2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабы 5-тармағына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы С. Омаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 9 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 21 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 4-1/168 бұйрығымен
бекітілген
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының
құнын субсидиялау қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау (40 %-ға дейін) тәртібін айқындайды.
2. Субсидиялар агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне (бұдан әрі – АӨК субъектілері) осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен бөлінеді.
3. Субсидиялар алуға агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін (бұдан әрі – АӨК субъектісі) айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссияның құрамына:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің, оның ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармаларының немесе бөлімдерінің қызметкерлері;
2) ауылдық округ әкімі;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік палаталарының өкілдері;
4) салалық қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдері енгізіледі.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
5. Облыс әкімдігінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) келісім бойынша жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялардың нормалары бекітіледі. Бұл ретте субсидия 1 гектардағы көшеттер санына және жасына (отырғызу схемасы), көпжылдық екпелердің сипаттамасына (түріне) қарай және 1 гектарға ғылыми негізделіп ұсынылған шығындардың параметрлеріне сәйкес сараланып белгіленеді.
6. Осы Қағидалар қарқынды алма бақтарын салған АӨК субъектілеріне қолданылмайды (гектарға 2000 данадан кем емес аласа бойлы және жартылай аласа бойлы клондық телітушілердің көшеттері, оның ішінде книп-баум көшеттері).
2. Субсидияны алушылар
7. Алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызған және оларды кейінгі жылдары өсіруді жүзеге асырған АӨК субъектілері субсидия алушылар болып табылады.
3. Субсидияны алу шарттары
8. Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
1) тиісті жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде Бөлімге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде жүргізілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу арналған субсидиялар алуға өтінім беру;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу талаптарына сәйкес жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу.
9. Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруге субсидиялар мынадай шарттар кезде төленеді:
1) тиісті жылғы 1 қырқүйекке дейінгі мерзімде Бөлімге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруге арналған субсидиялар алуға өтінім беру;
2) екінші вегетацияның – аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен отырызылғандар үшін, екінші-үшінші вегетацияның – жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екінші-үшінші-төртінші вегетацияның – биік бойлы телітушілердің көшеттерімен отырығызылғандар үшін, екіншіден бастап жетінші вегетацияны қоса алғанда – алманың «Апорт» сорты бойынша өсіру сақталған кезде беріледі.
Егер де бұрынғы жылдары отырғызылған жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттер ішінара жойылған және АӨК субъектісі оларды меншікті қаражатының есебінен қалпына келтірген жағдайда субсидиялар АӨК субъектісіне нақты сақталып қалған көпжылдық көшеттердің алаңына ғана (көпжылдық көшеттердің өздігінен қалпына келтірілген алқаптарын есепке алмағанда) тиесілі болады.
4. Субсидияларды есептеу тәртібі
10. Субсидиялар АӨК субъектісі өтінім берген субсидиялауға жататын жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерінің алқаптарын және облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген субсидия нормаларын негізге ала отырып есептеледі.
5. Субсидияны төлеудің тәртібі
11. Бөлім:
1) жыл сайын 15 мамырға дейінгі мерзімде субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы хабарландыруды аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті мерзімді баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етеді;
2) АӨК субъектісінен өтінім түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарастырады. АӨК субъектісімен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін өтінім ұсынылған жағдайда өтінім АӨК субъектісіне екі жұмыс күні ішінде қайтадан пысықтауға қайтарылады;
3) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін АӨК субъектісінің өтінімін Комиссияға енгізеді.
12. Комиссия:
1) Бөліммен өтінім енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті жерге барып:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қарау, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестігі актісін;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруді зерттеп-қарау актісін жасайды;
2) тиісті акті жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде субсидияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды.
Комиссиямен субсидияны беру туралы шешім қабылданған жағдайда Бөлім өтінімді тиісті актінің көшірмесімен және Комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесімен бірге облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолдайды, ал субсидияны беруден бас тартқан жағдайда Бөлім бас тарту себебін көрсете отырып бас тарту туралы жазбаша түрде АӨК субъектісін хабардар етеді.
13. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы екі жұмыс күні ішінде жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға немесе оларды өсіруге арналған субсидияны алуға АӨК субъектісінен өтінім түскеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлем құжаттарын ұсынады.
6. Субсидиялау жөніндегі есептілік
14. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тиісті жылғы 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде Министрлікке осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияны пайдалану туралы ақпаратты ұсынады.
Жеміс-жидек дақылдарының және
жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызу және өсіру (оның ішінде
қалпына келтіру) шығындарының
құнын субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
________________________ облысы______________________________________
(аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)
Алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде
жүргізілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызуға арналған субсидияларды алуға өтінім
Маған 20 __ жылдың күзінде және/немесе 20 __ жылдың көктемінде
_______ гектар алқапқа отырғызылған жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің
(қажеттісінің астын сызу керек) көпжылдық көшеттеріне субсидия
төлеуді сұраймын.
Р/с |
Деректер көзі* |
Қажетті мәліметтер |
Деректер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1. |
Заңды тұлға үшін - мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік** немесе анықтама |
тіркеу нөмірі |
||
тіркеу күні |
||||
атауы |
||||
орналасқан жері |
||||
мемлекеттік тіркеу күні |
||||
кім берді |
||||
2. |
Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат |
нөмірі |
||
ЖСН |
||||
кім берді |
||||
берілген күні |
||||
Жеке тұлға үшін – жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік |
орналасқан жері |
|||
тіркеу күні |
||||
кім берді |
||||
3. |
Жер учаскесіне бірдейлендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат |
актінің нөмірі |
||
кадастрлық нөмірі |
||||
барлық алқап, гектар |
||||
оның ішінде егіндік |
||||
нысаналы мақсаты |
||||
бірдейлендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді |
||||
жер учаскесінің меншік иесінің және жер пайдаланушының атауы |
||||
4. |
Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң немесе поштаның Ұлттық операторының анықтамасы |
ЖСК |
||
Кбе |
||||
Банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері: Банктің немесе Ұлттық почта операторының атауы: |
||||
БСК |
||||
К/С |
||||
БСН |
||||
Кбе |
||||
5. |
Бақтарды және (немесе) жидектіктерді және (немесе) жүзімдіктерді отырғызу үшін бекітілген жұмыс жобасы |
нөмірі |
||
күні |
||||
6. |
Жұмыс жобасын әзірлеуге жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары) |
нөмірі |
||
берілген күні |
||||
кім әзірледі |
||||
әзірлеуші орналасқан жердің мекенжайы |
||||
әзірлеушінің ЖСК |
||||
өлшем бірлігі |
||||
саны (көлемі) |
||||
ҚҚС-пен бағасы (теңге) |
||||
барлық сату бағасы |
||||
7. |
Отырғызу материалдарын сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген кезде) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары) |
шот-фактура нөмірі |
||
берілген күні |
||||
отырғызу материалын сатушының атауы |
||||
отырғызу материалын сатушы орналасқан жердің мекенжайы |
||||
отырғызу материалын сатушының ЖСК |
||||
тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі |
||||
дақыл, сорты |
||||
өлшем бірлігі |
||||
саны (көлемі) |
||||
ҚҚС-пен бағасы (теңге) |
||||
барлық сату бағасы |
||||
8. |
Тіреуіш бағаналарды сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген кезде) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары) (тіреуіш бағаналарды сатып алуға қажеттілігінде көрсетіледі) |
шот-фактура нөмірі |
||
берілген күні |
||||
тіреуіш бағаналар сатушының атауы |
||||
тіреуіш бағаналар сатушы орналасқан жердің мекенжайы |
||||
тіреуіш бағаналар сатушының ЖСК |
||||
тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі |
||||
тіреуіш бағаналар атауы |
||||
өлшем бірлігі |
||||
саны (көлемі) |
||||
ҚҚС-пен бағасы (теңге) |
||||
барлық сату бағасы |
||||
9. |
Тамшылап суару жүйесінің құрылысына жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген кезде) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары) (тамшылап суару жүйесін сатып алуға қажеттілігінде көрсетіледі) |
шот-фактура нөмірі |
||
берілген күні |
||||
құрал-жабдықтар сатушының атауы |
||||
құрал-жабдықтар сатушы орналасқан жердің мекенжайы |
||||
құрал-жабдықтар сатушының ЖСК |
||||
тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі |
||||
құрал-жабдықтар атауы |
||||
өлшем бірлігі |
||||
саны (көлемі) |
||||
ҚҚС-пен бағасы (теңге) |
||||
барлық сату бағасы |
||||
10. |
Жүргізілген технологиялық операцияларды растайтын құжаттар |
|||
11. |
Сатып алу-сату және (немесе) қаржылық лизинг шарттары |
нөмірі |
||
жасасу күні |
||||
жабдықтар, материал сатушының атауы |
||||
жабдықтар, материал сатушы орналасқан жердің мекенжайы |
||||
жабдықтар, материал сатушының ЖСК |
||||
жабдықтардың, материалдың атауы |
||||
өлшем бірлігі |
||||
саны (көлемі) |
||||
КҚС-пен бағасы (теңге) |
||||
өткізу бағасы, барлығы |
||||
берілген күні |
||||
кім берді |
||||
12. |
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көшеттерін өндіруші берген отырғызу материалының сорттық куәлігі |
куәліктің нөмірі |
||
берілген күні |
||||
кім берді |
Ескертпе:
* Өтініш несінен көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін сұратып алуға жол берілмейді.
** «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және нақты емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап беретінім туралы хабардармын.
Басшы ________ ____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжатта бар болса))
Бас бухгалтер (бар болса)______ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса))
МО
20 __ жылғы «___» ______________
Өтінім 20__ жылғы «___» _____________ қарауға қабылданды
______ _____________________________________________________________
(қолы) (өтінішті қабылдап алған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің
аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))
Жеміс-жидек дақылдарының және
жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызу және өсіру (оның ішінде
қалпына келтіру) шығындарының
құнын субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
РҚАО-ның ескертпесі!
2-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 № 4-6/1154 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызуға талаптар
Р/с |
Талаптар |
1 |
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзім отырғызу жүзеге асырылатын жер учаскесі Министрлік бекіткен ауыл шаруашылығы өнiмiнің нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы жерлерiн оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылған схемасына сәйкес ұсынылатын ауданда болуы тиіс. |
2 |
Жеміс дақылдары мен жүзімді отырғызу кемінде 5 гектар жалпы алқапта, жидек дақылдары —2 гектардан кем емес жалпы алқапта (жұмыс жобасында көзделген жол, суару желілері және желден қорғау жолақтарынсыз пайдалы алқап (нетто) есептеледі) жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте алманың «Апорт» сортының көпжылдық көшеттерін отырғызу теңіз деңгейінен кемінде 900 метр биіктікте тау етегі және төмен таулы аймақтар жағдайында жүзеге асырылады. |
3 |
Жеке меншікте (немесе лизингте) өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесінің бар болуы (сорғы станциясын, гидроциклонды, гидроазықтандырғышты, сүзгіш қондырғыларды, қысым реттегішті, су есептегішті және тамшылатқышы бар құбыржолдар жүйесін қамтитын қажетті жабдықтардың толық жиынтығымен). Осы талап алманың «Апорт» сортының көпжылдық көшеттеріне қолданылмайды. |
4 |
