бақылау операцияларының қолданыстағы жинау технологияларының талаптарына сәйкестігін және оны орындау жүйелілігін;

      5) сызба бойынша дайындалған блоктардың (тораптардың) жиналмалылығын;

      6) технологиялық үдерісте көзделген барлық құралдардың, жарақтар мен құрал-саймандардың жинауға жарамдылығын, сондай-ақ олардың толықтығын;

      7) нормалардың, ТШ және жекелеген жұмыс түрлерін орындауға арналған нұсқаулықтардың сақталуын;

      8) операциялық бақылаудың жеткілікті болуын және жұмыс орнының техникалық жарақталуын;

      9) өткен бақыланатын бөлшектеулердің (жинаулардың) нәтижелері бойынша конструкция мен технологияны жақсарту жөніндегі ұсыныстарды орындауын;

      10) өндіріске өзгерістер енгізу және оларды технологиялық және конструкторлық құжаттамаға толық енгізуін;

      11) бұйымның ұзақ жасалуынан кейінгі тетіктер мен тораптардың жай-күйін (тозуын) тексереді.

      68. Бақылап бөлшектеу (жинау) ұйымның басшысы бекіткен және әскери өкілдіктің бастығымен келісілген ұйымның жылдық кестесі бойынша, сондай-ақ өндірістік қажеттілік жағдайда ұйым және Әскери өкілдіктің басшылары арасында келісілген жекелеген шешім бойынша жүргізіледі.

      69. Бақылап бөлшектеу (жинау) нәтижелері бойынша акт жасалады, онда:

      1) конструкторлық құжаттаманың сапасы жөніндегі, блокты (торапты) жинау сапасы жөніндегі, тетіктерді дайындау сапасы жөніндегі ескертулер мен ұсыныстар, технологиялық үдеріс жөніндегі, жарақ, құралдар, құрал-саймандар және жұмыс орны жөніндегі ескертулер мен ұсыныстар, сапаны бақылау әдістері мен тәсілдерінің тиімділігі жөніндегі ескертулер; бақыланатын бөлшектеу (жинау) нәтижелері жөніндегі қорытындылар;

      2) орындаушыларды және жұмысты орындау мерізімдерін көрсете отырып, әр ескерту жөніндегі іс-шаралар қамтылады.

      70. Тексеру үдерісінде бөлшектеу (жинау) рұқсатсыз жалғастырыла алмайтын мәселелер бойынша комиссия қабылдаған барлық шешімдер жедел орындалады.

      Бөлшектеу (жинау) барысына орындалу мерзімі ықпал етпейтін шешімдер актіде белгіленген мерзімде орындалады.

      Бақылап бөлшектеулердің (жинаулардың) нәтижелері жөніндегі шешімдер мен актілердің орындалуын бақылауды әскери өкілдікті қатыстыра отырып, ұйымның ТББ жүзеге асырады.

12. Конструкторлық құжаттаманың орындалуын бақылау

      71. Әскери өкілдік қолданыстағы НТҚ талаптарына сәйкес өнімді әзірлеудің және сериялық өндірудің барлық сатысында конструкторлық құжаттаманың орындалуын жүйелі бақылауды жүзеге асырады.

      72. Мерзімі тапсырыс берушімен келісілген өнімді сынау, дайындау және тәжірибелік үлгіні (партия) тәжірибелік пайдалану нәтижелері бойынша түзетілген жұмыс конструкторлық құжаттамасының толық жиынтығын ұйым тексеру үшін және кейіннен өнімді сериялық өндіру үшін бекітуге тапсырыс берушіге көрсетеді.

      73. Сынақ нәтижелері бойынша жұмыс конструкторлық құжаттаманы түзету және тәжірибелік үлгіні толық пысықтау тәртібі НТҚ талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      74. Әскери өкілдік ұйымда құжаттамаға өзгерістерді уақтылы енгізу жөніндегі жұмыстың жүргізілуін бақылайды. Конструкторлық құжаттаманы өзгерту әскери өкілдік бастығымен келісілген өзгеріске хабарлама түрінде ресімделеді.

      Конструкторлық құжаттаманың өзгерістерін қарау және келісу кезінде өзгеріс енгізу қажеттігін растайтын типтік сынаулар нәтижелерін ескере отырып, олардың негіздемесі, сондай-ақ енгізілетін өзгерістердің негізгі бұйымның жұмысына ықпалы (бұйымның құрамдас бөлігіне өзгерістер жүргізу кезінде) тексеріледі. Сонымен қатар конструкторлық құжаттамаға өнімді дайындау, қабылдап алу, пайдалану және жөндеу кезінде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі өзгерістердің уақтылы енгізілуін, сондай-ақ осы өзгерістердің өндіріске енгізілуін бақылау қажет.

      75. Әскери өкілдік осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген конструктивтік өзгерістердің есебін жүргізеді және ұйымның хабарламаларды орындауын және таратуын бақылайды, сондай-ақ техникалық шарттарды қолдану мерзімінің есебін жүргізеді.

      Әскери өкілдікте конструкторлық құжаттаманың есептік жиынтығы болуы міндетті (әскери өкілдіктің жұмысына қажетті көлемде) және өнімнің бақыланатын бұйымдарын қабылдап алуды және техникалық тексеруді тек әскери өкілдіктің конструкторлық құжаттамасының есепке алу жиынтығы бойынша жүргізуге міндетті.

13. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуын бақылау

      76. Әскери өкілдік тапсырыс беруші бекіткен (келіскен) ТТ бойынша ұйым жүргізетін ҒЗЖ бақылайды.

      77. Әскери өкілдік оларды жүргізудің барлық кезеңдерінде ҒЗЖ орындалуын ұдайы бақылауды жүзеге асырады. Бақыланатын кезеңдер:

      1) зерттеу бағытын таңдау;

      2) теоретикалық және экспериментальді зеттеу;

      3) зеттеу нәтижелерін қорытындылау және бағалау, ҒЗЖ жөніндегі есептілік ғылыми-техникалық құжаттамасын шығару болып табылады.

      78. ҒЗЖ бақылау барысында әскери өкілдік міндетті түрде:

      1) тапсырыс берушінің барынша қанағаттануына қол жеткізе отырып, ұйыммен бірге ҒЗЖ-ге ТТ-ны қарауға және келісуге, сондай-ақ ұйым құрамдас бөліктерін орындауға және осы тақырып бойынша зерттеуге беретін ТТ-ны қарауға және келісуге қатысады;

      2) ұйымның қойылған міндеттерді шешу әдістерін таңдау және кезеңдер мен жұмыстарды толық орындаудан алған нәтижелерді талқылау жөніндегі техникалық кеңестерге және ғылыми-техникалық кеңестердің жұмысына (бұдан әрі – ҒТК) қатысады;

      3) ҒЗЖ кезеңдерін қабылдау үдерісінде анықталған ескертулерді жою жөніндегі іс-шараларды келіседі және олардың орындалуын бақылайды;

      4) тапсырыс берушінің ҒЗЖ кезеңдерін толық қабылдау актісін қарауға ұсыныс дайындайды.

