Мемлекеттік кірістер органдарының еркін қойма иелерімен өзара қарым-қатынастарын белгілеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 245 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 маусымда № 10996 тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 60-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдарының еркін қойма иелерімен өзара қарым-қатынастарын белгілеу қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген мерзімде:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет - ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 245 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттк кірістер органдарының еркін қойма иелерімен өзара
қарым-қатынастарын белгілеу қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының еркін қойма иелерімен өзара қарым-қатынастарын белгілеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңымен ратификацияланған Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 60-бабына сәйкес әзірленді және Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізу және осы Тізілімнен шығару, еркін қоймалар иелері ретіндегі заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұру, жаңғырту, сондай-ақ еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға және олармен жүргізілген операцияларға қатысты, сондай-ақ еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған осындай тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты есебін жүргізу және есептілікті ұсыну рәсімін қамтитын мемлекеттік кірістер органдарының еркін қойма иелерімен өзара қарым-қатынастар белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай терминдер және олардың анықтамалары пайдаланылады:

      1) еркін қойма — шегінде, осы Келісімге сәйкес, еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарлары мен кеден одағының тауарлары, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес өзге де тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін құрылыс (үй-жай);

      2) құрылыс (үй-жай) - күзетілетін не жеке тұлғаның өнуін бақылайтын режимі бар ғимарат (оның бөлігі), ғимараттар кешені, жайластырылған және жабдықталған аумақтар және (немесе) ашық аландар;

      3) еркін қойманың иесі - Тізілімге (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша) аумақтық мемлекеттік кірістер органы (бұдан әрі - аумақтық мемлекеттік кірістер органы) енгізген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы.

2. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу

      3. Заңды тұлғаларды Тізілімге енгізу шарттары болып табылады:

      1) еркін қойма ретінде пайдалануға арналған құрылыстардың (үй-жайлардың) меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы және мынадай талаптарға сай болуы:

      еркін қойма ретінде пайдалануға арналған аумақ осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес, мәлімдемеде көрсетілген мақсатқа сәйкес тауарлар өндірісі және қайта өңдеу бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін жабдықталған және жайластырылған болуы тиіс;

      жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) біртұтас және бөлінбейтін кешен болуға және бөгде адамдардың кіруін болдырмауды қамтамасыз ететін барлық периметрі бойынша бірыңғай үздіксіз қоршауы болуға тиіс;

      тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ Кодекстің 186-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленуі;

      тауарларды тексеріп қарау үшін орындардың, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған және соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін мемлекеттік кірістер органының бағдарламалық өнімімен сәйкес келетін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған тексеріп қарау пункттерінде орналасқан жабық алаңдардың болуы;

      қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің және арнаулы техниканың болуы;

      орналастырылатын тауарлардың сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда - тиісті есептеу аспаптарының болуы.

      Егер құрылыстарды (үй-жайларды) иелену жалға алу шарты негізінде жүзеге асырылатын болса, мұндай шарт тізілімге енгізу туралы өтініш кемінде 3 (үш) жыл мерзімге берілген күнге жасалуға тиіс.

      2) аумақтық мемлекеттік кірістер органына өтініш берген күні кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттемелерінің болмауы;

      3) аумақтық мемлекеттік кірстер органына жүгінген күні Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының нормаларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген не орындалмаған қаулының болмауы;

      4) кедендік операцияларды жасау кезінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына табыс етілген мәліметтерді шаруашылық операцияларын жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік кірістер органдарының талаптарына сәйкес келетін тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің болуы.

      4. Заңды тұлға Тізілімге енгізу не жаңарту үшін Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қойманың тұрған жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органына өтініш береді.

      5. Өтінішті аумақтық мемлекеттік кірістер органына ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.

