Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11119 тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 10.04.2020 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 № 616 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 № 616 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы "___" ________



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 333 бұйрығымен
бекітілген

Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 № 616 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленген және жылжымалы құрамды және оның кепілін тіркеу, қайта тіркеу, сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасында жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк багажды және пошта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеу), сондай-ақ бірыңғай мемлекеттік деректер банкін қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11602 болып тіркелген) Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында көзделген қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – тіркеуші орган) жүргізеді.

      3. Мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге меншік нысанына, қолданылу саласы мен орнына қарамастан, жылжымалы құрамның бірліктері жатады.

      4. Мемлекеттік тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жылжымалы құрамды тіркеуші орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымалы құрамның мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі-тізілім) енгізуге тиіс.

2-тарау. Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тәртібі

      5. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу жылжымалы құрам иелерінің барлығы үшін бірдей негізде және шарттарда жүзеге асырылады.

      6. Жылжымалы құрам меншік құқығын алған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде тіркеуші органда мемлекеттік тіркелуге жатады.

      7. Тіркелетін жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу:

      1) егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса, заңды тұлға тіркелген орны бойынша;

      2) егер өтініш беруші жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер болған жағдайда, салық төлеуші ретінде тіркелген орны бойынша жүзеге асырылады.

      8. Жеке және заңды тұлғаларға жылжымалы құрамның бірнеше үлгілерін мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге өтініш беруге рұқсат етіледі.

      9. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу үшін жеке және заңды тұлғалар тіркеуші органға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-тіркеу үшін өтініш);

      2) осы Қағидаларға 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге жататын жылжымалы құрам паркінің тізбесі;

      3) уәкілетті өкіл жүгінген кезде – өкілдіктің өкілеттігін растайтын құжат;

      4) меншік құқығын растайтын құжат не мүлікті жалға алу (жалдау), лизинг не сенімгерлікпен басқару шарты;

      5) жасаушы зауыттың жылжымалы құрамның әр бірлігіне арналған техникалық паспорты (формуляры);

      6) тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу кезінде – тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат.

      10. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу туралы өтінішті тіркеуші орган осы Қағидаларға 9-тармақта көрсетілген барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні мерзімінде қарастырады.

      Тіркеуші орган құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, тіркеуші орган көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартады.

      11. Тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 553-бабына сәйкес алынады.

      12. Жылжымалы құрамды тіркеген адам оны мемлекеттік тіркелген, қайта тіркелген күнінен бастап пайдаланады.

      13. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік электрондық құжат болып табылады, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның есептік нөмірі болады. Жылжымалы құрамның әрбір тіркелетін бірлігіне беріледі.

      14. Тіркеуші орган мынадай жағдайларда жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеуден, қайта тіркеуден бас тартады және екі жұмыс күні ішінде дәлелді бас тартуды:

      1) өтініш беруші жылжымалы құрамды мемлекеттік туркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған;

      2) өтініш берушінің және (немесе) жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      3) оның негізінде өтініш беруші жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болған жағдайда беруі.

      4) өтініш берушіге қатысты жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар.

      15. Жылжымалы құрам мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге мынадай жағдайларда жатпайды:

      1) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін уақытша әкелген;

      2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүріп өткен;

      3) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жүктерді түсіру және тиеу үшін уақытша әкелген, сондай-ақ әкеткен жағдайларда, мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге жатпайды.

      16. Тасымалданатын жүктердің шектеулі номенклатурасы бар маусымдылығы және шектеулі мақсатқа арналған жылжымалы құрамды қоспағанда, бұрын ұзартылған қызмет ету мерзімі бар вагондар, сондай-ақ қалдықты қызмет мерзімі жасалған кездегі тағайындалған қызмет мерзімінен 60% кем құрайтын, Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы тіркелетін жүктерді тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды тіркеуге рұқсат етілмейді.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін тасымалдайтын жүктерді шектеулі номенклатурасы, маусымдылығы бар және шектеулі мақсатқа арналған жылжымалы құрам деп мынадай жылжымалы құрам түсініледі:

      вагон-хоппер: ыстық шекемтастарға арналғандозатор, агломиратты тасымалдауға, астық тасығыш, цемент тасығыш; вагон-транспортер;

      вагон-платформа: алмалы-салмалы жабдығымен әмбебап;

      тасымалдауға арналған вагон-цистерналар: қышқылдар, фосфор, балқытылған күкірт; вагон думпкар;

      вагон рефрежиратор;

      мұздақ;

      термос.