Орнатылған тіреуіш бағаналары болуы тиіс: бірінші отырғызылған жылы – жеміс-жидек дақылдарының көпжылдық көшеттерін аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызған жағдайда, екінші жылы – жүзімнің көпжылдық екпелерін өсірген жағдайда. Бұл ретте тіреуіш бағаналардың аралық қатары 15 метрден аспау тиіс. |
5 |
Жеміс дақылдары мен жүзімді отырғызу Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген сорттармен жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте «Апорт» сортының алмалары вирусы жоқ отырғызу материалдарынан дайындалуы және Сиверс алмасының (Malus Sieversii) және Недзвецкий алмасының (Malus Niedzweskiana) биік бойлы телітушілері сорттарымен отырғызылуы тиіс. |
6 |
Көпжылдық көшеттерді отырғызу жүзеге асырылатын АӨК субъектісінің нақты жер учаскесіне бақтарды және (немесе) жидектіктерді және (немесе) жүзімдіктерді отырғызу үшін бекітілген жүмыс жобасы (бұдан әрі – жұмыс жобасы) (бақ отырғызу үшін жарамдылығына топырақты-мелиоративтік ізденістердің: 0,5 метр сайын рельеф қимасын жасай отырып, кемінде 1:2000 масштабта топотүсірудің, кемінде 1:5000 масштабта топырақты-мелиоративтік және топырақты-геологиялық ізденістердің (қажет болған кезде тұзды түсіру) жүргізілгенін растайтын отырғызу сызбасын, сорттық құрамын, жол және суару желісін, орман белдеулерін ұйымдастыруды көрсете отырып, көпжылдық көшеттерді отырғызудың бас жоспарын қамтитын) болуы тиіс. Бұл ретте алманың «Апорт» сортының көпжылдық көшеттерін отырғызу кезінде жұмыс жобасында АӨК субъектісінің учаскесінің теңіз деңгейінен биіктігі көрсетіледі. |
Жеміс-жидек дақылдарының және
жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызу және өсіру (оның ішінде
қалпына келтіру) шығындарының
құнын субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
Нысан
_______________________ облысы_______________________________________
(аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін
өсіруге арналған субсидияны алуға өтінім
Маған ________ га алқапта 20__ жылғы күзде және (немесе)
20 __ жылғы көктемде отырғызылған «___» өсу жылындағы жеміс
дақылдарының/жүзімнің (қажеттісінің астын сызу керек) көпжылдық
көшеттерін өсіруге субсидия төлеуді сұраймын.
Р/с |
Деректер көзі |
Қажетті мәліметтер |
Деректер |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң немесе поштаның Ұлттық операторының анықтамасы |
ЖСК |
|
Кбе |
|||
Банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері: Банктің немесе Ұлттық почта операторының атауы: |
|||
БСК |
|||
К/С |
|||
БСН |
|||
Кбе |
|||
2. |
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қараудың актісі |
нөмірі |
|
жасау мерзімі |
|||
дақыл |
|||
сорты |
|||
егу схемасы |
|||
алқап |
|||
дақыл |
|||
сорты |
|||
егу схемасы |
|||
алқап |
|||
дақыл |
|||
сорты |
|||
егу схемасы |
|||
алқап |
|||
3. |
Алдыңғы жылдары субсидияларды алғаны туралы куәландыратын құжаттар |
нөмірі |
|
берілген күні |
|||
сомасы (теңге) |
|||
4. |
Тіреуіш бағаналарды сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары) |
шот-фактура нөмірі |
|
берілген күні |
|||
тіреуіш бағаналар сатушының атауы |
|||
тіреуіш бағаналар сатушы орналасқан жердің мекенжайы |
|||
тіреуіш бағаналар сатушының ЖСК |
|||
тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі |
|||
тіреуіш бағаналардың атауы |
|||
өлшем бірлігі |
|||
саны (көлемі) |
|||
ҚҚС-пен бағасы (теңге) |
|||
барлық өткізу бағасы |
|||
5. |
Жүргізілген технологиялық операцияларды растайтын құжаттар |
||
6. |
Сатып алу-сату және (немесе) қаржылық лизинг шарттары |
нөмірі |
|
жасасу күні |
|||
жабдықтар, материал сатушының атауы |
|||
жабдықтар, материал сатушы орналасқан жердің мекенжайы |
|||
жабдықтар, материал сатушының ЖСК |
|||
жабдықтардың, материалдың атауы |
|||
өлшем бірлігі |
|||
саны (көлемі) |
|||
ҚҚС-пен бағасы (теңге) |
|||
барлық өткізу бағасы |
Ескертпе:
* Өтініш несінен көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін сұратып алуға жол берілмейді.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және нақты емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап беретінім туралы хабардармын.