      Қызмет аумағында қойма орналасқан аумақтық мемлекеттік кірістер органы үш жұмыс күнінен кешіктірмей мәлімделген қоймаға кедендік қарап тексеруді жүргізеді, оның нәтижесі бойынша Кодекстің 208-бабына сәйкес еркін қойма үй-жайларының және аумағының осы Қағиданың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуіне не сәйкес келмеуіне қарап тексеру акті жасалады. Мәлімделген қойманың үй-жайларын және аумағын кедендік тексеріп қарауды жүргізу кезінде лауазымды тұлға заңды тұлғаның өтінішінде көрсетілген мәліметтерде мынадай құжаттардың болуын тексерді:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, құрылтай құжаттарының көшірмесі;

      2) банктерден оларда ашылған шоттар туралы растаулар;

      3) еркін қойма ретінде пайдалануға арналған меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару немесе ғимараттарды (үй-жайларды) жалға aлу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      4) еркін қоймалардың иелерімен бекітілген және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен келісілген еркін қойма ретінде мәлімделетін үй-жайлар мен аумақтардың жоспарлары, сызбалары;

      5) орналастырылатын тауарлардың сипатына сәйкес қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің және арнайы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлардың сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдықтарының бар болуын растайтын құжаттар.

      Көрсетілген құжаттардың көшірмелері үй-жайлар мен аумақты кедендік тексеріп қарау актіне қосып аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында сақталатын заңды тұлғаның деректеріне тігіледі. Үй-жайлар мен аумақты кедендік тексеріп қараудың аяқталуы бойынша үй-жайлар мен аумақты кедендік тексеріп қарау актінің бір данасы заңды тұлғаға беріледі.

      6. Заңды тұлғаны Тізілімге енгізу шарттары сақталмаған жағдайда, қызмет аумағында қойма орналасқан аумақтық мемлекеттік кірістер органы бас тартудың себептерін көрсетумен Тізілімге енгізуден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

      Заңды тұлға анықталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Қағиданың 3 және 5-тармақтарында белгіленген тәртіпте қаралады.

      7. Заңды тұлға Тізілімге енгізу шарттарына сәйкес келген жағдайда аумақтық мемлекеттік кірістер органы басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) Тізілімге енгізу туралы бұйрығы рәсімделеді. Бұл ретте, аумақтық мемлекеттік кірістер органы үш жұмыс күні ішінде Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы бұйрықтың көшірмесін қосып заңды тұлғаға жазбаша хабарламаны жолдайды.

      8. Еркін қойманың алаңы өзгерген кезде заңды тұлға өзгертілген күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде жазбаша нысанда осындай өзгерістер туралы тиісті құжаттарды ұсына отырып, аумақтық мемлекеттік кірістер органына өтінішті жолдайды. Аумақтық мемлекеттік кірістер органы осындай өтінішті алған кезде Қағиданың 3-5-тармақтарында белгіленген тәртіпте және шарттарда оны қарайды. Көрсетілген өтініш заңды тұлға туралы мәліметтерге тігіледі.

      9. Заңды тұлға қайта тіркелген жағдайда, қайта тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде аумақтық мемлекеттік кірістер органына тиісті құжаттарды қоса бере отырып жазбаша нысанда хабарлайды. Көрсетілген хабарлама заңды тұлға туралы мәліметтерге тігіледі. Аумақтық мемлекеттік кірістер органы бұйрықта көрсетілген деректер өзгерген кезде Тізілімге енгізу туралы бұйрыққа өзгеріс енгізеді.

      Қойма тізілімге енгізілген жағдайда қойманың иесі кедендік бақылдауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге және кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуді жүзеге асыру үшін кедендік қоймада компьютерлік техника мен байланыс құралдарымен жарақтандырылған үй-жайлар ұсынуға міндетті.

      10. Аумақтық мемлекеттік кірістер органы Тізілімде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ тиісті қызметті тоқтата тұру, жаңғырту немесе аталған тұлғаларды Тізілімнен шығару туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі - Комитет әр айдың үші күнінен кешіктірмей жолдайды.

      Комитет ай сайын әр айдың бесі күнінен кешіктірмей жаңартылған Тізілімді Комитеттің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етеді

      11. Еркін қоймалардың иелері олар қолданысқа енгізілгенен кейін он сегіз айдың өтуі бойынша өзінің қызметін Қағиданың талаптарына сәйкес келтіруі қажет. Үй-жайлар мен аумақтық Қағиданың 3-5-тармақтарында белгіленген талаптардың шартына сәйкестігін қарап тексеру акті Қағиданың талаптарына сәйкес келтіруін растау құжаты болып табылады.

3. Еркін қойманың иелері ретінде заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру және жаңғырту тәртібі

      12. Еркін қойма иелері ретіндегі заңды тұлғаның қызметі мынадай жағдайларда алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады:

      1) еркін қойманың қызметін тоқтата тұрудың себебі көрсетілген eркін қойманың иесінің жазбаша өтініші бойынша;

      2) аумақтық мемлекеттік кірістер органы осы Қағиданың 3-тармағы 3) тармақшасын қоспағанда, Қағиданың 3-тармағында көзделген Тізілімге енгізу шарттары бұзылғанын анықтаған жағдайда;

      3) берешектерді төлеу сәтіне дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдану жағдайын қоспағанда, Кодекстің 160-бабы 2-тармағында белгіленген мерзімнің өтуі бойынша кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешектер болған жағдайда;

      4) еркін қойманың иесі Келісімнің 6-бабының 1-тармағында көзделген міндеттемелерді сақтамаған жағдайда;

      5) мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну тәртібін қайта бұзған жағдайда.

      Еркін қойманың иесі осы Қағиданың 3-тармағында көзделген шарттарды сақтамаған жағдайда не заңды тұлғаның еркін қойманың қызметін тоқтату туралы өтініші бойынша еркін қойманың қызметі, заңды тұлға бұзушылықтарды жойғанына дейін тоқтатудың себептері көрсетіле отырып, қызмет аймағында қойма орналасқан аумақтық мемлекеттік кірістер органының шешімімен тоқтатылады.

      Еркін қойманың қызметін тоқтату туралы шешім аумақтық мемлекеттік кірістер органы басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен осындай тоқтатудың себептері көрсетіле отырып рәсімделеді.

      Аумақтық мемлекеттік кірістер органы еркін қойманың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде еркін қойманың қызметін тоқтату туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып мәлімдеушіге жазбаша хабарламаны жолдайды.

      Бұзушылықтарды не еркін қойманың қызметін тоқтатудың себебін жойғаннан кейін еркін қойманың иесі аумақтық мемлекеттік кірістер органына осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес еркін қойманың қызметін жаңғырту туралы өтінішті жолдайды. Аумақтық мемлекеттік кірістер органы осындай өтінішті алған кезде Қағиданың 3-5-тармақтарында белгіленген шарттарға оның сәйкестігін қарайды.

      Қағиданың 3-5-тармақтарына сәйкес келген жағдайда, қызмет аймағында еркін қойма орналасқан аумақтық мемлекеттік кірістер органы олар заңды тұлғаның өтінішті және оларға қоса берілген құжаттарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей Қағиданың 13-тармағының 3) тармақшасында көзделген еркін қойма иесінің қызметін тоқтатуды қоспағанда, еркін қойманың қызметі аумақтық мемлекеттік кірістер органы басшысының (немесе оны алмастырушының) бұйрығымен жаңғыртылады.

      Еркін қойма иесі кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешектерін өтеген жағдайда растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның еркін нысандағы еркін қойманың қызметін жаңғырту туралы жазбаша арызын алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде еркін қойманың қызметі аумақтық мемлекеттік кірістер органы басшысының (немесе оны алмастырушы тұлғаның) бұйрығымен жаңғыртылады.

      Еркін қойманың қызметін тоқтату мерзімін ұзарту қажет болған кезде Қағиданың 13-тармағында көзделген еркін қойманың қызметін тоқтату мерзімі өткенге дейін еркін қойманың иесі арыз береді.

      14. Еркін қойма иесінің қызметін тоқтату кезінде тауарларды еркін қоймаға орналастыруға жол берілмейді. Еркін қоймаға орналастырылған тауарлар және алынған (дайындалған) тауарлар еркін қойма иесінің қызметі тоқтатылғанға дейін еркін қойма иесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай ішінде кедендік бақылаумен басқа бос қоймаға ауыстырылады не өзге кедендік рәсімдермен орналастырылады. Тауарға қатысты өкілеттікке ие тұлғаның немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органы көрсетілген мерзімді ұзартады. Декларацияны берудің шекті мерзімі тоқтатылған күннен бастап төрт айдан аспайды.