      79. Әскери өкілдік келісілген жоспар-кестеге сәйкес ҒЗЖ есептілік материалдарының ТТ-ға сәйкестігін қарайды және ол бойынша қорытынды жасайды, онда орындалған жұмыстың көлемі, зерттеудің толықтығы мен сапасы, жұмыс нәтижелерінің практикалық құндылығы, ҒЗЖ тапсырыс берушінің комиссияларына ұсыну және комиссияның жұмысына қатысу мүмкіндігі бағаланады.

      80. Ұйым ТТ талаптарын орындамаған жағдайда ҒЗЖ жөніндегі есептілік материалдарын қабылдап алудан бас тартылады, қабылдап алу тоқтатылады, тапсырыс берушіге тиісті хабарлама жолданады, ал қабылдап алу тапсырыс берушіден қабылданған шешім туралы жазбаша түрде растау алғаннан кейін жаңартылады. Кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды тапсырыс беруші бекіткен кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды жүргізгеннен кейін қабылдап алуға қайтадан ұсыныла алады.

14. Тәжірибелік-конструктролық жұмыстардың орындалуын бақылау

      81. Тапсырыс беруші үшін ТКЖ-ны жасалған шарттар бойынша тікелей ұйым жүргізеді.

      Өнімге арналған ТТ-ны және олардың құрамдас бөліктерін тапсырыс беруші әзірлейді және ұйым әскери өкілдікке жолдайды.

      82. Өнімді әзірлеуге бекітілген ТТ-ға сәйкес әскери өкілдік белгіленген тәртіппен ұйым жасаған осы жұмысты атқару жөніндегі шығын құрамы есебінің жобасын қарайды, оны келіседі және тапсырыс берушіге жіберілуін бақылайды.

      83. Ұйым ТКЖ-ға арналған шарттың жобасын алған кезде (қосымша келісім) әскери өкілдік оның қаралу барысын бақылайды.

      84. Өнімнің тәжірибелік үлгісінің жекелеген құрамдас бөліктерін (жүйесі, кешен) ТКЖ-ға арналған ТТ талаптарын ескеруге тиісті тапсырыс берушінің және ТКЖ бас орындаушы ұйымның ТТ жөніндегі қосалқы мердігер ұйымы әзірлейді.

      85. Әскери өкілдік оны қолданыстағы НҚА мен НТҚ талаптарына сәйкес жүргізудің барлық кезеңдерінде ТКЖ-ның орындалуын ұдайы бақылауды жүзеге асырады.

      ТКЖ-ның бақыланатын кезеңдері:

      1) эскиздік жобаны әзірлеу;

      2) техникалық жобаны әзірлеу;

      3) тәжірибелік үлгіні әзірлеуге арналған жұмыс конструкторлық құжаттаманы әзірлеу;

      4) тәжірибелік үлгіні дайындау және алдын ала сынаулар жүргізу;

      5) тәжірибелік үлгінің негізгі сынауларын жүргізу;

      6) жұмыс конструкторлық құжаттаманы түзету және негізгі сынаулардың нәтижелері бойынша тәжірибелік үлгіні толық пысықтау болып табылады.

      86. Шарттың ережелерінде ТКЖ бір немесе бірнеше кезеңдері болмаған кезде оларда көзделген жұмыстар әзірлеудің келесі кезеңдерінде орындалуы қажет.

      87. Ұйым аванжобаны (техникалық ұсыныс) орындаған жағдайда әскери өкілдік:

      1) аванжоба материалдарының (техникалық ұсыныс) ТТ-ға сәйкес келуін қарайды;

      2) аванжобаны (техникалық ұсыныс) қарау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;

      3) аванжобаны (техникалық ұсыныс) қарау нәтижелері жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және келісуге қатысады.

15. Эскиздік жобаның орындалуын бақылау

      88. Эскиздік жоба кезеңінде әскери өкілдік:

      1) тапсырыс берушінің аванжоба (техникалық ұсыныс) бойынша қорытындысында жазылған ұсыныстардың іске асырылуын, сондай-ақ бірлескен шешімдерде көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылайды;

      2) ТКЖ орындауға арналған бірлескен жұмыс жоспарын келіседі;

      3) эскиздік конструкторлық құжаттаманы келіседі және ол бойынша қорытынды береді;

      4) эскиздік жобаны әзірлеудің, макеттерді жасаудың және зертханалық зерттеулер жүргізудің барысы мен мерзімін бақылайды;

      5) олардың қазіргі заманғы ғылыми-техникалық деңгейге сәйкес келуіне арналған негізгі техникалық шешімді (құрастырма, жиынтықтама, схема, конструкция және с.с) бағалайды;

      6) экспериментальды жұмыстардың есебіне және нәтижелеріне талдау жүргізеді;

      7) құрастыру, сенімділікті қамтамасыз ету бағдарламасы жөніндегі басшылық құжаттарды, конструкторлық құжаттардың тізбесін, құрамдас бөліктерге бөлу схемасын, шектеу тізбесін және.т.б. келіседі;

      8) құрамдас бөліктерді орындаушыларға берілетін техникалық тапсырмаларды келіседі;

      9) электрлі-радио бұйымдарды қолданудың дұрыстығын, оларды пайдалану режимін бақылайды;

      10) шағындау, стандарттау және бірегейлендіру жөніндегі әзірлеменің берілген деңгейін қамтамасыз етуді бақылайды;

      11) эскиздік жобаны әзірлеуге арналған іс жүзіндегі шығынды бақылайды;

      12) жоба материалдары бойынша қорытындыны дайындау үшін жобалаудың барысы мен нәтижелері туралы деректерді қорытындылайды;

      13) оның ТТ және басқа да НТҚ талаптарына сәйкес келу және тапсырыс беруші комиссиясының ұсыну мүмкіндігін бағалаумен эскиздік жоба бойынша қорытынды жасайды.