Басшы ________ ____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжатта бар болса))
Бас бухгалтер (бар болса)______ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса))
МО
20 __ жылғы «___» ______________
Өтінім 20__ жылғы «___» _____________ қарауға қабылданды
______ _____________________________________________________________
(қолы) (өтінішті қабылдап алған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің
аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))
Жеміс-жидек дақылдарының және
жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызу және өсіру (оның ішінде
қалпына келтіру) шығындарының
құнын субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызуды зерттеп-қараудың, сондай-ақ жұмыс жобасына
сәйкестігінің
20 жылғы « » №
актісі
Біз төменде қол қойған ________________ облысы ________________
ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық комиссиясының
(бұдан әрі – комиссия) мүшелері, мынадай құрамда:
комиссия төрағасы ___________________________________________________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкері_____________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімінің қызметкері______________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
ауылдық округ әкімі _________________________________________________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
ғылыми ұйымның өкілі ________________________________________________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
қоғамдық ұйымның өкілі ______________________________________________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(агроөнеркәсіптік кешен субъектісі)
______________ гектар алқапта _______________________________________
(дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)

көпжылдық көшеттерді отырғызудың жүзеге асырылғаны туралы осы актіні жасадық.
Отырғызылған бақ/жүзімдік жұмыс жобасына сәйкес келеді/келмейді
(қажеттісінің астын сызу керек)
Комиссия төрағасы ______________________________
(қолы)
комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық)
ауыл шаруашылығы
бөлімінің қызметкері ______________________________
(қолы)
аудандық (қалалық)
жер қатынастары
бөлімінің қызметкері ______________________________
(қолы)
ауылдық округ әкімі ______________________________
(қолы)
ғылыми ұйымның өкілі ______________________________
(қолы)
қоғамдық ұйымның өкілі ______________________________
(қолы)
агроөнеркәсіптік кешен субъектісі ______________________________
(қолы, мөрі)
Жеміс-жидек дақылдарының және
жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызу және өсіру (оның ішінде
қалпына келтіру) шығындарының
құнын субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің
көпжылдық көшеттерін өсіруді зерттеп-қараудың
20 жылғы « » №
актісі
Біз төменде қол қойған ________________ облысы ________________
ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық комиссиясының
(бұдан әрі - комиссия) мүшелері, мынадай құрамда:
комиссия төрағасы ___________________________________________________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкері_____________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімінің қызметкері _____________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
ауылдық округ әкімі _________________________________________________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
ғылыми ұйымның өкілі ________________________________________________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
қоғамдық ұйымның өкілі ______________________________________________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(агроөнеркәсіптік кешен субъектісі)
______________ гектар алқапта _______________________________________
(дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
______________ гектар алқапта _______________________________________
(дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
______________ гектар алқапта _______________________________________
(дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
20__ жылдың күзінде және (немесе) 20 жылдың көктемінде отырғызылған
«__» өсу жылындағы көпжылдық көшеттердің өсірілуі жүзеге асырылғаны
туралы осы актіні жасадық.
Комиссия төрағасы ______________________________
(қолы)
комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық)
ауыл шаруашылығы
бөлімінің қызметкері ______________________________
(қолы)
аудандық (қалалық)
жер қатынастары
бөлімінің қызметкері ______________________________
(қолы)
ауылдық округ әкімі ______________________________
(қолы)
ғылыми ұйымның өкілі ______________________________
(қолы)
қоғамдық ұйымның өкілі ______________________________
(қолы)
агроөнеркәсіптік кешен субъектісі ______________________________
(қолы, мөрі)
Жеміс-жидек дақылдарының және
жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызу және өсіру (оның ішінде
қалпына келтіру) шығындарының
құнын субсидиялау қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Субсидияларды пайдалану туралы ақпарат
Р/с |
Субсидияны алушы |
Дақыл |
1 гектардағы көшеттер саны, отырғызу схемасы |
Отырғызу немесе өсіру алаңы |
1 гектарға субсидия нормативі, теңге |
Төленген субсидиялардың сомасы, мың теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |