Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11119 тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 № 616 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы "___" ________



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 333 бұйрығымен бекітілді

Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Темiр жол көлiгi туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленген және жылжымалы құрамды және оның кепілін тiркеу, қайта тіркеу тәртiбiн айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасында жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк багажды және пошта жөнелтілімдерін темір жол көлiгiмен тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу бiрыңғай мемлекеттiк дерекқор қалыптастыру және қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдарымен (бұдан әрi – тіркеуші орган) жүргiзіледi.

      3. Мемлекеттік тiркеуге меншiк нысанына, қолданылу саласы мен орнына қарамастан, жылжымалы құрамның бiрлiктерi жатады.

      4. Мемлекеттік тiркеуден, не қайта тіркеуден өткен жылжымалы құрамды тіркеуші орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Жылжымалы құрамның мемлекеттiк тiзiлiмiне (бұдан әрі – тізілім) енгiзілуге тиiс.

2. Жылжымалы құрамды тіркеу тәртiбi

      5. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу жылжымалы құрам иелерінің барлығы үшiн бiрдей негiзде және шарттарда жүзеге асырылады.

      6. Жылжымалы құрам меншік құқығы алынған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде тіркеуші органда мемлекеттік тiркелуге тиіс.

      7. Тiркелетiн жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу:

      1) егер өтiнiш берушi заңды тұлға болып табылса, заңды тұлға тiркелген орны бойынша;

      2) егер өтiнiш берушi жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер болған жағдайда, салық төлеушi ретiнде тiркелген орны бойынша жүзеге асырылады.

      8. Жеке және заңды тұлғаларға жылжымалы құрамның бiрнеше үлгiлерiн мемлекеттік тiркеуге өтініш беруге рұқсат етіледі.

      9. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу үшiн жеке және заңды тұлғалар тіркеуші органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш;

      2) заңды тұлғаның бiрiншi басшысының қолымен және мөрімен расталған осы Қағидаларға 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік тіркеуге не қайта тіркеуге жататын жылжымалы құрам, оның iшiнде сенiмгерлiкпен басқаруға, мүлiктiк жалға не лизингке берiлген паркiнiң тiзбесі;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкiлдiң өкiлеттікті растайтын құжат;

      4) меншік құқығын растайтын құжат не мүлікті жалға алу (жалдау), лизинг не сенiмгерлiкпен басқару шарты;

      5) жасаушы зауыттың жылжымалы құрамның әр бірлігіне арналған техникалық паспорты (формуляры);

      6) тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде – тіркеу алымының бюджетке төленгенiн растайтын құжат.

      Көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш иесіне өтініш берілген сәтте қайтарылады. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмелер ұсынылады.

      10. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiштi тіркеуші орган осы Қағидаларға 9-тармақта көрсетілген барлық қажеттi құжаттар бар өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні мерзімінде қарастырады.".

      Тіркеуші орган құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі белгіленген жағдайда, тіркеуші орган көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу үшiн алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген мөлшерде алынады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2018 № 288 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Жылжымалы құрамды тiркеген адам оны мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап пайдаланады.

      13. Жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк электрондық құжат болып табылады, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес оның есептік нөмiрi болады. Жылжымалы құрамның әрбiр тiркелетiн бiрлiгiне берiледi.

      14. Тіркеуші орган мынадай жағдайларда жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеуден бас тартады және бес жұмыс күнi мерзімінде дәлелді бас тартуды береді:

      1) өтініш беруші жылжымалы құрамды мемлекеттік туркеу туралы куәлікті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталған;

      2) өтініш берушінің және (немесе) жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) оның негізінде өтініш беруші жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Жылжымалы құрам мынадай жағдайларда:

      1) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшiн уақытша әкелген;

      2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүрiп өткен;

      3) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жүктердi түсiру және тиеу үшiн уақытша әкелген, сондай-ақ әкеткен жағдайларда, мемлекеттік тiркеуге жатпайды.

      16. Тасымалданатын жүктердің шектеулі номенклатурасы бар маусымдылығы және шектеулі мақсатқа арналған жылжымалы құрамды қоспағанда, бұрын ұзартылған қызмет ету мерзімі бар вагондар, сондай-ақ қалдықты қызмет мерзімі жасалған кездегі тағайындалған қызмет мерзімінен 60% кем құрайтын, Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы тіркелетін жүктерді тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды тіркеуге рұқсат етілмейді.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін тасымалдайтын жүктерді шектеулі номенклатурасы, маусымдылығы бар және шектеулі мақсатқа арналған жылжымалы құрам деп мынадай жылжымалы құрам түсініледі:

      вагон-хоппер: ыстық шекемтастар үшін дозатор, агломиратты тасымалдау үшін, астық тасығыш, цемент тасығыш; вагон-транспортер;

      вагон-платформа: алмалы-салмалы жабдығымен әмбебап;

      тасымалдау үшін вагон-цистерналар: қышқылдар, фосфор, балқытылған күкірт; вагон думпкар;

      вагон рефрежиратор;

      мұздақ; термос.

      17. Жылжымалы құрам осы Қағидаға сәйкес мемлекеттік тіркеуге қайта тіркеледі.

      18. Жылжымалы құрам:

      1) шетелдiк тұлғаға сенiмгерлiкпен басқаруға не мүлiктiк жалға Қазақстан Республикасының шегiнен тыс одан әрi пайдалануға;

      2) сенiмгерлiкпен басқаруға не мүлiктiк жалға (жалға беру) күнтізбелік 90 күннен аспайтын мерзімге берiлген жағдайларда, қайта мемлекеттік тiркеу жүргізілмейді.

3. Жылжымалы құрамды тізімнен шығару тәртібі

      19. Жылжымалы құрам тiзiлiмнен:

      1) жылжымалы құрам есептен шығарылған, ол қалпына келмейтiндей зақымданған не алты айдан астам жоғалып, оны iздестiру тоқтатылған;

      2) жылжымалы құрамды тіркеген заңды тұлға не дара кәсіпкер таратылған не қызметі тоқтатылған;

      3) меншік құқығын растайтын құжаттың не мүлікті жалға алу (жалдау), лизинг не сенiмгерлiкпен басқару шартының қолданысы тоқтатылған жағдайларда алып тасталады.

      20. Жылжымалы құрамды тізілімнен шығарған кезде меншiк иесi не оған теңестiрiлген адам тіркеуші органға 2-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiшті және есептен шығару туралы актіні не зақымдану, жоғалу, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына, сондай-ақ шетелдік тұлғаға иеліктен шығару туралы құжатын, болмаса лизиниг, жалданба мүлік (жалға беру) келісім шартын ұсынады.

      21. Тіркеуші орган жылжымалы құрамды шығару туралы мәлiметті тiзiлiмге енгiзедi және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді.

4. Жылжымалы құрамының кепілін тіркеу тәртібі

      22. Жылжымалы құрамды кепілін тiркеу жылжымалы құрамды иелерінің барлығы үшiн бiрдей негiзде және шарттарда жүзеге асырылады.

      23. Тіркеуші орган жылжымалы құрамның кепiлiн мемлекеттік тiркеу үшiн жылжымалы құрамының кепiлiн тiркеу тiзiлiмiн осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жүргiзедi және кепiл ұстаушылардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi шараларды қабылдайды, кепiл ұстаушының келiсiмiнсiз кепiлдiкке алынған жылжымалы құрамын иелiктен айыруға жол бермейдi.

      24. Жылжымалы құрамы кепілін мемлекеттік тiркеу, үшiн өтініш беруші не өтініш берушінің уәкілетті өкілі "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Кепілді тіркеу туралы заң) 9-бабына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.

      Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу және тоқтату үшін өтініш беруші не өтініш берушінің уәкілетті өкілі Кепілді тіркеу туралы заңның 17-бабына сәйкес құжаттардың қосымшасын қоса бере отырып, осы қағидаларға 8-2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 587 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Тіркеуші орган кепiлдi мемлекеттік тiркеу өзгерістер, толықтырулар және тіркелген кепілді жою не одан бас тарту туралы шешiмді "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 Заңының 10, 11, 16, 17 және 19-баптарына сәйкес қабылдайды.

      26. Жылжымалы құрамның кепiлiн мемлекеттік тіркеу, тiркелген кепiлдiң өзгерiстерiн, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу үшiн алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнде 456-бабына сәйкес алынады.

      27. Жылжымалы құрамы кепілін мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк электрондық құжат болып табылады, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес оның есептік нөмiрi болады.

  Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Жылжымалы құрамның мемлекеттiк тiзiлiмi
Тартқыш және мотор-вагонды жылжымалы құрамның мемлекеттік
тізілімі

КБИ

Куәлік нөмірі

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Көлік құралының жалпы қуаты, квт

1

2

3

4

5

6

7

8

9











      кестенің жалғасы

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмірі

Жасалған күні

Нормативтік қызмет мерзімі

Соңғы жөндеу күнi

Келесі жөндеу күнi

КЖ-1

КЖ-2

10

11

12

13

14

15

16









      кестенің жалғасы

Техникалық жай-күйі

Жұмысқа жарамсыз жай-күйде күтіп тұр

Дейін жарамды

Сериясы

Санаты

Тіркелген орыны

жарамды

есептен шығарылған

17

18

19

20

21

22

23









      Арнайы жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі

КБИ

Куәлік нөмірі

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

1

2

3

4

5

6

7

8










      кестенің жалғасы

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмірі

Жасалған күні

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күнi

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

КЖ-1

КЖ-2

жарамды

есептен шығарылған

9

10

11

12

13

14

15

16

17











      кестенің жалғасы

Жұмысқа жарамсыз жай-күйде күтіп тұр

Дейін жарамды

Түрі

Санаты

Тіркелген орыны

18

19

20

21

22







      Жүк жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі

КБИ

Куәлік нөмірі

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

1

2

3

4

5

6

7

8










      кестенің жалғасы

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күні

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Соңғы ДЖ күні

Соңғы жөндеу күнi

КЖ-1

КЖ-2

9

10

11

12

13

14

15









      кестенің жалғасы

Келесі жөндеу күнi

Техникалық жай-күйі

Жұмысқа жарамсыз

Дейін жарамды

Түрі

Санаты

Тіркелген орыны

жарамды

есептен шығарылған

16

17

18

19

20

21

22

23










      Жолаушы жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі

КБИ

Куәлік нөмірі

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

1

2

3

4

5

6

7

8










      кестенің жалғасы

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күні

Нормативтік қызмет мерзімі

Соңғы ДЖ күні

Соңғы жөндеу күнi

КЖ-1

КЖ-2

ҚМҰКЖ

ҚККЖ

9

10

11

12

13

14

15

16

17











      кестенің жалғасы

Келесі жөндеу күнi

Техникалық жай-күйі

Жұмысқа жарамсыз

Дейін жарамды

Түрі

Санаты

Тіркелген орыны

жарамды

есептен шығарылған

18

19

20

21

22

23

24

25









  Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
2-қосымша

      ___________ облысы (қаласы) бойынша

      уәкiлеттi органның басшысы

      ___________________________________

      (Т.А.Ә.)

Өтiнiш

      ___________________________________________________ құқығында тиесiлi

      (меншiк, мүлiктiк жалдау, жалға алу немесе лизинг)

      саны _________ бiрлiк жылжымалы құрамды тiркеудi (қайта тiркеудi),

      мемлекеттік тізілімнен шығаруды сұраймын (керек емесін сызып тастау)

      Мекенжайы:

      ________________________ қаласы _____________________________ көшесi.

      ЖСН/БЖН: ____________________________________________________________

      байланыс телефондары (факс) _________________________________________ Тiзбе __________________________________ парақта қоса берiледi.

      Өтiнiш берушi ________________/________________________________ (басшының қолы) (Т.А.Ә.)

      М.О.

      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

  Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

______________________________________
(иесiнiң толық атауы)
тиесiлi тартқыш және мотор-вагонды жылжымалы құрамның тiзбесi

Р/с

Сериясы

Санаты

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Зауыт нөмiрi

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күн

1

2

3

4

5

6

7

8

9











      кестенің жалғасы

Нормативтік қызмет ету мерзiмi

Соңғы жөндеу күнi

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Дейін жарамды

Тіркелген депосы

Көлік құрамының жалпы қуаты, квт

(КЖ-1)*

(КЖ-2)**

жарамды

есептен шығарылған

10

11

12

13

14

15

16

17

18











      Басшы ______________________/_________________________________/

      (қолы) (Т.А.Ә.)

      М.О.

      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

      Ескертпе:

      *(КЖ-1) – 1-көлемдегi күрделi жөндеу

      **(КЖ-2) – 2-көлемдегi күрделi жөндеу

  Жылжымалы құрамды және
оның кепілін тiркеу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

______________________________________________ (иесiнiң толық атауы) тиесiлi жүк жылжымалы құрамының тiзбесi

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 587 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Вагон түрi

Санаты

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Зауыт нөмiрi

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Нормативтік қызмет ету мерзiмi

Нақты қызметету мерзімі

Соңғы жөндеу күні (ДЖ)*

Соңғы жөндеу күнi (КЖ)**

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Дейін жарамды

Тіркелген орыны

(КЖ) ***

(ҰҚЖ)***

жарамды

есептен шығарылған

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19











      Басшы ______________________/_________________________________/

      (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)

      Мөр орны

      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

      Ескертпе:

      *(ДЖ) – деполық жөндеу

      **(КЖ) – күрделi жөндеу

      ***(ҰКЖ) – қызмет мерзімін ұзарта отырып күрделi жөндеу

      **** жүк вагондарының меншiк иелерi үшiн

  Жылжымалы құрамды және
оның кепілін тiркеу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

______________________________________ (иесiнiң толық атауы) тиесiлi жолаушы жылжымалы құрамының және оған теңестірілген почта, почта-багаж және багаж жылжымалы құрамының тiзбесi

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 587 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Вагон түрi

Санаты

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Зауыт нөмiрi

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Нормативтік қызмет ету мерзiмi

Нақты қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күні (ДЖ) *

Соңғы жөндеу күнi (КЖ)

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Дейін жарамды

Тіркелген депосы

(КЖ-1)***

(КЖ-2)***

(ҚМҰКЖ)

(ҚККЖ) *****

жарамды

есептен шығарылған



10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21













      Басшы ______________________/_________________________________/

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)

      Мөр орны.

      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

      Ескертпе:

      *(ДЖ) – деполық жөндеу

      **(КЖ) – күрделi жөндеу

      ***(ҚМҰКЖ) – қызмет мерзімін ұзарта отырып күрделi жөндеу

      **** жүк вагондарының меншiк иелерi үшiн

  Жылжымалы құрамды және
оның кепілін тiркеу
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

_____________________________________
(иесiнiң толық атауы) тиесілі арнайы жылжымалы құрамының тiзбесi

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 587 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Сериясы

Санаты

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Зауыт нөмiрi

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Нормативтік қызмет ету мерзiмi

Нақты қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күнi

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Дейін жарамды

Тіркелген орыны

(КЖ-1)**

(КЖ-2)***

жарамды

есептен шығарылған

10

11

12

13

14

15

16

17

18










      Басшы ______________________/_________________________________/

            (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)

      Мөр орны

      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

      Ескертпе:

      *(КЖ-1) – 1-көлемдегі жөндеу

      **(КЖ-2) – 2-күрделi жөндеу

  Жылжымалы құрамды және
оның кепілін тiркеу
қағидаларына
7-қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi КӨЛIК КОМИТЕТI Жылжымалы құрамды мемлекеттiк тiркеу туралы
КУӘЛIК

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 587 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      КБИ_ _ _ _ _Сериясы_ _ _ _ _ _№_ _ _ _ _ _

      Осы куәлiк "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      ___________________________________________________________________ құқығындағы

      (жылжымалы құрамына құқығы көрсетiлсiн)

      _________________________________________________________________________ берiлдi

      (иесiнiң толық атауы, Т.А.Ә.)

      және _________________________________________________________ үлгiсiндегi санаты

      _______________________________________________________________________сериясы,

      вагон түрi ______________________________________________________________________

      зауыт нөмiрi ____________________________________________________________________

      түгендеу нөмiрi _________________________________________________________________

      секциясы ______________________________________________________________________

      жасалған жылы ________________________________________________________________

      20__ жылғы "_" ________ бастап жылжымалы құрамның мемлекеттiк тiркелгенін растайды.

      Осы куәлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық жағдайларда

      қолданылады және жылжымалы құрамның иесiн куәландыратын құжатпен бiрге көрсетiледi,

      ондағы келтiрiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда ауыстыруға жатады.

      _______________________________________________________________________________

      Берiлген күнi 20__ жылғы "___" ________________

      М.О.

      Уәкiлеттi органның лауазымды адамы

      _________________________________

      қолы, Т.Ә.А.

  Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi

Жазбаның №

Тізілімнің №

Кепілдің мәні

Кепіл ұстаушы

Кепіл беруші

Кепілдің сомасы

Шарттың қолданысы

Ауыртпалықтың туындауы

Ауыртпалықтың жойылуы

Тіркеушінің ерекше белгілері

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. тұрғылықты жері, туған күні; заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. тұрғылықты жері, туған күні; заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №

Теңге

Доллар

Құжаттың атауы және №, жасалған күні мен орны

Күні және уақыты (сағат және минут), тіркеу №, тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы

Құжаттың атауы және №, жасалған күні мен орны

Күні және уақыты (сағат және минут), тіркеу №, тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














  Жылжымалы құрам және оның
кепілін мемлекеттік тiркеу
қағидаларына
8-1-қосымша

      ________________________________________

      (тіркеуші органның атауы)

Өтініш № _____

      Ескерту. Қағида 8-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 587 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Кепіл беруші

      Жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрғылықты жері, туған күні;

      заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №: _________________________________

      ____________________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ___________________ серия ________ № ______

      __________________________________________ берген, берілген күні _______________

      (құжатты берген органның атауы)

      Пошталық мекенжайы, телефон _________________________________________________

      ______________________________________________________________________ атынан

      (уәкілетті өкілдің деректемелері)

      __________________________________________________________ негізінде әрекет етеді.

      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

      Кепіл ұстаушы

      Жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрғылықты жері, туған күні;

      заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №:

      ______________________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат: түрі _______ серия _________ № _____

      ______________________________________________ берген, берілген күні _____________

      (құжатты берген органның атауы)

      Пошталық мекенжайы, телефон __________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________ атынан

      (уәкілетті өкілдің деректемелері)

      ___________________________________________________________ негізінде әрекет етеді.

      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

      Жылжымалы мүлік кепіл шартын тіркеуді өтінемін: _________________________________

      ______________________________________________________________________________

      Шарттың жасалған күні ________________________________________________________

      Шарттың жасалған орны ________________________________________________________

      Кепіл мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің сипаттамасы) ____________________

      ______________________________________________________________________________

      Кепілге салынған мүліктің құны __________________________________________________

      Кепілмен қамтамасыз етілген міндетті ақшалай эквивалент

      ______________________________________________________________________________

      Шарттың қолданылу мерзімі __________________________________________

      Кепілге салынған мүлік ___________________________________________ кепіл берушінің

      _____________________________________________________________ кепіл ұстаушының

      иелігінде және пайдалануында қалады

      Пайдалануға болатыны: иә, жоқ

      Қайталама кепiл туралы мәлiметтер: иә, жоқ (керек емесін сызып тастау)

      Өтінішке мыналарды қоса беремін: (құжаттың атауы, серия, нөмір, қашан және кім берген)

      1. ___________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:

      иә, жоқ (керек емесін сызып тастау)

      --------------------------------------------------------------------

      Өтініш берілген күн: 20 __ ж. ________________________________________________

      Өтініш қабылданған күн: 20 __ ж. _____________________________________________

      Өтініш берушінің қолы: _______________________________________________________

      Уақыт: ___________________________ сағат ______________________ мин.

      Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы _______________________________________

  Жылжымалы құрам және оның
кепілін мемлекеттік тiркеу
қағидаларына
8-2-қосымша
  Нысан

      _________________________________________________

      (тіркеуші органның атауы)

№ _____ Өтініш

      Ескерту. Қағида 8-2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 587 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Кепіл беруші

      Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) жеке сәйкестендіру нөмірі

      (ЖСН); заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________ сериясы _________ №_______

      _________________________________ берілді, берілген күні ____________

      (құжатты берген органның атауы)

      Почталық мекенжайы, телефон ________________________________________

      Кепіл ұстаушының банктік реквизиттері ______________________________________

      _____________________________________________________________ атынан әрекет етеді

      (уәкілетті өкілдің деректемелері)

      _______________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________ негізінде

      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

      Кепіл ұстаушы

      Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) жеке сәйкестендіру нөмірі

      (ЖСН) немесе заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________

      _____________________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________сериясы _________№_______

      _________________________________ берілді, берілген күні ____________

      (құжатты берген органның атауы)