4. Еркін қойма иелерінің тізілімінен шығару

      15. Еркін қойманың иесі ретінде заңды тұлғаны тізілімінен шығару үшін:

      1) еркін қойма иесінің өзін Тізілімнен шығару туралы жазбаша нысандағы өтініші;

      2) заңды тұлғаның таратылуы;

      3) бөліп алу, бөлу, қайта құру және қосуды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру;

      4) Қағиданың 13-тармағы 1) тармақшасына сәйкес еркін қойма иесінің қызметін тоқтату мерзімі өтіп кеткен жағдайда, еркін қойма иесінің еркін қойманың қызметін жаңғырту туралы өтінішінің болмауы;

      5) еркін қойма иесінің Келісімнің 6-бабының 1-тармағында көзделген міндеттемелерді сақтамағаны үшін Қағиданың 13-тармағы 2)- 5) тармақшаларына сәйкес еркін қойманың әрекеті тоқтатылған себептерді жоймауы негіздемелер болып табылады.

      16. Тізілімінен шығару туралы шешім аумақтық мемлекеттік кірістер органы басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен, осындай шығарудың себебі көрсетіле отырып ресімделеді.

      17. Аумақтық мемлекеттік кірістер органы еркін қойманың иесін Тізілімінен шығару туралы шешім қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Еркін қойманың иесін Тізілімінен шығару туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, еркін қойманың иесіне жазбаша хабарламаны жолдайды.

      18. Қағиданың 15-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еркін қойма иелері Тізілімінен шығарылған жағдайда, заңды тұлға қайта Тізілімге енгізу туралы өтінішті аумақтық мемлекеттік кірістер органына тұлғаны осындай Тізілімнен шығару туралы бұйрық қабылданған күнінен бастап бір жыл мерзім аяқталғаннан кейін береді.

      19. Еркін қойма аумағында тұрған еркін қойма иесі Еркін қоймалар иелерінің тізілімінен шығарылған кезде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар Еркін қоймалар иелерінің тізілімінен шығарылған күннен бастап төрт ай ішінде кедендік рәсімімен орналастыруға жатады.

5. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға,
және олармен жүргізілген операцияларға қатысты, сондай-ақ еркін
қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған тауарларға қатысты есеп жүргізу және
есептемелікті ұсыну

      20. Еркін қойма иесі есеп жүргізеді және еркін қойма кедендік рәсімімен орналстырылған тауарлар, және олармен жүргізілген операциялар туралы, сондай-ақ еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар туралы есептемелікті мемлекеттік кірістер органына ұсынады.

      21. Еркін қойма иесі Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша журнал есебін жүргізу жолымен еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың, сондай-ақ осындай тауарлармен жүргізілген операциялардың есебін, және Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша журнал есебін жүргізу жолымен еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есебін енгізу жолымен жүргізеді (бұдан әрі - есеп журналдары).

      Есеп журналы Excel форматында қағаз және электрондық түрде жүргізіледі.

      22. Есеп журналы соңғы жазу енгізілген күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде сақталады.

      23. Еркін қойма иесі ай сайын, есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес еркін қойма кедендік рәсіміне орналстырылған тауарлармен жүргізілген операциялар, сондай-ақ осындай тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар туралы есептемелікті қызмет аймағында еркін қойма жұмыс істейтін аумақтық мемлекеттік кірістер органына ұсынады.

      24. Мемлекеттік кірістер органдарына жолданған есептемелік мәліметтер, есеп ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жыл бойы еркін қойма иесінде сақталады.

      25. Есептемелік аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына Excel форматында қағаз тасымалдағышында және электрондық түрде ұсынылады. Қағаз тасымалдағышындағы есептілікке еркін қойма иесі басшысы немесе оның орнын алмастыратын тұлға кол қояды және мөрмен куәландырылады.