      17. Жылжымалы құрамды қайта тіркеу үшін мынадай негіздемелер:

      1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша заңды тұлғаның бір қаладан басқа қалаға тіркеу орнын ауыстыру;

      2) заңды тұлғаның атауының ауысуы;

      3) жылжымалы құрамның тізілімге бұрын енгізілген мәліметтері өзгерген жағдайда жылжымалы құрамды мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.

      18. Жылжымалы құрам:

      1) шетелдік тұлғаға сенімгерлікпен басқаруға не мүліктік жалға Қазақстан Республикасының шегінен тыс одан әрі пайдалануға;

      2) сенімгерлікпен басқаруға не мүліктік жалға (жалға беру) күнтізбелік 90 күннен аспайтын мерзімге берілген жағдайларда, қайта мемлекеттік тіркеу жүргізілмейді.

      19. Жылжымалы құрамның кепілін тіркеу жылжымалы құрамды иелерінің барлығы үшін бірдей негізде және шарттарда жүзеге асырылады.

      20. Тіркеуші орган жылжымалы құрамның кепілін мемлекеттік тіркеу үшін жылжымалы құрамының кепілін тіркеу тізілімін осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жүргізеді және кепіл ұстаушылардың мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды қабылдайды, кепіл ұстаушының келісімінсіз кепілдікке алынған жылжымалы құрамын иеліктен айыруға жол бермейді.

      21. Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші не өтініш берушінің уәкілетті өкілі Мемлекеттік корпорация, портал арқылы "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Кепілді тіркеу туралы Заң) 9-бабына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын тіркеу үшін өтініш беруші не өтініш берушінің уәкілетті өкілі Кепілді тіркеу туралы Заңның 17-бабына сәйкес өтініш береді.

      22. Тіркеуші орган кепілді мемлекеттік тіркеу, тіркелген кепілді өзгерту, толықтыру және тоқтату не одан бас тарту туралы шешімді Кепілді тіркеу туралы заңның 10, 11, 16, 17 және 19-баптарына сәйкес қабылдайды.

      23. Жылжымалы құрамның кепілін мемлекеттік тіркеу, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін алым Салық кодексінің 553-бабына сәйкес алынады.

      24. Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік электрондық құжат болып табылады, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі болады.

3-тарау. Жылжымалы құрамды Мемлекеттік тізілімнен шығару тәртібі

      25. Жылжымалы құрам мынадай жағдайларда тізілімнен шығарылады::

      1) жылжымалы құрам есептен шығарылған, ол қалпына келмейтіндей зақымданған;

      2) жылжымалы құрамды тіркеген заңды тұлға не дара кәсіпкер таратылған не қызметі тоқтатылған;

      3) меншік құқығын растайтын құжаттың не мүлікті жалға алу (жалдау), лизинг не сенімгерлікпен басқару шартының қолданысы тоқтатылған жағдайларда алып тасталады.

      26. Жылжымалы құрамды тізілімнен шығарған кезде меншік иесі және/немесе иеленуші мемлекеттік корпорация, портал арқылы тіркеуші органға тіркеу үшін өтінішті, жылжымалы құрамды еркін нысанда есептен шығару туралы актіні не жылжымалы құрамның зақымданғаны және / немесе жоғалғаны туралы құжатты не мүліктік жалдау (жалға алу), лизинг шартын ұсынады.

      27. Тіркеуші орган жылжымалы құрамды шығару туралы мәліметті тізілімге енгізеді және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді.

  Жылжымалы құрамды және
оның кепілін мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу), сондай-ақ
Мемлекеттік жылжымалы құрам
тізілімінен алып тастау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі Тартқыш және мотор-вагонды жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі

Көліктік бақылау инспекциясы

Куәлік нөмірі

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Көлік құралының жалпы қуаты, квт