      89. Қорытындыда қамтылған мәселелердің көлемі өнімді әзірлеуге және оны өндіріске қоюға арналған стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      90. Техникалық жоба кезеңінде әскери өкілдік:

      1) эскиздік жобаны қабылдап алудың нәтижелері бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылайды;

      2) оқу-жаттықтыру құралдарының, стандартты емес жөндеу-техникалық жабдықтар мен жөндеу құжаттамасының тізбесін келіседі;

      3) стандарттаудың және бірегейлендірудің, өзара алмастырудың қағидаттарын пайдалануды ескере отырып, құрастыру әдістері мен тәсілдерінің дұрыстығын бақылайды;

      4) құрастыру жөніндегі басшылық нұсқаулар талаптарының орындалуын тексереді;

      5) бұйымды жобалаудың барысын, конструкторлық құжаттаманың сапасын, техникалық құралдардың макеттерін әзірлеуді бақылайды;

      6) конструкторлық және схемалық кемшіліктерді анықтайды және оларды жою жөнінде шараларды қабылдайды;

      7) тапсырыс беруші бекіткен, келісілген шектеу тізбелеріне сәйкес электрлі-радио бұйымдар мен материалдарды қолдануды және оларды пайдалану режимін тексереді;

      8) сынау бағдарламасы мен әдістемесін, пайдалану құжаттамасының тізбесін және жоспар-анықтамалығын келіседі;

      9) жобаны сараптауға, макеттерге зертханалық сынау жүргізуге қатысады;

      10) техникалық жоба құжаттамасының әзірленуін, келісілуін және қорытынды берілуін бақылайды;

      11) техникалық жобаны әзірлеуге арналған іс жүзіндегі шығынды тексереді;

      12) жобаның материалдары бойынша қорытынды дайындау үшін жобалау барысы және нәтижелері туралы деректерді қорытындылайды;

      13) оның ТТ мен басқа да НТҚ талаптарына сәйкес келу және комиссияға ұсыну мүмкіндігін бағалаумен техникалық жоба бойынша қорытынды жасайды.

      91. Қорытындыда қамтылатын мәселелердің өзектілігі мен толықтығы өнімді әзірлеуге және өндіріске қоюға арналған стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      Әскери өкілдік техникалық жобаны қабылдап алу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады.

16. Тәжірибелік үлгіні жасау үшін конструкторлық жұмыс
құжаттамасын әзірлеуді бақылау

      92. Тәжірибелік үлгіні жасау үшін конструкторлық жұмыс құжаттамасын әзірлеу кезеңінде әскери өкілдік:

      1) техникалық жобаны қабылдап алудың нәтижелері бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылайды;

      2) оқу-жаттықтыру құралдарының, стандартты емес жөндеу-технологиялық жабдықтардың және жөндеу құжаттамасының тізбесін келіседі;

      3) ТТ және қолданыстағы нормативтік-конструкторлық құжаттаманың талаптарына сәйкес конструкторлық құжаттаманың сапасын бағалайды;

      4) тәжірибелік үлгіні жасау үшін конструкторлық жұмыс құжаттамасын келіседі;

      5) конструкторлық құжаттамаға сараптама жүргізуге қатысады;

      6) конструкторлық құжаттаманың тәжірибелік өндіріске берілуін бақылайды;

      7) тәжірибелік үлгіні және оның құрамдас бөліктерін дайындау, жинау және реттеу кестесін келіседі;

      8) пайдалану жағдайында бұйымдарға қызмет көрсетуге қажетті аспаптар мен жабдықтардың тізбесін келіседі;

      9) электрлі-радио бұйымдардың, жұмыс режимдерінің картасын келіседі, олардың жұмыс режимдері туралы ақпараттың жеткілікті болуына талдау жасайды;

      10) құрамдас бөліктерге (аспаптар, блоктар, құрылғылар) арналған сынау бағдарламасы мен әдістемесін келіседі және оларды сынауға қатысады;

      11) сынау үдерісінде анықталған тәжірибелік үлгінің құрамдас бөлігіндегі және құжаттамадағы кемшіліктердің жойылуын бақылайды.

17. Тәжірибелік үлгіні жасауды және алдын ала сынау
жүргізуді бақылау

      93. Тәжірибелік үлгіні жасау және алдын ала сынау жүргізу кезеңінде әскери өкілдік:

      1) тәжірибелік үлгіні сызбалар, нұсқаулықтар, қабылданған технологиялар талаптарына қатаң сәйкестікте жасау және ретке келтіру барысын, сондай-ақ жасау және ретке келтіру нәтижелері бойынша құжаттаманы түзетуді бақылайды және осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тәжірибелік үлгілердің әзірлеу және дайындау жағдайының есебі журналында есепке алады;

      2) сараптама комиссияларына (метрология, стандарттау және эргономика бойынша) қатысады;

      3) сараптама комиссиясының шешімін келіседі және олардың іске асырылуын бақылайды және осы Нұсқаулықтың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бірлескен шешімдердің есебі журналында есепке алады;

      4) жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдарды бастапқы бақылаудың объективті болуын, сондай-ақ бастапқы бақылау жүргізу кезінде қажетті басшылық құжаттардың (нұсқаулықтар, сынау және тексеру әдістемелері, техникалық шарттар) және бақылау-өлшеу техникасының болуын қадағалайды;

      5) ұйымның бақылау-өлшеу және сынау техникасын тексеру жөніндегі метрологиялық қызметтің іс-қимылын бақылайды;

      6) нақты пайдалану жағдайларына барынша жақын шарттарда жұмысқа қабілеттілігін қажетті тексерулер мен сынауларды енгізуге қол жеткізе отырып, тәжірибелік үлгіні сынау әдістемесінің бағдарламасын қарауға және келісуге қатысады;

      7) алдын ала сынау жүргізу үшін қажетті құжаттаманың, бақылау-өлшеу техникасының тізбесін келіседі;

      8) тәжірибелік үлгіге техникалық тексеру жүргізеді;

      9) мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпарат қауіпсіздігін және шетелдік техникалық барлауға қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі НҚА талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      10) сынаулар кезінде туындайтын істен шығулар мен бұзылулардың есебін бақылайды;

      11) алдын ала сынаулар барысында анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын әзірлеу мен келісуге қатысады және олардың толық көлемде және қойылған мерзімдерде орындалуына қол жеткізеді;

      12) тәжірибелік үлгіні сынау нәтижелері бойынша конструкторлық жұмыс құжаттаманы түзетуді бақылайды және оны өзгертуге арналған хабарламаны келіседі;

      13) комиссия актісінде және алдын ала сынаулар нәтижелері бойынша іс-шаралар жоспарында белгіленген кемшіліктерді жойғаннан кейін конструкторлық құжаттаманы келіседі және оған қорытынды береді;

      14) ұйымдардағы-қосалқы мердігерлердегі әскери өкілдікке құрамдас бөліктердің, сынаулар үдерісінде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарынан тиісті үзінді көшірмелердің уақтылы жөнелтілуін қадағалайды және олардың жойылуын бақылайды.