      26. Еркін қойма жұмыс істеуін тоқтатқан жағдайда, еркін қойма иесі отыз жұмыс күнінің ішінде қызмет аймағында еркін қойма жұмыс істейтін аумақтық мемлекеттік кірістер органына Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар туралы және дайын өнімдер туралы есептілікті ұсынады.

      27. Қарамағында еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар тұрған еркін қойма иелері аумақтық мемлекеттік кірістер органына дұрыс есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді.

  Мемлекеттік кірістер органдарының
еркін қоймалардың иелерімен өзара
қарым-қатынастарын белгілеу
қағидасына 1-қосымша
нысан

      ____________________________________

      (мемлекеттік органның толық атауы)

      ____________________________________

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты)

      ____________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      ____________________________________

      (заңды тұлғаның БСН

      ____________________________________

      (Заңды тұлғаның заңды мекенжайы)

      ____________________________________

      (мәлімделген қойманың нақты мекенжайы)

      ____________________________________

      (телефон, электрондық мекенжай

Өтініш

      Сізден ЖШС жалпы аумағы____________________________________ш.м.

      ЖШС____________________________________________________________

      (еркін қойманы ашу мақсаттары)

      үшін еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізуді/жаңғыртуды сұраймын.

      Мәлімделген қойма Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімнің 4-бабына және Мемлекеттік кірістер органдарының еркін қойманың иелерімен өзара қарым-қатынастарын белгілеу қағидасының 3-тармағына сәйкес еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу талаптары мен шарттарына сәйкес келеді, атап айтқанда:

      1. Еркін қойма ретінде пайдалануға арналған құрылыстардың (үй-жайлардың) меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы туралы мәлімет

      ____________________________________________________________________ (құрылыстарды (үй-жайларды) иелену жалға aлу шарты негізінде жүзеге

      асырылатын болса, онда жалға алу шартының нөмірі мен жалға aлу

      мерзімін көрсету қажет).

      2. Еркін қойма ретінде пайдалануға арналған аумақ тауарларды

      өндіру_______________________________________мен өңдеу үшін

      жабдықтаулы және жайғастырулы.

      Жапсарлас тиеу-түсіру аландарын қоса алғанда, аумақ (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) біртұтас және бөлінбейтін кешен, бір почта мекенжайы бойынша орналасқан және бөтен адамдардың кіруіне кедергі келтіруді қамтамасыз ететін барлық периметрі бойынша бірыңғай үздіксіз қоршауы бар.

      3. Жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстің 186-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген.

      4. Мұндай қойманың өндірістік процесін қамтамасыз ететін қосалқы құрылыстарды қоспағанда, қойманың аумағында қойманың қызметіне байланысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) орналаспаған.

      5. Тауарларды тексеріп қарау үшін орындар, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған және соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін мемлекеттік кірістер органдарының бағдарламалық өнімдерімен үйлесімді бейне бақылаумен жабдықталған орындары бар жабық алаңдар бар.

      6. Қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің және арнаулы техника бар.

      7. Орналастырылатын тауарлардың сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығы бар

      _____________________________________________________________________

      (газды арнайы қоймаға орналастырған жағдайда тиісті есепке aлу

      құралдарының бар болуын көрсету қажет)

      8. Кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу

      бойынша орындалмаған міндеттер жоқ.

      9. "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес кедендік реттеу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген не орындалмаған қаулы жоқ.

      10. Кедендік операцияларды жасау кезінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына табыс етілген мәліметтерді Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес шаруашылық операцияларын жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының талаптарына сәйкес келетін тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесі бар.

      Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарауды жүргізу кезінде келесі құжаттардың түпнұсқасын ұсынуға міндеттенемін:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, құрылтай құжаттары;

      2) банктерден оларда ашылған шоттар туралы растаулар;

      3) еркін қойма ретінде пайдалануға арналған меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару немесе ғимараттарды (үй-жайларды) жалға алу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      4) еркін қоймалардың иелерімен бекітілген және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен келісілген еркін қойма ретінде мәлімделетін үй-жайлар мен аумақтардың жоспарлары, сызбалары;

      5) қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің және арнайы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлардың сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдықтарының бар болуын растайтын құжаттар.