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмірі

Жасалған күні

Нормативтік қызмет мерзімі

Соңғы жөндеу күні

Келесі жөндеу күні

КЖ-1

КЖ-2

10

11

12

13

14

15

16








      кестенің жалғасы

Техникалық жай-күйі

Жұмысқа жарамсыз жай-күйде күтіп тұр

Дейін жарамды

Сериясы

Санаты

Тіркелген орыны

жарамды

есептен шығарылған

17

18

19

20

21

22

23








      Арнайы жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі

Көліктік бақылау инспекциясы

Куәлік нөмірі

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмірі

Жасалған күні

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күні

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

КЖ-1

КЖ-2

жарамды

есептен шығарылған

9

10

11

12

13

14

15

16

17










      кестенің жалғасы

Жұмысқа жарамсыз жай-күйде күтіп тұр

Дейін жарамды

Түрі

Санаты

Тіркелген орыны

18

19

20

21

22






      Жүк жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі

Көліктік бақылау инспекциясы

Куәлік нөмірі

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмірі

Жасалған күні

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Соңғы ДЖ күні

Соңғы жөндеу күні

КЖ-1

КЖ-2

9

10

11

12

13

14

15








      кестенің жалғасы

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Жұмысқа жарамсыз

Дейін жарамды

Түрі

Санаты

Тіркелген орыны

жарамды

есептен шығарылған

16

17

18

19

20

21

22

23









      Жолаушы жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі

Көліктік бақылау инспекциясы

Куәлік нөмірі

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмірі

Жасалған күні

Нормативтік қызмет мерзімі

Соңғы ДЖ күні

Соңғы жөндеу күні

КЖ-1

КЖ-2

ҚМҰКЖ

ҚККЖ

9

10

11

12

13

14

15

16

17










      кестенің жалғасы

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Жұмысқа жарамсыз

Дейін жарамды

Түрі

Санаты

Тіркелген орыны

жарамды

есептен шығарылған

18

19

20

21

22

23

24

25









      Ескертпе:

      (КЖ-1) – 1-көлемдегі күрделі жөндеу

      (КЖ-2) – 2-көлемдегі күрделі жөндеу

      (ҚМҰКЖ) – қызмет мерзімін ұзарта отырып күрделі жөндеу

      (ҚМҰКЖ – күрделі алпына келтіретін жөндеу

  Жылжымалы құрамды және
оның кепілін мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу), сондай-ақ
Мемлекеттік жылжымалы құрам
тізілімінен алып тастау
қағидаларына
2-қосымша

      ___________ облысы (қаласы) бойынша

      уәкілетті органның басшысы

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (қызмет алушы туралы ақпарат

      "Жеке тұлға" мемлекеттік деректер қоры немесе "Заңды тұлға" мемлекеттік деректер

      қоры арқылы автоматты түрде тартылады)

Өтініш

      ___________________________________________________ құқығында тиесілі

      (меншік, мүліктік жалдау, жалға алу немесе лизинг) саны _________ бірлік

      жылжымалы құрамды тіркеуді (қайта тіркеуді), мемлекеттік тізілімнен шығаруды

      сұраймын (керек емесін сызып тастау)

      Мекенжайы:

      ________________________ қаласы _____________________________ көшесі.

      жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі:

      ____________________________________________________________

      байланыс телефондары (факс) _________________________________________

      Тізбе __________________________________ парақта қоса беріледі.

      Өтініш беруші

      ________________/_________________________________________________________

      (басшының қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

  Жылжымалы құрамды және
оның кепілін мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу), сондай-ақ
Мемлекеттік жылжымалы құрам
тізілімінен алып тастау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      __________________________________________________________________________

      (иесінің толық атауы) тиесілі тартқыш және мотор-вагонды жылжымалы құрамның

      тізбесі

Р/с №

Сериясы

Санаты

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмірі

Жасалған күн

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күні

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Дейін жарамды

Тіркелген депосы

Көлік құрамының жалпы қуаты, киловатт

(КЖ-1)*

(КЖ-2)**

жарамды

есептен шығарылған

10

11

12

13

14

15

16

17

18










      Басшы ______________________/_________________________________/

                  (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      Ескертпе:

      *(КЖ-1) – 1-көлемдегі күрделі жөндеу

      **(КЖ-2) – 2-көлемдегі күрделі жөндеу

  Жылжымалы құрамды және
оның кепілін мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу), сондай-ақ
Мемлекеттік жылжымалы құрам
тізілімінен алып тастау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      _________________________________________________________________

      (иесінің толық атауы) тиесілі жүк жылжымалы құрамының тізбесі

Р/с №

Вагон түрі

Санаты

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмірі

Жасалған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Нақты қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күні (ДЖ)*