18. Тәжірибелік үлгіге соңғы сынаулар жүргізілуін бақылау

      94. Соңғы сынақтарды дайындау және жүргізу кезеңінде әскери өкілдік:

      1) соңғы сынақтардың бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеуге және келісуге қатысады, тәжірибелік үлгіні сынаққа қоюдың жоспар-кестесін келіседі;

      2) ұйымның іс жүзіндегі шығындар құрамын келіседі, келісу хаттамасын жасайды және оны тапсырыс берушіге келісуге ұсынады;

      3) сынауды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің келісілген бағдарламасына сәйкес сынауға қажетті құжаттаманың, жабдықтардың және мүліктің уақтылы жеткізілуін бақылайды және осы Нұсқаулықтың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өнімді сынау журналында есепке алады;

      4) ӘӨ-мен келісілген және тапсырыс беруші бекіткен материалдық-техникалық қабылдау бағдарламасында белгіленген тәртіппен тәжірибелік үлгіні материалдық-техникалық қабылдауды жүргізеді;

      5) тәжірибелік үлгі мен конструкторлық құжаттаманың соңғы сынау жүргізуге әзірлігі туралы және ұйымның тапсырыс беруші қабылдаған барлық бірлескен шешімдері мен іс-шараларды орындауы туралы қорытынды береді, тәжірибелік үлгі мен конструкторлық құжаттаманың сынақ жүргізуге әзірлігі туралы хабарламаны растайды;

      6) соңғы сынауларды жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;

      7) мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпарат қауіпсіздігін және шетелдік техникалық барлауға қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі НҚА талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      8) сынаулар үдерісінде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және келісуге қатысады және оның толық көлемде және қойылған мерзімдерде орындалуына қол жеткізеді;

      9) ұйымдардағы-қосалқы мердігерлердегі әскери өкілдікке құрамдас бөліктердің, сынаулар үдерісінде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарынан тиісті үзінді-көшірмелердің уақтылы жөнелтілуін қадағалайды және олардың жойылуын бақылайды.

      10) соңғы сынауларды жүргізуге арналған іс жүзіндегі шығындардың құрамын келіседі.

19. Конструкторлық жұмыс құжаттамасын түзету және соңғы
сынаулардың нәтижелері бойынша тәжірибелік үлгіні толық
пысықтау

      95. Әскери өкілдік:

      1) тәжірибелік үлгінің және конструкторлық құжаттаманың толық пысықталуын бақылайды;

      2) ТКЖ-ны стандарттаудың және бірегейлендірудің жалпы деңгейін айқындау жөніндегі сараптамаға қатысады;

      3) тапсырыс берушіге (ведомствоаралық комиссияға) ұсыну үшін конструкторлық жұмыс құжаттамасының әзірлігі туралы қорытынды береді;

      4) тәжірибелік үлгіні толық пысықтауға және конструкторлық құжаттаманы түзетуге арналған қосымша келісімнің қосалқы мердігермен келісілуін бақылайды;

      5) тиісті литерді беру үшін конструкторлық жұмыс құжаттамасының әзірлігін тексеру жөніндегі тапсырыс беруші комиссиясының (ведомствоаралық комиссия) жұмысына қатысады және шартты белгі қоя отырып, тапсырыс берушінің ескертулерін іске асыруды бақылайды.

      96. Бұйымды сериялық шығару үшін конструкторлық құжаттаманы беру кезінде әскери өкілдік:

      1) конструкторлық құжаттама телнұсқаларының жай-күйін тексереді және ондағы кемшіліктерді жояды;

      2) конструкторлық құжаттама телнұсқаларын сериялық бұйымдарды басты әзірлеушіге беру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;

      3) конструкторлық құжаттама телнұсқаларының сериялық бұйымды әзірлеушілерге уақтылы жөнелтілуін бақылайды;

      4) конструкторлық құжаттаманың өзгерістерін қарайды және келіседі;

      5) жаңадан әзірленген (жаңартылған) бұйымдарды шығару үшін өндірісті игеру дайындығын ұйымдастыру жөнінде жүргізілетін іс-шараларға қатысады.

20. Әскери өкілдіктің өнімді стандарттауды және
бірегейлендіруді бақылау жөніндегі жұмысы

      97. Стандарттау және бірегейлендіру жөніндегі жұмысқа бақылауды жүзеге асыру кезінде әскери өкілдіктің негізгі міндеттері:

      1) жасалатын өнімді стандарттау мен бірегейлендірудің берілген деңгейінің қамтамасыз етілуін бақылау;

      2) өнімді стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларының әзірленуін және іске асырылуын бақылау;

      3) өнімге арналған стандарттардың енгізілуін және сақталуын бақылау;

      4) өнімге арналған стандарттар мен ТТ жобаларын келісу болып табылады және осы Нұсқаулықтың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конструкторлық құжаттамаға өзгерістер енгізу журналында есепке алады.

      98. Жасалатын өнімді стандарттау мен бірегейлендірудің берілген деңгейін қамтамасыз етуді бақылау кезінде әскери өкілдік мынадай негізгі жұмыстарды жүзеге асырады:

      1) өнімді жасау (жаңғырту) жөніндегі ТКЖ-ны орындау кезінде конструкторлық құжаттаманың стандарттау мен бірегейлендіру жөніндегі талаптарға сәйкестігіне сараптама жүргізудің жоспар-кестесінің жобаларына ұйымның ұсыныстарын қарауды және келісуді;

      2) ұйымдар жүргізетін өнімді жасау (жаңғырту) жөніндегі ТКЖ орындау кезінде стандарттау мен бірегейлендіру жөніндегі талаптарға сәйкес келуіне конструкторлық құжаттаманың сараптамасына қатысу, сондай-ақ осы сараптамалардың нәтижелері бойынша ұсыныстардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру;

      3) өнімді әзірлеуде стандартталған және бірегейлендірілген бөлшектерді, тораптарды және талап етілетін сападағы жиынтықтаушы бұйымды қолдану жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

      4) жасалатын өнімді стандарттау және бірегейлендіру деңгейінің ТТ-да берілген талаптарға сәйкес келуін бақылауды жүзеге асыру.