      Пошталық мекенжайы, телефон_______________________________________

      Кепіл ұстаушының банктік реквизиттері ______________________________________

      _____________________________________________________________ атынан әрекет етеді

      (уәкілетті өкілдің деректемелері)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________ негізінде

      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

      Кепілдің өзгеруін және/немесе толықтыруын немесе тоқтауын тіркеуді өтінемін:

      ___________________________________________________________

      (керек емесін сызып тастау)

      __________

      Тіркеуші орган берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі (активтер мен

      міндеттемелерді бір уақытта беру туралы шарт негізінде өзгерістер мен толықтыруларды

      тіркеу жағдайларын қоспағанда) ________________________

      енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы немесе кепілді тоқтату негізі

      ____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      Кепіл шартына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда:

      Шарттың жасалған күні_______________________________________________

      Кепілдің мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің сипаттамасы)

      ____________________________________________________________________________

      Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы __________

      Шарттың қолданылу мерзімі _________________________________________

      Кепілге салынған мүлік

      ____________________________________________________ кепіл берушінің

      ___________________________________________________ кепіл ұстаушының

      иелігінде және пайдалануында қалады

      Оны пайдалануға болатыны: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)

      Қайталама кепiл туралы мәлiметтер: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)

      Өтінішке мыналарды қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)

      1. Төлем туралы құжат: түрі________№____________ ___________сомасына

      2.___________________________________________________________________

      Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:

      Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау керек)

      Кепіл берушінің немесе оның өкілінің қолы және заңды тұлға үшін мөр (бар болған

      кезде): _________________________________________________________________________

      Кепіл ұстаушының (өкілінің) қолы және заңды тұлға үшін мөр (болған жағдайда):

      ________________________________________________________________________________

      Өтініш берілген күн: 20__ жылғы _______________

      Өтініш қабылданған күн: 20___ жылғы ___________

  Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
9-қосымша

      __________________________________________

      (тіркеуші органның атауы)

20__ жылғы "___" ___________ № _____
Жылжымалы құрамның кепілін мемлекеттік
тіркеу туралы
КУӘЛІК

      ____________________________________________________________________

      кепіл ұстаушының немесе кепіл ұстаушының уәкілетті

      ____________________________________________________________________

      өкілінің деректемелері)

      ___________________________________________________________ берілді.

      Жылжымалы мүлікке қатысты кепіл тіркелгенін растау:

Мүліктің түрі

Тізілімдік нөмірі

Кепіл затының сипаттамасы

Құрам саны

Құны

Ескертпе








      Кепіл ұстаушының құқықтары: ________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., тұрғылықты жері, туған күні мен жылы)

      Мекенжайы:

      ____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның, заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және заңды

      ____________________________________________________________________

      тұлғаның тіркеу нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      Кепіл заты _________________________________________________________

      (кепіл затының сипаттамасы)

      _____________________________________ кепіл туралы шарттың негізінде

      (шартты жасасу күні) пайда болды

      _____________________________________ тіркелген және мынадай негізгі

      (тіркелу күні мен нөмірі)

      шарттарды қамтиды

      ____________________________________________________________________

      (негізгі міндеттеменің орындалу мөлшері, мерзімі және кепілдің өзге

      ____________________________________________________________________

      де шарттары)

      Кепіл берушінің құқықтары __________________________________________

      (құқық түрі)

      ____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрғылықты орны, туған күні және жылы;

      ____________________________________________________________________

      заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері және тіркеу нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (кепіл затына құқық белгілеуші құжаттың атауы,

      ____________________________________________________________________

      қабылдау күні, тіркеу күні мен №)

      ___________________________________________________________ расталды

      Басшы ___________________________________ М.О. _____________________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ескертпе:

      1. Осы куәлік кепілді өтеу кезінде тіркеуші органға қайтарылуы тиіс.

      2. Куәлік жоғалған (бүлінген) жағдайда, құқық иеленуші куәлікті жоғалту (бүлдіру) себептерін көрсете отырып, тіркеуші органға өтініш беруі тиіс.

  Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
10-қосымша

Өтініш № _____
Кепіл беруші

      Ескерту. 10-қосымша алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 587 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.