"Білім беру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 204 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11120 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі                  А. Сәрінжіпов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ___________________Ә.Ө. Исекешев
      2015 жылғы «___»________________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________________Е.А. Досаев
      2015 жылғы 21 сәуір

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 15 сәуірдегі  
№ 204 бұйрығымен бекітілген

«Білім беру қызметіне лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті және Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) порталда өтініш тіркелген сәттен бастап:
      лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      лицензияны немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару, бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей.
      Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша берілген лицензия және/немесе оған қосымша, қайта ресімделген лицензия және/немесе оған қосымша, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқалары не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде және тегін көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабына сәйкес бюджетке жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді:
      1) лицензияны беру кезінде төленетін лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензиялық алым – төлеу күніне белгіленген 1 (бір) АЕК;
      3) лицензияның телнұсқаларын беру үшін лицензиялық алым – төлеу күніне белгіленген 10 (он) АЕК.
      Лицензиялық алым төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар немесе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияға қосымшаны, лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын берген кезде, берілген лицензияда және/немесе лицензияға қосымшада қателер табылған және тиісті түзетулер енгізілген жағдайларда лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін ақы алынбайды.
      8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтінген жағдайда Қазахстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).
      9. Порталға көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) лицензия алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
      2) іске асырылатын білім беру оқу бағдарламаларына байланысты қосымша келесі құжаттар ұсынылады:
      бастауыш білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 12345-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
      білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;
      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
      негізгі орта білімнің, жалпы орта білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 123456-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
      білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;
      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
      техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1234567-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
      білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;
      сұратылып отырған мамандыққа немесе біліктілікке сәйкес практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;
      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
      орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1234568-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
      білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;
      сұратылып отырған мамандыққа немесе біліктілікке сәйкес практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;
      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
      рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1234568-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымының басшысы бекіткен білім беру бағдарламаларының және оқу жоспарларының электрондық көшірмелері;
      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің оқу әдебиеті қорының дінтану сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі;
      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
      республикалық діни бірлестік қолдаухатының электрондық көшірмесі;
      өңірлік діни бірлестік қолдаухатының электрондық көшірмесі;
      мәлімделген діни білім беру бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қорытынды хатының электрондық көшірмесі;
      жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 12345678101112-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
      білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;
      басқа кітапхана және ғылыми қорларымен, оның ішінде республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханамен шарттардың электрондық көшірмелері;
      сұратылып отырған мамандыққа сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;
      ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге ұйымдармен және кәсіпорындармен шарттардың электрондық көшірмелері;
      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
      «магистр» академиялық дәрежесін бере отырып жоғары білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметі үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 134567913141516-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
      білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;
      ғылыми, ғылыми-білім беру, өндірістік және ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы келісімдердің электрондық көшірмелері;
      ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге ұйымдармен және кәсіпорындармен шарттардың электрондық көшірмелері;
      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
      практика базалары ретінде айқындалған, оның ішінде ғылыми тағылымдамадан өтетін ұйымдармен шарттардың электрондық көшірмелері;
      жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын (резидентура) білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметі үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 345671516-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
      білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;
      практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;
      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
      философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін бере отырып, бағдарламалар бойынша жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бойынша кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1345671516-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
      білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмесі;
      ғылыми алмасу мәселелерін регламенттейтін келісімдердің электрондық көшірмелері;
      сұратылып отырған мамандыққа сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен шарттардың электрондық көшірмелері;
      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
      философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін бере отырып, докторантура бағдарламалары бойынша жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметі үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 13456916-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
      білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмесі;
      шетелдік ғалымдармен келісімдердің көшірмелері;
      ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге ұйымдармен және кәсіпорындармен шарттардың электрондық көшірмелері;
      аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми алмасу туралы шарттардың электрондық көшірмелері;
      шетелдік жоғары оқу орнының тиісті бағдарламаларын аккредиттеу туралы куәліктің электрондық көшірмелері;
      сұратылып отырған мамандыққа сәйкес практика базалары ретінде айқындалған, оның ішінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтетін ұйымдармен шарттардың электрондық көшірмелері;
      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
      3) лицензияға қосымшаларды алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер нысаны мен электрондық құжаттар.
      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын көрсетілетін қызметті алушылар өздері үшін жаңа біліктіліктер бойынша лицензияға қосымшаны алған кезде порталда құжаттарды беру Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттерін көрсетіп, сұратылатын әр біліктілік бойынша жеке жүргізіледі.
      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын көрсетілетін қызметті алушылар өздері үшін жаңа мамандықтар бойынша лицензияға қосымшаны алған кезде порталда құжаттарды беру Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетін көрсетіп, сұратылатын әр мамандық бойынша жеке жүргізіледі.
      4) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері;
      5) заңды тұлға-лицензиатты бөлу немесе шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер нысаны мен электрондық құжаттар қосымша ұсынылады;
      6) лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
      Лицензия жоғалған және (немесе) бүлінген кезде порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден ол туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті алушы лицензия телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
      Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, медициналық қызметпен айналысуға лицензия туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі құжаттардың мәліметтерін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарына өзгеше көзделмесе ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қолдану үшін көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
      10. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
      2) лицензиялық алым енгізілмеуі;
      3) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) лицензиардың тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алуы;
      5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
      6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Министрлік, көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде беріледі.
      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде (мөртаңба, кіріс нөмері мен күні) тіркелуі оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      Портал арқылы шағымды қарау тәртібі туралы ақпаратты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинеті» арқылы көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға өтінішпен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде қарауға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын
өзге де талаптар