      99. Өнімді стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларының әзірленуін және іске асырылуын бақылау кезінде әскери өкілдік мынадай негізгі жұмыстарды жүзеге асырады:

      1) тапсырыс берушіге өнімге арналған қолданыстағы ТТ-ны қайта қарау (өзгерту) және жаңадан әзірлеу жөніндегі ұсыныс-өтінімдерді дайындау және ұсыну;

      2) негізгі стандарттауды дамыту бағыттарының, өнімдердің жылдық стандарттау жоспарлары жобаларына, сондай-ақ өнімді кешенді стандарттау бағдарламаларына ұйымның ұсыныстарын қарау;

      3) осы мәселелер бойынша тапсырыс берушінің ұсыныс-өтінімдерін қарауға, ұйымдастыруға қатысу;

      4) есеп беру жылына арналған өнімді стандарттау жоспарларының жобаларын және ерекше кезеңге толықтыруларды әзірлеу талап етілетін стандарттардың тізбелерін әзірлеуді бақылау;

      5) ұйымның өнімді стандарттау жоспарларында және өнімді кешенді стандарттау бағдарламаларында көзделген жұмыстардың орындалуын бақылау.

      100. Өнімге арналған стандарттарды келісу кезінде әскери өкілдік мынадай негізгі жұмыстарды жүзеге асырады:

      1) өнімге арналған стандарттарды келісуге (өзгертуге) ТТ жобаларын қарау және келісу;

      2) тапсырыс берушінің кеңестерінде өнімге арналған стандарттардың жобаларын қарауға қатысу;

      3) тапсырыс берушімен келісуге жататын стандарттардың жобалары бойынша ескертулер мен ұсыныстарды қарау және беру;

      4) ұйымға бекітілген, тапсырыс берушімен келісілген стандарттардың уақтылы тексерілуін және қайта қаралуын (өзгерту) бақылау.

      101. Өнімге арналған стандарттардың енгізілуін және сақталуын бақылау кезінде әскери өкілдік мыналарды жүзеге асырады:

      1) арнайы мемлекеттік мұқтаждар үшін өнім бұйымдарын жеткізетін ұйымдарда стандарттардың енгізілуін және сақталуын мемлекеттік қадағалауды (ведомстволық бақылауды) енгізу қажеттігі жөніндегі ұсыныс-өтінімдерді дайындау және оны тапсырыс берушіге ұсыну;

      2) өнімді өндіру үшін ұйым жеткізетін шикізаттың, материалдардың, жартылай дайын өнімдер мен жиынтықтаушы бұйымдардың стандарттары мен техникалық шарттарының талаптарына сәйкес келмеу жағдайы туралы мәліметтерді дайындау және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандартының аумақтық органдарына жолдау;

      3) ұйымда оны әзірлеу және өндіру сатысындағы өнімге арналған стандарттардың енгізілуін және сақталуын бақылау;

      4) өнімге арналған стандарттардың енгізілуін және сақталуын қадағалау және ведомстволық бақылау жөніндегі комиссиялардың жұмыстарына қатысу.

21. Технологияны трансферттеу кезінде технологиялық
және пайдалану құжаттамасының орындалуын бақылау

      102. Әскери өкілдік ұйымның НТҚ талаптарына сәйкес өнімді жасау мен сериялық өндірудің барлық сатысында технологиялық және пайдалану құжаттамасының орындалуына жүйелі бақылауды жүзеге асырады.

      103. Ұйым мемлекеттік тілге (немесе орыс тіліне) аударылған, тапсырыс берушімен келісілген мерзімде өнімнің (партияның) тәжірибелік үлгісін сынаудың, дайындаудың (жинаудың) және тәжірибелік пайдаланудың нәтижелері бойынша түзетілген жұмыс технологиялық және пайдалану құжаттамасының толық жиынтығын тексеру үшін және кейіннен өнімді сериялық өндіру (жинау) үшін бекітуге тапсырыс берушіге ұсынады.

      104. Технологиялық және пайдалану құжаттамасын түзету тәртібі НҚА мен НТҚ талаптарына, сондай-ақ технологияны трансферттеу туралы шарттың ережелеріне сәйкес келуі тиіс.

      105. Әскери өкілдік ұйымда технологиялық және пайдалану құжаттамасына өзгерістерді уақтылы енгізу жөніндегі жұмыстың жүргізілуін бақылайды. Құжаттаманы өзгерту өзгертуге хабарламалар түрінде ресімделеді және әскери өкілдіктің бастығымен келісіледі.

      Технологиялық және пайдалану құжаттамасына өнімді дайындау (жинау), қабылдап алу, пайдалану және жөндеу кезінде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі өзгерістердің уақтылы енгізілуін, сондай-ақ осы өзгерістердің өндіріске енгізілуін бақылау қажет.

      106. Әскери өкілдік технологиялық және пайдалану құжаттамасының есепке алынған жиынтығын (әскери өкілдіктің жұмысы үшін қажетті көлемде) игеруге және әскери өкілдіктің тек технологиялық және пайдалану құжаттамасының есепке алынған жиынтығы бойынша өнімнің бақыланатын бұйымын қабылдап алуды және техникалық тексеруді жүзеге асыруға міндетті.

      107. Әскери өкілдіктің бастығы шарт жасасу алындағы сатыда ұйым мен тапсырыс беруші арасындағы шартқа әскери өкілдікті өнімге арналған технологиялық және пайдалану құжаттамасының есепке алынған жиынтығымен қамтамасыз ету мәселелерін міндетті түрде енгізуге қол жеткізуге міндетті.

22. Бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау

      108. Әскери өкілдік экономикалық жұмысты қорғаныстық тапсырыс өніміне арналып бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында жүргізеді. Осы мақсатта әскери өкілдік тікелей, сондай-ақ кооперация тәртібінде өнімді әзірлеудің және өндірудің барлық кезеңдеріне арналған шығынның негіздемесі болуын бақылайды.

      Әскери өкілдіктің экономикалық жұмысы кейіннен әскери өкілдіктен тапсырыс берушіге соңғысының қайтадан ұсынылған жұмысты, қызметті (кезеңдер) төлеудің негізділігі жөніндегі келісілген (немесе өзге) шешімді қабылдауы үшін ұсыныстар бере отырып, тапсырыс берушінің төлеуіне ұйымдардың өнімге арналған есептерді қайта ұсынуын болдырмауға бағытталады.

      109. Ұйымның өнімнің, өнімге жиынтықтаушы бұйымның, өнімді өндіру жөніндегі жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (кезеңдер) өзіндік құнына жататын нақты шығынның құрамы жөніндегі есебі (немесе калькуляциясы) әскери өкілдіктің бастығымен келісіледі және ілеспе хатпен рұқсат етілген байланыс құралдары арқылы тапсырыс берушіге жолданады.

