"Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 238 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11100 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға уәкілетті органның келісуі" мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Инвистициялар және даму министрі

      __________________Ә. Исекешев

      201 жылғы "___" _____________

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      __________________М. Құсайынов

      201 жылғы "___" _________



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 238 бұйрығымен бекітілген

"Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға уәкілетті
органның келісуі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға уәкілетті органның келісуі" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар топтамасын алған сәтінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 20 жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық еместік фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауап береді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық.

       6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға келісім-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, дәлелді жауап.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы рұқсатты қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда рұқсат электрондық форматта ресімделеді, басылып шығарылады және мөрмен әрі қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның қолымен куәландырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліспен сағат сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру сағат 13-00-ден 14-30 дейін түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 17-30 дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

       9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) күзет ұйымын құруға келісім үшін еркін нысанда өтініш;

      2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұлттық компания құратын күзет ұйымын құруға монополияға қарсы органның алдын ала келісімі;

      3) "Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 909 қаулысымен бекітілген Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 3-тармағына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін растайтын құрылтай құжаттардың көшірмелері;

      4) объектілердің (атауы, орналасқан орны), оның ішінде құрылатын күзет ұйымдарының күзетіне тапсырылуға жоспарланған еншілес ұйымдар объектілерінің тізбесі.

      Портал арқылы жүгінген кезде:

      1) толтырылған мәліметтер нысанымен көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұлттық компания құратын күзет ұйымын құруға монополияға қарсы органның алдын ала келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      3) көрсетілетін қызметті алушының Қағиданың 3-тармағына сәйкестігін растайтын құрылтай құжаттардың электрондық көшірмелері;

      4) объектілердің (атауы, орналасқан орны), оның ішінде құрылатын күзет ұйымдарының күзетіне тапсырылуға жоспарланған еншілес ұйымдар объектілерінің тізбесіне қатысты хаттың шығыс нөмірін және күнін көрсете отырып, толтырылған мәліметтер нысаны.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін сұрау салудың қабылданғандығы туралы мәртебе жолданады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      9-1. Мыналар:

      көрсетілетін қызметті алушының "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 17-1-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарында шынайы мәліметтерді (деректерді) анықтауы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері болып табылады.

      Ескерту. Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Министрліктің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым:

      1) Министрліктің Әкімшілік полиция комитеті (бұдан әрі – ӘПК) басшысының атына;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағымдарды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау, қарау немесе қараудан бас тарту туралы белгілер) жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының телефоны (1414) арқылы ұсынылуы да мүмкін.