      12. Мемлекеттің қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      көрсетілетін қызметті берушінің: www.edu.gov.kz, control.edu.gov.kz;
      порталдың: www.egov.kz, www.elicense.kz интернет-ресурстарында орналасқан.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.edu.gov.kz, www.educontrol.kz интернет-ресурстарында орналыстырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Білім беру қызметіне лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша 

Нысан

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер
__________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

(________________жағдай бойынша)


 
 

Педагог /оқытушы ның Т.А.Ә
 
 

Туған жылы мен жері
 
 

Тұрғы лықты мекен жайы
 
 

Базалық білімі, маман дығы, бітірген жылы
 
 

Негізгі жұмыс орны (ұйымның мекен жайы)
 
 

Қосымша жұмыс орны (қоса атқару)
 
 

Санаты, берілген күні, санат берілгені туралы бұйрықтың нөмірі*
 
 

Ғылыми дәрежесі, мамандығы, берілген жылы

Ғылыми атағы (бейіні бойынша), мамандығы, берілген жылы

Оқытатын пәні
 
 

Ғылым кандидаты

Ғылым докторы

Доктор (PhD)

Доцент

Професcop













      Білім беру ұйымының басшысы _____________________ (Т.А.Ә.)

* - бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары үшін

«Білім беру қызметіне лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша 

Нысан

Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының болуы
туралы мәліметтер
_______________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

(______________ жағдай бойынша)

Р/с

Кәсіп, мамандық бойынша оқу пәні, қызмет түрі, оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының бөлімі

Пәнді оқитын білім алушылардың саны (болжамды жинақталуы)

Оқу әдебиеті (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)

Оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)*

Данасының саны







Барлығы:

Білім беру ұйымының басшысы _______________________ (Т.А.Ә.)

      Ескертпе * техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін толтырылады

«Білім беру қызметіне лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 3-қосымша 

Нысан

Медициналық қызмет көрсетудің болуы туралы мәліметтер
____________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

(__________жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Медициналық пунктінің алаңы (ш.м.)

Медициналық қызметке лицензия туралы мәлімет (нөмірі)

Ескертпе





      Білім беру ұйымының басшысы _______________________ (Т.А.Ә)

«Білім беру қызметіне лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 4-қосымша 

Нысан

Тамақтану объектісінің болуы туралы мәліметтер
______________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

(____________жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Тамақтану объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана)

Өткізу қабілеті (отыратын орындар саны)

Тамақтану объектісінің санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы (күні және нөмірі)

Ескертпе (тамақтану объектісін жалға берген жағдайда жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету)






      Білім беру ұйымының басшысы _________________________ (Т.А.Ә)

«Білім беру қызметіне лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 5-қосымша 

Нысан

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының және
техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер
_______________________________
(білім беру ұйымының атауы)

(___________жағдай бойынша)

Құрылыстың үлгісі (үлгі жоба, ыңғайластырылған, өзге) білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Материалдық қаржы активтерінің болуы (меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі)

Жалпы алаңы барлығы (ш.м.), пайдалы алаңы (ш.м.), оқу алаңы (ш.м.)