      110. Экономикалық жұмыстың негізгі бағыттары:

      1) өнімге жиынтықтаушы бұйымға өндірістік шығын құрамының, өнімді шығару жөніндегі жұмыстың, көрсетілетін қызметтің (кезеңнің) шығын құрамының есебін (немесе калькуляциясын) қарау;

      2) өнімге жиынтықтаушы бұйымның тауар-материалдық құндылығын, қосалқы мердігерлік ұйымдардан тапсырыс берушінің есебінен дайындалған және сатып алынған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (кезеңдердің) есебін жүргізу және бақылау болып табылады.

      111. Экономикалық жұмысты жүргізу кезінде әскери өкілдік:

      1) ұйым мен тапсырыс беруші арасындағы шартты, оған қосымшаны, толықтыруды, оған өзгерістерді;

      2) ұйымның құрылтай құжаттарын, есептік саясатын, бастапқы бухгалтерлік құжатын, ұйымның стандарттарын және құқықтық, өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметті регламенттейтін басқа да НҚА-ны;

      3) өндірісті (жұмысты) ұйымдастыруды, өнімді дайындаудың негізгі технологиялық үдерісін;

      4) ұйымның нормативтік базасының жай-күйін зерделейді.

      112. Экономикалық жұмысты талдау соңғы шешімді қабылдау үшін ұйым мен тапсырыс берушінің мекенжайына жолданылатын осы Нұсқаулықтың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өнімге ұсынылған калькуляцияға әскери өкілдіктің жасалған қорытындыларында көрсетіледі.

  Меншік нысанына қарамастан,
кәсіпорындағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша

      Нысан

      Келісілді Бекітемін

      ҚР ҚМ Әскери өкілдіктер Тапсырыс беруші басқарма

      орталығының бастығы бастығының лауазымы

      Әскери атағы, қолы, аты-жөні, тегі Әскери атағы, қолы, аты-жөні тегі

      (бар болса)) (бар болса))

      2015 жылы "_____"__________ 2015 жылы "_____"__________

      "_____" әскери өкілдік бақылайтын өнімнің номенклатурасы

Р/с

Бұйымның атауы

Өлшем бірлігі

Тапсырыс беруші

Қабылдап алуға негіз (шарттың нөмірі, күні)

Бұйым саны

Көлемі

(мың. тенге)

Ескертпе










      "______" әскери өкілдік бастығы

      _____________________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, аты-жөні, тегі (бар болса))

  Меншік нысанына қарамастан,
кәсіпорындағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша

      Нысан

      Бекітемін Келісілді

      " " әскери өкілдік бастығы Ұйым басшысы

      ____________________________ _____________________________

      (қолы, тегі, аты-жөні (бар болса)) (қолы, тегі, аты-жөні (бар болса))

      20___ жылы " " ___________. 20___ жылы "______________"

      Әскери өкілдікке "_______" техникалық бақылау бөлімі ұсынуға

      тиісті міндетті ұсынылатын бұйымдардың, жинақтау бірліктерінің,

      технологиялық үдеріс операцияларының тізбесі

Р/с

Технологиялық операцияның атауы

Жөндеу ісі картасының, МемСт, ТУ №

Бақылауға ұсынылған операция

Бақылау түрі:

Ж-жаппай,

Т-іріктеп,

Ұ-лездеме

Ескертпе








      "_______" әскери өкілдіктің жетекші сарапшы–инженері

      __________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөні (бар болса))
Меншік нысанына қарамастан,
кәсіпорындағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша

      Нысан

      № __________тапсырма өндірісте лездемелік бақылауға

      Берілді________________________берілген күні 20___жыл "____"_________

      1. Не, қайда және қандай мерзімде бақылауға тиісті __________________

      _____________________________________________________________________

      Орындау мерзімі 20 ___жыл "_____"___________

      Әскери өкілдік басшысы ______________________________________________

      (қолы, тегі)

      2. Тапсырмамен танысты:

      Тексеруге қатысу үшін цехтан _______________________________ бөлінеді

      (аты, әкесінің аты (бар болса, тегі))

      ТББ-дан _____________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты, тегі))

      Цех бастығы_______________________ТББ бастығы _______________________

      (қолы, тегі) (қолы, тегі)

      3. Лездемелік бақылау нәтижелері

Р/с

Анықталған кемшіліктердің, ақаулардың мазмұны

Кемшіліктердің себебі





      Әскери өкіл _________________________ ТББ өкілі______________________

      20____жыл "_____"__________________ 20____жыл "_____"________________

      4. Әскери өкілдік бастығының қорытындысы ____________________________

      _____________________________________________________________________

      Әскери өкілдік бастығы_______________________________________________

      (қолы, тегі)

      5. Анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар

Р/с

Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Орындаушы

Орындау туралы белгі







      Цех бастығы________________________ Бас инженер______________________

      Бақылаушы шебер____________________ ТББ бастығы______________________

      20____жыл "____"_________________ 20____жыл "_____"__________________

      6. Қайта тексеру нәтижесі мен қорытындысы:

      _____________________________________________________________________

      Орындаушы__________________________

      20____жыл "_____"__________________

      Әскери өкілдік бастығы ______________________________________________

      20____жыл "_____"__________________

      7. Лездеме бақылау жөніндегі іс-шаралардың тармақтарын орындамау

      туралы Ұйым басшысының мәліметіне 20____жыл "_____"_______шығ.

      №_________ қызметтік жазбамен (хатпен) жеткізілді.

      Әскери өкілдік бастығы ______________________________________________

      20____жыл "_____"__________________

  Меншік нысанына қарамастан,
кәсіпорындағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша

      Нысан

      Өндірісте лездемелік бақылауға тапсырмалар беру

      Журналы

Р/с

Тапсырманың нөмірі

Орындаушының Тегі, аты, әкесін аты

Орындау мерзімі

Орындаушының қолы, күні

Лездемелік бақылау жөніндегі іс-шараларды алған күн

Қайта бақылау күні және нәтижесі

Орындаушының тапсырманы орындағаны туралы белгі, күні

Істің нөмірі, іске тігілген парақтардың нөмірлері

1

2

3

4

5

6

7

8

9










  Меншік нысанына қарамастан,
кәсіпорындағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша

      Нысан

      Алғашқы, екінші

      (керексізі сызылсын)

      Әзірлеуші____________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      Әскери өкілдіктің бастығына _________________________________________

      (әскери өкілдіктің атауы, тегі, аты-жөні (бар болса))

      Хабарлама____ жылғы "____" ______ № ____

      Бұйымды ________________________________________________ ұсыну туралы

      (қабылдау-тапсыру сынағы, қабылдап алу)

      Осы хабарламамен мынадай бұйымдар ұсынылады _________________________

      (бұйымның атауы немесе индексі, бұйым саны)

      ____ жылғы "__" ____ № ____ шарт бойынша №____ орны №_____ ерекшелік

      Көрсетілген бұйымдарды ТББ тексерді және қабылдады, қолданыстағы

      ______________ құжаттама талаптарына толық сәйкес келеді, алдыңғы

      мерзімді сынауларда расталды және ____ жылғы

      (атауы)

      "__" ____________ акт (есеп беру) бойынша әскери өкілдікке тапсыру

      үшін жарамды деп танылды.