      Өтініште көрсетілген мәліметтер дұрыс болып табылады.

      Кәсіпорын басшысы_________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, қолы,

      мөрдің орны, күні)

  Мемлекеттік кірістер органдарының
еркін қоймалардың иелерімен өзара
қарым-қатынастарын белгілеу
қағидасына 2-қосымша

      Нысан

Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды,
сондай-ақ осындай тауарлармен жүргізілген операцияларды есепке
алу журналы

№ р/н

№ ТД

Тауардың мәртебесі (КО немесе шетел тауары)

Тауардың атауы

Орын саны

Салмағы, нетто (кг)

Кедендік құны (теңге)

Тауарлармен жүргізілген операциялардың түрі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  Мемлекеттік кірістер органдарының
еркін қоймалардың иелерімен өзара
қарым-қатынастарын белгілеу
қағидасына 3-қосымша

      Нысан

Еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарларды есепке алу журналы

№ р/с

Еркін қойманың рәсімдерін аяқтау кезіндегі ТД №

Тауардың атауы (қайта өңделген өнім)

Орын саны

Салмағы, нетто (кг)

Кедендік құны (теңге)

Шығарылған нақты күн

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

  Мемлекеттік кірістер органдарының
еркін қоймалардың иелерімен өзара
қарым-қатынастарын белгілеу
қағидасына 4-қосымша

      Нысан

"__"___________20__жылғы жағдай бойынша еркін қойманың кедендік
рәсімімен орналастырылған тауарлармен жүргізілген операциялар,
сондай-ақ осындай тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар
туралы есептілік____парақта _________________________________

      (ұйымның атауы, БСН, мекенжайы)

      М.П.______________________________

      (Т.А.Ж.,ЕҚ иесінің қолы, күні)

      1-бөлім. Қайта өңдеу (өңдеу) операциясын жасайтын еркін қойманың (бұдан әрі - ЕҚ) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар

№ р/с

Тауарлардың атауы

КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды (10 таңбалы)

ЕҚ кедендік рәсіммен орналастырылған тауарға сәйкес кедендік декларацияның №

Тауардың саны

Тауар санының өлшем бірлігі

1

2

3

4

5

6

Шетел тауарлары













Кеден одағының тауарлары













      кестенің жалғасы

Тауарлар мен жүргізілген операциялардың түрі

Тауарлар көрсетілген қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шотының жоспарына сәйкес шоттың қосалқы шоттың №

Тауарларды қайта өңдеу (өңдеу) бойынша операциялардың нәтижесінде алынған тауардың атауы

Тауарларды қайта өңдеу (өңдеу) бойынша операциялардың нәтижесінде алынған тауардың саны

Есеп беру күнінде ЕҚ иесіндегі тауарларды қайта өңдеу (өңдеу) бойынша операциялар жүргізілмеген тауарлардың қалдығы (саны)

Тауарды пайдалану фактісін растайтын құжаттың күні және нөмірі

Ескертпе

7

8

9

10

11

12




















      Кестенің жалғасы

      * 2-бөлім. 1-бөлімде көрсетілген мәліметтерге сәйкес есеп беру күнінде ЕҚ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар

№ р/р

Тауардың атауы

КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды (10 таңбалы)

Аяқталған ЕҚ кедендік рәсіміне сәйкес кедендік декларацияның №

Тауарлар көрсетілген қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарына сәйкес шоттың және қосалқы шоттың №

Кедендік рәсімнің коды

Тауардың саны

1

2

3

4

5



Шетел тауарларынан жасалған (алынған тауарлар)















Шетел тауарларын пайдаланумен жасалған (алынған) тауарлар















Кеден одағының тауарларынан жасалған (алынған) тауарлар








      кестенің жалғасы

Тауар санының өлшем бірлігі

Тауарлармен жүргізілген операциялардың түрі

Бұдан бұрынғы кедендік декларацияның №

Тауарлармен жасалған келісімдер туралы мәліметтер, тауарлардың сатылғанын растайтын құжаттың нөмірі және күні

Ескертпе

6

7

8

9



























      *Есеп айсайын өсу деректерімен ұсынылады