Үй-жайлардың түрі (кабинеттер, дәрісхана аудиториялары, практикалық сабақтарға арналған кабинеттер, нақты мамандықтар, кәсіптер бойынша зертханалар мен шеберханалар, мәжіліс және дене шынықтыру залдары), әлеуметтік-тұрмыстық және өзге мақсаттағы, олардың саны





      Білім беру ұйымының басшысы ______________________ (Т.А.Ә.)

«Білім беру қызметіне лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 6-қосымша 

Нысан

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз
ету туралы мәліметтер

Ауданы көрсетілген ғимараттың (құрылыстың) нақты мекен-жайы

Атауы мен ауданы көрсетілген пәндер кабинеті*

Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу-тәжірибелік учаскелер, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары * (ш.м.)

Оқу зертханалары* (ш.м.)

Түрі, саны, шығарылым күні көрсетілген оқу-зертхана жабдықтарының тізбесі

Мәжіліс залы, спорт залы (ш.м.)

Компьютерлердің жалпы саны көрсетілген компьютерлік сыныптар (ш.м.), мультимедиалық техникалармен жарақталуын көрсету

Кітапхана









      Білім беру ұйымының басшысы _______________________ (Т.А.Ә.)
      Ескертпе * техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін сұратылып отырған мамандық немесе біліктілік бөлінісінде беріледі

«Білім беру қызметіне лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 7-қосымша 

Нысан

Бір маманға ең төменгі шығыстардың сәйкестігі туралы мәліметтер*

Мамандықтың атауы

Шығыстар көлемі*



4 айға

8 айға




      Білім беру ұйымының басшысы _______________________ (Т.А.Ә.)

      * - магистратура мамандықтары бойынша лицензия алған кезде ғылыми-педагогикалық магистратура үшін бөлек, бейіндік магистратура үшін бөлек көрсетілуі қажет

«Білім беру қызметіне лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 8-қосымша 

Нысан

Цифрлы тасымалдағыштардағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми
әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер
________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

(___________жағдай бойынша)

Р/с

Кәсіп, мамандық бойынша оқу пәні

Атауы, жасалған жылы

Авторлары

Мегабайттағы көлемі






Барлығы:

      Білім беру ұйымының басшысы _____________________ (Т.А.Ә.)

«Білім беру қызметіне лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 9-қосымша 

Нысан

Бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша
лицензияның болуы туралы мәліметтер*

Бакалавриат мамандығының атауы

Лицензияның нөмірі, берілген күні

Магистратура мамандығының атауы*

Лицензияның нөмірі берілген күні






      Білім беру ұйымының басшысы _______________________ (Т.А.Ә.)

      * - докторантура мамандығы бойынша лицензия алу кезінде толтырылады

«Білім беру қызметіне лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 10-қосымша

Нысан

Білім беру ұйымының ғылыми-зерттеу және педагогикалық
қызметтері туралы мәліметтер

ЖОО-да ғылыми-зерттеу зертханалардың, ғылыми орталықтардың саны

Орындауға ЖОО қатысатын (профессорлық-оқытушылар құрамының 100 адамына) ғылыми бағдарламалар және/немесе жобалардың атаулары

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын толық қаржыландыру көлемі, барлығы:

Бір штаттағы профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көлемі

Жұмыс (жоба) атаулары көрсетілген (штаттағы профессорлық-оқытушылар құрамының 100 адамына есептегенде) бір жылдағы алынған нәтижелердің саны

Оқу жылында басып шығарылған оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, жинақтардың көлемі, барлығы:


 
 
 
 
 


 
 
 
 
 