      Ұсынылатын өнім ___________________________________ талаптарына

      (құжаттаманың атауы)

      сәйкес жиынтықталды.

      Мынадай құжаттар ұсынылады:

      1. Формуляр(лар), паспорт(тар), этикетка (лар).

      2. ТББ сынақтарының ___ жылғы "__" ____ №____ хаттамасы, ___ парақта.

      3. Әскери өкілдіктер кері қайтарған (екінші рет ұсынылған жағдайда)

      бұйымдарды талдау және ақаулықтарды жою және ТББ-ның қайта тексеруі

      туралы ____ жылғы "__" ____ №____ акт.

      Әзірлеушінің басшысы________________ ______________________________

      (қолы) (аты-жөні, тегі (бар болса))

      Бас инженер

      ТББ бастығы _____________________ _________________________________

      (қолы) (аты-жөні, тегі)

      Хабарлама әскери өкілдікке ____ жылғы "__" ____сағат____ ____ минутта

      келіп түсті.

      Әскери өкілдіктің сынақ жүргізу және (немесе) қабылдап алу туралы

      шешімі:

      а) сынақ (қабылдау) ______________________________________ жүргізеді.

      (тегі, аты-жөні (бар болса))

      Әскери өкілдік бастығы _________ __________________________________

      (қолы) (аты-жөні, тегі (бар болса))

      "Хабарламаның" артқы беті

      Әскери өкілдіктің қорытындысы

      Осы хабарлама бойынша ұсынылған _____________________________________

      (бұйымның атауы немесе индексі)

      жалпы санынан _______________________________________________________

      (құжаттардың белгілері)

      келетіні

      № _________________________________________________талаптарына сәйкес

      (бұйымның (партияның) саны)

      № ____________________________________________________кері қайтарылды

      соның ішінде № _______________________________ жарамсыз деп танылды.

      (бұйымның (партияның) саны)

      Кері қайтару (жарамсыз деп танудың) себебі

      _____________________________________________________________________

      (өнімнің сәйкес келмеуінің нақты себептері, құжаттар мен құжаттар

      тармақтарының нөмірлері)

      _____________________________________________________________________

      Негіз: қабылдау-тапсыру сынақтарының___ жылғы "__"___ № ___ хаттамасы

      Әскери өкілдік ________ __________________ ________________________

      (қолы) (аты-жөні, тегі) (уақыты, күні)

      №_________бұйымдар

      _____________________________________________________________________

      (бұйымның атауы немесе индексі, бұйымның (партияның) саны)

      _______________________________ талаптарына сәйкес келетіндер ретінде

      (құжаттардың белгісі)

      қабылданды және _______________________________ жатады деп саналсын.

      (кезеңдік сынаққа, сақтауға, тиеуге жауапты)

      Әскери өкілдіктің бастығы _________ _______________________________

      (қолы) (аты-жөні, тегі (бар болса))

      Таныстым _______________________ _________ ________________________

      (ТББ өкілінің лауазымы) (қолы) (аты-жөні, тегі)

      № _____________ _____________________ бұйымдар 20__ жылғы "__"

      ____________________ әзірлеушінің жауапты сақтауына дейін қабылданды.

      (тапсырушының разнарядкасы бойынша тиеу)

      Бастық ______________________ ________ ______________________________

      (сату бөлімі, қойма) (қолы) (аты-жөні, тегі (бар болса))

      Мөрдің орны

  Меншік нысанына қарамастан,
кәсіпорындағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымша

      Нысан

      Мөртаңба орны

      № ________ Куәлік

      _______________ ұйымына ол хабарлама бойынша ұсынған техникалық шарттарға және 20___ жыл. "____" __________ № _____ шартқа толық сәйкестікте әзірленген және жиынтықталған. Төменде көрсетілген өнім пайдалану үшін жарамды деп танылғанын және көрсетілген шарт есебіне қабылданғанын растау үшін "_____" әскери өкілдік берген.

Р/с

Жеткізу ведомосындағы орын нөмірі

Өнімнің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе

1

2

3

4

5

6








      ______________________________________ әскери өкілдік басшысы

      (қолы, тегі, аты-жөні (бар болса)

      Мөртаңба орны

      20___ жыл "____" ____________

      Осы куәлікте аталған өнім жауапты сақтауға қабылданды.

      Ұйым басшысы ___________________________

      Т.А.Ә.қолы

      Мөртаңба орны

      20___ жыл "____" ____________

  Меншік нысанына қарамастан,
кәсіпорындағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа 7-қосымша

      Нысан

      Дайын өнімді қабылдап алу және жеткізу шарттарын есепке алу журналы

Р/с

Шарт (қосымша келісім), наряд, тапсырыс немесе басқада құжат

Қолданылу мерзімі

Жауапты орындаушы

Шарт сомасы

Тапсырыс беруші

(жүкті алушы)

Ескертпе

нөмірі

күні

1

2

3

4

5

6

7

8









  Меншік нысанына қарамастан,
кәсіпорындағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа 8-қосымша

      Нысан

      Бұйымдарды тиеп жіберу

      Актісі

      20_____жыл______"___________. ________________қаласы

      Бүгінгі күні ______________________ кәсіпорны _________________

      әскери өкілінің қадағалауымен №________________ шарттың есебіне дайын

      өнімді тиеп жіберу жүргізілді. Жүкті алушыға "_______" шартты индексі

      бар, ТББ пломбасымен пломбаланған, саны ______ бедері бар пошта

      арқылы №_____________ болып жолданған орама ведомосына сәйкес №______

      болып жүк алушының _____________ мекенжайына ілесіп жүру үшін

      тапсырылды.

      Жүк ___________________ №_____________жүкқұжат бойынша тиелді.