Соңғы жөндеу күні (КЖ)**

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Дейін жарамды

Тіркелген станциясы

(КЖ) ***

(ҰҚЖ)***

жарамды

есептен шығарылған

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19











      Басшы ______________________/_________________________________/

                  (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)

      Ескертпе:

      *(ДЖ) – деполық жөндеу

      **(КЖ) – күрделі жөндеу

      ***(ҰКЖ) – қызмет мерзімін ұзарта отырып күрделі жөндеу

      **** жүк вагондарының меншік иелері үшін

  Жылжымалы құрамды және
оның кепілін мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу), сондай-ақ
Мемлекеттік жылжымалы құрам
тізілімінен алып тастау
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

      __________________________________________________________________

      (иесінің толық атауы) тиесілі жолаушы жылжымалы құрамының және оған

      теңестірілген почта, почта-багаж және багаж жылжымалы құрамының тізбесі

Р/с №

Вагон түрі

Санаты

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмірі

Жасалған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Нақты қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күні (ДЖ) *

Соңғы жөндеу күні (КЖ)

(КЖ-1)***

(КЖ-2)***

(ҚМҰКЖ)

(ҚККЖ) *****

10

11

12

13

14

15

16








Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Дейін жарамды

Тіркелген депосы

жарамды

есептен шығарылған



17

18

19

20

21






      Басшы ______________________/_________________________________/

                  (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)

      Ескертпе:

      *(ДЖ) – деполық жөндеу

      **(КЖ-1) – күрделі жөндеу көлемінде 1

      *** (КЖ-2) – күрделі жөндеу көлемінде 2

      ****(ҚМҰКЖ) – қызмет мерзімін ұзарта отырып күрделі жөндеу

      *****(ҚМҰКЖ – күрделі алпына келтіретін жөндеу

  Жылжымалы құрамды және
оның кепілін мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу), сондай-ақ
Мемлекеттік жылжымалы
құрам тізілімінен алып
тастау қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

      ______________________________________________________________

      (иесінің толық атауы) тиесілі арнайы жылжымалы құрамының тізбесі

Р/с №

Сериясы

Санаты

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмірі

Жасалған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Нақты қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күні

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Дейін жарамды

Тіркелген орыны

(КЖ-1)**

(КЖ-2)***

жарамды

есептен шығарылған

10

11

12

13

14

15

16

17

18










      Басшы ______________________/_________________________________/

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)

      Ескертпе:

      *(КЖ-1) – 1-көлемдегі жөндеу

      **(КЖ-2) – 2-күрделі жөндеу

  Жылжымалы құрамды және
оның кепілін мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу), сондай-ақ
Мемлекеттік жылжымалы құрам
тізілімінен алып тастау
қағидаларына
7-қосымша

Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы КУӘЛІК

      КБИ_ _ _ _ _Сериясы_ _ _ _ _ _№_ _ _ _ _ _

      Осы куәлік "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      _____________________________________________________________________

      құқығындағы (жылжымалы құрамына құқығы көрсетілсін)

      _____________________________________________________________________

      берілді

      (иесінің толық атауы, тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)

      және ________________________________________________________________

                        үлгісіндегі санаты

      _____________________________________________________________________

                        сериясы, вагон түрі

      _____________________________________________________________________

                        зауыт нөмірі

      _____________________________________________________________________

                        түгендеу нөмірі

      _____________________________________________________________________

                        секциясы

      _____________________________________________________________________

                        жасалған жылы

      _____________________________________________________________________

      20__ жылғы "_" ________ бастап жылжымалы құрамның мемлекеттік тіркелгенін растайды.

      Осы куәлік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық жағдайларда қолданылады және жылжымалы құрамның иесін куәландыратын құжатпен бірге көрсетіледі, ондағы келтірілген мәліметтер өзгерген жағдайда ауыстыруға жатады.

      __________________________________________________________________________

      Берілген күні 20__ жылғы "___" ________________

      Уәкілетті органның лауазымды адамы_________________________________

      қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

  Жылжымалы құрамды және
оның кепілін мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу), сондай-ақ
Мемлекеттік жылжымалы құрам
тізілімінен алып тастау
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі

Жазбаның №

Тізілімнің №

Кепілдің мәні

Кепіл ұстаушы

Кепіл беруші

Кепілдің сомасы

Шарттың қолданысы

Ауыртпалықтың туындауы

Ауыртпалықтың жойылуы

Тіркеушінің ерекше белгілері

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) тұрғылықты жері, туған күні; заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) тұрғылықты жері, туған күні; заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №

Теңге

Доллар

Құжаттың атауы және №, жасалған күні мен орны

Күні және уақыты (сағат және минут), тіркеу №, тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және қолы

Құжаттың атауы және №, жасалған күні мен орны

Күні және уақыты (сағат және минут), тіркеу №, тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














  Жылжымалы құрамды және
оның кепілін мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу), сондай-ақ
жылжымалы құрамның
мемлекеттік тізілімінен шығару
қағидаларына
9-қосымша

      ________________________________________________________________

      тіркеуші органның немесе Мемлекеттік корпорацияның атауы

      Өтініш № _____

      Кепіл беруші

      тегі, аты, әкесінің аты( бар болса), тұрғылықты жері;

      орналасқан жері, атауы: _______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Кепіл ұстаушы

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) тұрғылықты жері, орналасқан орны, атауы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Жылжымалы мүлік кепіл шартын тіркеуді өтінемін:

      __________________________________________________________________________

      Шарттың жасалған күні ___________________________________________________

      Шарттың жасалған орны ___________________________________________________

      Кепіл мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің сипаттамасы)

      _________________________________________________________________________

      Кепілге салынған мүліктің құны _____________________________________________

      Кепілмен қамтамасыз етілген міндетті ақшалай эквивалент

      __________________________________________________________________________

      Шарттың қолданылу мерзімі __________________________________________

      Кепілге салынған мүлік ___________________________________________

      кепіл берушінің

      _____________________________________________________________

      кепіл ұстаушының иелігінде және пайдалануында қалады

      Пайдалануға болатыны: иә, жоқ

      Қайталама кепіл туралы мәліметтер: иә, жоқ (керек емесін сызып тастау)

      Өтінішке мыналарды қоса беремін: (құжаттың атауы, серия, нөмір, қашан және кім

      берген)

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Өтініш берушінің қолы немесе оның өкілінің қолтаңбасы және заңды тұлға үшін мөрі

      (ол болған кезде):

      _____________________________________________________________

      өтініш берушінің электрондық почта мекенжайы (бар болған жағдайда):

      _____________________

  Жылжымалы құрамды және
оның кепілін мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу), сондай-ақ
Мемлекеттік жылжымалы құрам
тізілімінен алып тастау
қағидаларына
10-қосымша

      __________________________________________

      (тіркеуші органның атауы)

      20__ жылғы "___" ___________ № _____

Жылжымалы құрамның кепілін мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК

      ____________________________________________________________________

      кепіл ұстаушының немесе кепіл ұстаушының уәкілетті

      ____________________________________________________________________

      өкілінің деректемелері)

      ___________________________________________________________ берілді.

      Жылжымалы мүлікке қатысты кепіл тіркелгенін растау:

Мүліктің түрі

Тізілімдік нөмірі

Кепіл затының сипаттамасы

Құрам саны

Құны

Ескертпе







      Кепіл ұстаушының құқықтары: ________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) тұрғылықты жері, туған күні мен жылы)

      Мекенжайы:

      ____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның, заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және заңды

      ____________________________________________________________________

      тұлғаның тіркеу нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      Кепіл заты _________________________________________________________

                  (кепіл затының сипаттамасы)

      _____________________________________ кепіл туралы шарттың негізінде

            (шартты жасасу күні) пайда болды

      _____________________________________ тіркелген және мынадай негізгі

            (тіркелу күні мен нөмірі) шарттарды қамтиды

      ____________________________________________________________________

      (негізгі міндеттеменің орындалу мөлшері, мерзімі және кепілдің өзге

      ____________________________________________________________________

      де шарттары)

      Кепіл берушінің құқықтары __________________________________________

      (құқық түрі)

      ____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) тұрғылықты орны, туған күні

      және жылы;

      ____________________________________________________________________

      заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері және тіркеу нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (кепіл затына құқық белгілеуші құжаттың атауы,

      ____________________________________________________________________

      қабылдау күні, тіркеу күні мен №)

      ___________________________________________________________ расталды

      Басшы _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (қолы)

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ескерту:

      1. Куәлік жоғалған (бүлінген) кезде құқық иеленуші куәліктің жоғалу (бүліну)

      себептерін көрсете отырып, тіркеу органына өтініш береді.