ЖОО бас ұйым болып табылатын

Халықаралық жобалар, гранттар мен бағдарламалар бойынша орындалатын

ҚР Білім және ғылым министрлігі және басқа министрліктер үйлестіретін

Оның ішінде мемлекеттік бюджеттен

Басқа қаржыландыру көздерінен


 
 
 
 
 

Өнер табыстары, патент алдындағы, патенттері, лицензиялары

Халықаралық және мемлекеттік сыйлықтары, гранттары

Шетелдік басылымдарда ғылыми жарияланымдары

Оның ішінде мемлекеттік тілде

Шетелде басып шығарылған














      Білім беру ұйымының басшысы ______________________ (Т.А.Ә.)
 

«Білім беру қызметіне лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 11-қосымша

Нысан

Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер*

Оқытушының Т.А.Ә.

Тақырыптың атауы

Оқыған орны мен кезеңі

Оқыған ұйымның атауы

Сағаттар саны

Аяқталу нысаны








      Білім беру ұйымының басшысы _______________________ (Т.А.Ә.)

      * - оқытушылар құрамы бойынша ақпарат сұратылып отырған мамандық бөлінісінде ұсынылады

«Білім беру қызметіне лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 12-қосымша

Нысан

Бір оқытушыға есептегендегі студенттер контингентінің
сәйкестігі туралы мәліметтер*

Мамандықтың атауы

Сұралып отырған мамандық бойынша болжалды студенттер (адам) контингенті

Сұралып отырған мамандық бойынша профессор-оқытушылар құрамы туралы мәліметтер (адам)

Мемлекеттік тілде

Орыс тілінде

Мемлекеттік тілде

Орыс тілінде






      Білім беру ұйымының басшысы _______________________ (Т.А.Ә.)

«Білім беру қызметіне лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 13-қосымша

Нысан

Қазіргі заманғы педагогикалық оқыту технологиялары саласындағы
ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы мәліметтер

Ғылыми-зерттеу жұмыстары тақырыбының атауы

Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында тіркелгені туралы мәліметтер

Қаржыландыру көздері

Қаржыландыру көлемі

Іске асырылу мерзімі

Қоса орындаушылар (болған жағдайда)

Ескертпе









      Білім беру ұйымының басшысы _______________________ (Т.А.Ә.)

«Білім беру қызметіне лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 14-қосымша

Нысан

Білім беру ұйымының ғылыми-зерттеу жұмыс туралы мәліметтер

Ғылыми-зерттеу жұмыстары тақырыбының атауы

Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында тіркелгені туралы мәліметтер

Қаржыландыру көздері

Қаржыландыру көлемі

Іске асырылу мерзімі

Қоса орындаушылар (болған жағдайда)

Тапсырыс берушілер (болған жағдайда)

Ескертпе

      Білім беру ұйымының басшысы _______________________ (Т.А.Ә.)

«Білім беру қызметіне лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 15-қосымша

Нысан

Ғылыми жетекшілікті жүзеге асыру туралы мәліметтер

Ғылыми жетекшінің Т.А.Ә.

Ғылыми дәрежесі (ғылыми дәреже беру туралы мәліметтер, резидентураны бітіргені туралы мәліметтер) туралы мәліметтер

Жұмыс өтілі (ғылыми- педагогикалық, клиникалық)

Жарияланымдар тізбесі

Оқу құралдарының тізбесі

отандық басылымдарда

шетелдік басылымдарда

халықаралық конференция еңбектерінде









      Білім беру ұйымының басшысы _________________________ (Т.А.Ә.)

      Ескертпе* резидентура, магистратура мамандықтары үшін толтырылады

«Білім беру қызметіне лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 16-қосымша

Нысан

Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік,
клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы
мәліметтер*

Ғылыми-зерттеу институтының, клиникалық базасының, ғылыми зертханасының, техникалық паркінің, бизнес-инкубаторының болуы (қажеттісін таңдау)

Орналасқан мекенжайы

Меншік құқығында немесе шарт негізінде

Ескертпе (базаның қызметі туралы қысқаша ақпарат)





      Білім беру ұйымының басшысы _______________________ (Т.А.Ә.)

      * - ақпараттар сұратылып отырған мамандық немесе біліктілік бөлісінде беріледі