      (көліктің түрі мен нөмірі)

      Сату бөлімінің бастығы_________________________________________

      (қолы, тегі)

      Дайын өнім қоймасының меңгерушісі __________ __________________

      Бастық (қолы, тегі)

      Көлік бөлімінің экспедиторы ___________________________________

      (қолы, тегі)

      Әскери өкіл ___________________________________________________

      (қолы, тегі)

      Осы актіде көрсетілген жүкті _______________________ ілесіп жүру үшін

      (жүк алушының белгісі және мекенжайы)

      Қабылдады____________________________________________________________

      (ілесіп жүрушінің қолы)

      Ілесіп жүру құқығына құжатты 20_____жыл______"___________№___________

      _____________________________________________________________ берген.

      (кім берді)

      (тиеу актісінің артқы беті)

      Қол хат

      Саны ______ жәшіктегі _________ шартты индексі бар, ТББ және

      __________________________________________________ тапсырыс берушінің

      пломбаларымен пломбалаған №______ жүкті

      Тапсырды_______________________________________________________

      (жүкті қабылдап алушының тегі, аты, әкесінің аты, жүкті қабылдауға негіз)

      Қабылдады______________________________________________________

      (жүкті қабылдап алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар боса, жүкті

      қабылдауға негіз))

      20________жыл "_______"___________________

  Меншік нысанына қарамастан,
кәсіпорындағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа 9-қосымша

      Нысан

      Кімге__________________________________________________________

      № ______ жүкті тиеу туралы

      Хабарлама

      ________________________________ұйымының өнімді жөнелтуі туралы

      _____________________ көлігімен ______________ т.ж. станциясына

      Жүкті алушы____________________________________________________

Р/с

№№

Жөнелтілетін өнімнің атауы

Номенклатуралық нөмірі

Бұйымдардың зауыттық нөмірлері

Жасалған жылы

Саны

Бұйымның құпиялылық белгісі

ескертпе

дана

орын

1

2

3

4

5

6

7

8

9











      Жөнелту 20 _____жыл "_____"_______ жүргізілді.

      20 _____жыл "_____"_______№_______ нарядтың (тәртіптемелердің,

      шарттардың) есебінде

      №__________т.ж. вагондарында №______________________ жүк құжат

      Жүкті алуды растауды жіберушінің мекенжайына ___________қаласы,

      кәсіпорынның_________________ п/ж және

      _______________________әскери өкілдігіне жіберуіңізді сұраймын.

      Әскери өкілдік басшысы_________________________________________

      (қолы, тегі)

  Меншік нысанына қарамастан,
кәсіпорындағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа 10-қосымша

      Нысан

      "_____" әскери өкілдіктегі наразылық білдіруді есепке алу

      Кітабы

Р/с

Өнімнің атауы

Жасаушы зауыт

Әзірленген күні

Келіп түскен наразылық білдірулердің күні мен нөмірі

Наразылық білдірген бөлімнің немесе қойманың атауы

Наразылық білдіру мазмұны

Ақауды жоға және айыппұл өндіріп алуға қандай шаралар қабылданды

Ескертпе

Ақауларды жою туралы белгі

Айыппұл санкцияларын өндіріп алу туралы белгі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











  Меншік нысанына қарамастан,
кәсіпорындағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа 11-қосымша

      Нысан

      Конструкторлық өзгерістерді есепке алу

      Журналы

Р/с

№№

Өзгертуге арналған құжаттың нөмірі

Сызба нөмірі

Өзгертудің себебі

Өзгерістің қысқаша мазмұны

Енгізу мерзімі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7









      Ескертпе:

      1. Журналда өңдеуді толық пысықтауды талап ететін өзгерістер тіркеледі.

      2. Әр бұйымға қажетті парақ саны бөлінеді.

  Меншік нысанына қарамастан,
кәсіпорындағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа 12-қосымша

      Нысан

      Тәжірибелік үлгілерді әзірлеу және дайындау жай-күйін есепке алу

      журналы

Р/с

Жұмыс кезеңдері (атауы, мазмұны, болжамды және түпкілікті құны)

Орындау мерзімі

Мерзімдерін өзгерту туралы белгі

Кезеңдерді аяқтау туралы куәліктердің нөмірі және күні

шарт бойынша

іс жүзінде

негіз

нөмірі

күні

1

2

3

4

5

6

7

8









  Меншік нысанына қарамастан,
кәсіпорындағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа 13-қосымша

      Нысан

      Бірлескен шешімдерді есепке алу Журналы

Р/с

Шешімді тіркеу

Шешімнің нөмірі және қысқаша атауы, күні

Шешімді орындау мерзімі

Шешімнің орындалуы туралы белгі

келіп түскен күні

кіріс нөмірі

істің нөмірі

парақтың нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8









  Меншік нысанына қарамастан,
кәсіпорындағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа 14-қосымша

      Нысан

      Өнімді сынауды есепке алу

      Журналы

Р/с

Бұйымдардың нөмірлері

Сынаулар түрі

Сынаулар нәтижелері

Сынауларда анықталған ақаулардың сипаты

Ақаулардың, істен шығудың себептеріне талдау жүргізілген күн

Бұйымның істен шығуының іс жүзіндегі себебі

Ақауларды жоюға және оларды бұдан әрі болдырмауға арналған іс-шаралар

Жарамсыз деп танылған бұйымдарды талдау актілерінің нөмірі. Олар тігілген істің, парақтың нөмірі

Жарамсыз деп танылған бұйымдарға кім талдау жүргізді

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











  Меншік нысанына қарамастан,
кәсіпорындағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа 15-қосымша

      Нысан

      Құрылымдық құжаттаманы өзгертуге арналған хабарламаларды есепке алу

      Журналы

Р/с

Өзгертуге арналған хабарламаның нөмірі

Сызба нөмірі

Өзгерту себебі

Өзгерістің қысқаша мазмұны

Енгізу мерзімі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7









      Ескертпе:

      1. Дайындаманы толық пысықтауды талап ететін өзгерістерді тіркеу журналында

      2. Әрбір бұйымға қажетті парақтар саны бөлінеді.

  Меншік нысанына қарамастан,
кәсіпорындағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әскери өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа 16-қосымша

      Нысан

      Ұйым басшысына

      Көшірмесі: Тапсырыс беруші басқарманың

      бастығына

      _______ әскери өкілдігінің _________ ұсынған ____________

      өнімге арналған калькуляцияға (20_жыл ___ ___ шығ.№ ___) қорытындысы

      (өнімнің атауы)

      Зерделенген құжаттар: 1. ______________________________________

      2. ______________________________________

      3. ______________________________________

      4. ______________________________________

      Жүргізілген тексерулердің нәтижелері:

Р/с

Анықталған кемшіліктердің сәйкессіздіктердің мазмұны

Негіздеме





      Ұсынылған калькуляция бойынша қорытындылар мен және ұсынымдар:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Әскери өкілдік бастығының қорытындысы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ________ әскери өкілдік бастығы

      _______________________________

      (қолы, тегі)