Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 4-6/1154 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 наурызда № 13379 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз!

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте қолданысқа енгізілмейді.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________Ә. Исекешев

      2016 жылғы 3 ақпан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 14 қаңтар

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2016 жылғы 21 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 4-6/1154 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің
өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 434 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5759 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актiлер жинағында жарияланған, 2009 жылғы № 10):

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі"

      мынадай жол:

      "

Сорттың, буданның атауы *

Пайдалануға рұқсат етілген жылы

Пайдалануға рұқсат етілген облыстар **

Оригинатордың нөмірі ***

Белгілер ****

1

2

3

4

5


      ",

      мындай жаңа редакцияда жазылсын:

      "

Сорттың, буданның атауы*

Жылы

Облыстар**

Оригинатордың нөмірі***

Белгілер****

1

2

3

4

5


      ";

      ескертпе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: (*) белгісі бар сандар – 2011 жылдан бастап облыс бойынша пайдалануға рұқсат етілген өсімдіктердің сорттары мен будандары;

      * - Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы бойынша қуатты бидай сорттарының және дәнді, жармалық және дәнді-бұршақты дақылдардың аса құнды сорттарының, күнбағыстың жоғары майлы сорттары мен будандарының, рапстың эруксіз және төменглюкозинолатты сорттарының тізіміне енгізілген сорттар мен будандар;

      ** - Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне 2-қосымшаға сәйкес;

      *** - Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне 3-қосымшаға сәйкес;

      **** - Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне 4-қосымшаға сәйкес.";

      1-қосымшаның оң жақтағы жоғары бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасында
пайдалануға ұсынылатын Селекциялық
жетістіктердің мемлекеттік
тізіліміне 1-қосымша";

      2-қосымшада:

      оң жақтағы жоғары бұрыш жаңа редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасында
пайдалануға ұсынылатын Селекциялық
жетістіктердің мемлекеттік
тізіліміне 2-қосымша";

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміндегі әкімшілік облыстардың реттік нөмірлері";

      3-қосымшаның оң жақтағы жоғары бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасында
пайдалануға ұсынылатын Селекциялық
жетістіктердің мемлекеттік
тізіліміне 3-қосымша";

      4-қосымшаның оң жақтағы жоғары бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасында
пайдалануға ұсынылатын Селекциялық
жетістіктердің мемлекеттік
тізіліміне 4-қосымша".

      2. "Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 25 ақпандағы № 118 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6153 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 3 (27074) санында жарияланған):

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізудің ережесінде:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Селекция жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі, "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесі (будан әрі - Мемтізбе) – Қазақстан Республикасында шаруашылыққа пайдалануға ұсынылатын сорттарды, тұқымдарды қамтитын Мемтізбе;";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Мемтізбеге Мемкомиссия жүргізген мемлекеттік сынақ нәтижелері, өтініш берушінің деректері немесе сараптамалық бағалау негізінде Қазақстан Республикасында шаруашылыққа пайдалануға ұсынылатын ауыл шаруашылығы және отандық және шетелдік селекциялы басқа да өсірілетін өсімдіктердің сорттары енгізіледі.

      Мемкомиссия Қазақстан Республикасының басқа ұйымдары, сондай-ақ тиісті шарттар жасалған басқа мемлекеттер жүргізген сынақ нәтижелерін және өтініш беруші ұсынған деректерді пайдалана алады.";

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Мемтізбе мынадай деректерді қамтиды: сорттың атауы, пайдалануға рұқсат берілген немесе ұсынылған жылы, ұсынылатын облыстар, оригинатордың нөмірі, жеке дақылдар бойынша тиісті кодтармен белгіленген сорттың шаруашылық-биологиялық сипаттамасы.".

      3. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. "Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-2/626 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 12102 болып тіркелген және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қазанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидаларында:

      29-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "29. Тұқымдардың белгiлi бiр түрге, сұрыпқа жататындығы мен олардың сорттық тазалығын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бiрегей және элиталық тұқымдары жерге егіп бағалауға жатады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының кейіннен сатуға арналған элиталық тұқымдары мен бiрiншi репродукциялы тұқымдары зертханалық сорттық сынақтарға жатады.".

      7. "Сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 қазандағы № 4-2/956 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 12331 болып тіркелген және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларында:

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік орган ақылы қызмет түрлерін көрсету қорытындылары бойынша шот-фактура, орындалған жұмыстар актісін ұсынады, сондай-ақ пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы оң шешім қабылданған кезде, сұрып немесе буданның авторына селекциялық жетістікке авторлық куәлік, ал оригинаторға селекциялық жетістікке куәлік береді.".